- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып №1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •2. Еңбек құқығының жүйесі және оның қайнар көздері.
- •3. Еңбек құқығының қағидалары.
- •Тақырып №2. Еңбек құқығының субъектілері.
- •1. Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
- •2. Еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
- •Тақырып №3. Еңбек шарты.
- •1. Еңбек шартының ұғымы және мәні.
- •2. Еңбек шартының тараптары, мазмұны және жасалу тәртібі.
- •3. Еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері.
- •Тақырып №4. Ұжымдық шарт және ұжымдық келісімдер.
- •1. Ұжымдық шарттың ұғымы, мағынасы мен маңызы.
- •2. Ұжымдық шарттың тараптары және мазмұны.
- •Тақырып №5. Жұмыс уақытының құқықтық реттелуі.
- •1. Жұмыс уақытының ұғымы, мәні және маңызы.
- •2. Жұмыс уақытының түрлері және нормалануы.
- •Тақырып №6. Демалыс уақытын құқықтық реттеу.
- •1. Демалыс уақытының ұғымы және белгілері.
- •2. Демалыс уақытының түрлеріне жалпы сипаттама.
- •Тақырып №7. Жалақыны құқықтық реттеу. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдері.
- •1. Жалақының ұғымы және оның реттеу әдістері.
- •2. Жалақылар жүйесі.
- •3. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері.
- •Тақырып №8. Еңбек тәртібі.
- •2. Ішкі тәртіп. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі.
- •Тақырып №9. Материалдық жауапкершілік.
- •1. Материалдық жауапкершіліктің түсінігі.
- •2. Материалдық жауапкершілік жағдайында келтірілген зиянды өтеудің тәртібі және оны анықтау.
- •Тақырып №10. Еңбекті қорғау.
- •1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары.
- •2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару.
- •Тақырып №11. Еңбек дауларының ұғымы және топтастырылуы.
- •1. Еңбек дауларының ұғымы.
- •2. Еңбек дауларының түрлері мен жағдайлары.
- •Тақырып №12. Халықаралық еңбек құқығы.
- •1. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің пәні, әдісі және қағидалары.
- •2. Халықаралық нормалар мен ұлттық еңбек құқығы арасындағы коллизиялар.
- •3. Халықаралық еңбек құқығы мен Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.
- •Тақырып №13. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдістері және функциялары.
- •2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
- •Тақырып №14. Зейнетақымен қамсыздандыруды құқықтық реттеу.
- •1. Зейнетақымен қамсыздандырудың ұғымы және зейнетақы түрлері.
- •2. Зейнетақы төлеу мен тағайындау тәртібі.
- •Тақырып №15. Жәрдемақыларды құқықтық реттеу.
- •1. Жәрдемақы ұғымы. Құқықтық реттеудің қайнар көздері.
- •2. Жәрдемақы түрлері.
Тақырып №5. Жұмыс уақытының құқықтық реттелуі.
Дәріс жоспары:
1. Жұмыс уақытының ұғымы, мәні және маңызы.
2. Жұмыс уақытының түрлері және нормалануы.
Негізігі ұғымдар: жұмыс уақыты, ұзақтығы қалыпты, ұзықтығы қысқартылған, толық емес жұмыс уақыты, жұмыс уақытының жиынтық есебі.
1. Жұмыс уақытының ұғымы, мәні және маңызы.
Жұмыс уақыты және оның ұзақтығы жұмысшылар қозғалысы тарихындағы ең негізгі талаптардың бірі болды. Адамзат тарихында еңбек уақыты ұзақ уақыт бойы заң шеңберімен шектелмеді және жұмыс беруші еңбек міндеттерін орындау уақытының ұзақтығын өз қалауы бойынша белгілейтін.
Әдетте, бұл кіріптарлы жағдайларда жүзеге асырылды және жұмыс уақытының ұзақтығы барлық шектерден асып, тәулігіне 14-16 сағатқа дейін жетті.
ХІХ ғасырдың басындағы жұмысшылар қозғалысы негізгі талаптардың бірі ретінде жұмыс уақытын қысқартуды талап етті. Бірқатар мемлекеттерде жұмысшылар көшелерге шығып, жұмыс уақытының ұзақтығына белгілі бір шек қоюды талап етті. Жұмысшылар қозғалысының нәтижесінде ХІХ ғасырдың ортасында әйелдер мен балалар үшін жұмыс уақытын қысқарту туралы заңдар қабылданды. Кейінірек бұл ереже ер адамдарға да таралды.
1897 жылы Ресейде жұмыс уақытын 11,5 сағатқа дейін, ал әйелдер мен балалар үшін – 10 сағатқа дейін қысқарту туралы заң қабылданды. Алайда, бұл заңның ешбір тиімділігі болмады, себебі, мұнда мерзімнен тыс жұмыс істеуге тыйым салынбады.
1917 жылы Кеңестік биліктің Декретімен Ресейде алғаш рет ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақыты енгізілді. Бұл Декреттің күші Қазақстанның аумағына да таралды. Яғни, осы күнді Қазақстанда ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақытының енгізілген күні деп санаған жөн болар.
Жұмыс уақыты - бұл қызметкер заңдарға, ұйымдық және жеке еңбек шарттарына, ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт.
Еңбек кодексі бойынша жұмыс уақыты деп қызметкер жұмыс берушінің актілері мен еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақытты айтады.
Жұмыс уақыты еңбек өлшемі – әр қызметкер орындауға тиісті заңмен орнатылатын жұмыс уақытының өлшемі. Еңбек құқықтық қатынастың элементі ретінде жұмыс уақыты – қызметкердің жұмыс өндіріс орнында ішкі еңбек тәртібімен (кестемен) орнатылған уақыт ішінде болу және жүктелген еңбек міндетін орныдау.
Еңбек жағдайы ретіндегі жұмыс уақыты белгілі-бір дәрежеде қызметкерлердің өмірінің деңгейіне әсер етеді. Оның уақтылы демалыс үшін пайдаланылатын бос уақыттың көлеміне, тұлғаның дамуына, адамдардың мәдени және өзге де қажеттіліктерінің кқнағаттандырылуына әсер етеді.
Басшылық та, қызметкерлер де жұмыс уақыты туралы зандардың нормаларын сақтауға міндетті. Қызметкерлер бүкіл жұмыс уақытын өнімді еңбек үшін пайдалануға, ал басшылық осы үшін барлық қажетті жағдайлар жасауға және қызметкерлердің демалуға және еңбекті қорғауға қатысты құқықтары бұзылмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыруға міндетті.
Еңбек кодексінің 76-бабына сәйкес, жұмыс уақыты – ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы мүмкін деп, белгіленген.
