- •02 Басылым / издание 02
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Мақсаттары мен міндеттері
- •3. Дипломдық жұмысты орындауды ұйымдастыру
- •4. Дипломдық жұмыстың құрылымы
- •4.5. Қорытынды
- •4.7. Қосымшалар.
- •5. Дипломдық жұмысты көркемдеуге қатысты талаптар
- •Орталық азия аумағындағы интеграциялық үрдістер
- •1.1. Интеграция ұғымы және мәні
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •6. Дипломдық жұмысты қорғау
- •2. Цели и задачи
- •3. Организация выполнения дипломной работы
- •4. Структура дипломной работы
- •4.4. Основная часть
- •4.5. Заключение
- •4.7. Приложения
- •5. Требования, предъявляемые к оформлению дипломной работы
- •1. Интеграционные процессы на территории ценральной азии
- •1.1. Понятие и сущность интеграции
- •Список использованных источников
- •5.8. Оформление приложений
- •Номер приложения приводится без знака «№», пример: Приложение 1.
- •6. Защита дипломной работы
- •6.2. Порядок защиты дипломной работы
- •Ноу «Алматы Менеджмент Университет»
3. Дипломдық жұмысты орындауды ұйымдастыру
3.1. Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау
Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау кафедрада, факультетте бекіткен дипломдық жұмыстың тақырыбы тізіміне сәйкес келуі керек. Студент өзінің теориялық дайындық, ғылыми-зерттеу және кәсіби мүдделерін ескере отырып және өндірістік (диплом алдындағы) практиканың өтуін орналастыру және ғылыми жетекшінің тақырыпқа келісу ұсынылған тізіміне сәйкес таңдалады.
Сонымен бірге студент ғылыми жетекші мен кафедра меңгерушісінің келісімімен тақырып бекіткенге дейін дипломдық тақырып бойынша өз ұсынысын білдіруге құқығы бар.
Ғылыми жетекші мен дипломдық жұмыс тақырыбы студентке бітіру оқу жылының басында кафедра отырысы шешімімен және академиялық сұрақтар бойынша Проректордың бұйрығы бойынша бекітіледі.
Егер қажет болған жағдайда әдістемелік көмек ретінде студентке дипломдық жұмыстың кейбір бөлімшелеріне кеңесші етіп кафедра профессорлары мен доценттерін немесе басқа аралас кафедараның жоғарысанатты мамандары мен бизнес құрылым жетекшілерін тағайындай алады.
Бир кәсіпорынның материалдарын ұқсас тақырып бойынша дипломдық жұмысты орындауға жол берiлмейдi.
Жұмыс сапасы, қамтылған ұсыныстар мен ұсынымдар қолданылу есебі, сондай-ақ жұмыс уақытылы іске асыруға студент жауапты – дипломдық жұмыс авторы.
3.2. Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісінің міндеттері
Дипломдық жұмысты жазу үшін әрбір бітірушіге студентке ғылыми жетекшісі тағайындалады.
Дипломдық жұмыстың жетекшісі:
дипломдық жұмысты орындауға тапсырма беру;
болашақта түзетілуі мүмкін дипломдық жұмыс жоспарын құруға жәрдемдесу;
дипломдық жұмыстың барлық бөлімдер аясын анықтау;
студентке зерттеу тақырыбы бойынша негізгі әдебиет, анықтамалық және мұрағаттық материалдар мен басқа да ресурстарды ұсыну;
кеңес беру, дипломдық жұмысты орындаудың календарлық кесте бойынша орындалып жатқанын бақылау;
дипломдық жұмысты аяқтап болған соң Мемлекеттiк Емтихандық Комиссияның алдында қорғауға қабылдау туралы ұсынымымен жазбаша пікірімен (шолу) қамтамасыз ету.
3.3. Студенттің дипломдық жұмыс орындау міндеттері
Дипломдық жұмыстың негізгі мәтін шығармашылық идеясын, зерттеулер негіздемесі, есептеулер, ғылыми-зерттеу, талдау және оларға қорытындылар сипаттамасы, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, иллюстрациялар, графиктер, схемалар, диаграммалар сүйемелдеуімен қабылдаған есептеу әдістерін анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмыс авторы:
дипломдық жұмыс орындау үшін тапсырма алу (Ф-ҚТ/ДП-03.3.2-15-2015-29);
зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді зерттеу;
пайдаланылатын таңдалған көздерін ғылыми қорыту және зерттеудің теориялық тұжырымдамасын беруге;
дипломдық жұмыс жүзеге асыруға қажетті нақты материалды таңдауды қамтамасыз ету;
зерттеу (ұсыныстар мен ұсынымдар) құрылымдық бөлігін дамыту;
белгіленген талаптарға сәйкес дипломдық жұмысты көркемдеу;
дипломдық жұмыс бойынша жетекшінің пікірін алу (Ф-ҚТ/ДП-03.3.2-15-2015-30);
дипломдық жұмыс бойынша сыртқы сын пікірін алу (Ф-ҚТ/ДП-03.3.2-15-2015-31);
жетекшінің және сын пікірлер қосып дайын дипломдық жұмысты кафедра қарауына ұсыну;
баяндама мен презентацияны ұсыну.
