Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силл.енбек 2015-16.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.88 Mб
Скачать

2. Зейнетақы төлеу мен тағайындау тәртібі.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш беру тәртібі. Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы арыз зейнетақы төлемдерін есептеу үшін қажетті стажы мен табысын растайтын құжаттармен қоса азаматтың тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға беріледі.

Толық тізім: арыз, еңбек стажы туралы құжаттар, табыс туралы анықтама, тұратын жерден анықтама, банк реквезиттері және жеке есеп шоты.

Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы орган зейнетақы тағайындау мәселелері бойынша түсіндірме беруге және азаматтардың тиісті құжаттарды ресімделуіне көмек көрсетуге міндетті.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға арналған құжаттарды қарауды халықты әлеуметтік қорғау органы құжаттар табыс етілген күннен бастап 10 күн мерзімнен кешіктірмей жүзеге асырады.

Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы тиісті шешім шығарылғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей бұл туралы арыз берушіге хабарлайды.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тартылған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органы бас тартудың себептерін жазбаша түрде негіздеп, табыс етілген құжаттарды арыз берушіге қайтаруға міндетті.

Зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органның шешіміне сот тәртібімен шағымдануға болады.

Орталықтан зейнетақы төлемдері зейнетақы тағайындауға өтініш берілген күннен бастап тағайындалады.

Арыз бен қажетті құжаттарды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға бір мезгілде берген күн Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледі.

Орталықтан зейнетақы төлемдері өткен ай үшін төленеді.

Жұмыс істейтін зейнеткерлер кейбір шектеулер мен жағдайларды ескергенде, зейнетақыны толық мөлшерінде алуға құқығы бар, қашан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері, азаматтардың кейбір санаттарын қоспағанда, тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 еселенген а.е.к. 75 пайызынан аса алмайды.

Зейнетақы төлемдері нотариат куәландырған сенімхат бойынша төленуі мүмкін.

Тақырып №15. Жәрдемақыларды құқықтық реттеу.

Дәріс жоспары:

1. Жәрдемақы ұғымы. Құқықтық реттеудің қайнар көздері.

2. Жәрдемақы түрлері.

Негізгі ұғымдар: жәрдемақы, қайнар көздері, жәрдемақы түрлері.

1. Жәрдемақы ұғымы. Құқықтық реттеудің қайнар көздері.

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет. Бұл мемлекетпен ұйымдастырылатын және қолданатын тиісті әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің бар болуы түсіндіріледі, кейбір жағдайларда оның атынан құзырлы органдар қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілер арқылы бұл жүйеге жұмыс берушілерді тартады. Әлеуметтік қамсыздандыру деп әр түрлі көмектің түрі түсіндіріледі. Мысалы, зейнетақы, жәрдемақы түрінде ақшалай төлемдер, өтемдік төлемдер, әлеуметтік қызмет көрсету және жеңілдіктер.

Осы жерде көмек көрсетулердің ішінде жәрдемақыларға анықтама беретін болсақ, яғни жоғалтқан табысты өтеу немесе қосымша материалдық көмек беру мақсатында заңмен айқындалған жағдайларда ай-сайын, мезгіл-мезгіл немесе бір жолғы, азаматтарға тағайындалатын ақшалы төлемдер. Жәрдемақылардың зейнетақылардан айырмашылығы жоғалтқан табысты уақытша ауыстыру немесе өмір сүруге қажетті қайнар көздерге қосымша болуда тұрады.

Әрекеттегі заңдарда жәрдемақылардың келесі түрлері бекітілген:

-мүгедектік бойынша жәрдемақы;

-асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша жәрдемақы;

-жасына байланысты берілетін жәрдемақы;

-еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы;

-жүктілік және босану бойынша жәрдемақы.

Жәрдемақылардың берілуі: ҚР-ның 1997 жылғы 16 маусымдағы «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңы, ҚР-ның 1999 жылғы 5 сәуірдегі «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңы, ҚР-ның 1999 жылғы 13 шілде «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» Заңы; ҚР-ның 1999 жылғы 11 маусымдағы «Жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі туралы» Нұсқауды бекіту сияқты және т.б. актілермен реттеледі.