Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фил2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66.65 Кб
Скачать

31. Хiх ғасырдағы қазақ философиясының ағартушылық идеяларына талдау жасаңыз: ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбаев.

Қазақ ағартушылығының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист ғалым, шығыстанушы, саяхатшы,публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен Шығыс халықтарының мәдениеті жайлы терең түсінігі үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан жақты шығармашылық мұра қалдырды. Уәлиханов шығармашылығын: қалыптасу кезеңі, кемелдену кезеңі деп екіге бөлуге болады. Шоқан Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңірі (құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Уалиханов мәңгілік, шексіздік идеяларын негіздеді, дамытты. Дін түрлерінің ішінде Уалиханов ислам мен христиандыққа қарағанда буддизмді «гумандық ілім» деп бағалады. Жалпы алғанда, Уалиханов дүниетанымы, оның шығармашылық мұрасы мен практикалық  іс әрекеті орта Азия мен Қазақстанның рухани қалыптасуы жолындағы үлкен белес болып табылады. Қазақ ағартушылығының көрнекті педагог-жаңашыл және жазушы ыбырай Алтынсарин. Ыбыраай дүниетанымы қалыптасуына туған елінің халық ауыз әдебиеті,прогрессивті орыс мәдениеті мен еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Уәлиханов секілді Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірденбір жолы ағартушылықта деп сенді және қазақстандағы халықағарту ісінің ұйымдастырылуы менм дамуына белсене араласты. Ы.Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбектер жазбаған дегенмен, ағарту және қоғам мәселерін талқылауға арналған шығармаларында дүниеге көзқарастық пікірлер қалыптастырды. Алтынсариннің этикалық және эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынан ерекше орын алады. Мысалы «жаз», «өзен» деген өлеңдерді табиғаттың сұлулығы көк орай шалғынды көркі, күмістей сылдыраған суы көкжиектің мұнарланған сағымы шебер суреттеледі. Этикалық тәрбие жөніндегі пікірлерін, ой тұжырымдарын бағалы асыл мұра деуге болады. Қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы. Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, философиялық проза,аудармалар мен әндерден тұрады. Абай-қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай Алтынсарин секілді дейзмге жақын.Абай дін басшыларымен діни надандықты, фатализммен екіжүзділікті атеизм тұрғысынан емес, қазақстан ағартушы демократтарының көбісінде кездесетіндей «нағыз» дін немесе рационалдандырылған дін позициясынан сынады. Дін басылардың насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды. Немесе оның өз сөзімен айтқанда «Алла табарака уатағаланың шәріксіз, ғайыпсыз, бірлігіне, барлығына... хақтығына бірнән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел испат қыларға керек». абай-ұлы гуманист . Абстрактылы, утопиялық сарынды гуманист. Ол Құдай идеясын адамнан жоғары сырт күш деп қабылдайды. Өлмес жан туралы, мәңгілік, шексіздік жайлы ой қозғағанмен, бұл ұғымдар діни мағынада емес,Фараби секілді игі істермен ойдың әлеуметтік жадындағы мәңгіліктігі деген түсінікте келтіріледі. 32. Абай философиясындағы Алла мен адам болмысын талдап беріңіз

Абайдың филос. көз қарастарын оларды тек өзіне ғана тән ерекшеліктерімен, өзіндік белгілерімен және сонылығымен, басқаша айтқанда, белгілі бір дәуірмен байланысты және сол дәуірді танытатын нақты-тарихи ережелер жүйесін қаз-қалпында қабылдаған күнде ғана дұрыс түсінуге болады. Абайдың дүние танымындағы айналадағы қоршаған әлемнің объективті шындығы таным барысын құдайға сенумен және жанның өлмейтіндігімен ұштастыра қарастыратын көзқарасы қарама-қайшылықта және күрделі болып келеді (қ. Психологиялық көзқарасы, Дінге көзқарасы). Солай бола тұрса да ақын құдайды табиғат-адамзаттың болмысының алғашқы себебі деп есептемейді, ол дүниені әлдеқандай күш жаратты дегенді теріске шығарады. Әуезов айтқандай «... тіпті, оның ақынның діни нанымы мен сеніміне байланысты өлеңдерінің езі ең басты мәселеде мұсылман дінінің кітаби қағидаларына қайшы келеді». Абай көз қарасынан антропол. принциптерде көрініс тапқан. Ол бүкіл табиғатта орталық тұлға етіп адамды қояды, филос. ойларының көпшілігіңде адам және адамгершілік мәселесіне баса көңіл бөледі. 17- 19 ғ-лардағы антропологизм, тіпті, Фейербахтың езі де, адамды абстрактылы гүрде, жайғанабиол.тіршілік иесі ретіңде қарастырып, оның барлық қасиеттері мен ерекшеліктерін табиғи шығу тегіменен ғана түсіндірді. Абай адамды табиғаттың бір белігі деп санап, оның имандылық қасиеттерін өмір жағдайлары, дәуір қалыптастырады деп есептейді, ал объективті дүниенің құбылыстары адам басыңда сәулеленеді де, оның психикалық қызметінен көрініс табады. Адам мәселесін Абай әр түрлі: филос. , биол.- психол. , эстетик. және әсіресе, этик. көзқарастан қарастырған. Абайдың адам туралы негізгі тұжырымдары Чернышевскийдің «Философиядағы антропологиялық принцип» (1860) деген еңбегінде айтып атын ойлармен ұштасады. Чернышевскийдің түсіндіруінше болмыс бірыңғай болған жағдайда адам басынан екі түрлі: материалдық (адам тамақ ішеді, ұйықтайды, жүреді) және адамгершілік тұрғыдағы (адам ойлайды, сезеді, қалайды) құбылыстарды байқаймыз. Абай Жетінші сөзіндег. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады... Біреуі білсем екен демеулік... Дүниенің көрінген Һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды», -дейді ойшыл-ақын. Объективті шындықты тануға деген бұл құмарлықты ақын адамның ең жоғарғы талабы деп біледі. Абай адамның қасиеті туралы ойын өрістете келіп: «Адам баласы екі нәрсеменен: бірі - тән, бірі - жан. Ол екеуі орталарында болған нәрселердің қайсысы жибили, қайсысы кәсіби - оны білмек керек. Ішсем, жесем демектің басы - жибили, ұйықтамақ та соған ұқсайды. Азба, кеппе, білсем екен, көрсем екен деген арзу, булардың да басы - жибили. Ақыл, ғылым - булар - кәсіби», - деп атап көрсетеді. Қ. Бейсембиев ақынның адам бойындағы туа бітетін «екі бастау» туралы тұжырымдарына «Абай дуализмге жол берді» деп есептеді. Ақиқатында Абай да Чернышевский сияқты адам бойындағы заттық және рухани бастауларының бірлігін, адамның тұтастығын айқынырақ ашып көрсетуді мақсат етті. Ақын орыс ойшылдарының еңбектері мен өз қолына түскен жаратылыстану ғылымының деректері негізінде табиғатқа материалистік монизм тұрғысынан қарап, адамның «рухани қызметін» оның дене еңбегінен бөліп алу дұрыс емес деп есептеді. Ал, бұл бір-біріне тәуелсіз материалистік және идеалистік, жеке дара екі бастауды мойындаудан келіп шығатын дуализмге түбірімен қайшы нәрсе. Герцен жазғандай дуализмнің ең басты принциптері «... шын мәнісінде бөлуге болмайтын нәрсені - мысалға, дене мен рухты -жасанды қарама-қарсылықтарға бөлу болып табылады, бұл дерексізденулерді бір-біріне қастықпен қарсы қою және мызғымастай болып біріккен нәрселерді жасанды жолмен өлшеу». Абай әлемді тануға болатындығын мойындап, болмыс пен сананың шегін ажыратуға болмайтындығын теріске шығарады, бір бүтіннің бөлшектері ретінде адам мен табиғаттың тұтастығы туралы айқын тұжырымдар жасап, саналы адамның біртұтас табиғаттың үздіксіз дамуының нәтижесі екенін дәлелдейді. Әлемнің тұтастығы туралы мәселе философия тарихындағы ең күрделі тақырыптардың бірі екені белгілі. Абай мұны сана тудырған емес, өзінше объективті өмір сүретін әлемнің материалдық тұтастығы, бірлік деп түсінді. «Бір» демеклік... алла тағалаға лайықты келмейді. Оның үшін, - деп жазды Абай, - мүмкін аттың (болуы мүмкін нәрселер) ішінде не нәрсенің үждуі (бар болу, бар болушылық) бар болса, ол бірліктен құтылмайды». Әлемнің материалдық тұтастығы туралы тұжырымдарында Абай Чернышевскийдің «Философиядағыантропологиялық принцип» деген еңбегінде материалистік философияның аса маңызды ережелерін негіздеп берген бағытты одан әрі жалғастырды. Абай әлемнің материалдық тұтастығын атап көрсетіп, «қудай жалғыз» деп дәлелдейтін діни қағиданы теріске шығара келіп, бұл туралы: «Біз алла тағала«бір»дейміз, «бар»дейміз, ол «бір» демеклік...-ақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз», - деп жазды. Ол дуалистерге көрісінше «езінің өзі жасаушысы және себепкері» болып табылатын табиғаттың ғана өмір сүретінін мойындады. «Бұл ғылым құдірет... кезге көрілген, көңілге сезілген ғаламды қандай хикметпен жарастырып, қандай құдіретпен орналастырған... адам пендесінде ақыл-хүкімші қайрат, қуат қызмет қылушы еді. Соған қарап ойлайсың: алла тағаланың сипатында солай болмаққа тиіс», - деп, Абай адамды аллаға теңестіру арқылы объективті шындықтың, яғни, табиғаттың өзіне-өзі себеп болатынын, оның барлық заттардың мәні мен болмысының себепшісі болып табылатынын, өз болмысы үшін ешқайсысына тәуелді еместігін атап көрсетті. Табиғатты «Аллаға» теңеп, құдайға адам кейпін бергенде Абай, сөз жоқ, Спиноза мен Фейербах философиясының материалистік тұжырымдарын негізге алған. Ойшыл-ақын олардың негізгі пікірлерімен ең алдымен Чернышевский шығармалары арқылы танысқан. Орыс ойшылы өз еңбектерінде Фейербах ілімінің мәнін жан-жақты баяндап қана қоймай, сонымен қатар одан ілгері кетті, ал бірқатар мәселелер бойынша оның дүниетанымындағы шектеулілік бағыттарынан асып түсті. Фейербах қудай туралы түсініктердің психол. негіздерін ашып, құдай идеяларының мазмұны қиялдағы тіршілік иесіне жорамалданған, абсолюттендірілген адамның мәні екенін көрсетіп берді. «Қудай дегеніңіз, - деп жазды ол, - басқа ештеңе де емес, адамның о бастағы, арман еткен адам: құдай қандай болса, адамда сондай болуы керек, сондай болғанын қалайды немесе тым құрымаса бір кезде сондай болғанын қалайды» «Табиғат... өзіне өзі себепші», - деп қайталады ол Спинозадан соң. «Адамның қудай туралы айтқандарының барлығы да іс жүзінде оның өзі жайлы айтқандары болып табылады... Адам құдай және сол арқылы тек өзін ғана іздейді... Сөйтіп, адамның құдай санап отырған объектісі тек өз қызметі ғана болып табылады»