Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция МБТ жана(3)(1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
267.9 Кб
Скачать

8.5 Мемлекет пен қоғамның; мемлекет пен оның азаматтарының құқықтық қатынастарын реттеу

Мемлекеттік - құқықтық ілімдер тарихында құқық белгілі нысанда қабылданатын заңның алғы шарты ретінде қарастырылады. Құқық адамдардың қоғамдық және жеке іс - әрекеттерін реттеудегі қажеттіліктермен және мүдделерімен байланысты. Ол тұлғаның бостандығын, адамгершілікті, әлеуметтік әділеттілікті, қоғамдық процесстердің тарихи тұрақтылығы мен беріктігін қамтиды. Яғни, құқық билік етуші топтардың, монархтың еркі емес, солардың қалауы бойынша пайда болмайды, жоғары мемлекеттік билік бекіткен жай заң емес, адамдардың ынтымақтастығын, бір - біріне байланыстылығын білдіретін олардың сана - сезімінің, мінез - құлқының, қызметтерінің және қатынастарының белгілі құрамдас бөлігі.

Құқықтық реттеу әлеуметтік, нормативтік және тәжірибелік аспектілердің бірлігін білдіреді. Адамдардың жеке қарым - қатынасын емес,олардың қоғам қатынастарын ретейтіндіктен құқықтық реттеу әлеуметтік сипатқа ие болады. Ол адамдардың сана - сезімдерінде олардың болашақтағы өмірі үшін өзекті, маңызды мәселелердің қалыптасуымен байланысты. Болашақта қолданыста болатын тәртіп нормасынан тұратын құжатты әзірлеу өткен кезеңдегі ақпараттар белгілі бір әлеуметтік игіліктерге деген сұраныстар негізінде жүргізіледі. Сондықтан, құқықтық реттеу әлеуметтік мағынада болжамдық сипатқа ие болады, яғни адамдар өздерінің ертеңгі күнін құра алады. Осыған байланысты заң шығару ісі жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, қоғамның еркін тіршілік әрекетінің қағидасына (императивіне), қоғамдық қатынастардың адамгершілігіне (гуманизм), әлеуметтік әділеттілікке, халықтар арасындағы бейбіт өзара байланысқа сай болуы керек. Ол ғылыми тілде заңға сәйкес келушілік (легитимность) және заңдылық түсініктермен сипатталады. Егер заңдылық іс - әрекеттің заң нормаларының талаптарына сай болуымен анықталса, легитимдік заңның құқық мәнісіне сай болуының, яғни заңның қаншалықты қоғамдық өмірдің обьективті негіздеріне сәйкес келетіндігін және сол арқылы адамдардың сенімін тудыратынын білдіреді.

Құқықтық реттеудің құрылымы:

- Конституция мен заң шығару негізінде бекітіліп, обьективті түрде қалыптасқан;

- Мемлекеттік басқару қатынасының сипатына қарай;

- Жалпы атқарушы билік органы ішкі жүйелік нормативтік реттеу;

- Құқықтық қорғау негізіндегі реттеу;

- Аумақтар шеңберіндегі халықтың еркін білдіретін өзін - өзі басқаруға негізделген реттеу.

Нормативтік аспект дегеніміз - адамдар әрекетінің нормаларын немесе ережелерін әзірлеп, заңды түрде бекіту. Оның элементтері:

1. гипотеза - өмірдегі қарым - қатынастар мен әртүрлі жағдайлардан туындайтын нормалардың бір бөлігі;

2. диспозиция - іс - әрекет (тәртіп) ережесінің мән - мазмұнын анықтайтын субьектінің заңды құқықтары мен міндеттері;

3. санкция-тиісті нормалар диспозициясы мен гипотезаның орындалмаған жағдайда мемлекеттік биліктің қолданатын шараларынан тұратын норманың бір бөлігі.

Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері:

1.Адамның және азаматтың құқығын, бостандығын толық түрде қамтамасыз ету, жеке адамдарға құқықтық ынталандыру режимін жасау;

2.Құқықтың көмегімен мемлекеттік билікті біртіндеп байланыстыру мемлекеттік бөлімдер үшін құқықтық тежеу режимін құру.