- •Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Фармакогнозия және химия кафедрасы
- •Кафедра меңгерушісі, х.Ғ.Д., проф. ____________________ Патсаев ә.Қ.
- •3. Жоспары:
- •4. Дәріс тезистері
- •6. Әдебиет:
- •7. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
- •3. Жоспары:
- •4. Дәріс тезистері
- •6. Әдебиет:
- •7. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
- •3. Жоспары:
- •4. Дәріс тезистері
- •6. Әдебиет:
- •7. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
- •3. Жоспары:
- •4. Дәріс тезистері
- •6. Әдебиет:
- •7. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
- •3. Жоспары:
- •4. Дәріс тезистері
- •6. Әдебиет:
- •7. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
- •3. Жоспары:
- •4. Дәріс тезистері
- •6. Әдебиет:
- •7. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
- •3. Жоспары:
- •4. Дәріс тезистері
- •6. Әдебиет:
- •7. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
- •3. Жоспары:
- •4. Дәріс тезистері
- •6. Әдебиет:
- •7. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
- •3. Жоспары:
- •4. Дәріс тезистері
- •6. Әдебиет:
- •7. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
- •3. Жоспары:
- •4. Дәріс тезистері
- •6. Әдебиет:
- •7. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
- •3. Жоспары:
- •4. Дәріс тезистері
- •6. Әдебиет:
- •7. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
- •3. Жоспары:
- •4. Дәріс тезистері
- •6. Әдебиет:
- •7. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
6. Әдебиет:
негізгі:
1. Муравьева Д.А., Самылина И.А., Яковлев Г.П. Фармакогнозия. Учебник. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: ОАО Издательство «Медицина», 2007. – 656 с.: ил.
2. Государственная фармакопея Республики Казахстан. Т.1. – Алматы: Издательский дом «Жибек жолы», 2008. – 592 с.
3. Государственная Фармакопея СССР: Вып. 1. Общие методы анализа/ МЗ СССР. – 11-е изд., доп. – М.: Медицина, 1987. – 336 с.
4. Государственная Фармакопея СССР: Вып. 2. Общие методы анализа. Лекарственное растительное сырье/ МЗ СССР. – 11-е изд., доп. – М.: Медицина, 1990. – 400 с.
Қосымша:
1. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Учебное пособие / Под ред. И.А. Самылиной, А.А. Сорокиной. – М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007. – 672 с.
2. Самылина И.А., Аносова О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас в 2 т. – М., 2007. – Т.1. – 192 с.; Т.2. – 384 с.
3. Самылина И.А., Ермакова В.А., Бобкова Н.В., Потанина О.Г. Фармакогнозия: учебное пособие: Атлас. – Т.3. – М., 2009. – 488 с.
4. Практикум по фармакогнозии: Учеб. пособие для студ. Вузов / В.Н. Ковалев, Н.В. Попова, В.С. Кисличенко и др.: Под общ. ред. В.Н. Ковалева. – Харьков: Изд-во НФаУ: Золотые страницы: МТК – книга, 2004. – 512 с.: 615 ил.: 24 с. вкл.
5. Руководство к практическим занятиям по фармакогнозии: Анализ фасованной продукции: учеб. пособие / под ред. И.А. Самылиной. – М. ООО “Медицинское информационное агентство”, 2008. – 288 с.: ил.
7. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
Дәрілік өсімдік шикізатының өзі екендігі және сапалылығы дегеніміз не?
Жер асты қандай мүшелер дәрілік өсімдік шикізаты ретінде пайдаланылады?
Шикізаты тамыр болып табылатын дәрілік өсімдіктердің мысалдарын келтіріңіз.
Шикізаты тамырсабақтар болып табылатын дәрілік өсімдіктердің мысалдарын келтіріңіз.
Шикізаты тамырсабақтар мен тамырлар болып табылатын дәрілік өсімдіктердің мысалдарын келтіріңіз.
Жерасты қандай мүшелер крахмал көзі болып табылады?
Жерасты қандай мүшелер инсулин көзі болып табылады?
№2 Кредит
№1 Дәріс
1. Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамы.
2. Мақсаты: дәрілік өсімдіктердің негізгі химиялық заттар тобымен танысу.
3. Жоспары:
1. Өсімдік организмінің биологиялық процестері туралы негізгі ұғымдар.
2. Біріншілік және екіншілік зат алмасу өнімдері.
3. Дәрілік өсімдіктердің онтогенез процесінде химиялық құрамының өзгергіштігі.
4. Дәрілік заттардың химиялық құрамына әсер ететін сыртқы орта факторлары.
4. Дәріс тезистері
Адам және жануарлар организміне нақты фармакотерапиялық әсер ететін өсімдіктер мен препараттарды дәрілік түрге жатқызады. Емдік әсерлі өсімдіктер құрамында әртүрлі химиялық қосылыстардың болу салдарынан көрінеді. Әдетте, әрбір дәрілік өсімдік құрамында химиялық жаратылысы әртүрлі заттардың тұтас кешені бар, олар белгілі жүйелерге, мүшелерге, ұлпалар мен жасушаларға бағыты мен күшіне сай түрлі физиологиялық әрекеттеседі, бұл организмнің жалпы тіршілік әрекетіне әсер етеді.
Табиғатта өсімдіктер бейорганикалық заттардың ішінде жалғыз органикалық заттарды құрушы болып табылады, оларсыз адам мен жануарлардың тіршілігі болмас еді, өсімдіктер зат алмасудың керемет әртүрлілігіне ие және көмір қышқылды газынан, судан және бейорганикалық қосылыстардан, сонымен қатар әртүрлі қосылыстардан өте көп санын синтездеуге қабілетті.
Өсімдіктер организмінде 21 элемент табылған, оның 16-сы ( H, C, N, O, P, S, Na, K, Ca , Cl, Mn, Fe, Co, Cu, Zn ) барлық тірі жүйелерде, ал 5-і B, Al, V, Mo, I – тек кейбір түрлерінде кездеседі. С, H, O, N, S, P элементтерінен ұлпалардың келесі компоненттері түзіледі: ақуыздар, көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары және т. с. с. Қарапайым қосылыстардан күрделі қосылыстар синтезделінеді: терпеноидтар, алкалоидтар, фенол қосылыстары және т. б. Осылайша, синтездің біріншілік және екіншілік өнімдерін ажыратады.
Өсімдіктердің фармакологиялық белсенді заттары басым көпшілікте екіншілік синтез заттары (алкалоидтар, сапонинднр, флавоноидтар, жүрек гликозидтері және т. б.) болып табылады, бірақ біріншілік синтез заттары да – көмірсулар, липидтер және витаминдер де белсенді болуы мүмкін.
Өсімдіктердің фармакологиялық белсенді заттары кешенінің ішінде оның емдік құндылығын анықтайтын бір немесе бірнеше негізгі заттарды ажыратады. Бұл негізгі заттарды әсер етуші заттарға жатқызады. Олардың ролі мен мағынасы әртүрлі: олардың бірі организмге өзінің қолайлы әсер етіп, пайдалы болады (витаминдер, минерал заттар, қант, органикалық қышқылдар және т. б.), кейбір ілеспелі заттар негізгі әсер етуші заттардың фармакологиялық әрекетінің тиімділігіне әсер етуі мүмкін. Мысалы, оймақгүл жапырағындағы сапониндер жүрек гликозидтерінің әрекетін жылдамдата отырып, олардың еруіне және сіңіруіне әсер етеді. Тұтқыр заттар, еритін немесе ісінетін полисахаридтер әсер ететін заттардың емдік әсерін ұзартуға мүмкіндік туғызады.
Алайда өсімдіктерде пайдалы ілеспелі заттармен қоса жағымсыз заттар да кездеседі. Мысалы, жаңа жиналған итшомырт қабығында бұл – антранол туындылары, үпілмәлік тұқымында – токсальбумин және т. с. с. Демек, пайдалы және зиянды ілеспелі заттарды ажыратады.
Өсімдіктердің заттар кешенінде негізгі заттардың әрекетіне әсер етпейтін және өздігінен фармакологиялық бейтарап келетін заттар да кездесуі мүмкін. Бұл заттар – балласты.
Өсімдіктерде фармакологиялық белсенді заттардың түзілуі және жиналуы динамикалық процесс болып табылады, ол өсімдік онтогонезінде өзгереді және қоршаған орта факторына тәуелді болады.
Өсімдік онтогенезі (жеке даму) ақуыздар, көмірсулар, липидтер алмасуының ерекше өзгерістерімен ілесіп жүреді, бұл екіншілік биосинтез өнімдерінің (флавоноидтар, сапониндер, алкалоидтар, терпеноидтар) түзілу динамикасына да өзгерістер туғызады.
Өсімдіктердің жүйелі бөлімдеріндегі (түрі, тегі, тұқымдасы, тобы) фармакологиялық белсенді заттардың сапалы құрамының ерекшелігі де онтогенездік белгілерге жатады. Басым көпшілікте алкалоидтар, басқаларында – эфир майлары және т.б. жинақталатын өсімдік топтары бар. Филогенетикалық жағынан жақын түрлерде жақын заттарды түзетін бірдей химиялық заттың түзілуін түсіндіреді. Келесі маңызды ерекшелік бұл фармакологиялық белсенді заттардың өсімдіктердің мүшелері мен ұлпаларына біркелкі таралмауы, басым көпшілікте нақты мүшелерге шоғырлануы болып табылады.
Мысалы, оймақгүлде жүрек гликозидтерінің көбі жапырақтарда, хин ағашында алкалоидтар көбінесе қабығында болады. Сельдерей тұқымдасы өсімдіктерінде эфир майы жемістерінде жинақталады және т. б.
Дарақтары (особи) морфологиялық белгілері бойынша бір-бірінен ерекшеленбейтін, сондай-ақ сапалы заттар құрамы бар өсімдіктер түрлері кездеседі. Бұл хеморастар, олардың белгілері тұқым қуалайды. Қатар өсетін бір түрдің дарақтары ондағы түзілетін фармакологиялық белсенді заттардың санымен де ерекшеленетін қасиетте тұқым қуалайды.
Онтогенездік заңдылықтарға әсер етуші заттардың түзілу динамикасы да бағынады. Әсер етуші заттардың түзілуіне вегетация фазасы, жыл айы, өсімдік жасы, ал бірқатар өсімдіктер үшін күннің әртүрлі сағаттары да әсер етеді. Мысалы, бұрыш жалбызының эфир майында ментол саны оның гүлдену кезінде ұлғаяды.
Қоршаған орта факторлары (өсу жағдайлары) дәрілік өсімдіктерде химиялық өзгергіштің үлкен спектрін де туғызады. Оған дәрілік өсімдіктердің қоректенуін, қоректік ортаның көзі ретінде топырақты және белгілі химиялық құрамы бар, құрамында су, газ және микрофлорасы, механикалық құрылысы бар физикалық ортаны жатқызуға болады.
5. Иллюстрациялы материалдар: кестелер, слаидтар.
