- •Лекция №1
- •Лекция №2
- •Жұмыстардың маңызы оларды өткізу жолдары.
- •Лекция №3 Тақырыбы : Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.
- •Лекция №4 Тақырыбы : Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу әдістері.
- •Лекция №5 Тақырыбы :Географиялық апталық
- •Лекция №8 Тақырыбы : Географиялық конференция
- •Лекция №9 Тақырыбы : Үйірме жұмыстары.
- •Лекция №10 Тақырыбы : Географиялық өлкетану үйірмесі
- •Лекция №11 Тақырыбы : Географиялық кеш
- •Лекция №12 Тақырыбы : Географиялық экскурциялар
- •Лекция №13 Тақырыбы : Географиялық олимпияда
- •Лекция №14 Тақырыбы : Географиядан факультатив сабақтары
- •Лекция №15 Тақырыбы : Географиялық сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні
Лекция №15 Тақырыбы : Географиялық сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні
Географияның қызықты және көпшілікке кең тараған ғылым екендігі айқын. Бұл пәнді оқыту дұрыс жолға қойылған мектептерде табиғаттың ғажайып сырларына деген қызығушылық оқушыларды қамтиды. Ол күнделікті өмірден көрініп жүр. Өйткені география пәні адамның тіршілігі және қоршаған ортамен тығыз байланысты.
Мектептегі оқу жұмысы оқу бағдарламасымен тығыз байланысты болғандықтан, оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға мұғалімнің сабақ үстінде толық қамтып, жауап беруі мүмкін емес. Сондықтан да географияға деген қызығушылықтары мол оқушылар үшін кластан тыс жұмыстар оқу пәніне қосымша болып саналады.
Кластан тыс жұмыстарды жүргізу процесі кезінде әртүрлі әдістерді пайдаланып және оқушылардың ынтасын дамыта отырып, география пәнінің мұғалімі географияның кейбір мәселелерін тереңнен оқытып қана қоймай, сонымен қатар қызықты етіп оқушылардың демалуына, қоғамдық және еңбек қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасайды, ғылыми – зерттеу жұмыстарына баулиды.
Мектептегі оқу – тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі бола отырып, кластан тыс жұмыстардың мақсаты, оқушылардың белсенділігін арттыруға, олардың ойларын саяси және мәдени деңгейге көтеруге, қабілеттіліктерін дамытуға, ой өрістерін кеңейтуге, білімдерін тереңдетуге, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
