- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып №1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •2. Еңбек құқығының жүйесі және оның қайнар көздері.
- •3. Еңбек құқығының қағидалары.
- •Тақырып №2. Еңбек құқығының субъектілері.
- •1. Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
- •2. Еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
- •Тақырып №3. Еңбек шарты.
- •1. Еңбек шартының ұғымы және мәні.
- •2. Еңбек шартының тараптары, мазмұны және жасалу тәртібі.
- •3. Еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері.
- •Тақырып №4. Ұжымдық шарт және ұжымдық келісімдер.
- •1. Ұжымдық шарттың ұғымы, мағынасы мен маңызы.
- •2. Ұжымдық шарттың тараптары және мазмұны.
- •Тақырып №5. Жұмыс уақытының құқықтық реттелуі.
- •1. Жұмыс уақытының ұғымы, мәні және маңызы.
- •2. Жұмыс уақытының түрлері және нормалануы.
- •Тақырып №6. Демалыс уақытын құқықтық реттеу.
- •1. Демалыс уақытының ұғымы және белгілері.
- •2. Демалыс уақытының түрлеріне жалпы сипаттама.
- •Тақырып №7. Жалақыны құқықтық реттеу. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдері.
- •1. Жалақының ұғымы және оның реттеу әдістері.
- •2. Жалақылар жүйесі.
- •3. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері.
- •Тақырып №8. Еңбек тәртібі.
- •2. Ішкі тәртіп. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі.
- •Тақырып №9. Материалдық жауапкершілік.
- •1. Материалдық жауапкершіліктің түсінігі.
- •2. Материалдық жауапкершілік жағдайында келтірілген зиянды өтеудің тәртібі және оны анықтау.
- •Тақырып №10. Еңбекті қорғау.
- •1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары.
- •2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару.
- •Тақырып №11. Еңбек дауларының ұғымы және топтастырылуы.
- •1. Еңбек дауларының ұғымы.
- •2. Еңбек дауларының түрлері мен жағдайлары.
- •Тақырып №12. Халықаралық еңбек құқығы.
- •1. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің пәні, әдісі және қағидалары.
- •2. Халықаралық нормалар мен ұлттық еңбек құқығы арасындағы коллизиялар.
- •3. Халықаралық еңбек құқығы мен Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.
- •Тақырып №13. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдістері және функциялары.
- •2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
- •Тақырып №14. Зейнетақымен қамсыздандыруды құқықтық реттеу.
- •1. Зейнетақымен қамсыздандырудың ұғымы және зейнетақы түрлері.
- •2. Зейнетақы төлеу мен тағайындау тәртібі.
- •Тақырып №15. Жәрдемақыларды құқықтық реттеу.
- •1. Жәрдемақы ұғымы. Құқықтық реттеудің қайнар көздері.
- •2. Жәрдемақы түрлері.
Тақырып №10. Еңбекті қорғау.
Дәріс жоспары:
1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару.
Негізгі ұғымдар: еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі, мемлекеттік басқару, жазатайым оқиға.
1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары.
Еңбекті қорғау Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қаңтарда қабылданған «Еңбекті қорғау туралы» және 1999 жылы 29 қарашада өзгертулер мен толықтырулар енгізілген заңымен реттелінеді. Заң қызметкерлердің еңбекті қорғау құқығын қамтамасыз етуге бағытталған және өндірістегі жазатайым жағдайлар мен денсаулыққа зақым келтірудің алдын алуын қамтиды.
Еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.
Еңбекті қорғауға құқығы барлар: меншіктің және шаруашылық жүргізудің әртүрлі формасындағы жұмыс берушілермен, оның ішінде жекелеген жалдаушылармен еңбек қатынасында тұратын барлық қызметкерлер; кооператив мүшелері; өндірістік практика өтуші және өндірістік оқудағы жоғары және арнайы орта оқу орындарының студенттері мен оқушылары; әскери міндетті атқарумен байланысты емес жұмыстарға тартылған әскери қызметкерлер; сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар, егер олар үкімнің орындалуын басқаратын органдар анықтаған кәсіпорындарда жұмыс істеп жүрсе, сондай-ақ қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ұйымдастырылған кез келген еңбекке қатысушылар.
Халықаралық шарттар мен келісімдер негізінде ҚР-ның азаматтары мен кәсіпорындары шет елдерде жұмыс атқарған жағдайда олар үшін еңбекті қорғау жөнінде халықаралық нормаларда белгіленгеннен төмен емес талаптар көзделеді. ҚР-ның аумағында орналасқан кәсіпорындарда жұмыс істеуші шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар ҚР-ның азаматтары сияқты еңбекті қорғауға байланысты құқығы болады. Шет елдерде орналасқан ҚР-ның кәсіпорындарында жұмыс істейтін шетел азаматтары үшін еңбекті қорғау саласындағы қатынастарды реттеудің ерекшелігі мүдделі елдер арасындағы келісімдермен белгіленеді.
Егер халықаралық шарттарда (келісімдерде) еңбекті қорғау ҚР зандарында көзделгендегіден биігірек талаптар белгіленсе халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады. Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс берушілер қатысқан барлық деңгейдегі мемлекеттік үкімет пен басқару органдары іс-қимылының бірлігін көздейді және осы жүргізілген саясат мына қағидаларға негізделеді:
-меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген өкілдің (жұмыс берушінің) толық жауаптылығына;
-еңбекті қорғау міндеттерін бұл мәселелер жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар негізінде кешенді шешуге және еңбекті қорғау саласындағы қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестіруге;
-кәсіпорындарда еңбек қорғау талаптары мен кауіпсіздік техникасының барлық жерде орындалуы үшін мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;
-еңбекті қорғау жөніндегі ғылымның, техниканың жетістіктері мен ұлттық және шетелдік озық тәжірибені кеңінен пайдалануға;
-қауіпсіз техника, технология мен жұмыс істеушілерді қорғау құралдарын, еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми зерттеу жұмыстарын әзірлеу мен енгізуді ынталандыруға;
-мемлекеттің еңбекті қорғауды қаржылаyдыруға қатысуына;
-кәсіпорындардың еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге, ал қызметкерлердің - еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын сақтауға экономикалық мүдделілігіне;
-кәсіпорынның қызметін еңбекті қорғау тұрғысынан лицензиялауға;
-өндірістік мақсатта қолданылатын өнімнің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сертификаттауды өткізуге;
-мемлекеттік сараптама органдарының тікелей жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын, сондай-ақ жаңа салынатын және қайта жаңғыртылатын кәсіпорындардың жобаларындағы өндірістің қауіптілігі мен зияндығын бағалауға;
-меншік иесі қаржысы есебінен қызметкерлерді арнаулы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен, емдеу-алдын алу тамағымен қамтамасыз етуге,
-өндірістегі әрбір жазатайым жағдайды және әрбір кәсіби ауруды тексеру мен есепке алудың міндеттілігі, өндірістік жарақаттың, кәсіби аурудың деңгейі туралы және еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы қызметкерлердің хабардарлығын қамтамасыз етуге;
-өндірістегі жазатайым жағдайда немесе кәсіби аурудан зардап шеккен қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғауға;
-жоғары және арнаулы орта оқу орындарында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөнінде мамандар даярлауға;
-қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, өкілетті ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындар мен жеке адамдардың еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметін барынша қолдауға;
-еңбекті қорғау проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастыққа негізделеді.
