Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УКЦ 4 курс ПХС каз...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
349.7 Кб
Скачать

2. Үйрету әдісі: кіші топтар

3. Ақырғы нәтиже: жақтың сынықтары кезінде жақтардың иммобилизациясын жүргізу дағдысын игеру

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п

Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындал

мады

0-0,1

Жарты. орындал

0,2-0,3

Орын

далды

0,4-0,5

1

Шендеуіштеуге жиынтықты таңдау: лоток, крампонды қысқыштар, дәкелі тампондар, металл бойынша қайшы, алюминий сымдары, лигатура, резиналы күш, қысқаш.

2

Жоғарғы жаққа шендеуішті дайындау: алюминий сымынан крампонды қысқыштар көмегімен 0,8 см кеңістіктері бар диаметрі 0,5 см 8 ілмектер жасайды. Шендеуішті жоғарғы жақтың формасы бойынша майыстырады.

3

Төменгі жаққа шендеуішті дайындау: алюминий сымынан крампонды қысқыштар көмегімен 0,8 см кеңістіктері бар диаметрі 0,5 см 8 ілмектер жасайды. Шендеуішті төменгі жақтың формасы бойынша майыстырады.

4

Төменгі жақтың пальпациясы: пальпацияны екі қолмен жүргізеді, сүйектік шығыңқы жерді немесе ауырсынулы нүктені анықтайды. Қысым түсіру симптомын анықтайды: сынық аймағында төменгі жақтың зақымданған бөлігіне басу кезінде.

5

Жоғарғы жаққа шендеуішті салу: аузы жартылай ашық кезінде шендеуішті сол қолмен ұстай отырып, жоғарғы жаққа салады. Оң қолға лигатуралы сымы бар қысқашты алады, оны әрбір тістің тісаралық кеңістіктері арқылы өткізеді және шендеуішті тістерге бекітеді.

6

Төменгі жаққа шендеуішті салу: аузы жартылай ашық кезінде шендеуішті төменгі жаққа салады, сол қолмен сынық бөліктерін дұрыс орналасуда ұстайды. Оң қолға лигатуралы сымы бар қысқашты алады, оны әрбір тістің тісаралық кеңістіктері арқылы өткізеді және шендеуішті тістерге бекітеді.

7

Репозиция: екі қолмен төменгі жақты ұстай отырып, салынған шендеуіштері бар жақтарды дұрыс тістесу қалпында салыстырады.

8

Иммобилизация: ілмектерге резиналы күшті тарта отырып, дұрыс тістесу қалпында шендеуішті бекітеді.

Іх. Тақырып: Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды жүргізу.

1. Мақсаты: Студенттерге салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды жүргізу дағдысын үйрету.