Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фил2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66.65 Кб
Скачать

30. Ғылыми таным философиясы пәні: және оның зерттеу обьектлері қандай түсіндіріңіз .

Ғылым да сарқырап ағып жатқан өзен тәрізді,өзен өз сағасын  кеңіне жайып, күш жинаған кезінде жақсы көрінеді,  бірақ оған  бірнеше  кіші өзен салалары келіп құйады, және ең басты саласын бірден ажырату  мүмкін емес. Біреулер  ғылымның   дамуын  ата-бабамыздың тұрмыс- тіршілігін дамуынан пайда болды десе, келесілері сонау тас дәуіріндегі  адам әлем туралы білімін жинап, таратуынан деседі. Енді  біреулер бірінші орынға ежелгі Грециядағы біздің дәуірімізге дейінгі ғасардың бірінші жартысында философиядғы  дәлелденген білімнің пайда болуымен ұштастырады.

Ғылым сағасының көзге көрінер анық кезін ХІХ—ХХІ ғасырыда десек, алғашқы өзекшелерін  бастауын Ежелгі Грекциядан ақ  көреміз:  Платонның сезімге тәуелсіз  тәжірбиелік білім эпистемасы, Аристотоельдің танымдық және логикалық теориясы және т.т. жатқызамыз.Одан әрі  дамыған философиядан онтологи және гнесиология ретінде қарстырылып, метофизика саласын бөліп шығарды . Метафизиканы Аристотель ең бағалы ғылым ретінде және адам жетістігінің мақсаты деп көрсетеді.  Даму барысында ғылымдар әр түрлі салалаға бөлініп кетті. Біздің заманымыздағы ғылымның әр түрлі салары өз бетінше дамығанымен олар бір бірінсіз маңызы жоқ және ажырамас заңдылықтарме байланысқан. Бұл салалардың барлығы көзге көрінбегенме олар ажырамаған, олардың барлығының мақсат мүдделері бір заман ағымында,  бір ізденіс бағытында даму үстінде. Ғылымдардың барлығы философиялық көзқарастың, ізденістің жемісі оның салдары. Біз оларды ажыратып қарастырсақ та оның маңыздылығы тұтастығында, яғни ғылымдар философиядан бастау алады және оны  дамытады. Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі — өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілнді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді.

Басқаша айтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ңшкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.

Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып – білуге болатындығын мойындайды.

Диалектикалық материализмнің таным теориясының метафизикалық материализмінің таным теориясының ең басты екі айырмашылығы бар: ол, біріншіден, таным теориясына практика жайындағы ілімнің енгізілуі, екіншіден, таным теориясына диалектиканың қолданылуы.

Диалектикалық материализмнің таным теориясы қоғамдық практиканың негізінде дамитын және шындықты қоғам мүдделері үшін практикада қайта құру мақсатын көздейтін таным процесінің заңдылықтарын зерттейді.

Сонымен диалектикалық материализм таным процесінде бейнелеу принципін басшылыққа алады. Ал бейнелеу дегеніміз айнаның бетінен шағылысқан көру емес, оған механикалық тұрғыдан да қарауға болмайды. Бейнелеу – таным – білуге тиіс объекті мен танушы субъектінің арасындағы күрделі қарым – қатынас процесі.

Сөйтіп, танымның субъектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Сонда – ақ, субъект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным объектісі ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынайтарды таным объектісі ретінде қарастыру қажет. Олар субъектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы таным объектісіне айлады. Бақаша айтқанда, таным объектісі дегеніміз материалдық және рухани дүниенің қоғаммен практикалық және теориялық тұрғыдан қарым – қатынасқа түсетін, нақты тарихи іс — әрекет барысында субъекті игерген бөлігі.

Таным объектілері адамның практикалық қызметімен тығыз байланысты және әрқашан соған тәуелді болады. Таным процесінің негізінде адамның объективті дүниеге тигізетін белсенді әсері жатады. Себебі таным адамның объективті құбылыстарымен байланысына, оларға тигізетін әсеріне және оларды өзгертугіне байланысты дамып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, таным дүниенің белсенді әрі нысаналы бейнеленуі деп қарастыруға болады. Қоғамдық практика таным процесінің қозғаушы күші болып табылады. Ол өмір сүру, іс — әрекет жасау барысында адамдардың алдына ұнемі шешуін талап ететін проблемалармен міндеттер қойып отырады.