- •Лекция №1
- •Лекция №2
- •Жұмыстардың маңызы оларды өткізу жолдары.
- •Лекция №3 Тақырыбы : Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.
- •Лекция №4 Тақырыбы : Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу әдістері.
- •Лекция №5 Тақырыбы :Географиялық апталық
- •Лекция №8 Тақырыбы : Географиялық конференция
- •Лекция №9 Тақырыбы : Үйірме жұмыстары.
- •Лекция №10 Тақырыбы : Географиялық өлкетану үйірмесі
- •Лекция №11 Тақырыбы : Географиялық кеш
- •Лекция №12 Тақырыбы : Географиялық экскурциялар
- •Лекция №13 Тақырыбы : Географиялық олимпияда
- •Лекция №14 Тақырыбы : Географиядан факультатив сабақтары
- •Лекция №15 Тақырыбы : Географиялық сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні
Лекция №1
Кіріспе.
1. Пәннің негізгі мақсаттары мен міндеттері және пәнаралық байланыстары.
2. География сабақтарындағы кластан тыс жұмыстардың мектеп курсында бейнеленуі.
География пәнінен сыныптан тыс жұмыстар білім берудің маңызын, мәселесін шешуге көмектеседі, яғни оқушының шығармашылық қабілетін дамытады.
Сабақтан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні де өте жоғары.ол өз аймағының табиғатын және экономикасын тереңірек оқыта отырып, оқушының Отан сүйгіштігін, өз елінің байлығын дұрыс қолдануға, табиғи ескерткіштерді, тарихын, мәдениетін т.б. қорғауға көмектеседі.
Сабақтан тыс жұмыстар география білімін тереңдете отырып, оқу жұмыстарымен де тығыз байланысты. Бірақ сабақтан тыс жұмыстарда оқушы саны аз болады, өйткені мұнда тек пәнге қызығатын санаулы оқушылар жұмыс істейді. Бұндай сабақ түрі теориялық білімді практикалық жұмыстармен байланыстыра отырып көптеген жақсы нәтижелер әкеледі. Кластан тыс жұмыстарды жүргізу процесі кезінде әртүрлі әдістерді пайдалана және оқушылардың ынтасын дамыта отырып, география пәнінің мұғалімі географияның кейбір мәселелерін тереңнен оқытып қана қоймай, сонымен қатар қызықты етіп оқушылардың демалуына, қоғамдық және еңбек қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасайды, ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулиды. География пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаттары мыналар:
оқушыларды табиғатты түсінуге және оған сүйіспеншілік туғызуға үйрету;
өз аймағы туралы, оның табиғаты, шаруашылығыкасы, мәдениеті жайлы білімдерін тереңдету;
оқушылардың табиғи орта және халық шаруашылығының орналасуы туралы түсінігін дамыту;
география пәнін оқуға қызығушылғын ояту;
Жалпы орта білім беретін мектептердегі география сабақтарындағы кластан тыс жұмыстардың теориялық педагогикалық негіздерін айқындау.
География сабақтарындағы калстан тыс жұмыстарға талдау жасау арқылы түрлерін анықтау.
География сабақтарындағы кластан тыс жұмыстарындағы кластан тыс жұмыстардың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау.
Курстың міндеттері:
Жалпы орта білім беретін мектептердегі география сабақтарындағы кластан тыс жұмыстардың теориялық педагогикалық негіздерін айқындау.
География сабақтарындағы кластан тыс жұмыстарға талдау жасау арқылы түрлерін
анықтау.
География сабақтарындағы кластан тыс жұмыстардың тиімді әдіс–тәсілдерін анықтау.
Лекция №2
Тақырыбы: География сабақтарындағы сыныптан тыс және мектен тыс
Жұмыстардың маңызы оларды өткізу жолдары.
1.География сабақтарындағы сыныптан тыс және мектен тыс жұмыстардың маңызы.
2.Ұйымдастыру жолдары. Оқушылардың географияға қызығушылығын қанағаттандыру және тереңдету жолдары
Оқушылардың дем алуға және көңіл көтеруге, сонымен қатар өздерін қызықтыратын саламен айналысуға оқу және үй жұмыстарына бөлетін уақыттан басқа бос уақыттары болады. Осы кезде олар мектептегі кластан тыс жұмыстарымен айналысады.
Барлық оқу пәндері бойынша мектептерде кластан тыс жұмыстар жүргізіледі. Басқа да оқу пәндері сияқты география пәнінен де кластан тыс жұмыстар жүргізуге болады. Себебі, география оқушыларды қатты қызықтартын сұрақтарға өте бай. Ал оны уақыттың шектеулігіне байланысты сабақ үстінде толық қамту мүмкін емес.
Кластан тыс жұмыстарға оқушылар өз еріктерімен қатысады. Кластан тыс жұмыстар оқушылардың белсенділігі мен ынтасы негізінде жүргізіледі. Мұндай жұмыстар жыл сайын жүргізіліп отыру қажет, себебі оқушылар одан пайдалы, қызықты мағлұматтар алып отырады. Кластан тыс жұмыстарды жүргізу кезінде кез – келген тақырып немесе жұмыс оқушыға міндет етіп жүктелмейді. Мұғалім тек бағыт беріп отыру керек. Осы жерде мұғалінің ролі әрдайым оқушыларды ынталандырып, оларға бағыт – бағдар бере отырып, олардың жауапкершілік сезімдерін қалыптастырады.
Мұғалім кластан тыс жұмыстарды келесідей ұйымдастыра алады: 1. Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, көзқарасын ескере отырып, тапсырмаларды жеке немесе әртүрлі тақырып бойынша беруіне болады. 2. Барлық оқушыға берілетін тапсырма бірдей, бірақ орындау әдісі әртүрлі болуы мүмкін1.
География оқу процесс кезінде мұғалім толық қамти алмайтын қызықты сұрақтардан, әртүрлі мәселелерден тұрады ( мысалы, табиғаттың ғажайып құбылыстары, саяхатшылардың саяхаты, т.б.). Оқушыны алыс және зерттелмеген жерлерге саяхат, саяхатшылардың әңгімелері, географиялық ашылулар қызықтырады. Жоғары класс оқушылары экономикаға, транспортқа, әлемдік шаруашылыққа, т.б. әлеуметтік – экономикалық мәселелерге қызыға бастайды. Оқушылардың осы қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында мұғалім білімге құмар оқушыларды кластан тыс жұмыстарға еліктіреді. Географияға деген қызығушылық оқушыларда өздігінен қалыптаспайды. Мұндай қызығушылықты оқушыларда ояту мұғалімнің міндеті.
