Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НВИЭ ШПОР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.65 Кб
Скачать

23. Желдердің пайда болу табиғаты. Желдердің түрлері

Атмосфералық қысымның біркелкі таралмауынан және жоғары кысымның төменгі қысымға карай ағылуынан туындайды. Қысымның уақыт және кеңістік бойынша үздіксіз өзгеруінің салдарынан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағыты оның соққан жағы бойынша анықталады да, градуспен не румбпен (16 румбтық жүйе бойынша) анықталады; ал жылдамдығы м/с, км/с, түйін ігемесе (шамамен) Бофорт шкаласы бойынша балмен өлшенеді. Жел үлкен аумақтың үстінде өте кең ауа ағыстарын (муссондар мен пассаттарды) түзеді, олардан атмосфераның жалпы циркуляциясы мен жергілікті циркуляңиясы түзіледі. Жел жоғары карай үйкеліс күшінің азаюының салдарынан, сондай-ақ бар градиенттерінің өзгеруіне байланысты озгеріп отырады.

Жел және оның түрлері.

Атмосфералық қысымның айырмашылығы ауаның қозғалуына себепші болады. Ауаның ендік бағыттағы қозғалыстарын жел деп атайтынын білесіңдер. Жел жылдамдығы м/с-пен белгіленеді, оны елшейтін құралды анемометр деп атайды. Жел жылдамдығын 12 балдық арнайы Бофорт шкаласымен де аныктайды.

24.Желдердің потенциалы және желге бай аймақтар

Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Қоғам мәдениетінің жаңа қалыптасқан кезінде жел энергиясын теңіз саяхатында пайдаланған. Ертедегі мысырлықтар 5 мың жыл бұрын жел энергиясын пайдаланып желкен көмегімен жүзген. Біздің заманымыздың 700 жылдары қазіргі Ауғанстан жерінде тік бекітілген осі бар жел машинасымен дақылдарды ұнтақтау үшін қолданған. Жерорта теңізінде орналасқан Крит аралында ұзын мұнараға бекітілген жел күшімен қозғалатын диірмен жер суландыру жүйесінің жұмысын атқарған. 14 ғасырда голландықтар жел диірменін жетілдіріп, дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданды. 1854 жылы АҚШ-та жел энергиясымен жұмыс істейтін су тарту насосы іске қосылды. Су тарту насосының моделі жел диірменінен қалақшалар санының көптігімен және жел бағыты мен жылдамдығын анықтайтын аспап флюгердің болуымен ерекшеленеді. 1940 жылдары осындай жел күшімен қозғалатын диірменнің саны 6 миллиондай еді, оларды су тарту және электроэнергия алу мақсатында қолданды. 

25.Шет елдердің жел энергиясын пайдалану тәжірибелері

АҚШ, Дания, Голландия, Германия және т.б. елдерде едәуір арзан электр энергиясын өндіретін көп жел қондырғылары жұмыс істейді. Қытайда жел энергиясын пайдаланатын 120 мыңнан астам шағын жел генераторы және 1600 сорғы жұмыс істейді.

1714жылы француз Дю Квит суда жүретін бес қалақшалы жел дөңгелегін ойлап тапқан. 1918жылы Залевский жел диірменінің толық теориясын жасаған.

20 ғасыр басында Россияда жалпы қуаты миллион кВт болатын 2500жел диірмені болды. 1931жылы Ялтада қуаты 100кВт болатын жел қондырғысы салынды. 1940жылы АҚШта қуаты 1250кВт болатын жел қондырғысы салынды.

1854 жылы АҚШ-та жел энергиясымен жұмыс істейтін су тарту насосы іске қосылды.

Жел энергетикасы – жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады.