- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып №1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •2. Еңбек құқығының жүйесі және оның қайнар көздері.
- •3. Еңбек құқығының қағидалары.
- •Тақырып №2. Еңбек құқығының субъектілері.
- •1. Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
- •2. Еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
- •Тақырып №3. Еңбек шарты.
- •1. Еңбек шартының ұғымы және мәні.
- •2. Еңбек шартының тараптары, мазмұны және жасалу тәртібі.
- •3. Еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері.
- •Тақырып №4. Ұжымдық шарт және ұжымдық келісімдер.
- •1. Ұжымдық шарттың ұғымы, мағынасы мен маңызы.
- •2. Ұжымдық шарттың тараптары және мазмұны.
- •Тақырып №5. Жұмыс уақытының құқықтық реттелуі.
- •1. Жұмыс уақытының ұғымы, мәні және маңызы.
- •2. Жұмыс уақытының түрлері және нормалануы.
- •Тақырып №6. Демалыс уақытын құқықтық реттеу.
- •1. Демалыс уақытының ұғымы және белгілері.
- •2. Демалыс уақытының түрлеріне жалпы сипаттама.
- •Тақырып №7. Жалақыны құқықтық реттеу. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдері.
- •1. Жалақының ұғымы және оның реттеу әдістері.
- •2. Жалақылар жүйесі.
- •3. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері.
- •Тақырып №8. Еңбек тәртібі.
- •2. Ішкі тәртіп. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі.
- •Тақырып №9. Материалдық жауапкершілік.
- •1. Материалдық жауапкершіліктің түсінігі.
- •2. Материалдық жауапкершілік жағдайында келтірілген зиянды өтеудің тәртібі және оны анықтау.
- •Тақырып №10. Еңбекті қорғау.
- •1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары.
- •2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару.
- •Тақырып №11. Еңбек дауларының ұғымы және топтастырылуы.
- •1. Еңбек дауларының ұғымы.
- •2. Еңбек дауларының түрлері мен жағдайлары.
- •Тақырып №12. Халықаралық еңбек құқығы.
- •1. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің пәні, әдісі және қағидалары.
- •2. Халықаралық нормалар мен ұлттық еңбек құқығы арасындағы коллизиялар.
- •3. Халықаралық еңбек құқығы мен Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.
- •Тақырып №13. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдістері және функциялары.
- •2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
- •Тақырып №14. Зейнетақымен қамсыздандыруды құқықтық реттеу.
- •1. Зейнетақымен қамсыздандырудың ұғымы және зейнетақы түрлері.
- •2. Зейнетақы төлеу мен тағайындау тәртібі.
- •Тақырып №15. Жәрдемақыларды құқықтық реттеу.
- •1. Жәрдемақы ұғымы. Құқықтық реттеудің қайнар көздері.
- •2. Жәрдемақы түрлері.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
Өзінің белгілі бір пәні және құқықтық реттеудің өзіндік әдісінің бар болуы әлеуметтік қамсыздандыру құқығының дербес құқық саласы ретінде бөліп шығарады. Осыған байланысты әлеуметтік қамсыздандыру құқығы дегеніміз – азаматтарды ақшалай түрде әлеуметтік қамсыздандыру; әр түрлі әлеуметтік қызметтерді ұсыну; заңды айғақтарды орнатумен байланысты процедуралық және процессуалдық қатынастар; әлеуметтік қамсыздандырудың қандай-да бір түріне құқықты іске асыруы мен қорғауды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі – реттелетін қатынастардың өзгешелігіне сәйкес тиісті құрылымдық тізбекте орналасқан, өзара байланысты құқықтық инститтутар мен нормалар жиынтығы.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығына қатысты келесі институттарды белгілеуге болады: жасы; еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақылар; еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша; жүктілік және босану бойынша; мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және т.б. жәрдемақылар.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесін Жалпы және Ерекше бөлімі құрайды.
Жалпы бөлім әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдісі мен функциялары, жүйесі мен қайнар көздері, қағидалары, әлеуметтік қамсыздандырудағы құқықтық қатынастар, әлеуметтік қамсыздандырудағы құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтық жағдайы, еңбек стажы институты және оның түрлерін қосады.
Ерекше бөлім зейнетақымен қамсыздандыруды және жәрдемақыларды құқықтық реттеуін қамтиды.
Тақырып №14. Зейнетақымен қамсыздандыруды құқықтық реттеу.
Дәріс жоспары:
1. Зейнетақымен қамсыздандырудың ұғымы және зейнетақы түрлері.
2. Зейнетақы төлеу мен тағайындау тәртібі.
Негізгі ұғымдар: зейнетақы, зейнетақымен қамсыздандыру, зейнетақы түрлері.
1. Зейнетақымен қамсыздандырудың ұғымы және зейнетақы түрлері.
Зейнетақымен қамсыздандыру еңбекке жарамсыз азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі түрі болып табылады.
Зейнетақы – еңбекке жарамсыз азаматтар заңмен орнатылған белгілі бір жасқа жеткенде тағайындалатын ай сайынғы ақшалы төлем.
Жалпы еңбек стажына қосылатын еңбек немесе өзге де қоғамға пайдалы қызметке байланысты тағайындалатын зейнетақыларға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы жатады.
Жасына байланысты емес белгілі бір арнайы стажға ие адамдарға тағайындау кезінде есепке алған жұмысты қалдырған жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындалады.
Жасына байланысты зейнетақылар – зейнетақылық жасқа жеткен кезде жалпы еңбек стажы болуына байланысты ай сайынғы ақшалай төлемдер. Жасына байланысты зейнетақыны тағайындау жағдайлары бойынша жалпы негіздерде тағайындалатын зейнетақы және жеңілдік жағдайларындағы зейнетақыға шартты түрде жіктеуге болады.
Жасына байланысты жеңілдік жағдайларындағы зейнетақы төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Зңына сәйкес:
- еркектер – жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде;
- әйелдер – жалпы стажы 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.
Ауылдық жерде тұратын, 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады, бірақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиіс.
Жасына байланысты зейнетақылық төлемдердің мөлшері орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін толық көлемінде есептеу Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 14-бабына сәйкес белгіленетін орташа айлық кірістің 60 пайызы есебінен жүргізіледі.
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.
1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленеді.
1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қажетті еңбек стажынан тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 пайызынан аспауға тиіс.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, әскери қызметшілердің, ҚР ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемелекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін, ҚР Үкіметі бекіткен, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің №1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдері мөлшерін қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 пайызынан аса алмайды.
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудің барлық түрлері және тізбесін ҚР-ның Үкіметі белгілейтін өзге де табыстар енгізіледі.
