Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адамдардың көбінде оң жақ жартышарының қызметі сақтаулы болады.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.72 Кб
Скачать

Динамикалық афазия

Динамикалық афазия Брока орталығының алдыңғы жағында орналасқан ми орталықтарының және қосымша сөйлеу «Пенфилд аймағының» зақымынан пайда болады. Динамикалық афазия сөйлем деңгейіндегі тілдің бұзылуымен, сукцессивті сөйлеудің (бөлшектеніп орындалатын талдау мен жинақтау) бұзылуымен сипатталады. Бұл жағдайда сукцессивті сөйлеу - сөйлем мағынасын білдіретін бір сөзбен жеткізілген ой. Сукцессивті сөйлеудің қалыптасуы іштей сөйлеудің деңгейінде іске асады. Бұл жағдайда алдымен сөйлеудің семантикалық, синтаксистік және грамматикалық схемасы құрастырылады, кейін сөйлемнің қажетті динамикалық мағынасы, сөздің керек мәні таңдалады. Іштей сөйлеу деңгейінде сөйлеудің психологиялық бағдарламалауы, кейін психологиялық бағдарламалаудың (сөйлеудің мазмұнының, өзіндік синтаксисінің, жалпы маңыздар мен мәнінің) сырттай сөйлеудің құрылымдық формаларына қайта құрылуы іске асады. Бұның бәрі жалпы және вербальді белсендікті қажет етеді. Динамикалық афазияда дәл белсенді психологиялық бағдарламалау, бәрінен бұрын сөйлемнің динамикалық схемасын белсенді түрде құру процестері бұзылады.

Сонымен, динамикалық афазияда сөйлеу тілінің орталық бұзылуының негізінде іштей сөйлеудің бұзылуы жатыр, әуелі оның предикативті жағының бұзылуы. Орталық ауытқу - белсенді, өнімді сөйлеудің бұзылуы, белсенді сөйлеудің мүмкін еместігі.

Клиникалық көрінісінде бұл ауытқу келесі жағдайларда көрінеді:

  1. Белсенді, өнімді сөйлеуде. Сөйлеуді сөздік шаблондар және стереотиптермен алмастыруы білінеді.

  2. Предикативті сөйлеуінің бұзылуы: сөйлеу тілінде етістіктер аз немесе мүлдем жоқ, қысқа, «бөлшектенген» фразалар, сөз арасындағы ұзақ кідірістер.

Науқастарда ырғақ ренкісінің жоқтығы және просодикасының бұзылуы, психологиялық белсендігінің төмендеуі, вербальді белсендігінің жоктығы байқалады.

Психологиялық көрінісі сөйлеу тілдің белсенділігі, эмоционалды - мәнерлік қызметтерінің ауытқуынан коммуникативті қызметінің бұзылуымен сипатталады. Ауызша экспрессивті және іштей сөйлеудің формалары бұзылған, ал қайталау, номинативті формалары, оқуымен жазуы сақтаулы болады. Динамикалық афа- зиада монологты және толық диалогты сөйлеу тілінің ауытқуы айқын көрінеді. Экспрессивті сөйлеуінің қүрделі бұзылуының өзінде қарапайым есептеу дағдылары сақтаулы болады. Дегенмен әрекеттің жоспарын құруды талап ететін арифметикалық есептерді шешуі күрт бұзылады. (А.Р. Лурш, Л.С. Цветкова, 1966).

Афазияның барлық түрлерін бір ортақ қасиет біріктіреді: басқада жоғары писихикалық қызметтері және адам тұлғасымен байланысты күрделі психикалық кызметі түрінд сөйлеу тілінің терең зақымдалуы орын алады. Сөйлеу тілінің коммуникативті қызметінің бұзылуы бірінші орында тұрады. Афазия тәріздес сөйлеу тілінің бұзылуы бөлектенген түрінде сирек кездеседі. Бұл бұзылыстар мидың зақымдалуының салдарынан пайда болған басқада әр түрлі кемістіктердің күрделі кешеңінің симптомдарының бірі болып келуімен түсіндіріледі. Сондықтан олар қозғалыс, сезімдік, кейбір кезде нтеллектуалды бұзылыстармен қоса жүреді. Осы жағдайда әсіресе қимылдың бұзылыстары күрделі болып келеді. Бұл қозғалыстың ерекше түрі клиникада апраксия деп аталады. Апраксия-мақсатты әрекеттің бұзылуы. Қимылдың дәл осы бұзылыстары координациясының бұзылуына, сүйек-бұлшық ет жүйесінің ауыруларына немесе сал және шала салдануына сертті емес. Бұл жағдайда қозғалыс мүшелерінің және қимылға келтіру қабілетінің тұтастығына қарамай, күрделі қозғалыс актісінің жеке компоненттерін керекті іске жұмылдыру реттілігі жойылады. Қимылдар өз мақсаттылығын жоғалтады. Моторлы афазия едәуір дәрежеде апраксиялық бұзылыстармен серттелген. Осы жағдайда сөйлеу актісін іске асыратын бұлшық еттердің салдануы (паралич) немесе шала салдануы (парез) болмайды. Дегенмен, арткуляция мүшелерінің қимыл реттілігінің жоғалуына байланысты сөйлеу мүлдем мүмкін болмайды немесе күрт шектелген болады.

Қазіргі таңда апраксияиың келесі түрлері ажыратылады: моторлы, идеоторлы, конструктивті, кеністік-арақатынастык апраксия, графикалық, оральді.

Моторлы апраксия осы бұзылыстардың ең ауыр түрі. Спонтанды, еліктеу әрекеттері де бұзылған болады. Қарапайым күнделікті пайдаланатын әрекеттер ұмытылып қалады. Идеомоторлы апраксия еліктеуіш әрекеттерінің сақтаулы болуымен, қарапайым әрекеттердің, олардың реттілігінің бұзылыстарымен сипатталады. Конструктивті апраксияда ауызша және жазбаша нұскаулар бойынша конструктивті әрекеттерді орындауы мүмкін емес. Кеңістік арақатынастық апраксияда тұрған орнында бағдарлау мүмкіншілігі болмайды. Графикалық апраксияда әріптердің графикалық бейнесін елестету қабілеті жоғалады. Оралъді апраксия - есту және еліктеу арқылы жеке фонемаларды айту кезінде тілдің үйреншікті қимылдарының бұзылуы. Апраксиялар сөйлеу тілін қайта қалпына келтіруіне кедергі болады.