- •Лекция №1
- •Лекция №2
- •Жұмыстардың маңызы оларды өткізу жолдары.
- •Лекция №3 Тақырыбы : Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.
- •Лекция №4 Тақырыбы : Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу әдістері.
- •Лекция №5 Тақырыбы :Географиялық апталық
- •Лекция №8 Тақырыбы : Географиялық конференция
- •Лекция №9 Тақырыбы : Үйірме жұмыстары.
- •Лекция №10 Тақырыбы : Географиялық өлкетану үйірмесі
- •Лекция №11 Тақырыбы : Географиялық кеш
- •Лекция №12 Тақырыбы : Географиялық экскурциялар
- •Лекция №13 Тақырыбы : Географиялық олимпияда
- •Лекция №14 Тақырыбы : Географиядан факультатив сабақтары
- •Лекция №15 Тақырыбы : Географиялық сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні
Лекция №13 Тақырыбы : Географиялық олимпияда
Олимпиада барлық оқу пәндері жүргізіледі. Олимпиада тек кластан тыс жұмыстардың ғана емес, мектептен тыс жұмыстардың да бір түрі болып саналады.
Кластан тыс жұмыстардың жоспарында қарастырылып отырған географиялық олимпиадалар мұғалімнің, оқушылардың географияға деген қызығушылықтарын, географиялық таланттарын оятуда қол жеткізген жемісі. Олимпиаданы ұйымдастыру формасы барлық пәндер үшін бірдей болып келеді. Мектепішілік олимпиадалар бір класс оқушыларының немесе бірнеше кластар арасында өткізіледі. Көп жағдайда географиялық олимпиадаларға географиялық үйірмелердің мүшелері қатысады.
Географиялық олимпиадалардың тақырыбы төмендегідей нақты талаптарға сай болуы тиіс:
қатысушылардың географиялық білімдерін айқындап беру;
осы білімдерін практикада қолдана алатындығына көз жеткізу.
Бұл талаптар оқушылардың жас ерекшелігіне, географиядан оқу бағдарламасына сай болу керек.2
Географиялық олимпиадалардағы оқушылардың дұрыс жауаптары мектепте географияны оқытудың және кластан тыс жұмыстардың даму деңгейінің айқын көрсеткіші болып табылады.
Лекция №14 Тақырыбы : Географиядан факультатив сабақтары
Географиядан өткізілетін факультативтік сабақтар осы пәннен алатын білімнің белгілі бір саласын тереңдетуге, оқушылардың қалап алған бағыты бойынша қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталады. Бұл сабақтардың болашақ мамандықты таңдау ісіне бағыттауда, географиялық білімнің қолданбалы маңызын арттыруда мәні зор. Оқушылардың материктер мен мұхиттар географиясынан алған білімдерін тереңдету мақсатында факультативтік сабақтарды мынадай бағыттарда жүргізуге болады:
1) «Картография және топография» курсы:
Бұл курс оқушыларды топографиялық, геодезистердің және картографтардың жұмыс істеу әдістерімен таныстырады. Оқушылар топографиялық құрал-жабдықтар мен қондырғыларды орнату, тексеру және олардың жұмыс істеу тәсілдерімен танысады, карта жасаудың қарапайым әдіс-тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар оқушылар географиялық карталарды түсіну, оқи және олармен жұмыс жасай білу біліктілігі мен дағдыларын жетілдіреді. Карталардың түрлері мен қолдану аясын ажырата білу мүмкіншілігін кеңейтеді.
2) «Геология» курсы:
Бұл курста оқушылар жерде таралған тау жыныстарының коллекциясын жинау, олардың түрлерін анықтау арқылы сол жердің геологиялық тарихымен танысады. Оқушылар жергілікті жерге тән пайдалы қазбалардың қалыптасу және таралу заңдылықтарымен танысып олардың шаруашылық маңызын анықтайды. Туған жер табиғатының қыр-сырын танып-біліп, оның байлықтарын қорғау мен тиімді пайдалану қажеттілігін түсіну арқылы оқушылардың патриоттық сана-сезімі тереңдеп, экологиялық тәрбие беру мүмкіндігі артады.
3) «Дүниежүзілік мұхит экологиясы» курсы:
Бұл курста дүниежүзілік мұхит суларының минералдық, биологиялық және энергетикалық қорлары олардың шаруашылық маңызы және табиғат байлықтарын тиімді пайдаланудың жолдары қамтылады. Сондай-ақ дүниежүзілік мұхит суларын шаруашылық қажетіне пайдалану барысында туындайтын экологиялық проблемалар және оларды жеке елдер мен халықтарлық деңгейде шешудің жолдары қарастырылады. Бұл курста дүниежүзілік мұхитты зерттеумен айналысқан атақты француз ғалымы Жак Ив Кустоның ғылыми зерттеу экспедициясының еңбектері мен бейнефильмдерін кеңінен пайдалану қажет. Осы арқылы оқушылардың бойында ізденімпаздық, табандылық пен ержүректік батылдық сияқты ізгі қасиеттерді де дамытуға болады. Курсты оқып үйрену барысында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің біртұтас жүйесі жүзеге асырылады.
4) «Елтану» курсы:
Оқулықтың көлемі мен оқу бағдарламасы дүние жүзі елдері мен халықтары туралы қызғылықты мәліметтерді енгізуге толық мүмкіндік бермейтіндіктен елтану бағытындағы факультативтік курс аса қажет. Оқушылар хрестоматиялық, ғылыми-көпшілік, көркем әдебиеттерден елдер мен халықтар туралы қосымша деректер жинақтауға үйреніп, география сабақтарынан алған білімін толықтырады. Мұғалім оқушыларға жеке тапсырмалар беру арқылы реферат, хабарламалар дайындауға, ізденуге, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге, өз бетінше білім алуға бағыттайды. Бұл курсты оқып үйрену барысында да оқу фильмдерімен компьютерлік компакт-дискілерді пайдаланудың тиімділігі мен мүмкіншілігі артады.
Факультативтік курстар мектептің таңдап алған бағыты мен оқу бағдарламасының мүмкіншілігіне орай, аптасына бір сағат көлемінде өткізіледі. Факультативтік топ өз қалауы бойынша қатысуға тілек білдірген 15-тен кем емес оқушыдан тұрады. Кейбір факультативтік курстар бойынша бұрын жарық көрген әдістемелік нұсқаулар бар.
