Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар жинагы сыныптан тыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.28 Кб
Скачать

Лекция №5 Тақырыбы :Географиялық апталық

Кластан тыс жұмыстар ретінде өткізілетін іс – шараның бір түрі - 6-11 кластар арасындағы мектепішілік географиялық апталық. Географиялық апталықты жалпы «Геотуристік апталық» деп атап, апталықтағы әр күнді жоспарлап қоюға болады. Әрбір күннің жоспары мынадай болуы мүмкін, мысалы, әрбір күні белгілі бір тақырыпқа ашық сабақ, конференция, т.с.с. іс – шаралар өткізуге болады.

Төменде № 50 Ө. Жолдасбеков атындағы қазақ орта мектебінде өткізілген географиялық апталық кезіндегі географиялық кеш пен географиялық олимпиаданың үлгі – жоспары көрсетілген.

Географиялық апталықтың жоспары

Аптаның дүйсенбі күнінің бағдарламасы: «Өз өңіріңнің тарихы мен географиясы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар өз өңірлерінің географиялық орнынын сипаттап, табиғи жағдайы мен ресурстары, өсімдік және топырақ жамылғысы, жануарлар дүниесі, тарихи – мәдени және әлеуметтік орындары, халқы мен шаруашылық салалары, табиғат қорғау және экология мәселелері, өлкенің бет – беделі мен туристік мүмкіндіктері жайлы тақырыптарда рефераттар жазды.

Аптаның сейсенбі күнінің бағдарламасы: «Қызықты геотуризм» атты турнир – жарыс өткізілді. Онда шартарап жаңалықтар, географиялық ойындар, өлкетану – туризм бағытында ойша саяхаттар сияқты бағдарламалар қамтылды.

Аптаның сәрсенбі күнінің бағдарламасы: «Туған жер табиғатын аялайық» тақырыбында конференция ұйымдастырылды. Осы бағытта оқушылар баяндама дайындады.

Аптаның бейсенбі күнінің бағдарламасы: «Кең байтақ Қазақстаным» географиялық КВН өткізілді. Мұнда оқушылар республикада мекендейтін ұлт өкілдерінің әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін, т.б. көріністер көрсетті.

Аптаның жұма күнінің бағдарламасы: Бұл күні мектепішілік олимпиада ұйымдасырылды Олимпиаданың үлгі – жоспары төменде көрсетілген.

Аптаның сенбі күнінің бағдарламасы: Апталықтың қорытындысы ретінде географиялық кеш өтті. Географиялық кештің бағдарламасы төменде ұсынылған.

Лекция №6

Тақырыбы : Географиялық секция

Секция деп географиялық үйірмелердің үлкен бөлігін түсінуге болады. Мысалы, геологиялық секция, геоботаникалық секция т.б. бірақ бұл аймақтық секция да болуы мүмкін. Оның негізін географиялық тақырыптар құрайды. Аймақтық секция туризммен де шұғылдануы мүмкін. Ол үшін туризмнің кез келген т.рін таңдауға болады: жаяу, таулы, велосипедті, сулы, шаңғылы т.б

Лекция №7

Тақырыбы : Георафиялық қоғам

Географиялық қоғам – кластан тыс жұмыстардың бұл түрі жаңадан пайда болды. Географиялық қоғам мен үйірменің арасында қандай айырмашылық бар? Ең алдымен, кластан тыс жұмыстар көлеміне қарағанда географиялық қоғамға көп оқушылар қатысады. Оның атқаратын жұмыстары да біршама күрделі. Оның даму мақсаты – мектеп ықшам ауданындағы тұрғындар, сондай – ақ оқушылар арасында ғылыми географиялық білімді насихаттау. Жұмыстың бұл түрі ізденіс және зерттеу жұмыстарына негізделеді.1