- •І. Тақырып: Стоматологиялық науқасты тексеру
- •Іі. Тақырып: Жергілікті жансыздандыру жүргізу
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар.
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •Ііі. Тақырып: Жоғарғы жақсүйекте тістерді жұлу операциясын жүргізу
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар.
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •Іv. Тақырып: Төменгі жақсүйекте тістерді жұлу операциясын жүргізу.
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар.
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •V. Тақырып: Жақсүйектерде периостотомия операциясын жүргізу.
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •Vі. Тақырып: Іріңді ошақты дренаждау.
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •Vіі. Тақырып: Беттің жараларында алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізу.
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •Vііі. Тақырып: Жақтың сынықтары кезінде жақтардың иммобилизациясы
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •Іх. Тақырып: Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды жүргізу.
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •6. Студенттің білімін бағалау критерийілері
- •6.1. Баллдық – әріптік жүйеде бағалау кестесі
- •6.2. Кесте. Студенттің білімін бағалау критерийілері
- •7.Ұсынылған әдебиеттер
Vі. Тақырып: Іріңді ошақты дренаждау.
1. Мақсаты: Студенттерді іріңді ошақты дренаждау дағдысына үйрету
2. Үйрету әдісі: кіші топтар
3. Ақырғы нәтиже: іріңді ошақты дренаждау дағдысын игеру
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
№ п/п |
Тапсырма қадамдарының критерийлері |
Орындал мады 0-0,1 |
Жарты. орындал 0,2-0,3 |
Орын далды 0,4-0,5 |
1 |
Операцияға қажет жиынтықты таңдау: лоток, скальпель, пинцет, қысқаш, қайшы, инеұстағыш, шовтық материал, дәкелік тампондар, турундалар, дренажды түтіктер, 1% бетодин ерітіндісі, 0,05% хлоргексидин ерітіндісі, 3% сутегі асқын тотығы. |
|
|
|
2 |
Инфильтраттың пальпациясы: инфильтраттың шекарасын, тері жамылғыларының түсін, жергілікті температураны, флюктуацияны анықтайды. |
|
|
|
3 |
Инфильтрат аймағының қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы: инфильтраттың орналасу орнының артериялары мен веналарын, лимфа түйіндеріне лимфаның ағымын анықтайды. Инфильтраттың орналасу орнын иннервациялайтын нервтік талшықтарды анықтайды. |
|
|
|
4 |
Тілікті анықтау: төменгі, жоғары жиегі бойымен немесе инфильтраттың ортасымен инфильтрат деңгейінде сызық жүргізеді. |
|
|
|
5 |
Инфильтраттың орналасу орнын өңдеу: оң қолға 1% бетодин ерітіндісіне малынған дәкелі тампоны бар пинцет алады және инфильтрат үстілік тері жамылғысын ортасынан жиегіне қарай өңдейді. Содан кейін 0,05% хлоргексидин ерітіндісімен тері жамылғыларын өңдейді. |
|
|
|
6 |
Іріңді инфильтратты ашу: оң қолға скальпель алады және инфильтраттың бойымен терінің тілігін жүргізеді, теріасты клетчатканы, беткей фасцияны тіледі. Сол қолмен тіндерді ұстайды. Содан кейін оң қолдағы иілген қысқашпен бұлшықеттерді ығыстыра отырып, инфильтраттың түбіне дейін жетеді. |
|
|
|
7 |
Іріңді инфильтратты дренаждау: оң қолда қысқашты ұстайды, инфильтраттың қуысына енгізеді және біртіндеп аша отырып, инфильтраттың қуысын кеңейтеді. Бұл кезде іріңнің эвакуациясы жүреді. Қысқашты іріңді жарадан жараның жиектері тегіс болуы үшін ашылған жағдайында шығарады. Бөгеттерді алып тастау үшін саусақты ревизия жүргізеді. |
|
|
|
8 |
Іріңді жараны антисептикалық өңдеу: оң қолға 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісіне малынған дәкелі турундасы бар пинцет алады және жараға енгізеді, содан кейін 0,05% хлоргексидин ерітіндісімен жуады. Жараға дренаждар енгізеді, жараны стерильді салфеткамен жабады. |
|
|
|
