- •30. Ғылыми таным философиясы пәні: және оның зерттеу обьектлері қандай түсіндіріңіз .
- •31. Хiх ғасырдағы қазақ философиясының ағартушылық идеяларына талдау жасаңыз: ш. Уәлиханов, ы. Алтынсарин, а. Құнанбаев.
- •33. Хх ғ. Басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясын қалай түсіндіресіз
- •34. Хх ғасырдағы Батыс философиясы, позитивизм түрлерін негіздеңіз
- •35. Хіх ғ. Орыс ой кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық идеяларды айқындаңыз (п.Я. Чаадаев, а.И. Герцен, и.В. Кирееевский, а.С. Хомяков).
- •36.Марксизм философиясына талдау жасаңыз
- •37. Философиядағы адам мәселесін зерделеңіз
- •38. Жаңы заман философиясының ерекшелігін анықтаңыз
- •39.Сана және бейсаналылық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясын талдап беріңіз
- •41. Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт категорияларын түсіндіріңіз
- •42. Онтология болмыс туралы ілімді саралаңыз
- •43.Таным және оның түрлерін түсіндіріп беріңіз.
- •44.Ғылыми зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейлері.
- •45. Адамның дүниеге танымдық қатынасының ерекшеліктері (таным, шығармашылық, интуиция, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу) зерделеңіз
- •46.Ақиқаттың аспектілері:аксиологиялық, экзистенциалды, концеп-туалды,операционалды ақиқат.Абсолютті және салыстырмалы ақиқат талдаңыз.
- •47.Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары сараптаңыз
- •48. Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, концептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат талдаңыз
- •49.Сана бейнелеу және іс-әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
- •50. Қоғамдық сананың түрлері. Моральдік, этикалық, саяси құқықтық және діни сана, сараптама жасаңыз
47.Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары сараптаңыз
Диалектика-болмысты,бүкіл әлемдік құбылыстарды-табиғатты,қоғамды және адамның ой санасын өзгертсе,қозғалыста,дамуда және өзара байланыста қарастыратын философиялық ілім.Ол бүкіл дүниеге тән байланыстар мен дамудың жалпылама,әмбебап заңдылықтарын зерттейді.Сонымен бірге диалектика адамды және оның қоршаған ортаның біртұтастығын әрі өзгермелігін басшылыққа алатын ойлау тәсілі де болып табылады.Осы тұрғыдан алғанда философия тарихында қалыптасқан обьективті диалектика және субьективті диалектика ұғымдарын ажырытып қараған жөн.Обьективті диалектика обьективті шындықтың құбылыстары мен процестеріне қатысты заңды байланыстырады қарастырады.Ал субьективті диалектика өй-өрістің сананың,таным процесінің өзгеруі мен дамуындағы заңды байланыстарды қамтиды.Субьективті диалектика –обьективті диалектиканың бейнеленуі.Басқаша айтқанда,обьективті дүние мен рухани дүниенің арасындағы қарым-қатынас дилаектиканың осы екі бұтағының өзара байланысынан көрініс табады.Сонымен диалектика дүниені үнемі өзгерісте,қозғалыста дамуда қарастырады дедік.Шынында да қоршаған ортада қозғалыстан тысқары тұрған ,байланыстан шет қалған ештеңе жоқ екеніне алдыңғы тауарларда көз жеткізген болатынбыз. Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика –әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Онда даму процестері зерттеледі .Диалектика - дамудың философиялық теориясы, сонымен қатар, ол- әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі кіреді. Ғылыми теория ертедегі гректің зерттеу, ілім деген сөзінен шыққан. Заттарды процестерді талдайды шын мәнінде олардың қандай екендігін түсіндіреді. Айналаны қоршаған дүниенің тану процесінде немесе практикалық ісімізде барлық уақытта алдымызға белгілі-бір мақсаттар мен міндеттер қоямыз.Философия тарихында диалектиканың басқа да формалары бар: диалектика даму жөніндегі жалпыға бірдей байланыс жөніндегі ілім ретінде сонау елдердегі пайда болған. Диалектиканың тарихи екінші формасы Гегель диалектикасы болды. Диалектиканың даму арқылы нені түсінетіндігі туралы мәселеге жауап беруі қажет . Даму - бұл материалдық және идеалдық объектілердің заңды сапалық қайтымсыз процессі. Даму процессінде кез-келген объект өзінің жойылу, бөліну, мезгілінің пайда болуында тұрады. Диалектиканың заңдарымен категориялары туралы материалистік түсініктерінің қалыптасуы.Материалистік диалектика – дамудың жалпы философиялық теориясы. Ол табиғаттың, қоғамның және адам ойлауының дамуының ең жалпы заңдарын зертейтін ғылым. Диалектикканың негізгі үш заңы белгілі бір категориялар арқылы мазмұн анықтайды.
48. Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенциалды, концептуалды, операционалды ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат талдаңыз
Ақиқат ұғымы" Білімдегі абсолюттік және салыстырмалылық диалектикасы. Таным нәтижелерінің практикалық қызметте жетістікпен колданылуы тек алынған білім дәйекті, ақиқатты болғанда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Акиқат туралы мәселе, тиісінше, таным теориясындағы аса маңыздылардың бірі. Ақиқат — білімнің пәніне, нағыздығына сәйкестігі. Былайша айтқанда, ол — нағыздығтың дұрыс көрсетілуі. Акикаттың айқындамасын түсіну оның төменде келтірілген негізгі қасиеттерін, белгілерін дәл айқындап алуды талап етеді. Ақиқаттың объективтілігі — тұлғаның талғамы мен зауқынан, жекелеген коғамдық қозғалыстар мен партиялардың корпоративтік мүдделерінен, жалпы адамның санасынан тәуелсіздігін айғақтайтын оның бірінші, бастапқы белгісі. Ақиқатқа қол жеткізу субъекті мен объектінің өзара кайшылықты әрекеттесуінен жүзеге асырылады. Сондықтан бұл әрекеттесудің; нәтижесінде (таным үдерісінде) объектінің де, субъектінің де әсерінен тұрады. Акиқатқа қажетті бейнеде таным үдерісінің объективті және субъективті құрауыштарының бірлігі көрініс береді: объект болмаса, білім өзінің мазмұнын жоғалтады, ал білуші адамсыз — субъектісіз білімнің өзі жоқ. Рас, нағыздыктың білуші субъектіге тәуелді емес екендігі белгілі. Объективті шынайылықтың өзінде ешкандай ақиқат жоқ, онда тек өзінің қасиеттері бар нәрселер ғана бар. Ақиқат осы шынайылықты адамдардың тануының нәтижесінде пайда болады. Ол танылатын шынайылык туралы субъектінің білімі болып табылады. Сондықтан объективтік білім неғұрлым толығырак болса, соғұрлым таным субъектісінің белсенділігі жоғары болады. Бұған байланысты мынаны айтуға болады: ащщат — объективтілік пен субъективтіліктів; бірлігі, объективті шынайылықтың субъективті бейнесі. Ақиқат деген-үдеріс, ол объектіні бірден, түтасымен және толык келемде түсіну. Ақиқатка бірден және түтасымен қол жеткізу мүмкін емес, оның күрделі үдеріс екендігін сезіп түсінуге адамдар біртіндеп келді. Акиқатты біртіндеп дәлдеу және тереңдету үдерісін белгілеу және сипаттау, оның объективті мазмүнын толыктыру үшін "абсолютті ақиқат және салыстырмалы акикат" үғымдары енгізілген. Абсолютті ақиқат Абсолютті ақиқат деп езінің мазмүны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін бішмді айтамыз. Мүндайда білімның деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты акикатты айтуға болады ("Абай Құнанбайұлы 1845 —1904 жылдар аралығында өмір сүрген"). Салыстырмалы ақиқат Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толык емес екендігі көрінетін, ертелікеш бұдан өрі дөлдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Былайша айтканда, салыстырмалы акикат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак толык емес акиқат. Шынайы танымда әркашан субъектінін шарттылыктары мен ресурстары шектеулі: аспапты техникасы, қолданатын логикалық және математикалық аппараты, т.б. Осындай шектеулер зерттеушіге абсолютті ақиқатка кол жеткізуге мүмкіндік бермейді, ол еріксізден салыстырмалы акиқатқа қанағаттанады. Салыстырмалы акикаттың кейбір элементтері өзінің объектісіне толық, сөйкес келеді, кейбіреулері автордың ақылмен болжап тұрған ойлары болып табылады. Объектінің кейбір аспектілері біршама уакытка дейін танушы субъектінің көзінен таса қалып коюы мүмкін. Өзінің объектісіне толык сәйкес келмеуіне орай, салыстырмалы ақиқат нағыздықтың жақындау — дәл бейнесі ретінде көрініс береді. Әрине, таным үдерісінде салыстырмалы ақиқаттың дәлел- денуі, толыктырылуы мүмкін. Сондыктан ол жетілдіретін білім болып табылады. Абсолютті білім — шынайылыкка толык сәйкестігіне орай — бұлжымайтьш білім. Элементтері өзінің объектісіне сай болғандықтан, онда өзгеретін ештеңе жоқ. Сырттай карағанда, абсолютті және салыстырмалы ақикаттар бір-бірін жокка шығаратындай көрінеді. Ал танымның шынайы үдерісінде олар бір-бірімен қарама- кайшылықта емес, байланыста болады. Олардың байланыстары акиқатқа жетудің процессуалдық, динамикалык сипатында болады. Салыстырмалы акиқатта адамзаттың жиынтық білімінің тұрақты өсу үдерісін камтамасыз ететін, бұлжымайтын білімдердің элементтері жоқ десек, кателескен болар едік.
Ақиқат ұғымы" Білімдегі абсолюттік және салыстырмалылық диалектикасы. Таным нәтижелерінің практикалық қызметте жетістікпен колданылуы тек алынған білім дәйекті, ақиқатты болғанда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Акиқат туралы мәселе, тиісінше, таным теориясындағы аса маңыздылардың бірі. Ақиқат — білімнің пәніне, нағыздығына сәйкестігі. Былайша айтқанда, ол — нағыздығтың дұрыс көрсетілуі.Ақиқаттың аспектуалды аспекті оның этикалық, эстетикалық , праксеологиялық мазмұнын айқындайды. Өмір мәні, оның адам әрекетіндегі құндылықтармен байланыста.Абсолютті ақиқат деп өзінің мазмқұны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін білімді айтамыз. Мүндайда білімнің деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты акикатты айтуға болады.Салыстырмалы ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен аякталмағандығы, толык емес екендігі көрінетін, ертелі кеш бұдан әрі дәлелдеуді кажет ететін білімдерді айтамыз. Былайша айтканда, салыстырмалы акикат нағыздыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірак толык емес акиқат. Шынайы танымда әркашан субъектінін шарттылыктары мен ресурстары шектеулі: аспапты техникасы , қолданатын логикалық және математикалық аппараты, т.б. Осындай шектеулер зерттеушіге абсолютті ақиқатка кол жеткізуге мүмкіндік бермейді, ол еріксізден салыстырмалы акиқатқа қанағаттанады. Салыстырмалы акикаттың кейбір элементтері өзінің объектісіне толық, сөйкес келеді, кейбіреулері автордың ақылмен болжап тұрған ойлары болып табылады. Объектінің кейбір аспектілері біршама уакытка дейін танушы субъектінің көзінен таса қалып коюы мүмкін. Өзінің объектісіне толык сәйкес келмеуіне орай, салыстырмалы ақиқат нағыздықтың жақындау — дәл бейнесі ретінде көрініс береді. Әрине, таным үдерісінде салыстырмалы ақиқаттың дәлел- денуі, толыктырылуы мүмкін. Сондыктан ол жетілдіретін білім болып табылады. Абсолютті білім — шынайылыкка толык сәйкестігіне орай — бұлжымайтьш білім.
Ақиқаттың аксиологиялық аспекті Адамның этикалық, эстетикалық және праксиологиялық ішкі жан дүниесінің толық мазмұнымен көрініп, оның ішкі жан дүниесміен адам әрекетіндегі құндылғымен тығыз байланыста құралады.
Концептуалды аспект. Экзистенциалды аспект адамның рухани ішкі әлемін түсінумен көрініс табады. Операционалды аспект ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ — нақты болмыстағы жеке тұлғалық адам тірлігіне негізделген философиялық ілімі.Ойлаудың бұл тәсілі Декарт философиясына һәм барлық рационалды жүйелерге қарсы, бұл адам философиясының ақыл мен идея философиясына деген тойтарысы. Табиғи тірлігі ақылға тәуелді болмағандықтан, адамның басты қасиеті — жоқ болу және мәнсіз тірлік ету. Бір сөзбен айтқанда, адам магынаға ие болудан бұрын тірлік етеді. Сартрдың әйгілі тұжырымын еске түсірсек, «тірлік ету мәннен бұрын пайда болады». Демек, адам өз өміріне өзі мағына беріп, ақылды мақұлыққа айналуга тиіс. Адам өз-өзіне не жасаса, сол болғаны. Басқаша айтқанда, бар болу дегеніңіз — өз-өзіңе еркін міндет жүктеу арқылы өзіңді таңдау. Бұл еріктіліктен бас тарту мүмкін емес, себебі бұл толық еркіндік, адам тек еркіндік үшін жаралған. Міне, осыдан оның метафизикалық жан түршігуі: ол өзінің жоқтан пайда болғанын сезінумен қатар мағынаға жетудегі таңдау көмескілігін де сезінеді. Тарихи тұрғыдан келсек, экзистенциализм ұғымын Хайдегтер өзінің 1927 ж. «Болмыс пен уақыт» деген жұмысында ұсынған. Оны Ясперс «Тірлік ету философиясы» деген шығармасында (1938) қолдаған. Бұл ағымның Франциядағы өкілдері ретінде Марсель, Мерло-Понти және әсіресе Сартрды атауға болады. Әдетте, Э. философиясын екі бағытқа бөледі: христиандық Э. (Ясперс, Марсель) және атеистік Э. (Сартр, Камю). 1с жүзінде бұл жіктеу таяздау, сондықтан Э.-ді бҥкіл нұсқаларын қамтымайды. Дидье Жюлианың айтуынша, Э. адамның әлемдегі және тарихтағы нақты өмірін пайымдауға, оның негіз қалаушы ұстанымдарын суреттеуге (Ясперс, Мерло-Понти) арналған ағымға және адам болмысын, онтологиялық ақиқатты пайымдауға бағытталған
КОНЦЕПТУАЛЬДЫҚ (лат. сопсерШ — ой, козқарас жҥйесі) — 20 ғ. 70—80 жж. модернизмде қалыптасқан бағыт. әнердегі К.-тың ерекшелігі — сол әнердегі идеяны материалистік тұрғыдан қабылдауды теріске шығарудан турады. Олар «кәркемдік идеяны» (басқаша айтқанда, концептуальдық) көрермен санасына схема, диаграмма, таңба арқылы жеткізуге шақырды. әнердің өз табиғатын ерекше көрсету бағытын ұстанады.
