Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силл.енбек 2015-16.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.88 Mб
Скачать

2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару.

Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару республикада ұлттық саясаттың қағидаларын жүзеге асыруы, осы салада заңдар және басқа да нормативтік актілер әзірлеу, сондай-ақ өндіріс құрал-жабдықтарына, еңбек технологиясы мен оны ұйымдастыруға, еңбекті қорғау жөніндегі заңдар мен басқа да нормативтік актілердің сақталуына мемлекеттік қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қойылатын талаптарды іске асыру болып табылады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары болып:

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ҚР-ның нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және қабылдауға;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге,

- еңбек жағдайларын, оның қауіпсіздігі мен қорғалуын әзірлеу және жақсарту, қауіпсіз техникалар мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндіру жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құруға және іске асыруға;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті жүзеге асыруға;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге;

- өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуге;

- еңбек қауіпсізді және еңбекті қорғау саласындағы ҚР-сы заңнамасының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;

- өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;

- еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі отандық және шетелдік озық жұмыс тәжірибесін тартуға;

- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамндарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға және т.б.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді және қызметкерлердің еңбек қызметі процесі кезінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтуға тиіс.

Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс берушілер мен қызметкерлер өз қызметін жүзеге асыру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындауға міндетті.

Тақырып №11. Еңбек дауларының ұғымы және топтастырылуы.

Дәріс жоспары:

1. Еңбек дауларының ұғымы.

2. Еңбек дауларының түрлері мен жағдайлары.

Негізгі ұғымдар: еңбек даулары, жеке еңбек даулары, ұжымдық еңбек даулары, келісу комиссиясы, бітімгерлік комиссиясы, еңбек арбитражы, делдал, ереуіл өткізу, заңсыз ереуілдер.

1. Еңбек дауларының ұғымы.

Жұмыс беруші мен қызметкер еңбек қатынастарының тараптары болып табылатыны бізге белгілі. Оларды, бір жағынан, ортақ мақсат – еңбек өнімін және тиісті табыс табу біріктірсе, ал екінші жағынан, олардың қарым-қатынастарында белгілі бір қарама-қайшылық та бар. Бұл қарама-қайшылық мынадан көрініс табады: жұмыс беруші қызметкердің көбірек жұмыс істеп, мейлінше көп еңбек өнімін шығарғанын қалайды, сонымен қатар, қызметкердің жалақысы жоспарланған шығындардан аспауына да мүдделі. Яғни, жұмыс беруші қызметкердің көп жұмыс істеп, аз жалақы алғанын қалайды. Ал қызметкер, керісінше, аз жұмыс істеп, көбірек жалақы алғысы келеді. Мұндай екі жақты қалаудың бір нәтиже беруі қиын, тіпті, мүмкін де емес. Сол себепті, тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы жиі орын алып жатады. Осы жағдай еңбек саласында меншік иесі мен жалданбалы қызметкерлер арасында әр түрлі келіспеушіліктер мен шиеліністердің туындауына объективтік негіз болады.

Шиеліністер мен келіспеушіліктер түрлі себептер бойынша туындайды. Олар еңбек құқығы қатынастарына дейін де орын алуы мүмкін, осы қатынастар барысында немесе еңбек шартын бұзған соң да орын алуы мүмкін. Соған қарамастан еңбек құқығы қатынастарына қатысты келіспеушіліктер мен шиеліністердің барлығын еңбек дауларына жатқызуға болмайды.

Шиелініс немесе келіспеушілік туып тұрса да, тараптар оны шешуге ешбір ынта білдірмеуі мүмкін. Мұндай келіспеушіліктерді тараптар өзара келіссөздер жүргізу арқылы келісімге келе отырып немесе кәсіптік одақтарға жолдану арқылы шешуі мүмкін. Шиеліністер мен келіспеушіліктер бұл кезеңде әлі еңбек даулары болып табылмайды. Алайда, шиеленіс немесе келіспеушілік келіссөздер арқылы шешілмесе, бұл мәселені шешу үшін арнайы уәкілетті органдарға жолдану қажеттігі туады, мұндай жағдайда, келіспеушілік еңбек дауына айналады. Тараптар тиісті юрисдикциялық органға жолданған сәттен бастап келіспеушіліктер еңбек дауларына айналады. Басқаша айтатын болсақ, қызметкер, еңбек ұжымы немесе олармен уәкілетті өкілдік орган жұмыс берушіден қызметкердің немесе қызметкерлер ұжымының талаптарын қанағаттандырудан толығымен немесе ішінара бас тарту туралы хабарламаны алған және жұмыс берушінің шешімімен келіспейтіндігі туралы шешім қабылдаған күн не өтінішті қарау мерзімі өткен, ал жұмыс берушіден жауап түспеген кез еңбек дауының басталу күні болып табылады.

Еңбек даулары дегеніміз – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қоладну, келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктерді білдіреді.

Еңбек құқығы субъектілерінің келіспеушілігі процессуалдық мағынада тиісті юрисдикциялы органға шешуге бару кезінен еңбек дауы нысанын алады.

Сонымен, еңбек даулары – ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу мен өзгертуге және еңбекке ақы төлеуге, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасауға, оларды орындауға байланысты, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдардың, ұжымдық шарттар мен келісімдердің ережелерін қолдану мәселелері бойынша туындайды.

Қазіргі кезде еңбек дауларын сот тәртібімен шешу әлі де сирек кездеседі. Мұның себебі, барлық еңбек шиеліністері еңбек дауына дейін жете бермейді, көп жағдайда тараптар сотқа жүгінбестен келіспеушілікті бейбіт жолмен шешеді.

Тағы да бір себебі, көптеген жалданбалы қызметкерлер жұмыс берушілердің құқыққа қайшы әрекеттерінің нәтижесінде шиеліністі жағдай туғанына қарамастан, жұмыссыздық өршіп тұрған кезде өзінің жұмыс орнынан айырылып қалу қауіпінен құқықтарын сот арқылы қорғаудан қашады.