Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НВИЭ ШПОР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.65 Кб
Скачать

1.Бейдәстүрлі және жаңартылмалы көздері түсінік

Жаңартылмалы энергия көздері ол тұрақты немесе периодты өзгеретін энергия ағындары. Жаңартылмалы энергия көздері адамның әрекетіне байланысты емес.

БҰҰ үлгісі бойынша Күн, Жел, Геотермаль, Теңіздің толқын энергиясы, биомасса энергиясы, гидроэнергия - жаңартылмалы энергия көздеріне жатады.

Күн энергетикасы (гелиоэнергетика, грекше helios – күн, және энергетика) – күн энергиясын әр түрлі амалдар арқылы (электрэнергиясын және жоғары температуралы жылу өндіретін гелиоэлектростанциялар, күн элементтері мен батареялары, үй жайларды жылыжайды және т.б. жылыту мақсатымен төмен температуралы жылу алу үшін қолданылатын күн коллекторлары) пайдалану.

Жел энергетикасы – жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы.

Гидроэнергетика – су электр станциялары су ағынының әлеуетті энергиясын электр энергиясына айналдыруға қолданылады.

Геотермальды энергетика – дәстүрлі емес энергия көздерінің ішінде – жылу, яғни жер қойнауында табиғи жолмен п.б , тек кн радиациясына жол бере отырып, екінші орынды алады.

2. Дәстүрлі энергия көздерінің типтері

Дәстүрлі энергия көздеріне мұнай, газ, көмір секілді дайын табиғи көздер жатады. Адамзаттың энергияны пайдалану көрсеткіші жылдан жылға артып барады, сол себепті, баламалы көздеріне сұраныс күрт көбейді.

Жалпы, дәстүрлі энергия көздері жаңартылмайтын энергия көздеріне жатады, ол дегеніміз, оның қорлары шектеулі. Бірінші кезекте, дәстүрлі энергия көздірне жылу, атом, су ағының энергиясы жатады.

Жылу электр станциясы(ЖЭС) – органикалық отынды жаққан кезде алынатын жылуды түрлендіріп энергиясын элекр энергиясын алатын электр станциясы. ЖЭС-тарда отынның химиялық энергиясы алдымен, механикалық энергияға, кейін электр энергиясына айналады. Атом электр станциясы (АЭС) ядролық электр станция – атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен жұмыс істейді. Ядролық отын ретінде уран, плутоний, торий изотоптары пай-ды. Бұлардың жылу шығарғыштық қабілет өзара бірдей, ал кәдімгі отыннан (көмір, мұнай, газ) бірнеше миллион есе артық. Мысалы, 1 кг уран 2,1010 ккал энергия береді. 20ғ-дың соңында дүние жүзіндегі АЭС-тердің жалпы қуаты 500 000 МВт-қа жетті.

Су электр станциясы (СЭС) – электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының мех-қ энергиясын электр энергиясына түрлендіретін ЭС.

3. Дәстүрлі энергия көздерінің жақсы жақтары мен кемшіліктері

Жылу электр станциясы(ЖЭС) – органикалық отынды жаққан кезде алынатын жылуды түрлендіріп энергиясын элекр энергиясын алатын электр станциясы. ЖЭС бутурбиналық;газтурбиналық; бу-газдық, болып бөлінеді. ЖЭС-тың негізгі құрылғыларына: котел, генератор, және турбина жатады. Отынды жаққан кезде котелда су буына түрленетін жылу энергиясы бөлінеді.

Артықшылықтары:

  • салыстырмалы түрде алғанда орналасатын жері еркін түрде таңдалынады;

  • электр энергиясын өндіру көрсеткіші табиғаттың мезгілдерінің өзгерісіне тәуелді болмайды.

Кемшіліктері:

  • ПӘК көрсеткіші төмен, егер дәлірек айтсақ табиғи энергияның 32 пайызын ғана электр энергиясына айналдырады;

  • Отындық ресурстар шектеулі;

  • Қоршаған ортаға зиян.

Атом электр станциясы (АЭС) ядролық электр станция – атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы.

Артықшылықтары:

  • Қоршаған ортаны ластамайды(форс-мажорларды есептемегенде);

  • Кез-келген жерде орналаса алады.

Кемшіліктері:

  • Форс-мажор жағдайларда(жер сілкінісі нәтижесіндегі апаттар, ураган, т.б) өте үлкен қауіп төндіреді;

  • Территориясына радиациялық қауіп төндіреді;