Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силл.енбек 2015-16.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.88 Mб
Скачать

2. Еңбек дауларының түрлері мен жағдайлары.

Еңбек дауларының туындауына әсер ететін себептер алуан түрлі болуы мүмкін. Бұл себептерге және еңбек дауының пәніне қарай еңбек дауларын келесі түрлерге бөлуге болады.

Субъективтік құрам бойынша, яғни, еңбек дауына қатысушылардың құрамы бойынша еңбек даулары жеке және ұжымдық еңбек даулары болып бөлінеді.

Жеке еңбек даулары бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру немесе тануға байланысты, еңбек заңнамасына, ұжымдық шартқа және еңбек туралы өзге де келісімдерге байланысты талаптарын жұмыс берушіге білдірген жекелеген қызметкерлердің бастамасы бойынша туындайды. Жеке еңбек дауларына бір жағынан – қызметкер, екінші жағынан – басшылық қатысады.

Жеке еңбек даулары тек еңбек құқығы қатынастарының мазмұнына ғана емес, сонымен қатар, еңбек шартын бекіткенге дейінгі, оның әрекет еткен кездегі және оны бұзғаннан кейінгі жағдайларға да қатысты туындауы мүмкін (мысалы, қызметтен заңсыз босату және т.б.).

Жеке еңбек дауларының пәні болып еңбек қатынастары да, олармен тығыз байланысты өзге қатынастар да табылады. Қызметі бойынша ауыстыру, қызметінен босату, біліктілікті немесе дәрежені көтеру және т.б. туралы даулар – бұлардың барлығы жеке еңбек даулары.

Ал, кәсіптік одақтың немесе еңбек ұжымының басшылықпен арасындағы ұжымдық шартты бекіту кезіндегі даулары, ұжымдық сыйақылар және т.б. туралы даулары ұжымдық еңбек дауларына жатады. Жеке еңбек дауларында нақты бір қызметкердің субъективтік құқықтары мен заңды мүдделері дауланады және қорғалады.

ҚР «Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер туралы» заңында ұжымдық еңбек дауларына келісідей анықтама берілген: «Ұжымдық еңбек даулары – бұл жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің бірлестігінің) және қызметкерлер ұжымының (қызметкерлер өкілдерінің) арасында ұйымдарда жалақы төлеу мәселесіне, ұжымдық шарттар мен келісімдерді бекітуге және орындауға, сонымен қатар, қолданыстағы заңдардың, ұжымдық шарттардың және келісімдердің ережелерін қолдану мәселелеріне қатысты туындайтын келіспеушіліктер».

Ұжымдық еңбек дауларында бүкіл ұжымның құқықтары, өкілеттіктері мен мүдделері дауланады және қорғалады. Мұндай дауларға бір жағынан – бір немесе бірнеше ұйымдардың басшылығы қатысады. Ұжымдық еңбек даулары келесі құқықтық қатынастардан туындайды:

- еңбек ұжымының басшылықпен, соның ішінде, ең жоғарғы басқару органмен арасындағы құқықтық қатынастардан;

- кәсіптік одақтың басшылықпен арасындағы құқықтық қатынастардан.

Сондықтан, ұжымдық еңбек дауларын еңбек ұжымының басшылықпен арасындағы және кәсіптік одақтың басшылықпен арасындағы еңбек даулары деп бөлуге болады.

Ұжымдық еңбек дауы – бұл тараптардың арасындағы келесі мәселелерге қатысты туындайтын келіспеушіліктер:

- еңбектің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын және өндірістік тұрмысты өзгерту немесе еңбектің жаңа жағдайларын белгілеуге қатысты;

- ұжымдық шартты, кесімді бекітуге немесе өзгертуге қатысты;

- еңбек туралы заңдардың талаптарының орындалмауына қатысты.

Еңбек даулары өзінің сипаты бойынша (пәні) бойынша талап-арыздық және талап-арыздық еместік болып бөлінеді. Талап-арыздық еңбек даулары – бұл сотта бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру туралы тиісті өтініштің (талап-арыздың) негізінде қаралатын даулар. Көп жағдайда, бұлар жеке еңбек даулары болып табылады.

Талап-арыздық емес еңбек даулары – бұл заңдармен немесе еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттелмеген еңбек жағдайын өзгерту немесе еңбектің жаңа жағдайларын белгілеу туралы даулар. Оларды жұмыс беруші және қызметкерлердің тиісті уәкілетті органы шешеді, яғни, бұл даулар соттан тыс тәртіпте шешіледі. Талап-арыздық емес даулар жеке де,ұжымдық та сипатта болуы мүмкін.