- •Жаратылыстану ұғымының мазмұны
- •Физиканың негізгі мақсаттары мен міндеттері.
- •Механикалық қозғалыс түрлері. Механиканың негізгі заңдары
- •Дене қозғалыстарының мүмкін себептері. Табиғаттағы күштердің түрлері.
- •Энергия. Энергияның сақталу заңдары.
- •Электрлік ғылымының пайда болуы. Элементар электр заряды. Электростатикалық әсерлесу. Электр тогы.
- •Жарықтың кванттық қасиеттері: Фотоэффект. Комптон эффектісі.
- •Геометриялық оптиканың негізгі заңдары.
- •Рентген, ультракүлгін, инфрақызыл сәулелену. Радиотолқындар.
- •Жердің электромагниттік өрісі. Электрлік және магниттік әсерлесулерді қалай байқауға болады, олардың табиғаты қандай?
- •Жарықтың толқындық – корпускулалық дуализмі. Жарықтың толқындық қасиеттері: Интерференция, дифракция, дисперсия, поляризация.
- •Ядролық физиканың ролі. Ядроның құрамы. Күшті және әлсіз ядролық әсерлесулер.
- •Табиғаттағы элементар бөлшектер.
- •Радиоактивтіліктің ашылуы
- •Термодинамика заңдары. Энтропия. Флуктуация. Энтропияның тірі ағзалардың өмір сүру ұзақтығымен, мәліметтермен, жүйенің күй ықтималдығымен байланысы қандай?
- •Максвеллдің электромагниттік өріс теориясы.
- •Ядролық физиканың экологиялық проблемалары.
- •Ядролық реакциялар. Радиоактивтіліктің тірі ағзаларға пайдасы мен зияны.
- •Физикалық тұрақтылар.
Экзамен сұрақтары
Жаратылыстану ұғымының мазмұны
«Жаратылыстану» ұғымы екі сөзден құралған — «жаратылыс» (табиғат) және «тану»
немесе «білу». Бұл сөздің синонимі ретінде «табиғаттану» деген терминді келтіруге болады. Қазіргі кезде жаратылыстану термині дәл жаратылыстану ұғымын білдіреді. Дәл жаратылыстану — бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған (көбіне математикалық формулалармен) Ғаламдағы бар немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім (ғылым). Дегенмен, бұл ғылымның Табиғат туралы білімдердің ақырғы қорытындысы емес екендігі айқын, ол тек адамзатқа өзінің қазіргі даму кезеңінде белгілі болып отырған білім жетістігі ғана.
Жаратылыстануды не нәрсе қызықтырады? Танымның осы өте кең саласының алдында тұрған проблемалар сан алуаи: ғаламның құрылысы мен пайда болуынан Жердегі керемет құбылыс — тіршілік өмірдің молекулярлық механизмдерін танып білуге дейін.
Физиканың негізгі мақсаттары мен міндеттері.
Физика (көне грекше: φύσις — табиғат) — зат әлемді, және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.
Физиканың негізгі мақсаты - табиғатта болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды зерттеп, оларды өзара байланыстыратын заңдарды ашу. Мысалы, дененің жерге құлап түсуі Жердің оны өзіне тартуына байланысты туындайды. Жылдың төрт мезгілінің (қыс, көктем, жаз, күз) ауысуы Жердің Күнді айнала эллипс бойымен қозғалуы арқылы түсіндіріледі. Бұл мысалда төрт түрлі табиғат құбылыстары (дененің құлауы, Жердің тартуы, жыл мезгілдерінің ауысуы, Жердің Кунді айнала қозғалуы) аталып отыр. Осындай құбылыстардың арасындағы байланыстарды зерттей келе, физикада Ньютон заңдары, астрономияда Кеплер заңдары ашылды. Осылайша табиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды табу арқылы физика заңдары ашылады.
Механикалық қозғалыс түрлері. Механиканың негізгі заңдары
Механикалық қозғалыс. Механикалық жүйе. Механиканың негізгі моделі: материалдық нүкте, қатты дене, тұтас орта. Механикалық қозғалыс деп уақыт өзгерісінде кеңістікте дененің басқа денелерге қатысты орын ауыстыруын айтамыз. Механикалық қозғалыс – салыстырмалы. Бір дененің әр түрлі денелерге қатысты қозғалысы әр түрлі болады. Дененің қозғалысын сипаттау үшін қозғалыс қай денеге қатысты қарастырылатынын белгілеу қажет. Бұл денені санақ денесі деп атайды. Санақ денесі және уақыт – санақ жүйесін құрап, ол қозғалған дененің кез келген уақыттағы орнын анықтауға мүмкіндік береді. Тек механикалық процестер өтетін жүйелер механикалық жүйе деп аталады. Тұйықталған механикалық жүйеде потенциалдық және кинетикалық энергиялардың қосындысы тұрақты шама болып қалады (мұндай жүйелер консервативтік деп аталады). Дененің еркін түсуі кезінде кез келген уақыт мезетінде оның кинетикалық және потенциалдық энергиясының қосындысы тұрақты болатынын ескеру керек. Әрбір дене белгілі бір өлшемдерге ие. Дененің әр түрлі бөліктері кеңістіктің әр түрлі жерлерінде орналасады. Берілген есептің шартында дененің өлшемі мен формасын ескермеуге болатын денені материалдық нүкте деп атайды. Мәселен, оны ғаламшарлардың Күннің айналасындағы қозғалысын зерттегенде алуға болады. Бұл нәрсе деформацияланбайды, айнала алмайды. Материалдық нүктенің механикалық энергиясы тек қана оның кинетикалық энергиясы түрінде ғана жинақтала алады. Басқаша айтқанда, материалдық нүкте ең қарапайым механикалық жүйе; ең аз еркіндік дәрежесі бар механикалық жүйе. Абсолют қатты дене – ешбір жағдайларда да деформацияланбайтын дене және барлық жағдайларда да бұл дененің екі нүктесінің немесе екі бөлшегінің арақашықтығы өзгеріссіз қалады. Өзгермелі тұтас орта – қатты денелердің, сұйықтықтар мен газдардың қозғалысын зерттегенде олардың молекулалық құрылымын ескермеуге болатын жағдайда қолданылатын ұғым.
