- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып №1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •2. Еңбек құқығының жүйесі және оның қайнар көздері.
- •3. Еңбек құқығының қағидалары.
- •Тақырып №2. Еңбек құқығының субъектілері.
- •1. Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
- •2. Еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
- •Тақырып №3. Еңбек шарты.
- •1. Еңбек шартының ұғымы және мәні.
- •2. Еңбек шартының тараптары, мазмұны және жасалу тәртібі.
- •3. Еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері.
- •Тақырып №4. Ұжымдық шарт және ұжымдық келісімдер.
- •1. Ұжымдық шарттың ұғымы, мағынасы мен маңызы.
- •2. Ұжымдық шарттың тараптары және мазмұны.
- •Тақырып №5. Жұмыс уақытының құқықтық реттелуі.
- •1. Жұмыс уақытының ұғымы, мәні және маңызы.
- •2. Жұмыс уақытының түрлері және нормалануы.
- •Тақырып №6. Демалыс уақытын құқықтық реттеу.
- •1. Демалыс уақытының ұғымы және белгілері.
- •2. Демалыс уақытының түрлеріне жалпы сипаттама.
- •Тақырып №7. Жалақыны құқықтық реттеу. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдері.
- •1. Жалақының ұғымы және оның реттеу әдістері.
- •2. Жалақылар жүйесі.
- •3. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері.
- •Тақырып №8. Еңбек тәртібі.
- •2. Ішкі тәртіп. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі.
- •Тақырып №9. Материалдық жауапкершілік.
- •1. Материалдық жауапкершіліктің түсінігі.
- •2. Материалдық жауапкершілік жағдайында келтірілген зиянды өтеудің тәртібі және оны анықтау.
- •Тақырып №10. Еңбекті қорғау.
- •1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары.
- •2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару.
- •Тақырып №11. Еңбек дауларының ұғымы және топтастырылуы.
- •1. Еңбек дауларының ұғымы.
- •2. Еңбек дауларының түрлері мен жағдайлары.
- •Тақырып №12. Халықаралық еңбек құқығы.
- •1. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің пәні, әдісі және қағидалары.
- •2. Халықаралық нормалар мен ұлттық еңбек құқығы арасындағы коллизиялар.
- •3. Халықаралық еңбек құқығы мен Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.
- •Тақырып №13. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдістері және функциялары.
- •2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
- •Тақырып №14. Зейнетақымен қамсыздандыруды құқықтық реттеу.
- •1. Зейнетақымен қамсыздандырудың ұғымы және зейнетақы түрлері.
- •2. Зейнетақы төлеу мен тағайындау тәртібі.
- •Тақырып №15. Жәрдемақыларды құқықтық реттеу.
- •1. Жәрдемақы ұғымы. Құқықтық реттеудің қайнар көздері.
- •2. Жәрдемақы түрлері.
Тақырып №1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
Дәріс жоспары:
1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі.
2. Еңбек құқығының жүйесі және оның қайнар көздері.
3. Еңбек құқығының қағидалары.
Негізгі ұғымдар: еңбек, құқық, еңбек құқығы, пән, әдіс, жүйе, қайнар көздері, қағида.
1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі.
Еңбек құқығын оқу пәні және құқық саласы ретінде қарастырмастан бұрын, «еңбек» және «құқық» сөздерінің түп-төркініне көз жүгірткен жөн болар.
Жалпы алғанда, құқық адамдардың әр түрлі қоғамдық қатынастардағы жүріс-тұрыстарын реттейді, яғни тәртіптейді, қалыпқа келтіреді, нормаларға сәйкестендіреді. Еңбек кұқығы атауының өзі бұл құқық саласының еңбекпен байланысты коғамдық қатынастарды, яғни еңбек қатынастарын (еңбек үрдісінде туындайтын қатынастарды) және еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де қатынастарды реттейтінін көрсетеді.
Ал еңбек дегеніміз не?
Еңбек адамның табиғи қажеттілігі болып табылады. «Маймылды адам еткен еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі ол адамның материалдык және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, оқуға, өнерге және т.б. қатысты қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар қоғамның да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі еңбек қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады.
Еңбек - бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет. Еңбек дене, ақыл-ой және рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нәтижесінде материалдық, рухани және санаткерлік құндылықтар жасалады.
Еңбек жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті үйде және өзге де жерлерде жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай еңбекпен адамдардың басым көпшілігі бала кезінен айналысады. Алайда, еңбектің бұл түрі еңбек кұқығымен реттелмейді.
Сонда еңбектің кандай түрлері еңбек құқығымен реттеледі?
Көп жағдайда еңбек бірлескен немесе ұжымдық сипатты иеленеді. Бірлескен еңбектің нәтижесінде адамдар қоғамдық еңбек қатынастарына қатысады. Мұндай жағдайда еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек және жалданбалы еңбек. Дәл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен қатынасқа түсуді, яғни еңбек құқығы реттейді.
Сонымен, еңбек құқығының пәні болып тек еңбек емес, сонымен қатар еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары және олардан туындайтын, еңбекке қатысы бар қатынастар да табылады.
Еңбек құқығының мақсаттарына - еңбектің тиімділігін арттыруға, еңбек жағдайының жоғары деңгейіне жетуге, қызметкерлердің құқықтарын жан-жақты қорғауға бағытталған.
Еңбек құқығының функциялары - бұл еңбек құқығы нормаларының күшінің негізгі бағыттары. Оларға реттеуші және қорғаушы функциялар жатады. Еңбек құқығының ерекше функцияларының қатарынан әлеуметтік, қорғаушы, шаруашылық-өндірістік, тәрбиелеу және өндірістік демократияны дамыту функцияларын атауға болады.
Құқықтық реттеудің пәнінен басқа құқықтың әрбір саласы өзінің әдісімен де сипатталады. Әңгіме құқықтың бұл саласы қоғамдық қатынастың тиісті тобына ықпал жасау тәсілі жайында болып отыр. Егер пән құқықтың қандай саласының, қоғамдық қатынастың қай тобын реттейтіндігі туралы түсінік берсе, әдіс осы реттеу қандай заң тәсілімен қамтамасыз етілетіндігін анықтайды.
Еңбек құқығының әдісі – сонымен қатар реттеу пәнінің ерекшеліктеріне, еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтық жағдайына, тараптардың міндеттемелерін қамтамасыз ету тетігіне де байланысты. Әдіс - еңбек қатынастарына ықпал етудің заңдық тәсілдерінің жиынтығы ретінде қозғалысты, өзгермелі санат болып табылады, ол көптеген факторларға, бәрінен бұрын қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларына байланысты болып келеді.
Еңбек құқығы әдісінің салалық ерекшеліктері оған тән мына белгілердің талдамасы ашады:
а) еңбектегі құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру және тоқтату тәртібі;
б) еңбек құқығы субъектілерінің құқықтық жағдайы;
в) еңбектегі құқықтық қатынастар тараптарының құқықтары мен міндеттерін белгілеудің сипаты;
г) тараптардың міндеттерін қамтамасыз етудің заңдық құралдары.
Бұларды толығырақ қарастырайық, еңбек құқығы әдісінің бірінші нышанының негізіне еңбектегі құқықтық қатынастарды жасаудың, өзгертудің және тоқтатудың шарттық тәртібі алынған. Бұл ерекше заңдық формалар, олардың көмегімен, біріншіден - жеке кәсіпорынның да, жалпы қоғамның да шеңберінде жұмысшы күшін іріктеу, бөлу және қайта бөлу, экономика салаларының жұмыс күшіне мұқтаждығын қанағаттандыру мәселесін шешуді, екіншіден – азаматтардың еңбек ету бостандығы, қызмет түрі мен кәсіпті еркін таңдау жөніндегі конституциялық құқықтарын жүзеге асыруын қатамасыз етеді. Ерекше жағдайларда мәжбүрлеп жұмыс істетуге жол беріледі, бірақ ол тек соттың үкімімен не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана болады.
Еңбектегі құқықтық қатынастарды реттеудің шарттық әдісі еңбекті қолдану саласында жеке және ұжымдық мүдделердің ырғақты үйлесімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Азаматтарың еңбек қызметі, олардың кәсіп таңдауы, жұмысының түр мен сипаты, оның ішінде ақы төленетін жұмысты орындаумен байланысты еместері (бала тәрбиелеу, үй шаруасымен айналысу, қоғамдық қызмет, т.б.) тек ерікті түрде болады. Еңбек нарығын қалыптастыру жағдайында жұмысшы күшін қоғамдық өндіріске тартудың өктемдік нормаларын еңбекте құқықтық қатынастар орнатуды шарттық формалары ығыстырады. Жұмыс берушілерге өзінің кәсіби деңгейі жағынан өндіріске қажетті жұмыскерлер шақыруға, ал жұмыскерлерге – жұмыс орнын және түрін таңдауға мүмкіндік беріледі. Өз кезегінде мемлекет азаматтардың жұмысқа кәсіби дайындауға және қайта дайындауға мұқтаждығын қанағаттандыруға, жұмыс орындарын көбейтуге, халықты жұмысқа тартудың республикалық және аймақтық бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты белсенді жүргізеді.
