Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар жинагы сыныптан тыс.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.28 Кб
Скачать

Лекция №8 Тақырыбы : Географиялық конференция

Географиялық конференция – оқушының географияға, қызықты әдебиеттерге деген қызығушылығын арттырудың бір түрі. Конференцияда комплексті тақырыпқа байланысты бірнеше баяндамалар оқылады. Тақырыптық конференциялар дайындық жұмыстарын, тақырып таңдауы, жоспар құруды, әдебиеттер таңдауды, баяндама құрастыруды, қажетті көрнекті құралдар дайындайды талап етеді. Баяндаманы бірнеше үйірме мүшелері дайындайды. Үйірме мүшелері сұрақтар дайындау үшін алдын – ала конференцияның тақырыбы мен жоспары хабарланады.

Конференцияға дайындық мұғалімнің басшылығымен жүргізіліп отырады. Тақырып маңызды мәселелерді қамтитын комплексті түрде таңдалып алынады. Сипаты мен тақырыбы бойынша конференция жоғары класс оқушыларының білім деңгейіне сәйкес келеді.

Конференцияның басты ерекшелігі оқушылар әдебиеттермен жұмыс жасауға, анализ жасауға үйренеді.

Лекция №9 Тақырыбы : Үйірме жұмыстары.

Үйірме – кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі және маңызды түрлерінің бірі. Үйірмені барлық оқу пәндері бойынша ұйымдастыруға болады. Үйірмеге берілген тақырыпқа қызығатын әртүрлі жастағы балалардың қатысуына болады. Үйірме – аптасына бір рет немесе одан да жиі болып тұрады. Біршама белсенді үйірмешілердің арасынан үйірме кеңесі сайланады.

Үйірменің түрлері

Географиялық журналдар, альбомдар, газеттер шығару

Географиялық ақпарат жинақтау

Географиялық әдебиеттерді оқу

Үйірменің түрлері

Географиялық ойындар

Географиялық викториналар жұмбақтар

Географиялық көрме мұражай

Үйірме жұмыстары өзінің бағыты бойынша көптеген мектептерде «Географиялық өлкетану үйірмесі» деп аталады. Оқушылардың өз өлкесін оқу негізінен география, тарих, биология пәндері және осы пәндер бойынша кластан тыс жұмыстар арқылы жүзеге асады.

Өлкетану үйірмесі өзің туған, өніп - өскен жерінді танып білуге, зерттеуге үйретеді. Зерттеу нәтижесінде жинақтарлағн өлкетанымдық материалдар арқылы әр адамда өзіндік географиялық көзқарас қалыптасады. Үйірме барысында туған өлкеде табиғат құбылыстарын бақылау, практикалық жұмыстар, туристік экскурсиялар, зерттеулер жүргізіледі. Өлкетанымдық ұстаным география пәнін мынадай зандылық бойынша: «белгілі нәрсе арқылы білмейтінінді анықтау, жақын дүниені білу арқылы алысынды тануды» оқытуға дағдылайды.

Лекция №10 Тақырыбы : Географиялық өлкетану үйірмесі

Оқу процесіндегі 45 минут уақыт оқушының қызығатын сұрақтарына толық жауап беруге мүмкіндік бермейді. География пәніне деген қызығушылықты, ондағы қызықты сұрақтарға жауапты оқушы кластан тыс уақыттарда қарастырады. Оқушылардың уақытын тиімді пайдалануына, әрі парасатты дем алуына мүмкіндік жасау үшін мектептерде үйірмелер ұйымдастыру керек. Үйірмеге қатысқан оқушы әрі бос уақытын тиімді пайдаланады, әрі білімдерін тереңдете түседі, сонымен қатар іскерліктері мен дағдылары қалыптасады.

Үйірмені барлық оқу пәндері бойынша ұйымдастыруға болады. География пәніне қызығатын оқушылардан географиялық үйірме ұйымдастырғанның мәні өте зор, егер ол өлкетанымдық бағытта құрылса. Өйткені оқушылар өз өлкесінің географиясы туралы көп нәрсе білмейді.

Осындай мақсатпен, яғни оқушыларда өз өлкесінің географиясы туралы түсінік қалыптастыру үшін Тараз қаласындағы № 50 Ө. Жолдасбеков атындағы қазақ орта мектебінде географиялық өлкетану үйірмесі ұйымдастырылған.

Кесте 4. Өлкетану үйірмесінің көздеп отырған бағыттары

Өлкетану үйірмесінің көздеп отырған бағыттары

Оқушыларды отангерлік рухта тәрбиелеу

Туған өлкенің тарихын, жер бедерін, табиғатын зерттеу арқылы білімін терендету

Жекелеген оқушының пәнге сүйіспеншілігін арттыру, олардың келешек мамандықтарын таңдауларына көмектесу

Географиялық өлкетану үйірмесінің мазмұны мынадай:

Туған жердің жер қартысын зерттеу, өсімдіктерін, жан – жануарларын, микроклиматындағы айырмашылығын зерттеп, салыстыру;

Адамзаттың әсерінен табиғи ортаның қалай өзгергенін зерттеу;

Жер бетінің эрозияға ұшырауы, су аңғарларының өзгеруі, салу сияқты құбылыстарды бақылау;

Тұрған мекеннің (қала, ауыл) тұрғындарының географиялық құбылысын анықтау;

Тұрғындардың немен, қандай шаруашылықта жұмыс істейтіндігі жайлы, табиғаттың әсері жайлы зерттеулер жүргізу;

Жеке кәсіпорын, мекемені зерттеу;

Туған жердің, ауданның, қаланың физикалық – экономикалық карталарын жасау.