- •25 Билеттің 1-сі
- •25 Билеттің 2-сі
- •25 Билеттің 3-сі
- •Негізгі қызметтері
- •Қызметі
- •Банк семян
- •25 Билеттің 4-сі
- •25 Билеттің 5-сі
- •25 Билеттің 6-сі
- •Туылғаннан кейінгі емдеу немесе коррекциялау галактоземия, фенилкетонурия, целиакия кезінде қолданылады.
- •25 Билеттің 7-сі
- •25 Билеттің 8-сі
- •Шынжырдағы нуклеотидтердің қосылуы
- •Инициация фазасы
- •25 Билеттің 14-сі
- •25 Билеттің 15-сі
- •25 Билеттің 16-сі
- •25 Билеттің 17-сі
- •Инициация фазасы
- •25 Билеттің 18-сі
- •25 Билеттің 19-сі
- •25 Билеттің 20-сі
- •25 Билеттің 21-сі
- •25 Билеттің 22-сі
- •25 Билеттің 23-сі
- •Жалған агглютинация
- •Жалған вириондар
- •Жалған түрлер
- •25 Билеттің 25-сі
Жалған агглютинация
Жалған агглютинация — бактериялардың, эритроциттердің, лейкоциттердің т. б. жүзінді бөлшектердің жабысып, тұнуы. Бірақ мұндай агглютинация антиген мен антиденелердің арнайы байланысынан емес, тұздар концентрациясының, рН, температураныц өзгеруінен немесе басқа факторлардың әсерінен туады.
Жалған вириондар
Жалған вириондар — өз нуклеин қышқылының орнына торшаның нуклеин қышқылын енгізіп алған вириондар. Олардың жануарлар жұқпалы аурулардағы орны белгісіз. Дегенмен кейбір жануарлар вирустары тобында (мысалы полиомавирустар) жалған вириондар саны көбірек болады.
Жалған түрлер
Жалған түрлер — бір вирустың нуклеин қышқылы мен екінші туыстас вирустың ақуыз қабығынан тұратын вириондар. Олар аралас зақымданған торшаларда пайда болуы мүмкін. Бұл жағдай әсіресе сыртқы ақуыздарың кодтайтын бір немесе бірнеше гендерін жоғалтқан ақау вирустардың биологиялық қасиеттерін сақтауға көмектеседі.
Жасушаға сигнал берілудің негізгі этаптары. Сигнальдық молекулаға жалпы сипаттама.
Бірінші механизм (1 суреттегі I бөлік) – липидтерде еритін сигналдық малекулалар жасуша мембранасы арқылы өтеді және жасушаішілік рецепторларды белсендіреді (мысалы, фермент). Азот оксиді осылай әрекет етеді, майерігіш гормондар қатары (глюкокортикоидтар, минералокортикоидтар, жыныстық гормондар және тиреоидты гормондар) және D дәрумені. Жасуша ядросының гендерінің транскрипциясын жүргізеді, сонымен жатар жаңа ақуыздардын синтезін жүргізеді. Екінші механизм жасушалық мембрана арқылы сигналдың берілуі (1 суреттегі II аймақ) – бұл жасушаішілік және жасушадан тыс фрагменттері бар, жасушалық рецепторлармен байланысты (яғни трансмембраналық рецепторлар). Жасушалық және жасушадан тыс рецептормен байланысқан бөліктер жасушалық мембрана арқылы өтетін полипептидті мостиктермен байланысады. Жасушаішілік фрагмент сигналды малекулалардың рецепторлармен байланысқан кезде жоғарлайтын ферментативті белсенділікке ие. Яғни, бұл фрагмент қатысатын жасушаішілік реакциялардың жылдамдығы соған сәйкес көтеріледі. Үшінші иондық каналды ашып немесе жабуды реттейтін, рецепторларға әсері бар ақпараттын берілу механизмі (1 суреттегі III аймақ).Жасанды сигналдық малекулаларға: ацетилхолин, гамма-аминомайлы қышқыл (ГАМҚ), глицин, аспартат, глутаматжәне т.б. жатады. Олардың рецепторлармен байланысы кезінде жеке иондар үшін жасушалық мембрананың электрлік потенциалын өзгертетін трансмембраналық өткізу қабілеті артады. Мысалы, ацетилхолин, н-холинорецепторлардың өзара әсері , жасушаға натрий ионының енуін артады және бұлшықеттік жиырылуды және деполяризацияны тудырады. Гамма-аминомайлы қышқылдың өзінің рецепторларымен байланысы жасушаға хлор ионының енуін арттырады, орталық жүйке жүйесінің қозу поляризациясын және тежелуге әкеліп соқтырады. Сигналдардың берілуінің бұл механизмі эффектінің жылдам дамуымен ерекшеленеді. (миллисекундтер). Төртінші механизм жасушаішілік екінші ретті хабар берушілердің белсендіретін химиялық сигналдардың берілуі рецепторлар арқылы жүзеге асады. (1 суртегі IV аймақ). Бұндай рецептор кезінде процесс 4 кезеңнен өтеді. Сигналдық малекулалар жасушалық мембрананың бетіндегі рецепторлармен танылады, олардың бір-бірімен әсері нәтижесінде рецептор мембрананың ішкі бетіндегі G –ақуызын белсендіреді. Белсендірілген G –ақуызы ферменттің немесе иондық каналдың белсенділігін өзгертеді. Бұл өзіндік эффектіні іске асыртатын екінші ретті тасымалдаушының жасушаішілік концентрациясының өзгерісіне әкеледі (заттар және энергия айналымы процесін өзгертеді). Сигналды ақпараттты берудің бұндай механизмі берілетін сигналды қатайтады.
