Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силл.енбек 2015-16.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.88 Mб
Скачать

3. Халықаралық еңбек құқығы мен Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.

Еңбек нарығы – нарықтық экономиканың күрделі элементі. Егеменді Қазақстан еңбекті халықаралық реттеудің қатысушысы болып таылады.

Еңбек қатынастарын реттейтін көп жақты конвенциялардың саны көп. Оларды бірнеше топтарға бөліп қарастырамыз.

1-ші топ: Адам құқығы саласындағы жалпы танылған актілер. – Адам құқықтары туралы жалпы декларацияның 23-бабында: «Әр адамның еңбек етуге, жұмыс түрін еркін таңдауға, әділ және қолайлы еңбек жадайына, жұмыссыздықтан қорғалуына құқығы бар» делінген.

1966 жылғы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактінің 6-бабында: «Әр адам құндылығы тең еңбегі үшін, нендей бір кемітусіз, тең еңбекақы алуға құқылы. Әр адамға қауіпсіз және гигиеналық талаптарға сай еңбек жағдайлары қамтамасыз етілуі тиіс» делінген.

2-ші топ: Халықаралық еңбек ұйымықабылдаған халықаралық көп жақты конвенциялардан тұрады. Қазақстан Республиасы 1993 жылдан бастап ХЕҰ-ның қатысушысы болды. Осы жылдан біздің республикамыз еңбекпен қамту, еңбекті қорғау, әлеуметтік қорғаудың халықаралық үрдісіне тартылды, өз кезегінде бұл үрдіс Қазақстанның еңбек базасын жетілдірді.

Көп жағдайда конвенциялар адамдардың еңбекке құқығы мен қолайлы еңбек жағдайын іс жүзіне асырна бағытталған. 1990 жылдың 1 қаңтарында ХЕҰ №169 Конвенцияны дайындады. 1919 жылғы Версаль бейбітшілік келісіміне сәйкес ХЕҰ құрылды, ол БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекемесі. Негізгі мақсаты – еңбек жағдайы мен еңбекшілердің өміріне арналған конвенциялар мен ұсыныстарды қабылдауға бағытталады. Ортаазиялық өңірде ХЕҰ өкілдігі Алматыда 1995 жылдың ақпан айында ашылды. ХЕҰ-ның ратификацияланған конвенциялары Қазақстан Республикасында құқықтық реформа жүргізуге және ұлттық заңнаманың негізін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі, Орталық Еуропа мемлекеттерінің тәжірибесіне сүйенсе, халықаралық сахнада еңбек саласында беделді орынға ие болу үшін мемлекет бірлескен емлекеттер одақтарымен қатынасқа түсуі қажет.

Тақырып №13. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.

Дәріс жоспары:

1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдістері және функциялары.

2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.

Негізгі ұғымдар: әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік саясат, мемлекеттік бюджет, зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылық төлемдер.

1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдістері және функциялары.

Әлеуметтік қамсыздандыру дегеніміз – мемлекеттік бюджет немесе арнайы бюджеттен тыс мемлекеттік қорлардың қаржысынан, азаматтардың жағдайын қоғамның басқа мүшелерімен теңестіру мақсатында өз дамуының осы кезеңінде мемлекетпен әлеуметтік-маңызды деп танылған оқиғалар басталған жағдайда азаматтардың кейбір санаттарын материалдық қамсыздандыруға бағытталған мемлекеттің әлеуметтік саясатының көріну нысаны.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің бағытталуы оның міндеттерінде көрінеді. Мынадай 4 негізгі міндеттері құқықтық әдебиетте белгіленеді: экономикалық, саяси, демографиялық, әлеуметтік қалпына келтіру.

Экономикалық міндет – азаматтарға қиын өмірлік жағдайларда материалдық көмек беру, жалпы қоғамдық өндірісті және өндірістің кейбір салаларын дамытуда көрінеді.

Саяси міндет – халықтың әр түрлі санаттарының әлеуметтік деңгейін жақындасуына, әр адамға лайықты өмір қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға бағытталған. Ол халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды тұрақтандыруға бағытталған.

Демографиялық міндет – ел халқы санының өсуін ынталандырады, сау ұрпақтар болуына, азаматтар өмірінің ұзақтығының өсуіне және т.б. әсер етеді.

Әлеуметтік қамсыздандырудың әлеуметтік-қалпына келітіру міндеті – қарт және еңбекке жарамсыздардың өзіндік қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты.

Бұл олардың құқықтық мәртебесін сақтауға қолайлы жағдайлар жасауда және барлық азаматтардың денсаулығын қорғауда көрінеді.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы пәнін бірнеше қоғамдық қатынастар тобы құрайды:

- азаматтарды ақшалай түрде әлеуметтік қамсыздандыру қатынастары (зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылық төлемдер);

- әр түрлі әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша қатынастар (қарт адамдар, мүгедектер, балалар, балалы жанұялар, босқындар және еріксіз көшіп келушілерге әлеуметтік қызмет ету, медициналық қызмет ету, азаматтардың кейбір санаттарына жеңілдіктер);

- заңды фактілерді анықтау және әлеуметтік қамсыздандырудың бір түріне құқығын жүзеге асыру мен оны қорғау бойынша процедуралық және іс жүргізу қатынастары.

Әлеуметтік қамсыздандыру функциялары.

1. Саяси функция ‑ әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудан және халықтың әртүрлі тобының өмір деңгейінің ерекшеліктеріне толы қоғамдағы шиеленісті әлсіретуден көрініс табады.

2. Экономикалық функция ‑ жасына, еңбекке қабілеттігінен айырылуына немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жалақыны немесе өзге де табыстың орнын толтырудан және тұрмыс жағдайы нашар тұлғаларға көмек көрсетуден көрініс табады.

3. Әлеуметтік функция ‑ әлеуметтік қорғалмаған, өзінің жәрдем көрсетуіне мұқтаж азаматтар санаттарына оларға қосымша қаржы бөлу жолымен көмек көрсетуден көрініс табады.

4. Еңбек функциясы ‑ әлеуметтік қамсыздандырудың барлық түрлері үшін қаржының қайнар көзі болып осы қоғамдағы еңбек қатынастарының табылуынан көрініс табады.

5.Сақтандыру функциясы ‑ мүгедектер мен халықтың өзге де әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының қоғамның мәртебесін қалпына келтіру үшін қалыпты жағдайлар жасаудан көрініс табады.

6. Демографиялык функция ‑ елдің халық санының көбеюін көтермелеуге бағытталған. Бұл мемлекеттің қалыпты дамуы үшін қажет.