- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып №1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •2. Еңбек құқығының жүйесі және оның қайнар көздері.
- •3. Еңбек құқығының қағидалары.
- •Тақырып №2. Еңбек құқығының субъектілері.
- •1. Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
- •2. Еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
- •Тақырып №3. Еңбек шарты.
- •1. Еңбек шартының ұғымы және мәні.
- •2. Еңбек шартының тараптары, мазмұны және жасалу тәртібі.
- •3. Еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері.
- •Тақырып №4. Ұжымдық шарт және ұжымдық келісімдер.
- •1. Ұжымдық шарттың ұғымы, мағынасы мен маңызы.
- •2. Ұжымдық шарттың тараптары және мазмұны.
- •Тақырып №5. Жұмыс уақытының құқықтық реттелуі.
- •1. Жұмыс уақытының ұғымы, мәні және маңызы.
- •2. Жұмыс уақытының түрлері және нормалануы.
- •Тақырып №6. Демалыс уақытын құқықтық реттеу.
- •1. Демалыс уақытының ұғымы және белгілері.
- •2. Демалыс уақытының түрлеріне жалпы сипаттама.
- •Тақырып №7. Жалақыны құқықтық реттеу. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдері.
- •1. Жалақының ұғымы және оның реттеу әдістері.
- •2. Жалақылар жүйесі.
- •3. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері.
- •Тақырып №8. Еңбек тәртібі.
- •2. Ішкі тәртіп. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі.
- •Тақырып №9. Материалдық жауапкершілік.
- •1. Материалдық жауапкершіліктің түсінігі.
- •2. Материалдық жауапкершілік жағдайында келтірілген зиянды өтеудің тәртібі және оны анықтау.
- •Тақырып №10. Еңбекті қорғау.
- •1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары.
- •2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару.
- •Тақырып №11. Еңбек дауларының ұғымы және топтастырылуы.
- •1. Еңбек дауларының ұғымы.
- •2. Еңбек дауларының түрлері мен жағдайлары.
- •Тақырып №12. Халықаралық еңбек құқығы.
- •1. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің пәні, әдісі және қағидалары.
- •2. Халықаралық нормалар мен ұлттық еңбек құқығы арасындағы коллизиялар.
- •3. Халықаралық еңбек құқығы мен Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.
- •Тақырып №13. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдістері және функциялары.
- •2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
- •Тақырып №14. Зейнетақымен қамсыздандыруды құқықтық реттеу.
- •1. Зейнетақымен қамсыздандырудың ұғымы және зейнетақы түрлері.
- •2. Зейнетақы төлеу мен тағайындау тәртібі.
- •Тақырып №15. Жәрдемақыларды құқықтық реттеу.
- •1. Жәрдемақы ұғымы. Құқықтық реттеудің қайнар көздері.
- •2. Жәрдемақы түрлері.
Тақырып №12. Халықаралық еңбек құқығы.
Дәріс жоспары:
1. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің пәні, әдісі және қағидалары.
2. Халықаралық нормалар мен ұлттық еңбек құқығы арасындағы коллизиялар.
3. Халықаралық еңбек құқығы мен Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.
Негізгі ұғымдар: халықаралық құқық, халықаралық еңбек құқығы, коллизиялық нормалар
1. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің пәні, әдісі және қағидалары.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, экономикада елеулі өзгерістер орын алды. ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жаңа өндірістер нысаны мен жаңа капиталық қатынастар дамыды. Халықаралық жеке құқықтағы шетел элементімен күрделенген еңбе қатынастарын құқықтық реттеу Қазақстан үшін өте маңызды, себебі, Қазақстан Республикасының кәсіпорындарына шетел азаматтарын жұмысқатарту кеңінен таралды және Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдіктермен инвестицияланған Қазақстан кәсіпорындарындағы жаңа қатынасқа түсті. Кеңес Одағының еңбек құқығында шетел азаматтарының еңбегін реттеу қарастырылмады, сондықтан Қазақстанның еңбек заңнамасы әлікүнге дейін бұл мәселені толығымен қамтымайды. Шетел элементімен күрделенген қатынастарда, бір еңбек қатынасын реттеуде екі немесе одан да көп мемлекеттердің заңдары бәсекелестікке түседі. Сол кезде, қай мемлекеттің заңын қолдану керек екендігін таңдаймыз.
2. Халықаралық нормалар мен ұлттық еңбек құқығы арасындағы коллизиялар.
Бүгінгі таңда халықаралық жеке құқықта еңбек қатынастарына байланысты көптеген даулар туындайды. Сол кезде, қай мемлекеттің заңын қолдану керек екендігін таңдаймыз. Қазіргі таңдағы доктрина мен тәжірибе бұл жағдайларды коллизиялық нормаларды қолдану арқылы шешеді. Коллизиялық норманы қолданғанда даулы мәселе толық мәнінде шешілмейді, коллизиялық норма тек қолайлы мемлекеттің ұлттық заңнамаларындағы материалдық нормаларға сілтеме жасайды.
Еңбек құқығындағы коллизиялы мәселені шешу үшін дүниежүзілік тәжірибеде келесі байланымдар қолданылады:
1. Құқықты таңдау еркіндігі.
2. Жұмыс орнының заңы.
3. Жұмыс берушінің орналасқан жерінің заңы.
4. Ту елінің заңы.
5. Жұмыс берушінің азаматтығы.
6. Жалдау мәмілесін жасап отырған елдің заңы.
7. Тараптардың болжаулы еркі немесе ниеті.
8. Қай заң бұл құқықтық қатынаспен неғұрлым жақын байланысты.
Сонымен, жоғарыда аталып кеткен коллизиялық байланымдар анықтайық.
Құқықты таңдау еркіндігі байланымы көптеген мемлекеттерде қолданылады, демек, басым заңды таңдау құқығы еңбек шартының тараптарына берілген. Халықаралық жеке құқықта бұл қағиданың мәні ретінде, мемлекеттердің ішкі заңнамаларына немесе халықаралық келісімдердің қатынсушыларына өз келісімдері бойынша қатынастарды реттеу үшін бір мемлекеттің заңы қолданылады. Кейбір мемлекеттердің заңнамалары мен сот тәжірибесі осы байланымды қолдануға жасырын түрде шектеулер қояды.
Кейбір мемлекеттерде құқықты таңдау еркіндігі емес, жұмыс орнының заңы қолданылады. Венгрия, Испанияның заң актілерінде жұмыс орнының заңы – жұмысшыны әдетте, жұмыс орындайтын елінің заңы деп талқыланса, Швейцарияда жұмысшыны еңбек міндеттемелерін орындайтын елдің заңы көрсетіледі. Егер кәсіпорын бір мемлекетте, ал басқару органы екінші мемлекетте орналасса, жұмыс орнының заңы болып, кәсіпорынның орналасқан жері саналады.
Ал, ту елінің заңы бойынша, еңбек келісіміне сәйкес, су немесе әуе көлігінде өз қызметін орындаған жұмысшының еңбек қатынастары көлі құралы тіркелген мемлекеттің заңымен реттеледі.
Жұмыс берушінің жеке заңы – жеке немесе заңды тұлғаның, егер венгрлік жұмыс берушінің жұмысшылары ұзақ немесе қысқа мерзімді іссапармен шетелде жұмыс істесе, онда құқықтық қатынасқа венгр заңы қолданылады. Жоғарыдағы қағида, егер жұмыс орнын нақты анықтау мүмкін болмағанда немесе жұмыс екі немесе одан да көп мемлекеттерде жүзеге асырылса ғана қолданылады.
Белгілі бір мемлекеттің ұйымы өз жұмыскерін шетелге уақытша жұмысқа жіберсе, онда ұйым орналасқан жердің заңы қолданылады.
Жалдау шартын жасасқан мемлекеттің заңы, мысалы АҚШ пен Англия заңнамаларына сәйкес, еңбек қатынастарыын реттейтін шарт осы мемлекеттерде жасалса, жергілікті құқық қолданылады және де тағы да сондай сияқты жағдайлар жүзеге асырылады.
