- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып №1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •2. Еңбек құқығының жүйесі және оның қайнар көздері.
- •3. Еңбек құқығының қағидалары.
- •Тақырып №2. Еңбек құқығының субъектілері.
- •1. Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
- •2. Еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
- •Тақырып №3. Еңбек шарты.
- •1. Еңбек шартының ұғымы және мәні.
- •2. Еңбек шартының тараптары, мазмұны және жасалу тәртібі.
- •3. Еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері.
- •Тақырып №4. Ұжымдық шарт және ұжымдық келісімдер.
- •1. Ұжымдық шарттың ұғымы, мағынасы мен маңызы.
- •2. Ұжымдық шарттың тараптары және мазмұны.
- •Тақырып №5. Жұмыс уақытының құқықтық реттелуі.
- •1. Жұмыс уақытының ұғымы, мәні және маңызы.
- •2. Жұмыс уақытының түрлері және нормалануы.
- •Тақырып №6. Демалыс уақытын құқықтық реттеу.
- •1. Демалыс уақытының ұғымы және белгілері.
- •2. Демалыс уақытының түрлеріне жалпы сипаттама.
- •Тақырып №7. Жалақыны құқықтық реттеу. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдері.
- •1. Жалақының ұғымы және оның реттеу әдістері.
- •2. Жалақылар жүйесі.
- •3. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері.
- •Тақырып №8. Еңбек тәртібі.
- •2. Ішкі тәртіп. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі.
- •Тақырып №9. Материалдық жауапкершілік.
- •1. Материалдық жауапкершіліктің түсінігі.
- •2. Материалдық жауапкершілік жағдайында келтірілген зиянды өтеудің тәртібі және оны анықтау.
- •Тақырып №10. Еңбекті қорғау.
- •1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары.
- •2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару.
- •Тақырып №11. Еңбек дауларының ұғымы және топтастырылуы.
- •1. Еңбек дауларының ұғымы.
- •2. Еңбек дауларының түрлері мен жағдайлары.
- •Тақырып №12. Халықаралық еңбек құқығы.
- •1. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің пәні, әдісі және қағидалары.
- •2. Халықаралық нормалар мен ұлттық еңбек құқығы арасындағы коллизиялар.
- •3. Халықаралық еңбек құқығы мен Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.
- •Тақырып №13. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдістері және функциялары.
- •2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
- •Тақырып №14. Зейнетақымен қамсыздандыруды құқықтық реттеу.
- •1. Зейнетақымен қамсыздандырудың ұғымы және зейнетақы түрлері.
- •2. Зейнетақы төлеу мен тағайындау тәртібі.
- •Тақырып №15. Жәрдемақыларды құқықтық реттеу.
- •1. Жәрдемақы ұғымы. Құқықтық реттеудің қайнар көздері.
- •2. Жәрдемақы түрлері.
2. Жұмыс уақытының түрлері және нормалануы.
Өз міндеттерін орындауға арналған жұмыс уақыты әр уақытта нақты істеген жұмыс уақытымен сәйкес келмейді.
Нақты уақыт – еңбек процесінде қызметкердің нақтылы қатысуын және өз міндеттеріне көңіл бөлуін анықтайтын әр қызметкермен нақты жұмсалған уақыт.
Нақты істелген уақытпен сәйкес еңбекақы төленеді, зиянды еңбек жағдайларына байланысты қосымша демалыстар беріледі және т.б. жұмыс күні ішіндегі толық істемеген жағдайда қызметкердің кінәсі болса тәртіптік жаза немесе басқа санкциялар салыну мүмкін.
Жұмыс уақыты ұзақтығын нормалау өз көрінісін бір мезгілде жұмыс күні ұзақтығын нормалауда және жұмыс аптасының түрі мен апта ішіндегі жұмыс сағаттарының санында табады.
Жұмыс күні – тәулік ішіндегі жұмыс уақыты ұзақтығының орантылған нормасы.
Еңбек кодексінің 82-бабына сәйкес барлық әрекетке қабілетті қызметкерлерге бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы 40 сағат болғанда – 8 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда – 7 сағат 12 минут және апталық норма 24 сағат болғанда – 5 сағаттан аспауға тиіс.
Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 7 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағат және апталық норма 24 сағат болғанда – 4 сағаттан аспауға тиіс.
Жұмыс уақытының нормасы – заңмен орнатылған тиісті күнтізбелік кезең ішіндегі қызметкер жұмыс істеуге тиіс ұзақтығы.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Қалыпты жұмыс уақытының апталық нормасы заңнамамен қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы ескерілгендерден басқасынын барлығына таралады.
Қызметкерлердің жекелеген санаттарына жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
Тақырып №6. Демалыс уақытын құқықтық реттеу.
Дәріс жоспары:
1. Демалыс уақытының ұғымы және белгілері.
2. Демалыс уақытының түрлеріне жалпы сипаттама.
Негізгі ұғымдар: демалыс, күнделікті демалыс, демалыс күндері, мереке күндері, жыл сайынғы демалыс.
1. Демалыс уақытының ұғымы және белгілері.
Еңбек құқығында Еңбек кодексіне сәйкес тынығу уақыты – бұл қызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыт болып танылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 4-тармағына сәйкес «Әркімнің тынығуға құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі» делінген.
Демалыс уақытының өзгешелік белгілеріне:
- қызметкерді еңбек және мемлекеттік міндеттер, оған қоса қоғамдық тапсырмаларды орындаудан Заң босататын уақыт, егер осыларды орындау уақытында қызметкерде жалақы сақталып немесе қандай-да бір жеңілдіктер берілсе;
- қызметкер өз мүдделерін қанағаттандыру мақсаттарында өз қарауымен қолдана алатын және еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру үшін арналған уақыт жатады.
2. Демалыс уақытының түрлеріне жалпы сипаттама.
Еңбек кодексінің 92-бабында демалыс уақытының келесі түрлері белгіленген:
1) жұмыс күні ішіндегі үзілістер – тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс; ауысымішілік және арнаулы үзілістер;
2) күнделікті тынығу;
3) демалыс күндері (апта сайынғы үздіксіз тынығу);
4) мереке күндері;
5) демалыстар.
ҚР-ң еңбек кодексіне сәйкес, күнделікті жұмыс ішінде жұмыс беруші қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақталған ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беруді міндеттейді. Бұл үзіліс жұмыс уақытына енгізілмейді және қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады. Үзіліс беру уақытымен оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленеді. Ал өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың тізбесі демалу және тамақтану тәртібі мен орны жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді.
Жылдың суық мерзімінде суық далада, тиеп-түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жылыну және демалу үшін арнайы үзілістер беріледі. Арнаулы үзілістер жұмыс уақытына қосылады.
Күн сайынғы жұмыс күнінің бітуі мен оның келесі күнде (ауысымды) басталуы арасындағы қызметкерлердің күн сайынғы демалысының ұзақтығы 12 кем болмауы тиіс.
Апта сайынғы демалыс күндері. Қазақстан Республикасындағы еңбек кодексінде қызметкерлерге демалыс күндері (апта сайынғы үзіліссіз демалыс уақыты) беру бекітілген. Мұнда бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына екі, ал алты күндік жұмыс аптасына бір күн демалыс беріледі. Жалпы демалыс күні жексембі болып есептеледі. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде екінші демалыс күні жұмыс берушінің актісімен немесе жұмыс кестесімен белгіленеді. Екі демалыс күнде әдетте қатарынан беріледі. Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сәйкес келген жағдайда және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
ҚР-ның еңбек кодексінде өндірістік-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үнемі үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарда, сондай-ақ үздікссіз өндіріс жүргізілетін ұйымдарда жұмыс берушінің актісімен белгіленген ауысым кестесіне сәйкес, қызметкердің әрбір тобына демалыс күндері аптаның әр түрлі күндерінде кезекпен беріліп отырады деп қойылған.
ҚР-ң еңбек кодексінің 97-ші бабы бойынша мереке күндеріндегі жұмыс жөнінде айтылады, мұнда өндірістік-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үзіліссіз тұрақты қызмет көрсетуі қажет болуы себепті демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында белгіленген мереке күндері жұмыс жүргізілмейді.
ҚР-ның еңбек кодексінде демалыс күндері заңнаманың қарауымен жұмысқа тартудың тізбелері көрсетілген. Олар төмендегінше:
- төтенше жағдайларды немесе дүлей, апат, өндірістік аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін;
- жазатайым оқиғаларда, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау немесе оны тергеу;
- тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі тез орындалуына байланысты болатын шұғыл, алдын-ала күтпеген жұмыстарды орындау үшін.
Бір жарым жасқа толмаған баласы бар жұмыс істейтін әйелдерге демалу мен тамақтану үшін берілетін үзілістен басқа, баланы тамақтандыру үшін кемінде жұмыстың әрбір үш сағаты сайын қосымша үзіліс беріледі.
Бір жарым жасқа толмаған екі немесе одан да көп баласы болған жағдайда қосымша үзілістің ұзақтығын кемінде бір сағат болып белгіленеді. Баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістер жұмыс уақытына қосылады да жалақы төленеді.
Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы. ҚР-ның еңбек кодексінің 101-ші бабына сәйкес жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істеушілерге жұмыс орны (қызметі) мен орташа жалақысы сақтала отырып, ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысына кепілдік беріледі. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Егер басқа нормативтік құқықтық актілерде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушілердің актілерінде қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін өзгеше көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он сегіз күн болатын жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек қосымша еңбек демалысы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін өндірістердің, жұмыстардың, кәсіпкер мен қызметкерлердің тізбесіне сәйкес ауыр дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге беріледі. Ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын берудің талаптары мен тәртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттармен белгіленеді. Қатарынан екі жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым салынады.
Жүктілік және босануы бойынша демалыстар. Бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берілетін демалыстар. ҚР-ның еңбек кодексінің 193-ші бабына сәйкес әйелдерге жүктілігі мен босануына байланысты ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік 70 күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік 56 (қиналып босанған немесе екі не одан да көп бала туған жағдайда 70) күнге дейін демалыс беріледі.
Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық беріледі.
Жаңа туған баланы (балаларды) тікелей перзентханадан асырап алған қызметкерлерге (ата-ананың біреуіне) баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен елу алты күн өткенге дейін ата-анасының біріне демалыс беріліп, оның ұйымда жұмыс істеу заңдылығына қарамастан, жұмыс берушінің қаражаты есебінен оған осы кезеңге жәрдемақы төленеді.
Жұмыс беруші қызметкерге ата-анасының қалауы бойынша – баланың анасына не әкесіне; баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-ананың біреуіне; баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған әжесіне; атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерге бала үш жасқа толғанға дейін баланың күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс Еңбек кодексінің 195-бабыныңы 1-тармағында көрсетілген қызметкердің жазбаша өтініші негізінде оның қалауы бойынша толық немесе бөлініп пайдалануы мүмкін.
Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты жалпы еңбек стажына, мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледі.
ҚР-ның еңбек кодексіне сәйкес жеке еңбек шартын бұзған кезінде оның қандай негізде бұзылғанына қарамастан, өзінің жыл сайынғы еңбек демалысын алу құқығын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерлерге өтемақы төленеді. Егер де жеке еңбек шартын бұзған күнге қарай қызметкер жұмыс жылының бір бөлігінде жұмыс істесе, өтемақы жұмыс істеген уақытқа бара-бар төленеді.
ҚР-ң еңбек кодексінің 112-ші бабында білім беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау үшін оқу демалыстары беріледі. Оқу демалысына ақы төлеу еңбек шартында, ұжымдық шартта, оқу шартында айқындалады.
Демалысты беру, ауыстыру, ұзарту не демалыстан шақырып алу жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
