Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силл.енбек 2015-16.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.88 Mб
Скачать

1. Ұжымдық шарттың ұғымы, мағынасы мен маңызы.

Еңбек Кодексі бойынша ұжымдық шарт – бұл ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт (ЕК 1-бабы).

Ұжымдық шарттардың әзірленуі, бекітілуі және орындалуының жалпы құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері Еңбек кодексі, Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары мен ұсыныстары және басқа да нормативтік актілермен белгіленген.

Ұжымдық шарт – кәсіпорын меншігінің (жұмыс берушінің, кәсіпкер) және еңбек ұжымының, тілектері келісімінің құралы болып қызмет етеді, ол әрекетін заңдар негізінде құрады және бір жағынан еңбек ұжымының, оның мүшелері мен олардың жанұяларының еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу бойынша меншік иесінің міндеттерінен, екінші жағынан, меншік иесінің құқығы мен тілектерін қамтамасыз ету бойынша еңбек ұжымының міндеттерінен тұрады.

Ұжымдық шарт – әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жергілікті нормативті құқықтық акт.

Ұжымдық шарттың ерекшелігі – тараптардың барлық өкілдері қатысатын ұжымдық келіссөздер өткеннен кейін ғана қабылданады.

Ұжымдық келісу процесінде қызметкерлер мен жұмыс берушілер өздерінің ұжымдық келіссөздер жүргізуге құқығы бар өкілдері арқылы сөйлеседі.

Ұжымдық шарттың күші жұмыс берушіге және солардың атынан ұжымдық шарт жасалған ұйым қызметкерлеріне және жазбаша өтініш негізінде оған қосылған қызметкерлерге қолданылады.

Ұжымдық шарттар немесе келісімдер қызметкерлер жағдайын заңнамамен салыстырғанда нашарлатса, жарамсыз деп есептеледі.

Ұжымдық шарттың маңызы – ол құқық нормасының жиынтығы ретінде еңбек жағдайын, еңбекті, әлеуметтік-экономикалық қатынастарды құқықтық нормамен реттеудің басты нысаны. Ұжымдық шарт тараптар арасында келіссөз жүргізудің құралы ретінде қаралады.

Ұжымдық шарттың мақсаты тараптардың – жұмыс берушінің, кәсіпкердің және еңбек ұжымының мүдделерін келістіру құралы қызметін атқару, қолданылып жүрген заңдар негізінде жасалып бір жағынан еңбек ұжымының, оның мүшелері мен олардың отбасыларының еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жөніндегі меншік иесінің міндеттемесін, екінші жағынан меншік иесінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі еңбек ұжымының міндеттемесін қамту болып табылады.

Ұжымдык шарт келесі қағидаларға негізделе отырып бекітіледі:

-тараптардың құқықтары мен міндеттерін ажырата білу, өзара сенім және құрмет, әлеуметтік әріптестік;

-еңбек ұжымы мүшелерінің шарттың ережелерін жасауға қатысуы;

-тараптардың ұжымдық шартты жасаудағы тең құқылығы;

-шынайы мүмкіндіктерді ескеру, заңды құқықтар мен мүдделерді сақтау;

-тараптардың міндеттемелерді орындауға, заңды құқықтар мен мүдделерді сақтауға қатысты жауапкершілігі және бақылауы;

-тараптардың шартқа енгізілген міндеттемелерді орындауға қатысты жауапкершілігі және бақылауы.

2. Ұжымдық шарттың тараптары және мазмұны.

Ұжымдық шартқа қатысты қызметкерлер атынан келіссөздер жүргізу құқығы кәсіптік одақтар органына, басқа қоғамдық бірлестіктерге, өздігінен әрекет ететін қоғамдық органдарға қызметкерлердің жалпы жиналысында пайда болған ұйымдар, филиалдың немесе өкілдіктер мен өкілеттілерге беріледі.

Қызметкерлер атынан келіссөздер жүргізу құқығы ұйымның жетекшісіне немесе басқа нормативті-құқықтық актілермен, жарғымен сәйкес басқа өкілетті тұлғаға беріледі.

Ұжымдық шарттың жобасын әзірлеуді еңбек ұжымы өз мүшелерінің, осы ұжымда құрылған кәсіподақ ұйымының қатысуымен жүзеге асырады.

Ұжымдық шарт тараптарының кез келген екінші тарапқа келіссөздерді бастау туралы жазбаша хабарлама енгізуге құқылы. Тараптардың келіссөздер жүргізуден, шарт қағидаларын әзірлеуден және қол қоюдан бас тартуына жол бермейді. Тараптар келіссөздер жүргізу үшін комиссия құрады. Комиссияға еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді таңдауда және талдауда толық еркіндік беріледі. Келіссөздерге қатысушылардың мемлекеттік немесе комерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді әзірлеуіне құқығы жоқ. Бір немесе бірнеше жұмыс беруші (олардың өкілдері) және бір немесе бірнеше қызметкерлердің өкілдері ұжымдық шарттар жасасу мақсатымен келісімдер жүргізеді. Ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы ұсыныспен екінші тараптан хабарлама алған тарап 10 күн мерзім ішінде оны қарауға және келіссөздерге кірісуге міндетті. Ұйымда бірнеше кәсіптік одақтар болған кезде олар келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттың жобасын дайындау және оған қол қою үшін бірыңғай өкілді орган құра алады.

Бұл ретте олардың әр қайсысына бірыңғай орган құрамында келіссөздер жүргізу жөнінде өздері атынан өкілдік ететін кәсіптік одаққа мүше қызметкерлер санынан тепе-тең өкілдік қағидасына негізделіп, өкілдік етуге құқық беріледі. Кәсіподақтың мүшесі болып табылмайтын қызметкерлер жұмыс берушімен өзара қарым-қатынаста өз мүделерін білдіру үшін кәсіподақ ұйымының органына да, сол сияқты өзге де өкілдерге уәкілдік беруге құқылы. Ұжымдық шартта білім беру ұйымдарын бітірушілерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда оларды жұмысқа қабылдау туралы талап болуы мүмкін. Келіссөздерге қатысушылар алынған мәліметтерді, егер бұл мәліметтер мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылса, жария етуге құқылы емес. Ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысушылар келіссөздер жүргізілген уақытта орташа айлық жалақысы сақтала отырып еңбек міндеттерін орындаудан босатылады. Осы мерзім олардың еңбек стажына енгізіледі.

Ұжымдық шарттың мазмұнын келіссөздер жөніндегі екі жақты комиссиясында тараптар белгілейді. Ұжымдық шарттың мазмұны:

-ұжымдық шартпен еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеу жүйесі;

-тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуіне байланысты жұмыскерлер табысын өтеу мөлшері;

-жұмыскерлер жұмысынан айырылған жағдайда оларды сақтандыру тәртібі мен шарттары;

-өндіріс уақытша тоқтаған жағдайда оларды қорғау шаралары;

-жұмыссыздық жөніндегі жәрдем ақы төлеу мерзімін ұлғайту мүмкіндігі мен мөлшері;

-зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы және жартыкеш отбасыларына қосымша жеңілдіктер берумен көмек көрсету;

-еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарту;

-ерікті және міндетті медициналық әрі әлеуметтік сақтандыру;

-жұмыскерлерді жұмыспен қамту және қайта оқыту;

-өндірісті дамыту мәселері;

-еңбек және өндіріс тәртібін сақтауда еңбек ұжымы мүшелерінің жауапкершілігі;

-басқа да еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі ережелер анықталады.

Ұжымдық шарт оның қолдану кезеңі, орындалуын бақылау тәртібі, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ережелерді қамтиды. Ұжымдық шарттардың ережелері қызметкерлердің құқығын шеттемеуі, еңбек жағдайларын нашарлатпауы және заңдарда белгіленген кепілдіктерді бұзбауы тиіс.