Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силл.енбек 2015-16.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.88 Mб
Скачать

2. Жалақылар жүйесі.

Жалақы мөлшерін анықтаудың тағы бір басты әдісі – еңбекке ақы төлеу жүйесі болып табылады. Бұл бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегіне жалақы уақытына қарай немесе кесімді түрде төленуге тиіс.

Еңбекке ақы төлеудің мерзімді жүйесі деген істеген уақытына (сағат, күн, ай) сәйкес тарифтік ақы немесе қызметкердің айлықақысына қарай төленуі.

Уақытына қарай қызмет ететін қызметкердің еңбегіне ақы төлеудің мөлшерін анықтаудың негізінде уақыттың қандай мөлшерін анықтаудың негізінде уақыттың қандай мөлшері жатқандығына байланысты айлық, күндік және сағаттық жалақы төлеу жүйесін ажыратады.

Айлық жүйеде жалақы мөлшері, егер қызметкер толық жұмыс істеген осы айдағы жұмыс күндері санына байланысты емес болып табылатын нақты айлық ставка ретінде анықталады.

Күн сайынғы жүйеде жалақы мөлшері нақты жұмыс істеген күндер санына байланысты.

Сағаттық жүйеде жалақы мөлшері белгілі бір кезеңде істелген сағаттардың санына байланысты.

Кесімді жүйе деген шығарылатын өнімнің саны немесе тиісті сападағы операцияларға тиісінше жалақы кесімді бағалауға қарай белгіленуі. Еңбекке ақы төлеудің бұл жүйесі өндіріс орындарында қолданылады.

Кесімді бағалау – өндірілген өнімнің бірлігінің бағасы немесе белгілі бір еңбек операциясына тағайындалатын баға. Жалақыны есептеп шығару тәртібіне сәйкес кесімді жүйе тікелей, кесімді прогрессивті, жанама кесімді және аккордтық (кесімді ақы) болып бөлінеді.

Тікелеу кесімді жүйеде жалақының мөлшері жұмыс істеу нормасына тура тәуелді. Мұнда жасалған бұйымның бірлігі орнатылған норманы орындаудан немесе асыра орындаудан тәуелсыз, бір ғана бағамен мөлшерленіп төленеді.

Кесімді прогрессивті жүйеде қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу норма көлемінде бір бағамен ғана жүргізіледі. Де, егерде нормадан артық өндірілсе басқа, рогрессивті өсу бағасымен төленеді.

Жанама кесімді жүйеде көмекші немесе қосымша жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу, олар негізгі жұмысшыларға қызмет көрсетуінің нәтижесі бойынша төленеді. Мысалы, осы жүйе бойынша негізгі жұмысшылар жұмыс істейтін жабдықты жөндеушілерге еңбекақы төленеді.

Аккордттық жалақы төлеуде жеке бұйымның, операцияның бағасы көрсетілмей, ұжыммен орындалған барлық жұмыстың бағасы бірақ белгіленеді.

3. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері.

Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкундігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделеді.

Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір қызметкерге тиісті кезеңдегі тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша түрде ай сайын хабарлауға тиісті.

Жалақы төлеу күні демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.

Жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де төлемдерді төлеу жұмыс берушінің кінәсінен кешіктірілген кезде, жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімақыны төлейді. Өсімақы мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын негізге ала отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті күннен кейінгі күннен бастап әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін есептеледі. Және төлем жасалған күнмен аяқталады.

Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі барлық сомаларды төлеу шарт аяқталған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарында өзгеше көзделмесе, олардың жұмыс істейтін орында жүргізілуге тиіс.