- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып №1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •2. Еңбек құқығының жүйесі және оның қайнар көздері.
- •3. Еңбек құқығының қағидалары.
- •Тақырып №2. Еңбек құқығының субъектілері.
- •1. Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
- •2. Еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
- •Тақырып №3. Еңбек шарты.
- •1. Еңбек шартының ұғымы және мәні.
- •2. Еңбек шартының тараптары, мазмұны және жасалу тәртібі.
- •3. Еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері.
- •Тақырып №4. Ұжымдық шарт және ұжымдық келісімдер.
- •1. Ұжымдық шарттың ұғымы, мағынасы мен маңызы.
- •2. Ұжымдық шарттың тараптары және мазмұны.
- •Тақырып №5. Жұмыс уақытының құқықтық реттелуі.
- •1. Жұмыс уақытының ұғымы, мәні және маңызы.
- •2. Жұмыс уақытының түрлері және нормалануы.
- •Тақырып №6. Демалыс уақытын құқықтық реттеу.
- •1. Демалыс уақытының ұғымы және белгілері.
- •2. Демалыс уақытының түрлеріне жалпы сипаттама.
- •Тақырып №7. Жалақыны құқықтық реттеу. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдері.
- •1. Жалақының ұғымы және оның реттеу әдістері.
- •2. Жалақылар жүйесі.
- •3. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері.
- •Тақырып №8. Еңбек тәртібі.
- •2. Ішкі тәртіп. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі.
- •Тақырып №9. Материалдық жауапкершілік.
- •1. Материалдық жауапкершіліктің түсінігі.
- •2. Материалдық жауапкершілік жағдайында келтірілген зиянды өтеудің тәртібі және оны анықтау.
- •Тақырып №10. Еңбекті қорғау.
- •1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары.
- •2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару.
- •Тақырып №11. Еңбек дауларының ұғымы және топтастырылуы.
- •1. Еңбек дауларының ұғымы.
- •2. Еңбек дауларының түрлері мен жағдайлары.
- •Тақырып №12. Халықаралық еңбек құқығы.
- •1. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің пәні, әдісі және қағидалары.
- •2. Халықаралық нормалар мен ұлттық еңбек құқығы арасындағы коллизиялар.
- •3. Халықаралық еңбек құқығы мен Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.
- •Тақырып №13. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдістері және функциялары.
- •2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
- •Тақырып №14. Зейнетақымен қамсыздандыруды құқықтық реттеу.
- •1. Зейнетақымен қамсыздандырудың ұғымы және зейнетақы түрлері.
- •2. Зейнетақы төлеу мен тағайындау тәртібі.
- •Тақырып №15. Жәрдемақыларды құқықтық реттеу.
- •1. Жәрдемақы ұғымы. Құқықтық реттеудің қайнар көздері.
- •2. Жәрдемақы түрлері.
Тақырып №8. Еңбек тәртібі.
Дәріс жоспары:
1. Еңбек тәртібінің ұғымы және әдістері.
2. Ішкі тәртіп. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі.
Негізгі ұғымдар: тәртіп, еңбек тәртібі, тәртіптік жазалар, жауапкершілік, ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс.
1. Еңбек тәртібінің ұғымы және әдістері.
Жеке еңбек шартын жасаумен байланысты еңбек тәртібі - еңбектік құқықтық қатынастардың негізгі принциптерінің бірі болып табылады. Тәртіп болмайынша және ұжымда осы тәртіпті қолдан бағаламайынша жүйелі жұмыс істеуге болмайды. Қатал еңбек тәртібі - өндіріс тиімділігімен сапалы өнім шығарудың басты шарты. Ұжымда еңбек тәртібін қалыптастыру елдің экономикасын дамытудың кепілі. Ол ақша қаражатын жұмсауды қажет етпейді, бірақ қоғамға айтарлықтай келтіретін пайдасы мол.
Кез келген бірлескен жұмыс белгілі бір еңбек ережелеріне бағынуды қажет етеді. Еңбек тәртібі – көп адамдар қосылып бірге жұмыс істегенде сақталып отыруға тиісті ережелер.
Еңбек қызметінің барысында еңбек қатынастарының екі тарапы қатысатыны белгілі, сондықтан да, еңбек қызметіндегі жүріс-тұрысережелерін екі жақ та орындауы тиіс.
Сол себепті де, қызметкердің негізгі міндеттерінің бірі болып еңбек тәртібінің талаптарын, яғни, еңбек қызметі барысындағы өзі үшін міндетті жүріс-тұрыс ережелерін орындау болып табылады. Егер нақты атайтын болсақ, қызметкердің міндеттеріне мыналар жатады:
- еңбек функцияларын (яғни, нақты бір мамандық, біліктілік, лауазым бойынша жұмысын) мұқият орындау;
- ішкі еңбек тәртібіне бағыну;
- жұмыс берушінің бұйрықтарын (өзі үшін міндетті) орындау.
Ал, жұмыс беруші қызметкерлердің еңбегін ұтымды және дұрыс ұйымдастыруы қажет, ол үшін жұмыс беруші:
- қызметкерге еңбек ақысын төлеу қажет;
- еңбек заңнамасында, ұжымдық шартта және тараптардың келісімнде көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз ету қажет.
Сондықтан да, еңбек тәртібі – ол екі жақты процесс және оның жүзеге асырылуы екі тараптың да жүріс-тұрысына тікелей тәуелді. Яғни, еңбек тәртібі жұмыс берушінің белгілі бір жүріс-тұрыс ережелерін бекіту құқығын ғана емес, сонымен қатар, қызметкерге қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз ету міндетін де қамтиды. Осындай жағдайда ғана қызметкерден жақсы нәтиже күтуге болады.
Еңбек тәртібі – бұл жеке еңбек шартының тараптарының, яғни, қызметкер мен жұмыс берушінің өзара міндеттері және осы міндеттерді бұлжытпай орындау. Сонымен бірге, еңбек тәртібі деп көрсетілген тараптардың тәртібін реттейтін ережелер жиынтығын айтамыз.
Еңбек тәртібінде 2 негізгі мадақтау және мәжбүрлеу деген әдіс бар. Біріншісі, қызметкер мен жұмыс берушінің еңбектің соңғы нәтижелерінде бәрінен бұрын экономикалық мүдделілігі, жұмыс беруші- пайда табы, қызметкер – еңбекке сыйақы алу.
Жұмыс беруші қызметкерге еңбектегі табыстары үшін көтермелеудің әр алуан түрлерін қолдануға құқылы. Көтермелеудің түрлері мен тәртібі еңбек, ұжымдық шарттармен және жұмыс берушінің актілерімен белгіленеді.
Мәжбүрлеу әдісі бұзушыға тиісті материалдық және моральдық әсер етуді қолдануда тұрады. Бұл жерде сөз тәртіптік жазалар туралы айтылады, яғни еңбек тәртібін (яғни қызметкердің кінәсінен оған жүктелген еңбек міндеттерінің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны) бұзғаны үшін. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыс беруші тәртіптік жазалардың мынадай түрлерін қолдануға құқылы:
- ескерту жасауға;
- сөгіс беруге;
- қатаң сөгіс беруге;
- Еңбек кодексінде белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу.
