Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УКЦ 4 курс ПХС каз...doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
349.7 Кб
Скачать

Ііі. Тақырып: Жоғарғы жақсүйекте тістерді жұлу операциясын жүргізу

1. Мақсаты: Студенттерді жоғарғы жақсүйек тістерін жұлу операциясын жүргізу дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар.

3. Ақырғы нәтиже: Жоғарғы жақта тістерді жұлу операциясын жүргізу дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

Қадам критерийлері

орындалмады

0-0,1

Жартылай орындалды

0,2-0,3

орындалды

0,4-0,5

Жоғарғы жақсүйекте күрек тістер мен ит тістерді жұлу операциясын жүргізу.

1

Құралдарды таңдау: лоток, пинцет, гладилка, тік қысқыштар.

2

Дәрігер стоматологтың орналасуы: науқастың оң және алдынан, сол қолының саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекіту (І-сақсақ – таңдай жағынан, ІІ саусақ ерін жағынан)

Науқастың қалпы: Науқас креслода жартылай отырыңқы қалыпта, басын басқойғышқа қойып, аузы жартылай ашық, жоғарғы жақсүйек тістері дәрігердің иық буыны деңгейінде орналасады.

3

Тістің айналмалы байламын ажырату: сол қолмен альвеолярлы өсіндіні бекітеді, оң қолға гладилка алып, тісқызылиек қалтасының астына енгізеді және тістің айналмалы байламын тістің мойны деңгейінде ажыратады.

4

Қысқыштарды ұстау тәсілі: үлкен саусақпен қысқыштың бір сабын қапсыра ұстап, ІІ және ІІІ саусақтарды кысқыш сабтарының ортасына орналастырады, ал ІV және V саусақтармен екінші сабын бекітеді. Қысқыш саптарының ұштары алақанға тіреледі. ІІІ саусақ тікейтіліп және ІV, V саусақтар бүгітіліп қысқыштың қиылысы ашылады. Қысқышты салғаннан кейін ІІІ саусақты сыртқа қарай шығарып, қысқышты сұқ саусақтан басқа саусақтармен қысады.

5

Қысқышты ашылған күйде салу: қысқыштың ұртбасы осі тіс осіне сәйкес келу керек. Қысқыштардың ұртбастарын ажыратылған тістің айналмалы байламының астына біреуін - таңдай жағынан, екінші - ерін жағынан салады.

6

Қысқыштарды жылжыту: қысқыштың ұртбастарын жұлынатын тістің сауыты беткейімен, тіс мойны деңгейінде айналмалы байламының астына қарай жылжыту. Қысқыштың Іқұлпына баса отырып, оң қолмен жылжытады.

7

Қысқышты бекіту – қысқыш сабы орналасқан ІІІ және ІV саусақтарды босатқаннан кейін жүзеге асырады. Ұртбасының жымдасуы - шағындау, ал бекітілген қысқыш пен тіс біртұтас болуы тиіс.

8

Тістерді ырғау (бұрау) - маятник тәрізді қимылдармен вестибулярлы таңдау жаққа қарай қозғау амплитудасын біртіндеп арттыру қажет. Жоғарғы жақсүйегінде алғашқы ырғалтуы ішке қарай жасалады. Жоғарғы жақсүйек күрек тістерінен ит тістерін науқастын басын бұрмай және қозғалыстар жасамай бұрау арқылы ырғалтады.

Тіс ұяшығынан шығару (тракция): тісті ырғалту аяқталғаннан кейін және тістің ұяшықпен байланысы толық жойылғаннан кейін жүзеге асырылады. Тісті төменге және сыртқа қарай шығарады.

Жоғарғы жақсүйек премолярын жұлу операциясын жүргізу

1

Құралдарды таңдау: лоток, пинцет, гладилка, S – тәрізді қысқыш.

2

Дәрігер стоматологтың орналасуы: науқастың оң және алдынан, сол қолының саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекіту (І-сақсақ – таңдай жағынан, ІІ саусақ ерін жағынан)

Науқастың қалпы: Науқас креслода жартылай отырыңқы қалыпта, басын басқойғышқа қойып, аузы жартылай ашық, жоғарғы жақсүйек тістері дәрігердің иық буыны деңгейінде орналасады.

3

Тістің айналмалы байламын ажырату: сол қолмен альвеолярлы өсіндіні бекітеді, оң қолға гладилка алып, тісқызылиек қалтасының астына енгізеді және тістің айналмалы байламын тістің мойны деңгейінде ажыратады.

4

Қысқыштарды ұстау тәсілі: үлкен саусақпен қысқыштың бір сабын қапсыра ұстап, ІІ және ІІІ саусақтарды кысқыш сабтарының ортасына орналастырады, ал ІV және V саусақтармен екінші сабын бекітеді. Қысқыш саптарының ұштары алақанға тіреледі. ІІІ саусақ тікейтіліп және ІV, V саусақтар бүгітіліп қысқыштың қиылысы ашылады. Қысқышты салғаннан кейін ІІІ саусақты сыртқа қарай шығарып, қысқышты сұқ саусақтан басқа саусақтармен қысады.

5

Қысқышты ашылған күйде салу: қысқыштың ұртбасы осі тіс осіне сәйкес келу керек. Қысқыштардың ұртбастарын ажыратылған тістің айналмалы байламының астына біреуін - таңдай жағынан, екінші - ерін жағынан салады.

6

Қысқыштарды жылжыту: қысқыштың ұртбастарын жұлынатын тістің сауыты беткейімен, тіс мойны деңгейінде айналмалы байламының астына қарай жылжыту. Қысқыштың Іқұлпына баса отырып, оң қолмен жылжытады.

7

Қысқышты бекіту – қысқыш сабы орналасқан ІІІ және ІV саусақтарды босатқаннан кейін жүзеге асырады. Ұртбасының жымдасуы - шағындау, ал бекітілген қысқыш пен тіс біртұтас болуы тиіс.

8

Тістерді ырғау (бұрау) - маятник тәрізді қимылдармен таңдай және вестибулярлы жаққа қарай қозғау амплитудасын біртіндеп арттыру қажет. Жоғарғы жақта бірінші қозғалыс ішке қарай орындалады. Жоғарғы І премолярлар люксациялық қимылмен, ІІ премолярлар ротация мен қозғалту арқылы жұлынады.

Тіс ұяшығынан шығару (тракция): тісті ырғалту аяқталғаннан кейін және тістің ұяшықпен байланысы толық жойылғаннан кейін жүзеге асырылады. Тісті төменге және сыртқа қарай шығарады.

Жоғарғы жақта молярларды жұлу операциясын жүргізу

1

Құралдарды таңдау: лоток, пинцет, гладилка, S – тәрізді бүртігі бар қысқыштар (оң және сол жақ). Таңдай түбіріне арналған ұртбасы дөңгелектенген немесе жазық, ал екінші (ұрт түбірлері қиылысына орналасқан) - үшкір бүртіктің болуы.

2

Дәрігер стоматологтың орналасуы: науқастың оң және алдынан, сол қолының саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекіту (І-сақсақ – таңдай жағынан, ІІ саусақ ерін жағынан)

Науқастың қалпы: Науқас креслода жартылай отырыңқы қалыпта, басын басқойғышқа қойып, аузы жартылай ашық, жоғарғы жақсүйек тістері дәрігердің иық буыны деңгейінде орналасады.

3

Тістің айналмалы байламын ажырату: сол қолмен альвеолярлы өсіндіні бекітеді, оң қолға гладилка алып, тісқызылиек қалтасының астына енгізеді және тістің айналмалы байламын тістің мойны деңгейінде ажыратады.

4

Қысқыштарды ұстау тәсілі: үлкен саусақпен қысқыштың бір сабын қапсыра ұстап, ІІ және ІІІ саусақтарды кысқыш сабтарының ортасына орналастырады, ал ІV және V саусақтармен екінші сабын бекітеді. Қысқыш саптарының ұштары алақанға тіреледі. ІІІ саусақ тікейтіліп және ІV, V саусақтар бүгітіліп қысқыштың қиылысы ашылады. Қысқышты салғаннан кейін ІІІ саусақты сыртқа қарай шығарып, қысқышты сұқ саусақтан басқа саусақтармен қысады.

5

Қысқышты ашылған күйде салу: қысқыштың ұртбасы осі тіс осіне сәйкес келу керек. Қысқыштардың ұртбастарын ажыратылған тістің айналмалы байламының астына біреуін - таңдай жағынан, екінші - ерін жағынан салады.

6

Қысқыштарды жылжыту: қысқыштың ұртбастарын жұлынатын тістің сауыты беткейімен, тіс мойны деңгейінде айналмалы байламының астына қарай жылжыту. Қысқыштың Іқұлпына баса отырып, оң қолмен жылжытады.

7

Қысқышты бекіту – қысқыш сабы орналасқан ІІІ және ІV саусақтарды босатқаннан кейін жүзеге асырады. Ұртбасының жымдасуы - шағындау, ал бекітілген қысқыш пен тіс біртұтас болуы тиіс.

8

Тістерді ырғау (бұрау) - маятник тәрізді қимылдармен таңдай және вестибулярлы жаққа қарай қозғау амплитудасын біртіндеп арттыру қажет. Бірінші ырғау қозғалысын ұртқа қарай (ІІ моляр) және таңдайлық (І моляр).