- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Семинарлық сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Тақырып №1. Еңбек құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •2. Еңбек құқығының жүйесі және оның қайнар көздері.
- •3. Еңбек құқығының қағидалары.
- •Тақырып №2. Еңбек құқығының субъектілері.
- •1. Еңбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері.
- •2. Еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттері.
- •Тақырып №3. Еңбек шарты.
- •1. Еңбек шартының ұғымы және мәні.
- •2. Еңбек шартының тараптары, мазмұны және жасалу тәртібі.
- •3. Еңбек шартын тоқтату мен бұзу негіздері.
- •Тақырып №4. Ұжымдық шарт және ұжымдық келісімдер.
- •1. Ұжымдық шарттың ұғымы, мағынасы мен маңызы.
- •2. Ұжымдық шарттың тараптары және мазмұны.
- •Тақырып №5. Жұмыс уақытының құқықтық реттелуі.
- •1. Жұмыс уақытының ұғымы, мәні және маңызы.
- •2. Жұмыс уақытының түрлері және нормалануы.
- •Тақырып №6. Демалыс уақытын құқықтық реттеу.
- •1. Демалыс уақытының ұғымы және белгілері.
- •2. Демалыс уақытының түрлеріне жалпы сипаттама.
- •Тақырып №7. Жалақыны құқықтық реттеу. Кепілдіктер мен өтемақы төлемдері.
- •1. Жалақының ұғымы және оның реттеу әдістері.
- •2. Жалақылар жүйесі.
- •3. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері.
- •Тақырып №8. Еңбек тәртібі.
- •2. Ішкі тәртіп. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі.
- •Тақырып №9. Материалдық жауапкершілік.
- •1. Материалдық жауапкершіліктің түсінігі.
- •2. Материалдық жауапкершілік жағдайында келтірілген зиянды өтеудің тәртібі және оны анықтау.
- •Тақырып №10. Еңбекті қорғау.
- •1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары.
- •2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару.
- •Тақырып №11. Еңбек дауларының ұғымы және топтастырылуы.
- •1. Еңбек дауларының ұғымы.
- •2. Еңбек дауларының түрлері мен жағдайлары.
- •Тақырып №12. Халықаралық еңбек құқығы.
- •1. Еңбекті халықаралық-құқықтық реттеудің пәні, әдісі және қағидалары.
- •2. Халықаралық нормалар мен ұлттық еңбек құқығы арасындағы коллизиялар.
- •3. Халықаралық еңбек құқығы мен Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.
- •Тақырып №13. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көздері, қағидалары.
- •1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы, пәні, әдістері және функциялары.
- •2. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі.
- •Тақырып №14. Зейнетақымен қамсыздандыруды құқықтық реттеу.
- •1. Зейнетақымен қамсыздандырудың ұғымы және зейнетақы түрлері.
- •2. Зейнетақы төлеу мен тағайындау тәртібі.
- •Тақырып №15. Жәрдемақыларды құқықтық реттеу.
- •1. Жәрдемақы ұғымы. Құқықтық реттеудің қайнар көздері.
- •2. Жәрдемақы түрлері.
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК. 09-2015 3 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ |
||
Оқу-әдістемелік кешені |
Ф.4.09-26 |
|
28.05.2015 ж. |
Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік
және студенттік сұрақтар бойынша
проректор
_____________ М.Ж. Мальтекбасов
«___»_______________ 2015 ж.
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандық: 5В030100 «Құқықтану»
Оқу формасы: күндізгі
Талдықорған 2015 ж.
Оқу-әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В030100 «Құқықтану» мамандығына құқық магистрі, аға оқытушы А.А. Альшуразова құрастырған.
____________________________
(оқытушының қолы)
Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды.
« » 2015 ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі з.ғ.к., доцент Г.К. Копбасарова
«_____»__________ ___2015 жыл. №______ хаттама
Заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы ____________ А.Б. Жуниспаева
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК. 09-2015 3 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ |
||
Оқу-жұмыс бағдарламасы |
Ф.4.09-27 |
|
28.05.2015 ж. |
Заң факультеті Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік
және студенттік сұрақтар бойынша
проректор
_____________ М.Ж. Мальтекбасов
«___»_______________ 2015 ж.
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы пәнінің
ОҚУ – ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Мамандықтар: 5В030100 «Құқықтану»
Оқу формасы: күндізгі, қашықтықтан оқыту технологиясы
Талдықорған 2015 ж.
Оқу-жұмыс бағдарламасы 5В030100 «Құқықтану» мамандығына құқық магистрі, аға оқытушы А.А. Альшуразова құрастырған.
____________________________
(оқытушының қолы)
Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды.
« » 2015 ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі з.ғ.к., доцент Г.К. Копбасарова
«_____»__________ ___2015 жыл. №______ хаттама
Заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы ____________ А.Б. Жүніспаева
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ |
||
Силлабус |
Ф.4.09-28 |
|
28.05.2015 ж. |
Заң факультеті
Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы
СИЛЛАБУС
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы
Мамандық: 5В030100 - «Құқықтану»
Оқыту түрі: күндізгі
курс: 2
семестр: 4
кредит саны: 3
барлық сағат саны: 135
барлық дәрісханалық сағат: 90
дәріс: 30
практикалық сабақтар: 15
СӨЖ (оның ішінде ОСӨЖ): 90
Аралық бақылау 2
Емтихан: 4-семестр
Талдықорған 2015 ж.
Оқытушы жөнінде мәлімет: Альшуразова Айжан Аубакировна – Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі
байланыс телефоны: 8 701 629 62 77, эл.почта: alshurazova-0807@mail.ru
/ aa.alshurazova@gmail.com
сабақ сағаттары: сабақ кестесі бойынша, консультация уақыты – жұма күндері, сағат 10:00-де мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасында 219 каб.
Пән пререквезиттері: Бұл пәнді оқу үшін студенттер мына төмендегі пәндерді меңгерулері тиіс: «ҚР-ның конституциялық құқығы», «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР-ның азаматтық құқығы».
Пән постреквизиттері: Бұл пәнді оқып, үйрену келесі пәндерді оқуы үшін қажет: «Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы», «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет».
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Бұл пән «Мемлекеттік қызмет және басқару мен еңбек қатынастары» модулінің элективті міндетті компонент болып табылады. Еңбек құқығы жоғары құқықтық оқу орындарының негізін құрайтын оқу пәндерінің бірі болып табылады.
Бұл оқу пәнінің негізі жалдамалы еңбектен туындайтын қоғамдық қатынастарды, еңбек құқығы ғылымына тән ғылыми көзқарастарды және тұжырымдамаларды реттейді.
Нарықтың дамуы еңбек ресурстарын пайдалану және еңбек заңдылығын тәжірибеде қолдануға байланысты бірнеше мәселелерді алға қояды.
Еңбек – адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі.
Еңбек заңдылығында негізгі жетістік ретінде 2007 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің қабылдануын айтуға болады. Еңбек туралы көптеген нормативтік актілер әр түрлі меншік және шаруашылық нысанына қарамастан еңбекті қоғамдық ұйымдастыруға, жалдамалы жұмыс күшінің шарт жасау нысанына, әлеуметтік серіктестікке, ұжымдық еңбек дауларының пайда болуына байланысты мәселелерді реттеуге негізделуі тиіс. Пәннің бағдарламалық мазмұны 4 модульге бөлінген.
Оқытудың мақсаты: Еңбек құқығын таяудағы және алыс шет мемлекеттердің еңбек заңдарының ерекшелігін ескере отырып қоғамдық еңбек қатынастарын реттейтін құқықтың бір саласы ретінде оқу.
Қазақстан Республикасында еңбек қатынастарын құқықтық реттеуді теориялық жағынан оқытып, практикада қолдану.
Еңбек құқығы жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімнің бірінші тарауында еңбек құқығы аумағындағы пән, әдістеме, жүйе, дерек, қағида, субьект және құқықтық қатынастар ұғымдары жөніндегі базистік дәстүрлі теория тақырыптары қамтылған.
Бағдарламаның ерекше бөлімі еңбек қатынастарының және онымен тығыз байланысты құқықтық қатынастардың құрамдас элементтерін сипаттайтын тақырыптарды қамтиды. Бұлар: «Жеке еңбек шарты», «Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты», «Халықты жұмыспен қамтамасыз ету», «Жалақы. Кепілдіктер және өтемақылар», «Еңбек тәртібі», «Жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі», «Еңбек даулары».
Оқытудың міндеті: ҚР-ның және шетел мемлекеттерінің еңбек заң нормаларын қолдануда тәжірибелік дағдылануына ықпалын жасау.
«ҚР-ның еңбек құқығы» курсын зерделеу барысында студент Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарының жүйесі, оның қағидалары, міндеттері мен құрылымы жөнінде хабардар болуы; Қазақстандағы құқықтық қатынастардың тарихи және диалектикалық үрдісін, сондай-ақ оларды болашақта жетілдіру жағдайларын білуі.
«ҚР-ның еңбек құқығы» курсын логикалық түрде құрастыруға негіз болған, біріншіден, жоғары білімді және білікті мамандар даярлау ол бүгінгі күннің талабы; екіншіден, студенттердің құқықтық ой-өрістерін дамыту арқылы еңбек құқығы арнайы білімін тәжірибиеде қолдана білу қажеттіліктерінен туындап отыр.
Азаматтар өздерінің конституциялық еңбек бостандығы құқықтарын жүзеге асыру әртүрлі нысандар арқылы болуы мүмкін. Бірақ әлемдегі халықтың көпшілігі еңбекке жалдану арқылы кіретін топтар қатарына жатады. Еңбекке жалдану аясындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге 19-ғасырда орын алған өнеркәсіп революциясы кезеніңде әрекет жасалған. Сол кездегі қоғам мен мемлекет еңбекке жалдану арқылы кірген тұлғаларға жұмыс күштерінің өсіп өнуіне жағдай жасау арқылы ұлттық тіршілікті сақтап қалудың қажеттіліктерін түсіне білген. Сонымен қатар, жоғарыда аталған кезеңдерде жұмыс уақытының ұзақтығын, демалыс уақытын, жалақының көлемін, еңбекті қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін бірінші нормативтік құқықтық актілер жарыққа шыға бастады. Еңбек құқығы бас кезінен әлеуметтік қорғау құқығы бола келіп жаңа саласы ретінде осылай өзінің негізін қалаған.
Студенттердің меңгеретін білімі мен іскерлігі:
Судья, нотариус, адвокат, прокурор ретінде жұмысты орындау үшін, практикалық дағдыларға ие болу, еңбек шартын, ұжымдық шартты сауатты түрде құрастыра білуі керек.
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы курсы біліктілігі жоғары мамандар даярлауға қойылатын қазіргі талаптармен, студенттердің болашақ жұмысында еңбек құқығы жайындағы арнайы білімін пайдалана білетіндей құқықтық пайымын дамыту қажеттігімен айқындалады.
Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған:
а) түйіндік құзыреттілік (ТК)
- кәсіби қызметінде заман талабына сай білімді болу;
- алған білімі негізінде құқықтың әр саласынан хабары болып, білімін көрсете білуі;
- үнемі ізденісте болу;
б) пәндік құзыреттілік (ПҚ)
- сөйлеу шеберлігі, дауыс мәнері, өзіне қарата білу қабілеті мен мәдениетті болуы, қызметінде ортамен тіл табысуға бейім болуы;
- инновациялық технологияларды қолдану шеберлігінің болуы;
- өзінің жан-жақтылығын арттыруға ұмтылысының болуы.
в) арнайы құзыреттілік (АҚ)
- теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі;
- біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі;
- нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс;
- кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Бағаланатын бағдар (позиция) |
1-8 аптадағы бағалау мөлшері |
9-15 аптадағы бағалау мөлшері |
Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері |
Электронды журналға балл қоюдың кезеңі |
Арнайы дағды |
|
|
100 балл |
8,15 |
Ағымдық бақылау |
7 |
7 |
Әрбір бағалауға 100 баллдан |
Апта сайын (бірінші аптадан басқа) |
СӨЖ |
2 |
2 |
Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан |
4,7,11, 14 апталарда |
Аралық бақылау |
1 |
1 |
Әр аралық бақылауға 100 баллдан |
8 және 15 аптада |
Кіру рұқсатының рейтенгісі |
1 |
R1 |
100 |
8 апта |
Кіру рұқсатының рейтенгісінің |
|
R2 |
100 |
15 апта |
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі |
R= (R1 + R2)/2 |
100 |
15 апта |
|
Емтихан |
Е |
100 |
16-19 апта |
|
Қорытынды баға |
І = R*0.6+E*0.4 |
100 |
|
|
Силлабуста әрбір бақылау түріне қойылатын баллдың критерийі көрсетілуі тиіс. Осы мақсатта оқытушы пәннің (спецификасын) өзіне тән ерекшелігін, студенттің мүмкіндігіне сәйкес қойылатын талаптарды ескереді, сонымен бірге оқытушы жалпы белгіленген талаптарды да ескеруі тиіс.
«Ағымдық бақылау» параметрінде сабаққа қатысу, практикалық, лабораториялық және үй тапсырмаларының орындалуын бақылау ескеріледі. Студенттің дәріс сабағындағы белсенділігін де ескеру керек. Балл қойылады: қатысқаны үшін, сабақ барсыныда лектордың тарапынан қойылған проблемалық сұрақтарды талқылауға ат салысқаны үшін, лекторға сұрақ қойғаны үшін, сыни тұрғыдан ойлауына; практикалық (семинар) және ОСӨЖ сабақтарындағы студенттің барлық қатысу мүмкіндіктері бағаланады. Балл қойылады: мәселенің шешімін тапқаны үшін, үй және тест тапсырмаларын орындағаны үшін, оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бергені үшін, тақтада практикалық жұмыс жүргізгені үшін, бүкіл сабақтың барысында студенттің белсеңді ат салысқаны үшін, ОСӨЖ тапсырмаларын дайындауда және қорғауға өзіндік шығармашылқ ізденістерін танытқаны үшін және т.б. Әр оқытушы өз пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін, тапсырмаларын пәннің өзіне тән ерекшелігін және бағдармадағы мазмұнын ескере отырып дербес анықтайды, әр аралық бақылаудағы білімді бағалаудың рейтингтік жинақталған жүйесін жасайды.
СӨЖ-ге қойылатын жоғары 100 балл тапсырманың түріне және мазмұнына (ауыр, жеңілдігіне) байланысты бөлінеді, оның негізіне белгіленген талаптар, тапсыру мерзімінің сақталуы тапсырмалар мөлшері, орындалу сапасы жатады.
Әр пәннің мақсаты мен міндеті ескеріле отырып, білім алушының дайындық дәрежесі және өзіндік жұмысқа бөлінген сағат санын есепке алып СӨЖ формасы (нысаны) мен түрі таңдап алынады. Әрбір СӨЖ талапқа сәйкес бірнеше тапсырмалардан тұрады. Силлабуста әрбір тапсырманың мазмұны мен маңыздылығы және соған сәйкес сол тапсырманы орындағандағы балы көрсетілуі тиіс.
Бағдарламада көрсетілген студенттің қосымша іс-әрекетіне (ғылыми баяндамалары, мақалалары, олимпияда, конкурс, жарыстарға қатысуы халықаралық грант, жобаларға қатысуы және т.б) үстеме балл бонустар қарастырылып, семестрдегі жинаған балына қосылады. Жіберіп алған сабақтарын және маңызды бақылау жыл сонында жүргізіледі. Негізсіз себептермен жіберілген сабақтар және оларды мерзімінен кеш өтеуге балл қойылмайды. Себепсіз сабақ жіберіп алған жағдайда, еңбек тәртібін бұзған кезде, сабаққа кешігіп келгенде, СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын, аралық бақылау және үй жұмыстарын орындамау немесе өз уақытында тапсырмаған жағдайда балл кемітіледі.
Аралық бақылау нысанын (форма) оқытушының өзі анықтайды, оның коллоквиум, жобаны қорғау, тұсаукесер (презентация), эссе жазба бақылау жұмысы т.б. болуы мүмкін. Силлабуста әрбір аралық бақылаудың нышаны және бағалау критерийлері көрсетілуі тиіс. Осы негізінде, оқытушы семестр бойына студенттің үлгерімін және сабаққа қатысуын қадағалайды.
Сабақ үлгерімінің және қатысудың жиынтық рейтингтік бағасын оқытушы әр аптаның соныңда университеттің жергілікті жүйесі арқылы қояды.
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріппен белгіленген баға |
Бағаның цифрлік эквиваленті |
Пайыздық мөлшері |
Дәстүрлі түрде бағалау |
A |
4.0 |
95-100 |
Өте жақсы |
A- |
3.67 |
90-94 |
|
B+ |
3.33 |
85-89 |
Жақсы |
B |
3.0 |
80-84 |
|
B- |
2.67 |
75-79 |
|
C+ |
2.33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
C |
2.0 |
65-69 |
|
C- |
1.67 |
60-64 |
|
D+ |
1.33 |
55-59 |
|
D |
1 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
Кредиттік технология жүйесінің өзіне тән ерекшелігі жинақтаушы жүйе қолданылады, яғни білім алушының оқудағы жетістік деңгейі, әр пәннің қорытынды бағасымен анықталады, ол рейтингтен (қорытынды бағаның 60%) және емтихан бағасынан (40%) құралады. Рейтинг студенттің әр пәннен академиялық кезеңде жинаған балынан құралады. Соған сәйкес білім алушының оқу жетістігі үшін (күнделікті сабақтағы жауап беруі, үй тапсырмасын тапсыруды, СӨЖ; аралық бақылау және т.б) 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және соңғы рейтинг барлық бақылау кезеңінде алған бағанын орташа арифметикалық сумасымен шығарылады.
Баға қоюдын критерийлері
Бақылау түрі |
Максимальдық баға |
Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі |
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы практикалық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) ОСӨЖ тапсырмаларының орындалуы |
100 15 15 20 20
30 |
Әр сабақта |
СӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3
|
100 30 40 30 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3
|
100 30 30 40 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3
|
100 20 35 45 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 |
100 30 35 35 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
Аралық бақылау 1: коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 |
100 10 50 40 |
3-апта 6-апта 8-апта |
Аралық бақылау 2: коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 |
100 100 100 100 |
15-апта |
СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖге арналған кестеде көрсетілген
