Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekzamen_Menedzhment сонгы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.24 Кб
Скачать

36. Көшбасшылықты зерттеуде қолданатын мінез-құлықтық көзқарастың мәнін ашыңыз.

Бұл тәсіл көшбасшының жеке қасиеттеріне емес, оның мінез-құлығына көп көңіл бөледі: олар не істейді, қалай істейді. Бұл тәсіл лидерліктің көздеген мақсатының алға жылжуына үлес қосқанымен, оның кемшілігі бар – басқарудың жалғыз оптималды стилінің бар екендігі. Мінез-құлықтық тәсіл талдау жасау мен басқару стильдерін жіктеп құрауға көмек көрсетті, дәлірек айтқанда, бұл – басқарушының қол астындағы бағынушыларымен ара қатынасы. Зерттеушілердің ойынша көшбасшылық мінез-құлықтың екі негізгі типіне негізделеді: тапсырмаға бағытталған мінез-құлық және бағыныштылармен қарым-қатынасқа бағытталған мінез-құлық. Тапсырмаға бағытталған мінез-құлық,яғни бұл жерде жұмысқа көңіл бөлетін басшылар қызмет етеді, ол бәрінен бұрын жобалау мақсатының қамын ойлап, сыйақы арқылы еңбек өнімділігін көтеру жүйесін ойластырады. Бағыныштылармен қарым-қатынасқа бағытталған мінез-құлық:мұнда адамға көңіл бөлетін басшылар қызмет етеді, олар еңбек өнімділігін көтеруде, адамдардың арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру жолына көп көңіл бөледі. Мұндай басшы өзара көмекке сүйенеді, жұмысшылардың шешім қабылдауына, қатысуына толықтай мүмкіндік береді. Басқарушы түрлері. Автократ өте төменгі деңгейдегі бағынушыларының қажеттілігін әрқашанда өтеуге тырысады. Автократ негативтік күштеуден қашқалақтап, оның орнына сыйақы қолданып, ол игілікті автократ атағына ие болады. Игілікті автократ бағынушылардың көңілі мен амандығы жағынан белсенді қамқорлық көрсетеді, бірақ шешімді өзі қабылдау мен орындау билігін сақтап қалады. Демократиялы басшы өте жоғары деңгейдегі қажеттілікке сүйенетін әсер ету механизмін қалайды. Ол қажеттіліктер: керек– жараққа қажеттіліктер;жоғары мақсатты қажеттілік; автономиялар;өзінше ойын жеткізу қажеттілігі. Демократиялы басшы бағынушыларға өзінің еркін күштеп міндеттеуден қашады.Либералды басқарушылық – басқарушының неғұрлым сирек қатысуымен сипатталады, ал топтың өзіндік шешім қабылдауға толықтай мүмкіндігі бар.

37.Көшбасшылықты зерттеуде қолданылытын жағдайлық көзқарастың мәнін ашыңыз.

Көшбасшылық - бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау. Көшбасшы мен Басшы мағынасы бір емес. Басшы – бұл  жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші. Жақсы басшы  орындалған жұмсысты реттеп қабылдап отырады. Ал,  Көшбасшы  адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде  болашақты көр қасиеті арқылы  адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.

      Сіздің көшбасшылық қасиеттеріңіз төмендегілерге тәуелді:

      · Сіздің мінезіңіздің сипаттамалары, туа біткен, жүре біткен

      · Өмірдегі жағдайлар, өзіңізді көрсететін жерлер

      · Сіздің ішкі жан дүниеңіз және зейініңіз адамдарға әсер етеді

Көшбасшылық феномені – бұл саяси психологиядағы өте бір ерекше нәрсе. Біріншіден, бұл ең жарқын және сондықтан ең көрінетін проблемалардың бірі. Жалпы алғанда, саяси ғылым үшін – өзі зерттелмейтін, саясаттың дәл сол «адами факторында» осы биліктің нақты көрінісі.

Бұл нақты көріністің екі мағынасы бар. Бір жағынан, бұл саяси-психологиялық өлшемдегі билік – бұл билейтін адамның өзіне бағындыра білу қабілеті, яғни, көшбасшының, саяси институттың немесе режимнің кейбір потенциясы. Басқа жағынан, билік, дәл сол саяси-психологиялық өлшемде – бұл «төменгілердің» «жоғарылардағыларға» бағынуға дайын болуы. Осылай көшбасшылықтың феноменін бір медалінің екі жағы пайда болады: «жоғарыдағылардың» қабілеті және «төмендегілердің» дайын болуы және осы компоненттердің әрқайсысының «өзіндік» салмағы көптеген жағдайларға, нақты айтқанда, әрбір жеке жағдайға байланысты. Көшбасшылық феноменінің зерттелуі аталған компоненттерді біріктіріп және өзара әсерлесуде қарастыруға мүмкіндік береді.

Мектептегі табысты көшбасшы үнемі ашық, басқадан үйренуге даяр; негізгі құндылықтар жүйесінің аясындағы ойларын бір-беткей деуден ғөрі, көнбіс деуге келеді; табанды (мәселен, жоғары талап үдесінен шығуға, қызметкерлерін уәждеуге ұмтылысында; іске берілгендігінде; барлығын оқытып, жоғары деңгейге қол жеткізуге ұмтылысында), жайдары, оптимист.’

        ‘Табыс өз мектебінде көшбасшылық тәжірибесін тиісті дәрежеде қолдана алу қабілетіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, тиімді басшылар, әдетте, физикалық орта мен мінез-құлыққа басты көңіл бөледі, содан соң көшбасшылық міндетті бөлу мен деректерді пайдалану, тек соңында ғана жеке басы мен оқу бағдарламасын жақсартуға назар аударады.’                       

Көшбасшылықтың зерттеу теориялары

Орта теорияларының негізгі жағдайы келесідей айтады: Көшбасшылық орта функциясы, яғни, белгілі уақыт, орын және жағдайларға соның және жағдайларға, соның ішінде, мәдени де, байланысты. Бұл теория, толығымен адамдардың жеке айырмашылықтарына назар салған жоқ, оларға орта талаптарын жапсырды.Мысалы, Е. С. Богардус бойынша, топтағы көшбасшылық түрі топ табиғаты мен оған шешуге қажетті мәселелерден тұрады.

Х. С. Персое екі гипотеза ұсынды:

1) Әрбір жағдай көшбасшының өзіне де, оның қабілеттеріне анықтайды

2) Жеке ұлға қабілетінтерін: олар жағдаймен көшбасшылық қасиеттер деп анықталады, және алдыңғы көшбасшылық жағдайлармен нәтижесі болады.

Тұлғалық-жағдайлық теориялар.

Теориялықтардың осы тобы алдыңғы екеуінің қосындысы болып табылады оның шегінде бір сәтте көшбасшының психологиялық үрдісі өтетін жағдайлар да қарастырылады. С. М. Казенің ойынша көшбасшылық үш фактормен өндірілетін тұлғалық қасиеттерімен, жақтастар тобымен және жағдаймен (мысалы, топ шешетін мәселесімен).

Өзара әрекеттесу - күту теориясы.

Дж. С. Хаманса және Дж. К. Хемфилдтың көзқарастарына сәйкес, көшбасшылық теориясы үш негізгі ауыспалыны қарастыруы керек әрекет, өзара әрекеттесу және көңіл-күйлер. Бұл келесіні меңзейді біріккен әрекетте өзара әрекеттесу мен қатысудың күшеюі топтық талаптарға үлкен нақтылықты енгізуімен байланысты. Осы теориядағы көшбасшы өзара әрекеттесудің бастаушысы болып саналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]