- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып №1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •2. Еңбек құқығының жүйесі және оның қайнар көздері.
- •3. Еңбек құқығының қағидалары.
- •Тақырып №2. Еңбек құқығының субъектілері.
- •1. Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
- •2. Еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
- •Тақырып №3. Еңбек шарты.
- •1. Еңбек шартының ұғымы және мәні.
- •2. Еңбек шартының тараптары, мазмұны және жасалу тәртібі.
- •3. Еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері.
- •Тақырып №4. Ұжымдық шарт және ұжымдық келісімдер.
- •1. Ұжымдық шарттың ұғымы, мағынасы мен маңызы.
- •2. Ұжымдық шарттың тараптары және мазмұны.
- •Тақырып №5. Жұмыс уақытының құқықтық реттелуі.
- •1. Жұмыс уақытының ұғымы, мәні және маңызы.
- •2. Жұмыс уақытының түрлері және нормалануы.
- •Тақырып №6. Демалыс уақытын құқықтық реттеу.
- •1. Демалыс уақытының ұғымы және белгілері.
- •2. Демалыс уақытының түрлеріне жалпы сипаттама.
- •Тақырып №7. Жалақыны құқықтық реттеу. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдері.
- •1. Жалақының ұғымы және оның реттеу әдістері.
- •2. Жалақылар жүйесі.
- •3. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері.
- •Тақырып №8. Еңбек тәртібі.
- •2. Ішкі тәртіп. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі.
- •Тақырып №9. Материалдық жауапкершілік.
- •1. Материалдық жауапкершіліктің түсінігі.
- •2. Материалдық жауапкершілік жағдайында келтірілген зиянды өтеудің тәртібі және оны анықтау.
- •Тақырып №10. Еңбекті қорғау.
- •1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары.
- •2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару.
- •Тақырып №11. Еңбек дауларының ұғымы және топтастырылуы.
- •1. Еңбек дауларының ұғымы.
- •2. Еңбек дауларының түрлері мен жағдайлары.
- •Тақырып №12. Халықаралық еңбек құқығы.
- •1. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің пәні, әдісі және қағидалары.
- •2. Халықаралық нормалар мен ұлттық еңбек құқығы арасындағы коллизиялар.
- •3. Халықаралық еңбек құқығы мен Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.
- •Тақырып №13. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдістері және функциялары.
- •2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
- •Тақырып №14. Зейнетақымен қамсыздандыруды құқықтық реттеу.
- •1. Зейнетақымен қамсыздандырудың ұғымы және зейнетақы түрлері.
- •2. Зейнетақы төлеу мен тағайындау тәртібі.
- •Тақырып №15. Жәрдемақыларды құқықтық реттеу.
- •1. Жәрдемақы ұғымы. Құқықтық реттеудің қайнар көздері.
- •2. Жәрдемақы түрлері.
Тақырып №7. Жалақыны құқықтық реттеу. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдері.
Дәріс жоспары:
1. Жалақының ұғымы және оның реттеу әдістері.
2. Жалақылар жүйесі.
3. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері.
Негізгі ұғымдар: жалақы,ең төменгі жалақы мөлшері, күн көріс минимумы, тарифтік жүйе, тариф, тарифтік ставка, кепілдіктер, өтемақы төлемдері.
1. Жалақының ұғымы және оның реттеу әдістері.
ҚР-ң еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге міндетті, яғни жалақы – қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшін төленетін сыйақы (табыс).
Жалақының құқықтық мазмұны экономикалық факторлар арқылы анықталып, екі меншік иесі – өндірісті ұстап тұру үшін жұмыс күшін қажет ететін – жұмыс беруші және жұмыс күшінің иесі – еңбек атқарғаны үшін белгілі бір мөлшерде ақшалай қаражат талап ететін – азамат жұмыс жасайтын еңбек нарығы жағдайында қалыптасады.
Құқықтық категория ретінде жалақы – еңбекке төлеу бойынша еңбек құқықтық қатынасына қатысушылардың нақты құқықтары мен міндеттерін көрсетеді. Ол ең алдымен, жалдаудың еңбек шартының тараптарымен анықталатын елеулі жағдайы, сондықтан қолданылуға міндетті.
Қызметкердің айлық жалақысының мөлшері қызметкердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді. Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы ҚР-ның заңымен жыл сайын белгіленетін айлық жалақының ең төменгі мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен кем болмауға тиіс және ол қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, өтемақы төлемдері мен әлеуметтік төлемдерді, сыйлықақылар мен басқа да ынталандыратын төлемдерді қамтымайды және жұмыс істелген уақытқа барабар төленеді.
Жалақыны ұйымдастырудың принциптері:
- жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, қоғамдық бірлестіктерде болуына, дінге көзқарасына, сеніміне, сондай-ақ қызметкерлердің іскерлік қабілеті мен оның еңбегінің нәтижесіне байланысты болмайтын басқа да мән-жайларға қарамастан жалақысын төмендетуге тыйым салынады;
- әр қызметкерлерге еңбек ақы төлеу олардың еңбекке қосқан үлесіне, еңбектің сапасына байланысты еңбекақының үлкен мөлшері шектелмейді;
- қызметкерлердің келісімінсіз қандай да болмасын жалақысын ұстап қалуға тыйым салынады.
Еңбек құқығында жалақыны реттеудің екі әдісі қолданылады: мемлекеттік орталықтанған нормалау әдісі және жергілікті реттеу әдісі.
Жалақыны орталықтанаған нормалау әдісі арқылы реттеуде тарифтік кесте, тарифтік ставка, лауазымды айлықақылар үкімет немесе тиісті министрліктермен орнатылады және үкіметпен бекітіледі.
Жергілікті реттеуде жалақы мөлшері әкімшілік және берілген құқықтары шегінде тиісті кәсіподақтар арасындағы келісім арқылы орнатылады. Жергілікті реттеудің құқықтық формасы ұжымдық шарт болып табылады.
