- •1. Менеджментке анықтама беріңіз. Көп анықтама ішінен осы вариантты таңдағаныңызға негіздеме беріңіз.
- •2. Өздерінің нәтижелігі мен тиімділігімен көзге түскен қазақстандық ұйымдарынан мысалдар келтіріңдер. Басқарудың «дұрыс» жолы жоқ екенін дәлелдейтін мысал келтіріңіз.
- •3. Кәсіпкер, менеджер және іскерлік ұйым мысалдарын келтіріңіз. Төменгі, орташа және жоғарғы деңгейдегі басшылардың рөлдерін анықтаңыз.
- •4. Көне заманындағы ұйымдар мен заманауи ұйымдары арасындағы
- •5. Басқарудың концептуалдық, адами және техникалық дағдыларының өзара байланысы мен менеджмент деңгейлерін суреттеп беріңіз.
- •9. Менеджменттің классикалық бағытта даму тарихына қысқаша экскурс жасаңыз.
- •10. Менеджменттің гуманистикалық бағытта даму тарихына қысқаша экскурс жасаңыз.
- •11. Менеджменттің дамуында заманауи тенденцияларын атап өтіңіз
- •12. Ұйымның сыртқы ортасын сипаттаңыз
- •13. Ұйымның жалпы (басты) ортасына сипаттама беріңіз
- •14. Ұйымның міндеттер ортасына (функционалдық ортасына) ортасына сипаттама беріңіз.
- •15. Корпоративтік мәдениетке анықтама беріңіз және қысқаша корпоративтік мәдениет типтерін сипаттаңыз.
- •16. Халықаралық менеджментке анықтама беріңіз және халықаралық ортаның негізгі факторларын атап өтіңіз
- •17. «Бақару этикасы» түсінігіне анықтама беріңіз және адам мінез-құлқының үш саласын сипаттаңыз
- •18. Басқаруда этикалық шешімдерді қабылдауға негізді қамтамасыз ететін төрт көзқарасты суреттеп беріңіз
- •19. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке анықтама беріңіз және компанияның әлеуметтік жауапкершілік критерилерін атап өтіңіз.
- •20. Кәсіпкерлік пен кәсіпкерге анықтама беріңіз. Кәсіпкерлердің сипаттамаларын атаңыз және шағын кәсіпорын иелерінің бес типін суреттеп беріңіз
- •22. «Миссия», «мақсаттар», «жоспарлар» түсініктеріне анықтама беріңіз
- •23. Өндірістік ұйымының мақсаттар иерархиясы мысалын келтіріңіз.
- •24. Жоспарлаудың дәстүрлі көзқарастары мен жоспарлаудың заманауи әдістері арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз
- •25. Компанияның негізге алатын стратегияларына сипаттама беріңіз
- •26.Жаһандық корпоративтік стратегияларды және ұйымдастырушылық стратегиялардың деңгейлерін суреттеп беріңіз.
- •27.Стратегиялық менеджмент үдерісін, bcg матрицасын суреттеп беріңіз.
- •32. Шешімдерді қабылдаудың бес стиліне сипаттама беріңіз және турбуленттік жағдайда шешімдерді тиімді қабылдау ережелерін атаңыз.
- •33. Адам ресурстарын басқарудың стратегиялық рөлін негіздеңіз.
- •34. Заманауи жағдайда адам ресурстарын пайдаланудың негізгі мәселелерін атап өтіңіз.
- •36. Көшбасшылықты зерттеуде қолданатын мінез-құлықтық көзқарастың мәнін ашыңыз.
- •37.Көшбасшылықты зерттеуде қолданылытын жағдайлық көзқарастың мәнін ашыңыз.
- •38. Көшбасшылар билігінің және адамдарға ықпал жасау тактикасының көздері неде екенін түсіндіріңіз.
- •39. Мотивация мәнін және қызметкерлерді мотивтендірудің дәстүрлі мен заманауи көзқарастарының арасындағы айырмашылықтарды ашыңыз.
- •40. Мотивацияның мазмұндық пен процесcтік теорияларының мазмұнын ашыңыз.
- •41.Тиімді менеджмент үшін коммуникацияның маңыздылығын негіздеңіз, коммуникация үдерісінің моделін келтіріңіз, коммуникация кезінде туатын кедергілермен күресу жолдарын атаңыз.
- •42.Бақылау мәнін ашыңыз. Бақылау үдерісінің этаптарын келтіріңіз, заманауи жағдайда бақылаудың даму тенденцияларын атап өтіңіз.
- •44. Түсіндіріңіз неге үш ұйым – зауыт, аурухана және университет – тарапынан әлеуметтік жауапкершілік әртүрлі көрінеді.
- •45. Кейбір қазақстандық ұйымдарда этикалық тұрғыдан өзін – өзі дұрыс ұстамау тенденцияларының көріну себептерін түсіндіріңіз.
- •46. Өзіңіз оқитын университетте ақпаратпен алмасу үдерісіне ықпал жасайтын факторлар.
- •48. Мұнай компаниясы, аурухана және университеттің жоспарлау үдерісінде болатын айырмашылықтарды түсіндіріңіз.
- •Шектелген өсім, өсім, қысқарту және оларды үйлестіру стратегияларын ұстайтын қазақстандық компаниялар арасынан мысалдар келтіріңіз.
- •51. Қамшы мен тәтті күлше арқылы мотивтендіруді бүгінде тиімді қолдануға болатын жағдайды суреттеп беріңіз.
- •53. Басқарудың демократиялық стилі әрқашанда тиімді бола бермейді, осыған нақты мысал келтіріңіз.
53. Басқарудың демократиялық стилі әрқашанда тиімді бола бермейді, осыған нақты мысал келтіріңіз.
Басқарудың демократялық стилі – басшының бағынушыларына қандайда бір шешім қабылдау мен орындауына ерекше сеніммен қарауға негізделген басқару түрі. Бұндай басшы жұмысшылардың интеллеектуалды мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін жұмыста психологиялық жағдайды қолайлы етуге тырысады.
Басқару – адамдардың кәсіптік қызметі. Бұл қызметтің мән мазмұнын айқындау үшін оның анықтамасынан бастайық. Басқару – бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен (еңбек) жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету.
Осы анықтамадан бірқатар қорытынды жасауға болады. Басқару ең алдымен ықпал ету, демек мұның өзі сол әрекетке билік ету қажеттігін көрсетеді.
«Мақсаттылық» анықтамасы басқару міндетін – ұжымның алдына қойған мақсатына жетуін қамтамасыз етуді көздейді. Оның үстіне мақсат қою да басқару міндеті.
«Жүйелілік» анықтамасы дүркін-дүркін емес, жүйелі, үздіксіз жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді.
Әрекеттің осындай міндетті бірізділігін басқару процесі деп атайды. Әр түрлі деңгейде басқару прцестерінің күрделілігіне және алуан түрлілігіне қарамастан, Д. Н. Бобрышев осы категорияға – басқару процесіне біршама жалпылама анықтама береді. Басқару процесі – бұл шешімді шығаруды, қабылдауды, қабылданған шешімнің орындалуы жөніндегі жұмыс барысын үйлестіруді, қабылданған шешімнің орындалу барысын бақылауды бірізділікпен жүзеге асыру (1 схема). Бұл анықтама басқару әрекетінің мазмұнын да ашады.
Басқару процестерін басқарудың көптеген жүйелері мен салаларында жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелерде, колхоздар мен тасымалдау орындарында, құрылыс пен жоғары оқу орындарында. Яғни, адамдар еңбек ететін ұжымның барлығында белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып саналады. Басқару процесі мемлекеттік деңгейде де, шаруашылық ұйымында да бірдей жүргізіледі. Стратегиялық және жедел проблемаларды шешкен кезде ол бір мақсатты көздейді, әрине, мұндай жағдайда көбінесе «Стратегиялық басқару», «жедел басқару» секілді терминдерді пайдаланады. Бірақ мұнда басқару мазмұны өзгермейді.
Басқару функциясы – басқару қызметінің нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылады.
Әрбір басқару функциясы процесс болып саналады, өйткені, бұлар да өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару функциясы барлық функцияның жалпы жиынтығы. Функция – көпмәнді термин. Философияда бұл екі объектінің (топтың) қарым-қатынасы, онда біреуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне түрткі болады, социологияда – белгілі бір әлеуметтік институт немесе жеке әлеуметтік процесс жоғары деңгейдегі қоғамдық жүйенің қажетін орындайды.
Функция – бұл сонымен қоса әрекет, міндет, жұмыс. Бұл мағынада функция ұғымы басқару функциясының категориясын анықтаған кезде басқару теориясында, сондай-ақ олардың ұйымдастыру жүйесіндегі басқа функциялардан - өндірістік, әлеуметтік т. б. өзгешелігін көрсету үшін пайдаланылады.
Басқару функциясының өзіндік өзгешелігі, ерекше мазмұны болады, әрі дербес жүзеге асырылуы мүмкін. Оларды кез келген басқару саласындағы адамдар қызметіне теңдестіруге болады. Шындығында, кез келген салада басқару үшін шешімді әзірлеу және қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру, оның орындалу барысын үйлестіру, орындалу нәтижесінбақылау жәнеде осы деректердің негізінде келесі шешімді шығару және қабылдау қажет.
1 - схема. Басқару процесінің мазмұны
Басқарудың барлық функциясы бір-біріне тығыз байланысты, сонымен қоса, олар бір-бірімен сіңісіп кетеді. Жоғарыда атап көрсетілгендей, басқару функциясына деген көзқарас және олардың жіктелуі алуан түрлі. «Менеджмент негіздері» кітабының авторлары (М. Х. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури) басқару қызметінің елеулі түрлерін шағын категорияларға бөледі. Мұның өзін қазіргі кезде барлық ұйымдарға қолдануға болады. Авторлардың пікірінше, басқару процесі олардың өзара байланысты функцияларынан: жоспарлаудан, ұйымдастырудан, мотивация және бақылаудан тұрады.
60.Өз университетіңізге жағдайлық талдау (SWOT-анализ) жасаңыз. Университет басшылары осы жерде сіз қарастырған факторларды ескерді ме, сол туралы баяндаңыз. Университеттің сапалығын жоспарлау үшін нақты және тиімді құралдарды қолдану қажет. Олар университеттің әрекетіне әсер ететін факторларды ашып көрсетуі қажет. Осындай механизмдердің бірі – сапа жоспарын және құрылымдық бөлімшелерін құру барысында негізгі бағыттарды анықтауға көмектесетін SWOT талдау. Бұл университеттің қуатының анық бағасын және қызмет көрсету нарығында ақылы немесе ақысыз төңірегіндегі жағдайын көрсетеді. Талдау жасау барысында ішкі және сыртқы факторлар есепке алынады. Ішкі факторларға ұтымды және әлсіз жақтары, ал сыртқы факторларына қауіптері мен мүмкіндіктері жатады.\Ұтымды жақтары:Универститет нақты дәрежесін , көпсалалы білім берумен айналысатын мемлекеттік ғылыми ұйым екендігін көрсетеді. Негізіне ғылыммен айналысуға бағытталған, ғылым ордасы болып саналады. Қазақстандағы алдыңғы қатардағы беделді жоғарғы оқу орны. Университет ертеден келе жатқан үлкен тарихы бар білім мен ғылым саласындағы ғылыми мекеме. Қазіргі таңда мемлекеттің ғылым мен білім саласының дамуына үлкен септігін тигізіп келе жатыр.Оқытушылар құрамы да өте білікті мамандардан құралған. Көбінесе осы университеттің түлектері. Шет елден тәжірибе жинақтап отырады.Университет шетелдік оқу орындарыме тығыз байланыста. Бірлескен бағдарламар бойынша көптеген жобалар жасап жатыр. Академиялық мобилділік бойынша студент алмасу, шет елде тәжірибеден оту оң әсерін беріп жатыр. Әлсіз жақтары:\Университеттің заманауи технологиялармен жабдықталу мәнді емес. Мысалы, суперкомпьютер университете жоқ. Суперкомпьютермен ғылыми зерттеулердің нәтижесін алуды тиімділеуге болады. Және де суперкомпьютерде нақты жұмыс істей алатын мамандар жоқтың қасы. Студенттерді ынталандыру жұмыстарының аз болуы. Мысалы студент белгілі бір жобамен айналысқысы келеді. Бірақ ол өзі қанша іздегенімен қалаған нәрсесін таппауы мүмкін. Осындай кезде оқу орны тарапынан бағыт бағдар беріп және басқа студенттер қызығатындай қылып жақсы жобалар тауып берсе, сосын қадағалап отырса студент сонымен айналысып жаксы тәжірибе алып шығады. Бұл студенттер арасында бәсекелестік тудырады, жаксы бір жобалардың шығуына түрткі болады. Тың таланттар пайда болады.-Оқу орнында білім беру барысында теориялық бөлігінің көп болуы. Бұл студентті жалықтырып жіберуі мүмкін. Негізінен практикалық бөлімі көбірек болса және оны оқытушылар жоғарғы дәрежеде өткізсе мықты мамандар сонда шығады.Мүмкіндіктері:Кез келген оқу орнымен мамандар дайындауда бәсекеге түседі. Бұл бойынша жыл сайын мемлекеттен гранттардың көп бөлігі осы оқу орнына бөлнеді.
