- •Іі блок - практика бөлімі сәт бойынша емтихан материалдары тыңдалым
- •Әлемдегі ең қауіпті теміржолдар
- •Шарм Эль Шейх курорты
- •Қазақстан туризмі
- •Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары оларды қорғау
- •Шымбұлақ
- •Мұхитарал
- •Қазақ театры
- •Тәуелсіздік алған күн
- •Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері
- •Мемлекеттік рәміздер тарихынан
- •Ұлттық валюта – теңге
- •Бейжіңдегі университетте оқитын отандасымыз «Жыл студенті» атанды
- •Шетелде білім алу
- •Әлемдегі ең таңдаулы мамандық
- •Іскерлік
- •Әлемдегі ең бай адамдар
- •Кімде қандай коллекция бар?
- •Ақ Азияда ойындары
- •Бисердің шығу тарихы
- •Танымал тұлғалар
- •Достық деген не?
- •Бірлігі жарасқан ел
- •Аққу – махаббат символы
- •Үйлену тойы
- •Әдептілік туралы
- •Нәресте мен періште
- •Отбасылық бюджет
- •Емтихан билеттері билет №1
- •Адам мен табиғат
- •Билет №2
- •Су астындағы қонақүйлер
- •Билет №3
- •Вокзалда
- •Билет №4
- •Қазақстан табиғаты
- •Билет №5
- •Ұшақпен саяхат жасау
- •Билет №6
- •Тараз және Түркістан қалалары
- •Билет №7
- •Уақыт – алтыннан да қымбат
- •Билет №8
- •Театрда
- •Билет №9
- •Тәуелсіздік монументі
- •Билет №10
- •Астана сәулеті
- •Билет №11
- •Түсініктеме билет №12
- •Билет №13
- •Қазақстан Республикасының рәміздері
- •Билет №14
- •Назарбаев университеті
- •Билет №15
- •Қазіргі заманға қажет мамандық
- •Билет №16
- •Кәсіпкерлік
- •Билет №17
- •Мамандықты таңдау – болашақты таңдау
- •Билет №18
- •Әлем таныған Қазақстан
- •Билет №19
- •Қазақстандық коллекционерлер
- •Түйіндеме билет №20
- •Шынықсаң шымыр боласың
- •«Қазақстан мерекелері» билет №21
- •Билет №22
- •Өнер түрлері
- •Билет №23
- •Отбасылық бюджетті жүргізу
- •Билет №24
- •Билет №25
- •Билет №26
- •Үлгілі отбасы
- •Билет №27
- •Махаббатсыз дүние бос...
- •Билет №28
- •Достықтың алтын көпірі
- •Билет №29
- •Билет №30
- •Тапсырмалары бөж және обөж тапсырмалары
- •Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театры
- •Қазақстан картасы
- •Еқыұ Саммиті
- •Қазақстандағы ең бай адамдар
Мұхитарал
Астанада «Думан» ойын-сауық орталығының ішінде Мұхитарал орналасқан. Мұхитбақ дегеніміз – шындығында, алып аквариум. Мұнда 2000-нан астам теңіз тұрғындары тіршілік етеді. Мұхитарал әр түрлі көлемдегі 11 аквариумнен құралған. Аквариумның қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған 70 метрлік дәлізден тұрады.
Аквариумдерде тасбалықтар, қанатты теңбілдер, кірпібалықтар жүзіп жүреді. Мұхитаралдың ең алып тұрғындары: акулалар, теңіз алабұғалары, үлкен патшабалықтар. Барлық аквариумдердегі судың жалпы көлемі – үш миллион литрге жетеді. Бұл су арнайы мұхиттан әкелінбеген, жергілікті су. Оны мамандар күн сайын арнайы сүзгіден өткізіп, тазартады. Ал Қызыл теңізден жүз жиырма тонна тұз алдыртқан. Келушілердің теңіз жәндіктерін қоректендіру сәттерін қызықтауға мүмкіндігі бар. Күніне екі рет жүзгіш мамандарымыз су астына түсіп, оларды қоректендіреді. Бұндай ғажайып окенариумды көріп, сіз тамаша әсер аласыз. Өзіңізді ертегілер әлеміндегі су асты патшалығында жүргендей сезінесіз.
№9 мәтін
Қазақ театры
Театр – ойын-сауық орны. Мұнда ойын-сауықтан басқа драмалық шығармалар, мәдени шаралар да өтеді. Театр ең алғаш Грецияда ашылған. Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтар, ақындар айтысы, т.б. дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған.
Кейін халқымыздың талантты өнерпаздары шағын труппалар құрып, ел аралап, жәрмеңкелерде өнер көрсеткен. 1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында) М. Әуезовтің «Еңлік – Кебек» трагедиясы тұңғыш рет қойылды. Кейіннен 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында тұңғыш музыка театры ашылды. Театр шымылдығы 1926 жылы ақпанның 13-інде М.Әуезовтің «Еңлік – Кебек» трагедиясымен ашылды.
Театр алғаш рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды. 1934 жылы қазақ драма театрының құрылуына негіз болды. Бұрынғы қазақ музыкалық театрының орнында қазір Н.Бекежанов атындағы облыстық театрдың ғимараты тұр. Бұл күнде облыс орталықтарының бәрінде драма театрлары ашылды. Қазақ драма театрының сахнасында қойылған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ақан Сері – Ақтоқты», «Еңлік – Кебек», «Ана – Жер-ана» спектакльдері театр сахнасынан түспей келеді, сондықтан соңғы жылдары театр репертуары байи түсті.
№10 мәтін
Тәуелсіздік алған күн
Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Қазақ елінің қуанышында шек болмады. Қазақ халқы бір-бірінен сүйінші сұрады. Қазақстан тәуелсіз ел болғаны туралы әлемге хабарлар таратты. Сол күні ең бірінші болып Түркия мемлекеті елімізді тәуелсіздік алуымызбен құттықтады. Еліміз алыс, жақын шетелдерден ресми құттықтау хаттар алды. 1991 жылдың соңына дейін Қазақстанның тәуелсіздігін әлемнің 18 елі танып үлгерді. Қазақ ақындары тәуелсіздікті ән-жырға қосты.
Қазақстан - көп ұлтты егеменді мемлекет. Қазақстан батысында Каспий ойпаты, шығысында Алтай тауларына дейін үш мың шақырымға, солтүстігінде Батыс Сібір, оңтүстігінде Тянь-Шань шыңдарына дейін бір мың бес жүз шақырымға созылып жатыр. Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады. Қазақстан – егеменді тәуелсіз мемлекет. Қазір Қазақстанда 130 ұлттың өкілдері тұрады. Бүгінде еліміздің экономикасы қарқынды дамып келеді. Жас мемлекетіміздің болашағы өте зор. Алдағы уақытта дамыған елу елдің қатарынан орын алмақшы.
№11 мәтін
