- •І. Тақырып: Стоматологиялық науқасты тексеру
- •Іі. Тақырып: Жергілікті жансыздандыру жүргізу
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар.
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •Ііі. Тақырып: Жоғарғы жақсүйекте тістерді жұлу операциясын жүргізу
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар.
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •Іv. Тақырып: Төменгі жақсүйекте тістерді жұлу операциясын жүргізу.
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар.
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •V. Тақырып: Жақсүйектерде периостотомия операциясын жүргізу.
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •Vі. Тақырып: Іріңді ошақты дренаждау.
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •Vіі. Тақырып: Беттің жараларында алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізу.
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •Vііі. Тақырып: Жақтың сынықтары кезінде жақтардың иммобилизациясы
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •Іх. Тақырып: Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс шараларды жүргізу.
- •2. Үйрету әдісі: кіші топтар
- •5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
- •6. Студенттің білімін бағалау критерийілері
- •6.1. Баллдық – әріптік жүйеде бағалау кестесі
- •6.2. Кесте. Студенттің білімін бағалау критерийілері
- •7.Ұсынылған әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК
ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫНЫ ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Мамандық: 5В130200 – «Стоматология»
Пән: Хирургиялық стоматология пропедевтикасы
Кафедра: Балалар және хирургиялық стоматология
Курс - 4
Семестр - 7
Құрастырушы:
м.ғ.д._________ Жаналина Б.С.
Ақтөбе, 2014
Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді
№1 хаттама, 29.08. 2014ж.
Кафедра жетекшісі ______________Жаналина Б.С.
І. Тақырып: Стоматологиялық науқасты тексеру
1. Мақсаты: студенттерді стоматологиялық науқасты тексеру дағдысына үйрету.
2. Үйрету әдісі: кіші топтар.
3. Ақырғы нәтиже: стоматологиялық науқасты тексеру дағдысын игеру.
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: Стандартталған науқас.
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
№ |
Қадам критерийлері |
орындалмады 0-0,1 |
Жартылай орындалды 0,2-0,3 |
орындалды 0,4-0,5 |
1 |
Аурумен байланысты шағымын жинау |
|
|
|
2 |
Ауру анамнезі: басталуы, ұзақтығы, медициналық көмек көрсетілді ме |
|
|
|
3 |
Өмір анамнезі: жүктілік, босану, басынан кешірген аурулары, инфекциялық аурулары, аллергиялық анамнез, жағымсыз әдеттер |
|
|
|
4 |
Жалпы статусты баяндау: есі, тері жамылғысының түсі, температура, пульс, тыныс алу жиілігі, АҚ |
|
|
|
5 |
Жергілікті статус: беттің симметриялығы, тері жамылғысының түсі, лимфа түйіндері, сілекей бездерінің, самай-төменгі жақ буындарының жағдайы. Ауыз ашылуы. Ауыз қуысы кіреберісінің жағдайы: жоғарғы және төменгі еріннің үзбелері, кіреберіс тереңдігі, құлақмаңы сілекей безі өзегінің жағдайы. Тістесу, тістердің жағдайы. Меншікті ауыз қуысының жағдайы: тіласты валигі, тілдің үзбесі, тілдің қозғалысы, тілдің сезімталдығы және беткейі, жақасты және тіласты сілекей безі өзектерінің жағдайы |
|
|
|
6 |
Алғашқы диагноз қою |
|
|
|
7 |
Қосымша тексеру әдістерін жүргізу: жалпы қан және зәр анализі, ЭОД, рентгенография түрлері, МРТ, КТ |
|
|
|
8 |
Клиникалық диагнозды нақтылау. |
|
|
|
Іі. Тақырып: Жергілікті жансыздандыру жүргізу
1. Мақсаты: Студенттерді жергілікті жансыздандыру жүргізуге үйрету.
2. Үйрету әдісі: кіші топтар.
3. Ақырғы нәтиже: жергілікті жансыздандыру дағдысын игеру
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)
№ |
Қадам критерийлері |
орындалмады 0-0,1 |
Жартылай орындалды 0,2-0,3 |
орындалды 0,4-0,5 |
|
Туберальды жансыздандыру жүргізу |
|||
1 |
Құралдар таңдау: карпульді шприц таңдап оған көлемі 1,8мл карпульді енгізу. |
|
|
|
2 |
Иненің диаметрі мен ұзындығы: ұзындығы 28мм, сыртқы диаметрі 0,3мм ине таңдалады. |
|
|
|
3 |
Дәрігердің қалпы: науқастың оң және алдыңғы жағында. Науқастың қалпы: аузы жартылай ашық, құралмен ұрттың жұмсақ тіндерін сыртқа итереді. |
|
|
|
4 |
Шприц қалпы: инені альвеолярлы өсінді қатпарына сүйектік тінді бойлай 45 градус бұрыштықта орналастырады. |
|
|
|
5 |
Инені енгізу орны: уақытша екінші моляр деңгейінде немесе бірінші және екінші тұрақты молярлар арасынан кілегей қабықтың өтпелі қатпарына енгізеді. |
|
|
|
6 |
Инені қозғалту: инені жоғары, артқа және ішке 1,5 см тереңдікке шприцті сыртқа шығара отырып жылжыту. |
|
|
|
7 |
Анестетикті енгізу: 1-2 мл жергілікті анестетикті жәймен 2 минут аралығында енгізу. |
|
|
|
8 |
Инені шығару: инені асықпай төменге, алға, сыртқа қарай бағытта шығарады. |
|
|
|
|
Мандибулярлы жансыздандыру жүргізу |
|||
1 |
Құралдар таңдау: карпульді шприц таңдап, оған көлемі 1,8мл карпульді енгізу. |
|
|
|
2 |
Иненің диаметрі мен ұзындығы: ұзындығы 25мм, сыртқы диаметрі 0,3мм ине таңдалады.. |
|
|
|
3 |
Дәрігер қалпы: науқастың оң және адыңғы жағынан. Науқастың қалпы: аузын барынша ашып, студент сұқ саусағын ретромолярлық шұңқырға орналастырады, төменгі жақтың ішкі тармағын сезе отырып. |
|
|
|
4 |
Шприц қалпы: шприц екінші кіші азу тіс қалпында, төменгі жақтың қарама-қарсы бетінде орналасқан. |
|
|
|
5 |
Инені енгізу орны: Инені қанат-жақ қатпарының медиальды бөлігіне, төменгі жақ үлкен азу тістердің шайнау беткейінен 0,5 см жоғары енгізеді. |
|
|
|
6 |
Инені жылжыту: инені сүйекке дейін 1,0-1,5 см тереңдікке еңгізгеннен кейін, тілдік нервті жансыздандыру мақсатында 0,2 мл анестетик жібереді. Шприцті өзіне қарай 0,2 см кейін шығарып, шприцті күрек тістердің тұсына жылжытып және инені төменгі жақ бұтағының ішкі беткейіне паралельді 1,5-2,0 см тереңдікке енгізеді. |
|
|
|
7 |
Анестетикті енгізу: 1-2 мл жергілікті анестетикті жәймен 2 минут аралығында енгізу. |
|
|
|
8 |
Инені шығару: инені асықпай сыртқа қарай бағытта шығарады. |
|
|
|
|
Инфильтрациялық жансыздандыру жүргізу |
|||
1 |
Құралдар таңдау: карпульді шприц таңдап, оған көлемі 1,8мл карпульді енгізу. |
|
|
|
2 |
Иненің диаметрі мен ұзындығы: ұзындығы 21мм, сыртқы диаметрі 0,3мм ине таңдалады.. |
|
|
|
3 |
Дәрігердің қалпы: науқастың оң және алдыңғы жағында. Науқастың қалпы: аузы жартылай ашық, құралмен ұрттың жұмсақ тіндерін сыртқа итереді. |
|
|
|
4 |
Шприц қалпы: инені альвеолярлы өсінді қатпарына сүйектік тінді бойлай 45 градус бұрыштықта орналастырады. |
|
|
|
5 |
Ине шаншу орны: көрші тістің түбір деңгейінен жоғары кілегей қабықтың өтпелі қатпарына енгізеді. |
|
|
|
6 |
Инені жылжыту: жоғарғы жақта – инені жұлынатын тістің түбірі деңгейіне дейін жоғары және алға жылжытады; Төменгі жақта – инені жұлынатын тістің түбірі деңгейіне дейін төмен және артқа жылжытады. |
|
|
|
7 |
Анестетикті енгізу: 1мл жергілікті анестетикті жәймен 2 минут аралығында енгізу. |
|
|
|
8 |
Инені шығару: инені жоғарғы жақта – жәймен төмен және сыртқа бағытпен шығарады; Төменгі жақта – инені жәймен жоғары және сыртқа бағытпен шығарады. |
|
|
|
|
Инфраорбитальды жансыздандыру жүргізу |
|||
1 |
Құралдар таңдау: карпульді шприц таңдап, оған көлемі 1,8мл карпульді енгізу. |
|
|
|
2 |
Иненің диаметрі мен ұзындығы: ұзындығы 28мм, сыртқы диаметрі 0,3мм ине таңдалады. |
|
|
|
3 |
Науқастың қалпы: аузы жартылай ашулы, сол қолдың сұқ саусағымен көзасты кеңітігін тауып бекітеді. Сол қолдың үлкен саусағымен жоғарғы ерінді сыртқа және жоғары қарай жылжытады. |
|
|
|
4 |
Шприц қалпы: инені альвеолярлы өсінді қатпарына сүйектік тінді бойлай 45 градус бұрыштықта орналастырады. |
|
|
|
5 |
Ине шаншу орны: инені ортаңғы және бүйірлік күрек тістер арасымен өтпелі қатпарға енгізеді. |
|
|
|
6 |
Инені жылжыту: инені сұқ саусақтың ұшы деңгейінде тұрған көзасты кеңістігіне бағыттап, жылжытады (бірінші премоляр түбірі деңгейінде). |
|
|
|
7 |
Анестетик енгізу: 1мл жергілікті анестетикті жәймен 1 минут аралығында енгізу. |
|
|
|
8 |
Инені шығару: инені баяу төмен және сыртқа қарай бағытпен шығарады. |
|
|
|
|
Күректістік жансыздандыру жүргізу |
|||
1 |
Құралдар таңдау: карпульді шприц таңдау және оған көлемі 1,8мл карпульді анестетикті енгізу. |
|
|
|
2 |
Иненің диаметрі мен ұзындығы: сыртқы диаметрі 0,3мм, ұзындығы 21 мм инені таңдау. |
|
|
|
3 |
Науқастың орналасуы: басы максимальды шалқайған және аузы кең ашық. |
|
|
|
4 5 |
Шприцтің орналасуы: оң қолға шприцті алады, сол қолмен жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісін ұстап тұрады. |
|
|
|
6 |
Инені шаншу орны: инені шаншуды күрек тістік емізікше негізінен 0,3-0,5 см артқа орталық күрек тістер арасында кілегей қабыққа жүргізеді. |
|
|
|
7 |
Инені жылжыту: инені сүйекпен контактқа дейін жылжытады. |
|
|
|
8 |
Анестетикті енгізу: аспирационды сынамадан кейін 0,3 мл жергілікті анестетикті жайлап, 1 минут мерзімінде енгізеді. |
|
|
|
|
Таңдайлық жасыздандыру жасау |
|||
1 |
Құралдар таңдау: карпульді шприц таңдау және оған көлемі 1,8мл карпульді анестетикті енгізу. |
|
|
|
2 |
Иненің диаметрі мен ұзындығы: сыртқы диметрі 0,3мм, ұзындығы 21 мм инені таңдау. |
|
|
|
3 |
Науқастың орналасуы: басы максимальды шалқайған және аузы кең ашық. |
|
|
|
4 |
Шприцтің орналасуы: оң қолға шприцті алады, сол қолмен жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісін ұстап тұрады. |
|
|
|
5 |
Инені шаншу орны: инені шаншуды екінші моляр деңгейінде альвеолярлы жиектен 0,5-0,8 см жетпей кілегей қабыққа жүргізеді. |
|
|
|
6 |
Инені жылжыту: инені сүйекпен контактқа дейін жылжытады. |
|
|
|
7 |
Анестетикті енгізу: аспирационды сынамадан кейін 0,5 мл жергілікті анестетикті жайлап, 1 минут мерзімінде енгізеді. |
|
|
|
8 |
Инені шығару: инені жайлап төмен бағытпен шығарады. |
|
|
|
|
Ментальды жансыздандыру жүргізу |
|||
1 |
Құралдар таңдау: карпульді шприц таңдау және оған көлемі 1,8мл карпульді анестетикті енгізу. |
|
|
|
2 |
Иненің диаметрі мен ұзындығы: сыртқы диметрі 0,3мм, ұзындығы 25 мм инені таңдау. |
|
|
|
3 |
Науқастың қалпы: жақтар жымдасқан болу керек, ұртты сыртқа тартады. |
|
|
|
4 |
Шприцтің орналасуы: шприц төменгі жақтан артқа, жоғарыға және сыртқа қалпында орналасады. |
|
|
|
5 |
Инені шаншу орны: инені төменгі бірінші молярдың сауытының ортасы деңгейінде өтпелі қатпарға енгізеді. |
|
|
|
6 |
Инені жылжыту: инені екінші молярдың түбірі жаққа 1 см тереңдікке алға, төмен, ішке бағытпен жылжытады. |
|
|
|
7 |
Анестетикті енгізу: 1 мл жергілікті анестетикті жайлап, 1 минут мерзімінде енгізеді. |
|
|
|
8 |
Инені шығару: инені баяу артқа, жоғарыға және сыртқа бағытпен шығарады. |
|
|
|
