- •«Фармацевт-фармакогност» модулі силлабус
- •Силлабус
- •Оқу сағаттарының көлемі (кредиттер) - 90 сағат/2 кредит
- •Алматы 2015 ж.
- •1.Жалпы мағлұматтар:
- •2. Бағдарлама
- •2.3. Пәннің міндеттері:
- •2.4. Білім берудің қорытынды нәтижелері
- •2.7.1. Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары
- •2.7.2.Оқытушы басқаруымен студентің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары (осөж)
- •2.7.3.Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары (сөж)
- •2.9. Студенттердің дағдылары мен білімін бағалау әдістері; тестілеу, оскэ, ситуациялық есептре және т.Б.
- •Практикалық сабаққа арналған бағаланатын дағдылар
- •«Фармациядағы аромалогия» электив пәні бойынша 5 курс студенттерінің білімін бағалау парағы
- •Ауызша (жазбаша) сұраудың бағалау өлшемі
- •Сөж бағалау өлшемі бағалау-парағы Рефератты бағалау өлшемі
- •Мультимедиялық форматтағы презентацияны бағалау өлшемі
- •Студенттің коммуникативті дағдысын бағалау парағы
- •Студенттердің біліміне бақылау жүргізу технологиясы:
- •Жүргізу технологиясы және экзаменнің бағасы.
- •Қорытынды оқу білімін тексеру тест түрінде жүргізіледі Экзаменде студентке 50 сұрақ беріледі,әрбір сұрақ 2 балды немесе пайызды құрайды.
- •Пән бойынша баға рейтинг – баллдары - әріппен белгіленген
- •2.10 Ұсынылатын әдебиеттер (орыс тілінде)
- •Қосымша:
- •2.11 Қосымша:
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА |
«Фармацевт-фармакогност» модулі силлабус
Бекітемін
ОӘЖ жөніндегі проректор,
профессор Төлебаев К.А.
__________________
«_____» _________ 2015 ж.
Силлабус
Элективті пән – «Ресурстану»
Мамандығы –110300«Фармация»
Оқу сағаттарының көлемі (кредиттер) - 90 сағат/2 кредит
Курсы - 5 (күндізгі бөлім) Семестр – IX-X
Бақылау үлгісі - емтихан (тест, тәжірибелік дағдысын қабылдау)
Алматы 2015 ж.
1.Жалпы мағлұматтар:
ЖОО атауы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина универитеті.
Модуль: «Фармацевт-фармакогност» модулі
Пән, пән коды: Ресурстану
Мамандығы - 110300 -Фармация
Сағат көлемі (кредит) 90 сағат /2 кредит
Курс – 5, оқу семестрі - IX-X
2. Бағдарлама
2.1 Кіріспе: Дәрілік өсімдіктердің ресурсын тану - түрлі мамандардың ғылыми практикалық қызметінің үлкен және маңызды тарауы. Дәрілік өсімдіктердің ресурсын зерттеулер бүкіл әлемде жүзеге асуда, бірақ оның бағыты мен сипаттамасы әр елде әр түрлі. Осы өзгерістер елдің экономикасының өзгешеліктерімен, демографиялық сипаттамаларымен, дәрілік өсімдіктердің ресурсының байлығымен, қолжетімділігімен, аймақтардың аумағы мен оны меңгеруіне байланысты. Барлық ресурс тану қызметінің түрлері негізгі екі аспектілерден тұрады: бір-бірімен жақын байланысты теориялық және практикалық аспектілер.
2.2. Пәннің мақсаты: болашақ мамандардың Қазақстанның аймағындағы өсімдік әлемінің қоры туралы қажетті білім, дағды мен ұстанымдарды медицинаның қажеттіліктері үшін қалыпқа келтіру. Дәрілік өсімдіктің ресурсын зерттеудің жұмысы, шикізат алатын дәрілік өсімдіктер нақты түрлері болып табылады.
2.3. Пәннің міндеттері:
- дәрілік өсімдіктердің аймақтың аумақтарына таралғандығын байқау;
- жабайы дәрілік өсімдік қорларын анықтау; өсімдіктер ресурсының картасын түсіріп жасау; - - дәрілік өсімдіктердің табиғи қорын тиімді игеру және оларды күзету мақсатымен, аймақтық жоспарлау үшін ғылыми - негіздік ұсыныстарды құру;
- дәрілік өсімдік шикізатының аймақтық дайындамасын жасау.
2.4. Білім берудің қорытынды нәтижелері
Когнитивті (қағидалы) білімді қалыптастыру
1.ресурс тану, геоботаника, фитоценология, экология туралы жалпы ұғым;
2.ресурс танудың негізгі мақсаттары;
3.ресурс тануда қолданылатын терминдер;
4.ресурс тануды зерттеу нысандары;
5.ресурс танудың зерттеу түрлері;
6.дәрілік өсімдіктердің егіс құнарлылығын анықтау әдістері;
7.шикізаттың егіс құнарлығын (қордың нығыздықтарын) анықтау;
8.камералық өндеу;
9.ресурс тану ішіндегі табиғатты күзету іс-шаралары.
Операционалдық (практикалық) білімнің құралымы
1.дайындық жұмысын жасау;
2.дәрілік өсімдіктер шикізатының қорын анықтау үшін әртүрлі әдістерді (1-4) қолдану;
3.нақты телім ішінде қорларға сараптама жасау;
4.кілттік телім әдісімен босалқы қордың сарапшылығын жасау;
5.өсімдік шикізатының қорларларына биологиялық және эксплуатациялық анықтау және есептеу;
6.жылдық дайындық мөлшерінің есебін жасау.
Коммуникативтік дағдыны қалыптастыру:
1.далалық зерттеуге бағыттау;
2.ресурс тану ішінде есеп беруді кәсіби түрде құру және ұсыну;
3.табиғатты күзету сұрақтарынаа байланысты және экологиялық әдептерді ел ішінде түсіндіру жұмыстарын атқару.
Құқықтық дағдыны қалыптастыру:
1.ресурс тану сұрақтарына консультациялық көмек көрсету;
2.ресурс тануға байланысты деонтологиялық мақсаттарды шешу;
3.ресурс тану ішіндегі құқықтық, ғылыми, оқу және кәсіби әдебиетпен дұрыс қолдану.
Өзін өзі дамыту
1.кәсіби әдебиетпен жұмыс жасау, реферат, ессе жазу, презентация жасай білу;
2.ресурс танудан тест дайындау.
2.5. Пререквизиттер: ботаника.
2.6.Постреквизиттер: фармакогнозия, фармацевтикалық химия, дәрілер технологиясы, токсикологиялық химия.
