- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып №1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •2. Еңбек құқығының жүйесі және оның қайнар көздері.
- •3. Еңбек құқығының қағидалары.
- •Тақырып №2. Еңбек құқығының субъектілері.
- •1. Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
- •2. Еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
- •Тақырып №3. Еңбек шарты.
- •1. Еңбек шартының ұғымы және мәні.
- •2. Еңбек шартының тараптары, мазмұны және жасалу тәртібі.
- •3. Еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері.
- •Тақырып №4. Ұжымдық шарт және ұжымдық келісімдер.
- •1. Ұжымдық шарттың ұғымы, мағынасы мен маңызы.
- •2. Ұжымдық шарттың тараптары және мазмұны.
- •Тақырып №5. Жұмыс уақытының құқықтық реттелуі.
- •1. Жұмыс уақытының ұғымы, мәні және маңызы.
- •2. Жұмыс уақытының түрлері және нормалануы.
- •Тақырып №6. Демалыс уақытын құқықтық реттеу.
- •1. Демалыс уақытының ұғымы және белгілері.
- •2. Демалыс уақытының түрлеріне жалпы сипаттама.
- •Тақырып №7. Жалақыны құқықтық реттеу. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдері.
- •1. Жалақының ұғымы және оның реттеу әдістері.
- •2. Жалақылар жүйесі.
- •3. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері.
- •Тақырып №8. Еңбек тәртібі.
- •2. Ішкі тәртіп. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі.
- •Тақырып №9. Материалдық жауапкершілік.
- •1. Материалдық жауапкершіліктің түсінігі.
- •2. Материалдық жауапкершілік жағдайында келтірілген зиянды өтеудің тәртібі және оны анықтау.
- •Тақырып №10. Еңбекті қорғау.
- •1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары.
- •2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару.
- •Тақырып №11. Еңбек дауларының ұғымы және топтастырылуы.
- •1. Еңбек дауларының ұғымы.
- •2. Еңбек дауларының түрлері мен жағдайлары.
- •Тақырып №12. Халықаралық еңбек құқығы.
- •1. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің пәні, әдісі және қағидалары.
- •2. Халықаралық нормалар мен ұлттық еңбек құқығы арасындағы коллизиялар.
- •3. Халықаралық еңбек құқығы мен Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.
- •Тақырып №13. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдістері және функциялары.
- •2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
- •Тақырып №14. Зейнетақымен қамсыздандыруды құқықтық реттеу.
- •1. Зейнетақымен қамсыздандырудың ұғымы және зейнетақы түрлері.
- •2. Зейнетақы төлеу мен тағайындау тәртібі.
- •Тақырып №15. Жәрдемақыларды құқықтық реттеу.
- •1. Жәрдемақы ұғымы. Құқықтық реттеудің қайнар көздері.
- •2. Жәрдемақы түрлері.
Тақырып №9. Материалдық жауапкершілік.
Дәріс жоспары:
1. Материалдық жауапкершіліктің түсінігі.
2. Материалдық жауапкершілік жағдайында келтірілген зиянды өтеудің тәртібі және оны анықтау.
Негізгі ұғымдар: жауакершілік,материалдық жауапкершілік, толық материалдық жауапкершілік.
1. Материалдық жауапкершіліктің түсінігі.
Қызметшілер ұйымның мүлкіне ұқыптылықпен қарауға және жұмыс процесінде жұмыс берушіге мүліктік зиян келтіруге жол бермеуге міндетті. Еңбек міндеттерін орындау кезінде ұйымға келтірілген зиян үшін, егер зиян оның кінәсінен келтірілген болса, қызметкерге материалдық жауапкершілік жүктеледі.
Еңбек заңнамасы келтірілген материалдық зияны үшін еңбек шартының тараптары – қызметкер мен жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігін көздейді.
Жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі бір тараптың екінші тарапқа келтірілген зияны үшін шығынды өтеу міндетінен тұрады. Жеке еңбек шартының екінші тарабына зиян келтірген тарап оны белгіленген тәртіп бойынша өтеуге міндетті. Егер қызметкер өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына байланысты жұмыс берушінің кінәсінен жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зақым келіп, соның салдарынан ол еңбек қабілетін толық немесе ішінара жоғалтса, жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру өтемі төленбейтін кезде оған келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіп пен жағдайларда өтеуге міндетті.
Қызметкерлер кәсіпорының (мекеменің, ұйымның) мүлкіне ұқыптылықпен қарауға және зиянның алдын алуға қатысты шаралар қолдануға міндетті. Өз кезегінде жұмыс беруші қызметкерлерге қалыпты жұмыс және өзі сеніп тапсырған мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. Сонымен, материалдық жауапкершілік туралы заңдар бір жағынан, жұмыс берушінің меншігін жан-жақты қорғауға, екінші жағынан, қызметкерлерлің жалақысын негізсіз ұстап қалудан қорғауға бағытталған. Яғни, зиянды өтеу деп – бір тарабының екінші тарапқа қатысты туындайтын міндеті. Шарттың өзінде мұндай жауапкершілік тікелей көзделмейді, алайда, ол осы шарт тараптарының еңбек саласындағы өзінің міндеттерін тиісті дәрежеде орындамауының салдары болып табылады.
Сонымен, қорытындылайтын болсақ, еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі бір тараптың екінші тарапқа келтірілген материалдық зиянды заңға сәйкес өтеу міндетінен тұрады.
2. Материалдық жауапкершілік жағдайында келтірілген зиянды өтеудің тәртібі және оны анықтау.
Еңбек шартындағы басқа тарапқа зиян келтірген тарап оны Еңбек кодексі және өзге де заң актілеріне сәйкес сот шешімі негізінде немесе ерікті түрде өтейді.
Еңбек шартында осы шарт тараптарының материалдық жауапкершілігі нақтыланады.
Егер қызметкер өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына байланысты жұмыс берушінің кінәсінен жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зақым келіп, соның салдарынан ол еңбек қабілетін толық немесе ішінара жоғалтса, жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру өтемі төленбейтін кезде оған келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіп пен жағдайларда өтеуге міндетті.
Еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына және ұйымның мүлкіне келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі сақтандырылуға тиіс.
Еңбек шартының басқа тарпқа залал (зиян) келтірген тарапы оны Еңбек Кодексінде және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде сот шешімінің негізінде не ерікті түрде өтейді.
