Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адамдардың көбінде оң жақ жартышарының қызметі сақтаулы болады.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.72 Кб
Скачать

адамдардың көбінде оң жақ жартышарының қызметі сақтаулы болады ; сол жақ жартышарларының самай немесе төбе бөліктерінің зақымдалуынан болған афазияда бәрінен бұрын сол жақ маңдай бөліктің жоспарлаушы, бағдарлаушы, тексеруші қызметі қолданылады. Осы оң жақ жартышардың және сол жақ жартышардың үшінші « функционалды бөлігінің » қызметінің сақтаулы болуы науқасты бұзылған сөйлеу тілін қайта қалпына келтіруге болатынына сенімін тудырды. Афазияның барлық түрлерінде логопедиялық жұмыс жүйелі түрде 2 – 3 жыл жүргізіледі. Бірақ, науқасқа сөйлеу тілі қызметінің осындай ұзақ мерзімде қалпына келетіндігі айтылмайды.

2. Түзету – педагогикалық жұмыстың әдіс – тәсілдері сөйлеу қызметінің қайта қалпына келтіру кезеңіне тәуелді болады. Инсультан дейінгі алғашқы күндері науқас сөйлеу тілін қайта қалыптастыруына белсенді қатыспайды. Сөйлеу тілінің функцияларын қалпына келтірудің кейінгі кезеңдерінде науқасқа сабақтың жоспары, құрылымы түсіндіріліп, тапсырманы орындауда пайдаланатын құралдар берілді.

3. Афазияның кез келген түрінде сөйлеу тілінің барлық компоненттерін экспрессивті сөйлеу тілі, түсінуі, жазуы мен оқуы сияқты түзету жұмысы жүргізіледі.

4. Афазияның барлық түрінде сөйлеу тілінің қатынас қызметі қайта қалыптастырылды, өзін – өзі бақылау дамытылады.

5. Афазияның барлық түрлерінде сөз түсінігін қалыптастыру үшін әр түрлі сөз тіркестеріне қосып жаттықтыру жұмысы жүргізіледі.

6. Түзету жұмысының барысында әр түрлі сыртқы сүйініштерді жан – жақты қолданады. Мұндай сүйеніштерге динамикалық афазияда өздігінен толық сөйлеуін қалыптастыруына мүмкіндік беретін сөйлеуінің үлгісі және текше әдісі жатады. Афазияның басқа түрлерінде импрессивті аграмматизмді жою үшін пайдаланатын фонемалардың артикуляциялық қалпын ұйымдастыруды дыбыстау әдісін таңдау үлгісі ( схемасы ) жатады.

Бұзылған сөйлем функцияларын қалыптастыру динамикасы зақымның ошағының орнына және көлеміне, афазия түріне, қайта қалыптастыру жұмысының басталу мерзіміне байланысты болады. Миға қан құйылу салдарынан пайда болған афазияда ми тамырларының тромбоэмболиясы немесе мидың аумақты жарақаттарына қарағанда, сөйлеуі жеңілірек қалыптастырылады. 5 – 6 жасар балаларда афазиялық бұзылыстар мектеп жасындағы балаларда немесе ересектерде тезірек түзетіледі.

Афазия кезінде жеке және топтық логопедиялық сабақтар жүргізіледі. Жұмыстың жеке түрі негізі болып саналады, өйткені науқаспен тығыз қатынас орнатуға, психотерапиялық ықпал етуге, барынша сөйлеу тілі ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Инсульттан кейін ерте кезеңде әр сабақ орташа 10 – 15 минуттан, күніне 2 рет, кейін – 30 – 40 минуттан, аптасына 3 реттен кем емес өткізіледі. Топтық сабақта ( 3 – 5 адамнан ) сөйлеу бұзылыстары және қалыптасу сатысы бүр түрлі науқастарымен 45 – 50минут жүргізіледі. Логопед науқастың туыстарына, оның тұлға ерекшеліктерін түсіндіріп, нақты мысалдар арқылы науқастың отбасы өміріне міндетті түрде шамасына лайық араласу керек екенін жеткізеді. Сөйлеу тілін қалпына келтіру бойынша нұсқаулар беріледі.

Акустикалық – гностикалық ( сенсорлы ) афазия

Алғашқы рет акустикалық - гностикалық сенсорлы афазияның сипаттап берген К. Вернике.

Афазияның аталмыш түрі сол жақ жартышардың артқы жағындағы үшінші жоғарғы самай қыртысының зақымдануынан пайда болады. ( Вернике аймағы, 22 алаң ). Тіл дыбыстарының акустикалық талдау мен жинақтауының ақаулығы табылады. Бұның салдарынан фонематикалық естуі бұзылады. Фонематикалық естуінің бұзылуы, сенсорлы афазияның негізгі ауытқуы болып , импрессивті сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстарына әкеледі. Тілдің парадигмалық жүйесі фонема деңгейінде бұзылады. Орыс, қазақ тіліндегі өзара байланысты фонемаларды танып білуі мен қарсыластыруы келесі критерийлер бойынша бұзылады : 1) ұяң – қатаң ; 2) жуан – жіңішке ; 3) назальді – назальсіз және т.б. Сенсорлы афазияға үшыраған адам дыбыстардың осы белгілерін жеке қабылдай алмайды, сондықтан оларды біркелкі естіп айтады немесе ұқсас фонемаларға алмастырып айтады. Мысалы, доп – топ ; асық – азық ; ұсақ – ұзақ, т.б. Бұл негізгі ауытқуға – сөйлеу тілді түсінудің бұзылуына әкеледі. Афазияның зиянын қарастырылып отырған түрінің клиникалық көрінісі « сөздің мағынасынан айыру » феноменімен, сөзді, қаратпа сөзді түсінуінің бұзылуымен көрінеді. Акустикалық - гностикалық сенсорлы афазияның нейропсихологияялық синдромы ауызша импрессивті сойлеу тілдің барлық турлерінің бұзылыстарын,оқу мен жазудың бұзылуын, дыбыстарды талдауының ауытқуларының салдарынан ауызша есептің бұзылуын, дыбыстарды талдауының ауытқуларының салдарынан ауызша есептің бұзылуын(есту арқылы), ритмды жаңғыртуының бұзылуын, эмоционалды реакцияларының тураксыздығымен, жеңіл турдегі қозғыштықпен, қобалжушылықпен сипатталатын ерік-жігер аймағының бұзылуын қосады. Психологиялық көрінісінде әуелі сөйлеу тілінің эмоционалды – мәнерлі компоненттерінен басқа барлық қызметтерінің бұзылыстары байқалады.

Сенсорлы афазия кезінде сөзді түсінуінің бұзылуы көрініс табады. Бұл ең қарапайым сөздерді, нұсқауларды түсінбеуінен басталады. Дегенмен, кейбір жағдайда афазияның мәлім формасы бар адамдар айтылған сөздің жалпы мағынасын қағып алады. Сөзді түсінудің үш деңгейі ажыратылады ( В.М.Шкловский, Т.Г.Визель). Бірінші (өрескел) деңгейі сөзді түсіну көлемінің күрт шектелуімен сипатталады. Екінші ( орташа ) деңгейі ситуативті сөзді жалпы түсінуімен сипатталады. Бұл жағдайда ситуативсіз сөздің күрделі түрлерін түсінуі қиын болады. Үшінші (жеңіл) деңгейінде сөзді біршама еркін түсінуі байқалады. Дегенмен, реттілікпен логикалық операциялар істеуді қажет ететін толық мәтіндерді қабылдау кезінде белгілі қиындықтар туындайды. Кейбір жағдайда мидың самай бөліктерінің екеуінің ( сол және оң) бірдей зақымдалуынан ауыр акустика – гностикалық афазия акустикалық агнозиямен үйлескен болады. Фонематикалық естудің бұзылуымен қатар есту арқылы дауыстың тембрі, сөз ырғақтылығы бұзылады, сөзсіз дыбыстар ажыратылмайды: жапырақтардың сыбдыры, машинаның дауысы, т.б.

Акустикалық – гностикалық афазияда спонтанды сөйлеу тілінің үш деңгейін ажыратады. Бірінші ( өрескел ) деңгейінде спонтанды сөйлеу тілі кездейсоқ дыбыстардың, буындардың, сөз тіркестердің құрамасынан тұрады. Бұл « жаргонафазия » , « сөз қоспасы » немесе « сөздік салат » деп аталатын болды. Өзін - өзі бақылау деген мүлдем байқалмайды. Жаргонофразия әдетте 1,5 – 2 айға дейін созылады, кейін логорея ( көп сөйлеу ) орын алады. Екінші ( орташа ) деңгейі литеральді және вербальді парафазиялармен, логорея элементтерімен сипатталады. Сөйлеу жылдам болады, бірақ сөз ішінде және сөздер арасында кідірістер байқалады. Бұл науқастың өзін – өзі бақылауға әрекеттенетінін білдіреді. Сөйлеудің лексикалық құрамында әртүрлі сөз таптары кездеседі, бірақ етістік, есімдік, одағайлар басым болады. Үшінші ( жеңіл ) деңгейі сөйлеу тілінің қалыптасуының кеш кезеңдеріне тән, сөйлеу тілі айтарлықтай толық, лексикалық құрамы және синтасксистік құрылымы бойынша алуан түрлі. Көмекші сөз таптары атаушыларға қарағанда басым болады. Дыбыс айтуында қиыншылықтар кездеспейді. Сөйлеу кейбір кезде « таңырқатқыш » , « мәнерлі » стилистикалық түрде болады. Фонематикалық есту қабілетінің бұзылуынан сөз қайталауы екінші ретте зақымдаслады. Сөз қайталаудың бұзылыстарының әр түрлі нұсқалары кездеседі. Өрескел түрінде жақсы таныс сөздер көптеген бұзылыстармен айтылуы мүмкін. Орташа түрінде акустикалық ұқсас дыбыстар алмастырылып айтылады. Фразаларды қайталау кезде сөйлемнің ұзындығы, оның синтаксистің және просодикалық « суреті » сақтаулы болып келеді, бірақ лексикалық құрамының өрескел бұзылыстары байқалады. Жеңіл түрі қайта қалыптастырылған спонтанды сөйлеу тіліне шамамен сай келуімен сипатталады. Күрделі сөз конструкцияларында парафазиялар орын алады.

Өрескел түрінде қойылған сұрақтарды түсінбеуінің салдарынан диалогтық сөйлеу тілі аса шектеледі. Орташа түрінде диалог мүмкін, бірақ жауаптар әрқашан хабарландыратын сипатта болмайды. Жеңіл түрі мағыналық құрамы күрделі сұрақтарды түсінуінде жеке қиындықтар туындайтынымен сипатталады.

Жазбаша сөйлеу тілінің өрескел бұзылуында оқу процесінің ыдырауымен, жеке әріптерді танып, оқуын білмеуі сенсорлы афазия кезінде көрінеді. Тек өз аты – жөнін жаза алатын ғана деңгейде болады. Орташа деңгейде дауыстап оқуы мүмкін, бірақ экспрессифті сөйлеу тілінде кездесетін бұзылыстар орын алады. Сөзді, жай фразаларды көшіріп жазуы сақтаулы, дегенмен диктант жазғанда көптеген қателер жібереді. Жеңіл деңгейде фразаларды және мәтінді еркін оқиды. Дыбыстық және мағыналық құрылысы күрделі элементтерде жеке бұзылыстар жібереді. Жазуында өрескел қателер кездеспейді.

Сенсорлы акустикалық – гностикалық афазияда санақтың өрескел бұзылулары ең алғашқы сәтте байқалады, өйткені санақ операцияларына кіретін сөздерді талдауды талап етеді. Науқастар нұсқауды түсінбей жатып есептермен арифметикалық операциялар орындамай, оларды көшіріп жазады,сол кезде сандарды дұрыс жазбауы мүмкін. Мысалы, 3 + 2 = 3 + 2, 3 + 2 =15, 5 + 2 = 3.

Инсульттан кейінгі алғашқы сәтте өрескел акустикалық – гностикалық афазияда диктант жазу тұрмақ, көшіріп жазуы да бұзылады. Науқастар сөйлеуінде өз ауытқуларын сезбейді, көшіретін сөздің образын көру арқылы қағып алып, бақылаусыз жаза бастайды. Сөзді бақылаусыз көшіріп жазған кезде олар артық әріптерді жазады. Мысалы, дыбыстарды белгісіз құрамасын үздіксіз қаталай отырып бас деген сөзге кіретін үш әріптердің орнына сегіз – он әріп жазуы мүмкін. Сақтаулы оптикалықбақылауын үнемі іске тарту сөздің әріптік құрамын бірте – бірте болжытпай көшіруге үйретеді, бірақ есту диктанттарында әлі ұзақ мерзім литеральді параграфиялар байқалады.

Акустикалық – гностикалық сенсорлы афазияны түзету – педагогикалық жұмысы

Акустикалық – гностикалық сенсорлы және акустикалық-мнестикалық афазияда науқастың жұмыс істеуге деген жоғары кабілеттілігі байқалады және сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуге белсенді ұмтылады. Бұл кезде науқастың саруайымға түсуі байқалады сондықтан логопед оған үнемі қайрат беріп отыруы керек, үйге бірілген тапсырмалар ауырудың шамасына лайық болуы қажет. Логопед науқастың көңіл күйі туралы дәрігерге уақытында хабарлап отыруы тиіс. Акустикалық-гностикалық сенсорлы афасияда түзету-педакогикалық жұмыстың міндеті фонематикалық есту қабілетін және оқу мен жазуының, эксприсифті сөйлеу тіліне екінші реттік бұзуларын қалпына келтіру болып табылады. Логопед сақтаулы анализаторлардың оптекалық және кинитикалық жүйесіне жіне маңдай бөліктерінің қызметіне сүйенеді. Бұлар-бұзылған акустикалық-гностикалық функцияларының компесаторлы қайта құрылуының алғы шарттары.

Фонеметикалық қабылдануын ерте және резедуальді кезде қалпына келтіру бірыңғай жоспармен іске асырылады. Ерте кезде фонеметкалық қабылдануының бұзылуы тым айқын көрінуімен ерекшеленеді.

Сенсорлы афазияның өрескел жағдайында қалпына келтіру жұмысының бас кезінде сөзсіз формалары пайдаланылады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты-науқас пен қарым-қатынас орнату ауру жайында түсіндіру, науқастың оқу әрекетін ұйымдастыру ( шамасына лайық тапсырмаларды орындау,) зейін қоюын арттыру. Суретке қатысты қысқа сөздердуі көшіріп жазып, жеңіл есептерді шығару тапсырмалары қолданылады. Көбінесе науқас көшіріліп жазуға бірден кіріседі, бірақ көру есіннде сөздің бірінші әріпін ғана сақтап қалады. Содан кейін жазып жатқан сөзге қатысы жоқ бір қатар әріптердің жинағын жазады. Науқасқа қатесін көрсетіп, әр әріпті тор көздерге бөліп отырып, көшіріп жазу түрі ұсынылады. Тапсырманы орындау барысында науқас өз ауруын жартылай сезе бастайды және қатты қайғырады. Кеін логопедтің барлық тапсырмаларын ұқыпты орындайды. Науқаспен жүргізілетін сөзсіз кезеңді жұмыс бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Фонематикалық қабылдауын қалпына келтіру жұмысы келесі кезеңдерден тұрады: бірінші кезең-ұзындығының, дыбыстық және ритмикалық бейнесінің қарама-қарсылығы бойынша сөзді дифритмикалау(жіктеу). Мысалы,(доп - балапан, көз - велосипед,тас - қалақай). Әр сөз жұбына суреттер іріктеліп алынады, ал жеке қағаз жолақшасына сөздер анық, түсінікті жазылуы тиіс. Науқас сөздің дыбыстық бейнесін суретпен және жазылуымен сәйкестендіреді. Оған біресе бір суретті алып, біресе екінші суретті алып, соған сәйкес келетін жазуды, керсінше жазуды сәйкес келетін суретті табу ұсынылады.Сонымен қатар, жеке сөздерді қабылдауын бекіту сөздерді көшіріп жазу, көшіріп жазу кезінде сөздерді қайталап айту және есту арқылы бақылауын дамыту барысында басталады. Ол үшін бір – екі буыннан тұратын қысқа сөздер алынады. Науқастың акустикалық зейінін дамыту, оның оптикалық зейініін жандандырудан басталады.

Екінші кезең – буындық құрамы жақын, бірақ айтылуы, әсіресе түбірі ұқсамайтын сөздерді дифференциациялау: бала – қара, балық – қалақ, қауын – жүзім. Жұмыс суреттерге, сурет астындағы жазуға, көшіріп жазуға, оқуға сүйене отырылып жүргізіледі, өз сөзіне акустикалық бақылау жасауы дамытылады.

Үшінші кезең – буындық құрамы жақын, бірақ сөздің басындағы дыбыстарының айтылуы ұқсамайтын сөздерді дифференциациялау ( тас- бас; түн – күн ; бала – қала,), бірінші дыбысы бірдей, ал соңғы дыбыстар ұқсамайды ( қас – қар, көз – көл, бал – бақ). Науқасқа суреттерге, сурет астындағы жазуға сүйене отырып, белгілі бір дыбыстан басталатын сөздерді таңдап алу ұсынылады.

Төртінші кезең – айтылуы ұқсас фонемдерді дифференцициялау ( доп – топ, қас – құс, дос-тос, бас-бос,таға – жаға, түлкі – күлкі, т,б ).

Дыбыстарды біркелкі қабылдауын бекіту үшін тапсырмалардың әр түрлі нұсқалары қолданылады: сөзде немесе фразада жетіспейтін әріптерді, мағынасы сурет арқылы емес, фразеологиялық контексте анықталатын оппозияциялық дыбыстары бар сөздерді жазу. Мысалы, науқасқа мәтінде нүкте орнынн тиісті сөздерді қой деп тапсырма беріледі: туш, душ, сана, шана, т.б.

Бесінші кезең- мәтіндегі белгілі әріпі бар сөздерді іріктеу арқылы дифференциалды акустикалық белгілері бар фонемаларды бекіту. Фонематикалық қабылдауын қалпына келтіру екі вйдан 1 – 1,5 жылға дейін созылады. Өйткені көп жағдайда сөздің мағынасын түсіну тек контексте ғана мүмкін болады және өз бетімен ойын жазу арқылы жеткізуде ұқсас фонемаларды ажырату әлі де ұзақ уақыт қиынға түседі.

Сонымен қатар әр түрлі фразеологиялық контекстер арқылы сөздерді мағыналық сәйкестіру бойынша жұмыс жүргізіледі: суретте үшкір заттарды таңдап көрсету; ыдысқа, еібек құралдарына, аяқ киімге, көлікке жататын заттарды көрсету, т.б. Мұндай сөздің мағыналық байланысын жаңғыртуға бағытталған жұмыс қатынас кезінде сөздерді таңдауын жеңілдетіп, вербальды парафазиялардың санын төмендетеді.

Самай бөліктерінің екі жақты зақымдалуының салдарынан болған акустикалық агнозия мен акустикалық – гностикалық афазияның үйлескен кезінде сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуде қиыншылықтар ең көп кездеседі. Сөйлеу тілін қалпына келтіру сақтаулы ішінен оқу, ерінге қарап оқу және естіп қабылдауының қалдық мүмкіндіктеріне сүйене отырып жүргізіледі. Бұл оқып, көру арқылы қабылданған фонеманың артикуляциялық позициясын салыстыруға, есту арқылы қабылдаған дыбыс сигналдарына еліктеп қайталануына мүмкіндік береді.

Вербальді парафазициялардан арылту заттың әр түрлі белгілерінің және әрекеттерінің ұқсастығы және айырмашылығы, қызметі, категориялық белгілері бойынша талдау арқылы жүзеге асады. Науқасқа тастап кеткен естістікті және зат есімді сөздерді толықтыру, етістікке зат есім мен үстеуді, затесімге етістікпен сын есімді сөздерді іріктеу, т.б. ұсынылады. Кейбір жағдайда науқасты сөйлеген кезінде түзетуге болмайды, өйткені оның жанын жаралап, қарым – қатынасты бұзып алуға болады. Логопед өзінің күнделігіне вербальді парафазияларды жазып отырады, оларды талдау негізінде осы кемістікті жоюға бағытталған жаттығулар іріктеп алады. Көпсөзділіктен және аграматизмдерден арылту үшін науқасқа сөйлемнің схемасы, үш – бес сөзден тұратын сөйлемдердің үлгісі ұсынылады.

Афазия кезінде экспрессивті сөйлеу тілін қалпына келтірудің тиімді тәсілдерінің бірі – жазбаша сөйлеу тілін қолдану болып табылады. Науқасқа берілген қарапайым сюжетті сурет бойынша фразалар және мәтін жазу ұсынылады. Мұндай тапсырмалар науқасқа керекті сөзді тауып, айтатын сөзін өңдеуге мүмкіндік береді. Зат есім, есімдік және етістіктердің қиылысуындағы қателеді жою мәтінде тастап кеткен флекцияларды қою арқылы жүзеге асады.

Оқу, жазуын қалпына келтіру, фонематикалық есту қабілетін қалпына келтіру жұмысымен қатар жүреді. Жазуын қалпына келтіруден бұрын, жұмыс сөздің дыбыстық – буындық құрамын талдауына негізделген оқуын қалпына келтіруге бағытталады. Сөзді дауыстап айтуға тырысу, сөздегі дыбыстардың алмасуына байланысты сөдің мағынасы өзгеретінін түссіну, анатикалық оқуын, кейін жазуын қалпына келтіруді негізін қалайды.

Акустикалық – мнестикалық афазия

Акустикалық – мнестикалық афазия мидың самай аймағының артқы және орта бөліктерінің (21,37аймақтары ) зақымдалуынан пайда болады. А.Р. Лурия бойынша, оның негізінде есту іздерінің қатты тежелуінен естіген сөздерді жадына сақтау қабілетінің төмендеуі жатыр. Науқас әр жаңа сөзді қабылдап түсінген кезде,алдында айтылған сөзді ұмытып қалады. Мұндай бұзылыс буын және сөз серияларын қайталағанда да байқалады. Афазияның бұл түрінің айырмашылығы синдромның ерекшелігі және бір емес, бірнеше орталық механизмнің бар болу: 1) сөзді естіп жадына сақтау қабілетінің бұзылуы; 2) акустикалық қабылдау көлемінің төмендеуі; 3) затты көру бейне –елестерінің бұзылуы. Негізгі ауытқу – сөзді түсінуінің, қайталауының бұзылуы; ауызша спонтанды сөйлеу тілінің екінші реттік бұзылуы. Сөйлеу тіліне көптеген вербальді парафазиялар тән. Фонематикалық есту қабілеті сақтаулы болады. Сөйлеу тілінің ақаулары келген ақпараттардың мөлшері көбейгеннен басталады.

Акустикалық – мнестикалық афазияның клиникалық көрінісі сөзді түсінудің өрескел емес бұзылуымен және сөз мағынасынан айырумен , ауызша сөйлеу тілінің жеңіл түрде бұзылуымен және ( вербальді парафазиялар ) көрінеді. Сенсорлы афазияға қарағанда байланыссыз , өнімсіз сөз ( логория ) жоқ болады.

Акустикалық – мнестикалық афазияға тән қасиет – жеке сөздерді қайталау қабілетінің сақталуы мен мағынасы бір – бірімен үилеспейтін үш – төрт сөзді қайталау мүмкіншілігінің бұзылуының араларындағы диссоциасы. Мысалы, бала – тас – қ ала ; арба – сағат – доп; лақ – қас – шар, т.б. Әдетте науқас өзіне айтылған сөздердің бірінші және соңғы сөзін қайталап айтады, ал ауыр жағдайда берілген сөз тізбегінен бірғана сөзді қайталап, сөздердің бәрін есте сақтай алмағанын айтады. Берілген сөздерді екінші қайтара мұқият тыңдап алғанның өзінде тізбектік реттік қатарын сақтай алмайды немесе сөздің біреуін айтпай тастап кетеді.

Естіген сөзді жадда сақтаудың бұзылуы афазияның басқа түрлерінде де байқалады, дегенмен бұл ақуалық акустикалық – мнестикалық афазияның ғана негізгі ақаулығы болып саналады, өйткені онда фонематикалық есту қабілеті мен сөйлеу тілдің артикуляторлы жағы сақтаулы болады. Науқаста қатынас қиыншылықтарының орнын алатын сөйлеу белсендігі байқалады.

Афазияның бұл түрінде қысқа сөз тіркестерін түсінуі жетімді. Ал толық мәтіндерді қабылдап түсінуінде біршама қателер кездеседі. Ауытқудың өрескел және орташа деңгейінде экспрессивтік тілде қысқа фразалар жиі кідірістермен айтылады. Науқас керекті сөзді таба алмай қиналады. Ауытқудың жеңіл түрлі әр түрлі сөздік қормен, толық фразалық тілінен көрінеді ; кейбір жағдайда амнестикалық типке сай керекті сөзді табуында қиыншылықтар туындайды.

Акустикалық – гностикалық афазияға қарағанда, акустикалық – мнестикалық афазияда сөйлемдер аяқталған , « сөз қоспалары » жоқ болады.

Акустикалық – мнестикалық афазияда жазбаша сөйлеу тілінде ауызшаға қарағанда экспрессивті аграмматизм көріністері жиі байқалады көмекші сөздерді, етістіктердің, зат есімнің және есімдіктердің флексиясын шатастыру ).Жазбаша сөйлеу тілінің номинативті жағы сақтаулы болады, өйиткені науқастарда сөздерді іріктеуге, синонимдерді және керекті сөздерді еске түсіруге көмектесетін фразеологизмдерді таңдауға көбірек уақыттары болады. Анда – санда акустикалық тип бойынша литеральді парафразиялар ( қатаң және ұяң дыбыстарды шатастыру ) байқалады. Диктант кезінде мәтінді жазу барысында сөзді естіп жадына сақтауында науқастар біраз қиналады. Олар тіпті үш сөзден тұратын фразаны есте сақтай алмай, қайта – қайта фразаның әр бөлігін қайталауды сұрайды.

Акустикалық – мнестикалық афазияда оқып жатқан мәтінді түсінуінде едәуір қиындықтар туындайды. Бұл мәтіннің едәуір тау қабілеті бұзылмағандығымен талап ететініменен түсіндіріледі. Сөзді естіп жадына сақтаудың ауытқулары арифметикалық есептерді шығаруға кедергі болады. Мысалы, 34⁺29 сандарды қосу кезінде науқас «3» деп жазып, « бір ойда » деп айтады, бірақ сол бір санды жақын жерге жазып қойғанның өзінде оны қосуды ұмытып кетеді.

Сонымен, акустикалық-мнестикалық афазияда сөзді естіп жадына сақтауыныңбұзылуы екіншіреттік жазу, оқу, есептеуді қауіпті ңске асыруды қиындатады.

Акустикалық - мнестикалық афазияны түзету - педагогикалық жұмыс

Акустикалық – мнестикалық афазияны түзету – педагогикалық жұмысының негізгі міндеттер – есту - сөйлеу есінің бұзылуын жою, заттың негізгі белгілері туралы көру елестерін қалпына келтіру, сонымен катар экспрессивті аграматизмдер элеметтерін және амнестикалық қиындықтарын жою.

Нейропсихологиялық тексеру барысында акустикалық-мнестикалық афазияның нұсқасы анықталып, түзету-педалогиялық жұмыстың бағдарламасы құрылады. Акустикалық-мнестикалық афзия кезіндегі бұзылыстарды түзетуде логопед сөйлеудің түпкі ойын кодылау (кодирование, заттың белгілерін сипаттау, сөзді әр түрлі контекске енгізу, науқасқа есту-сөйлеу жүктемесінің әр түрлі көлемін сақтауға мүмкіндік беретін сыртқы сүйеніштерін құру механизмі пайдаланылады.

Ест-сөйлеу есін қалпына келтіру,көріп-қабылдауына сөйене отырып қалпына келтіріледі. Науқастың алдына мағыналық байланыста әр түрлі суреттер беріледі де, соларлың ішінен үш-төрт суретті іріктеп алутапсырылады. Сөйлеуішіндегі сөз байланыстығы түпті ой арқылы болуына байланысты, «кездейсоқ» іріктеп алынған суреттердің ішінен (мысық, қоян, кесе, үстел, орман, т.б.) белгілі бір стуацияға қатысты заттарды көрсетуді талап етеді. Содан кейін бір симаникалық топқа кірмейтін сөздер береді. Есту-сөйлеу есін қалпына келтірудің келесі кезеңінде суреттер бір топ түрінде беріледі. Науқас заттардың атауын сессиясының тыңдап, олардың суретін табады. Кейін осы сөздердің сессиясын суретке сүйенбей отырып атауын сұрайды. Алғашқыда еске сақтауға заттардың атауын білдіретін сөздер, кейін олардың әрекетін және сапасын, соңында телефон номеріне жинақталған сандарберіледі. Сонымен қатар сюжетті суретке сүйене отырып, кейін онсыз екі, үш, төрт сөзден құрылған фразаларды есту диктант түрінде жазу жүргізіледі.

Акустикалық-мнестикалық афазияның екінші нұсқасында көру елестерін қалпына келтіру үшін суреттері, пішіні ұқсас, бір-екі белгілері бойынша айырмашылығы бар(мысалы, шәйнек, кастрөл, кесе тоңазытқыш, шкаф, сервает), бір злементінің өзгеруі немесе болмауы осы заттың қызметін, мазмұнын және белгісін өзгертетін заттарды талдаудан құрылған бір қатар жаттығуларды жүргізу ұсынылады. Элеметтерінің біріктіріп, заттарды құрасытыру заттардың бейнесінд катерлерін табу(мысалы, коянның құлағы қысқа, мысықтың құлағы ұзын, түлкінің құйрығы жок, т.б.), заттың суретін аяқтау, оның қасиеттерін және функцияларын сипаттап беру, жартылай жабық тұрған затты тану сиякты т.б. тапсырмалар беріледі. Керекті сөзді табу қындықтарынан сөздің мағыналық шегін кеңейту, кейбір жағдайда тарылту, яғни олардың мағынсын нақтылау және жүйелеу арқылы арылады. Ол үшін сіз әр түрлі фразеолгиялық контестерде айтқызылады, сөздің көп мәнділігін, синоним, антоним және омонимдердің мағынасын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Амнистикалық бұылытарын түзеудегі қол жеткізген нәтижиелерін бекітудің формасының бірі –жазбаша сөйлеуін қалпына келтіру . сөздің дыбыстық-буындық құрамын түсінуі және фонематикалық есту қабілетін сақтаулы болуы бірінші күннен бастап түзету-педагогиялық жұмысында жазбаша түрде мәтіндерді құрастыруға мүмкіндік береді. Бұл сөздік кедейлігін және афазияның «артқы» түрлеріне тән аграматимздерді жоюға ықпал етеді.

Семантикалық афазия

Семантикалық афазия темпералис аймағының – ми қыртысының солжақты жартышарының шүйде – төбе бөліктерінің ( 39,40, артқы бөлігі,37 және 19 алаңы ) зақымдалуының салдарынан пайда болады. Афазияның бұл түрін алғаш сипаттап жазған Т. Хэд (1926)болатын. А.Р.Лурия семантикалық афазияның негізінде ақпаратты сиультантты ( бір мезгілді)қабылдауының ауытқулары жататынын көрсетті. Симультантты кеңістікті қабылдау – негізгі механизм, ал негізгі ауытқу – логикалық – грамматикалық құрылысының бұзылуы болып табылады.

Клиникалық көрінісінде экспрессивті сөйлеу тілінің терең бұзылуы байқалмайды: құрылыс жай сөйлемдерді қолданалады, жай құрылған тілді түсінеді, бірақ сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қиындатқан кезде наусқас оны түсінбейді, абыпжиды. Науқастар жеке көмекші сөздердің мағынасын жақсы түсінеді. Мысалы, олар кітап астына қаламды немесе қаламды дәптердің оң жағына дұрыс қоя алады,бірақ « қасықты шәнішқының оң жағына, пышақтың сол жағына қой деген сияқты нұсқау бойынша үш затты орналастыруда қиналады. Геометриялық фигураларды орналастыру кезінде одан да көп күйзеліске түседі. Келесідегідей логикалық – грамматикалық есептерді шеше алмайды: шеңбердің астына және шаршының үстіне нүкте қой. Мысалы, « Әсеттің бойы Маржаннан биік, Ерланнан аласа. Кімнің бойы ең биік? Кімнің бойы ең аласа?» сияқты салыстырмалы сөз тіркестерін түсінбейді. Дәл осындай қиындықтар алыс - жақын, оң – сол жақта, т.б. үстеулеркездесетін салыстырмалы сөз тіркестерін қолдануда байқалады. Науқастар себеп нәтиже, уақыт және кеңістік байланысын, көсемшелі және есімшелі тіркестерді білдіретін синтаксистік құрлысы күрделі сөйлемдеоді түсінуде қиналады. Мысалы, « мен киноға анамнан рұқсат алғаннан киін бардым». Дұрыс берілмеген сөйлемдердің мағынасы бұзылғанын түсінбейді: « айналаның су болғанынан жаңбыр жауды», т.б. Семантикалық афазияда « қарым – қатынас байланысын» білдіретін логикалық – грамматикалық сөз тіркестерін, мысалы, « әкемнің інісі» - « інімнің әкесі» түсінігі өте қиын болады, өйткені оларды түсіну үшін белгілі бір мағыналы категориялармен байланыстыру қажет ( « аға ») – ( іні, « әке »). Семантикалық афазиясыбар науқас мақал – мәтелдерді, қанатты сөздерді, астарлы сөздерді түсінбейді. Экспрессивті тілінде сөйлеудің артикуляторлы жағы сақтаулы болады,бірақ амнестикалық қиындықтар айқын байқалады, бірінші дыбысты немесе буынды айтып есіне салған науқасқа көмектеседі. Заттың атауын оның қызметімен шатастырады: « уақытты көрсететін »,» « шашты тарайтын », т.б.Вербальді парафазиялар семантикалық афазияға тән емес, олар бір парадигманы екіншіге ауыстырмайды. Сын есімдерді, үстеу, есімшелі мен көсемшелі тіркестерді, мақал – мәтіндерді сирек қолдануы, науқастың сөздік қорының кедейлігіне байланысты. Есте сақтау қабілеті төмен, ой – өрісі тар адам сияқты көрінеді. Кеңістікті әзер бағдарлайды.

Афазияның бұл түрінде жзбаша сөйлеу тілі кедейлігімен, синтаксистік формалардың стереотипті болуымен сипатталады, бағыныңқы құрмалас және салалас құрмалас сөйлемдер, сын есімдер аз қолданылады.

Семантикалық афазия симультантты агнозия, астереогноз, өз денесін бағдарлауының бұзылуы, кеңістік және коструктивті апраксия және алғашқы акалькулияның ( есептеу қабілетінің бұзылуы ) нейропсихологиялық синдромының негізінде жүреді.

Сонымен, семантикалық афазияда сөз грамматикалық ұғымдар жүйесінен түсіп қалады және тек белгілі бір мағынаны білдіретін тасымалдаушы ретінде қабылданады.

Семантикалық афазияны түзету- педагогикалық жұмысы

Семантикалық афазияны түзету- педагогикалық жұмысының негізгі міндеттері – заттардың атауын табудағы қиындықтарынан арылту, науқастардың сөйлеу тілінің лексикалық және семантикалық құрылымын кеңейту, имперессивті аграмматизмін жою болып табылады.

Семантикалық афазия кезінде түзету – педагогикалық көмек сақтаулы барлық анализаторлар жүйесін ( көру, есту – сөйлеу есі ) бақылауға, негізгісі – мидың маңдай бөліктерінің жоспарлау және реттегіш қызметтеріне, сақтаулы ауызша сөйлеу тілінің бір бағытта ұйымдастырылуына сүйене отырып, көрсетіледі.

Семантикалық афазияда кездесетін сөйлеу тілі бұзылыстарының негізінде симультантты кеңістік гнозисының бұзылысы жатқанын ескере отырып, қалпына келтіру жұмысы конструктивті – кеңістік әрекеттігін дамытудан басталады. Ол үшін элементтерден құрастыратын, көрнекі үлгі немесе нұсқау арқылы қайта құрылатын геометриялық фигураларды, өрнектерді көру арқылы талдауға бағытталған жаттығулар жасатып, науқасты оң – сол жағын, әлем бөлшектерін, географиялық картада бағдарлай білуге жаттықтыру қажет.

Конструктивті – кеңістік апраксия өрнекті немесе суретті белгілі бір сегменттерге бөлшектеу жоспарын құруға үйрету және тапсырманы жоспар бойынша орындау арқылы ( мысалы, алдымен төменгі « қабат », содан кейін екінші, үшінші,т.б. немесе алдымен бірінші баған, кейін екінші, үшінші, т.б.) түзетіледі.

Амнестикалық қиындықтарды жою үшін әр түрлі семантикалық өрісін құрайтын белгілері бойынша сөздің әр түрлі мағыналық байланысын салыстыру қажет. Мысалы, түрі – тегі белгілері бойынша топтастырылған заттардың белгілері талданады ( мамандық, көлік, киім, ыдыс, т.б.), сонымен қатар сөздің түбірі бойынша сөздердің ортақтығы анықталады ( егін, егінші, егінді ). Синоним, антоним, омонимдердің ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттау, жазбаша сөйлеу тілінде заттың сапалық белгілерін, салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдану бойынша жұмыс жүргізіледі. Импрессивті аграмматизмді жою жеке көмекші сөздер мен үстеулердің мәнін анықтаудан басталады.

Науқастан ортада орналасқан затты басқа заттың орналасуына байланысты сипаттап беруін сұрайды (оң – сол, кейін үстінде – астында). Бейнеленген үш суреттің ортасындағысы дөңгелекпен қоршалады. Оның қасына немесе жоғары жағына сұрақ белгісі қойылады. Сызықшамен науқастың заттың орналасуын сипаттап беретін жоспары белгіленеді. Мысалы, науқастың дәптерінде ағаш, доп, үй салынған. Науқас доп ағаштың оң жағында, үйдің сол жағында орналасқан немесе үй доптың оң жағында, ағаш сол жағында орналасқан деген сияқты жауап беруі қажет. Кейін үш заттың орналасуы үстінде – астында, жақында – алыста, төменде – биікте, т.б. көмекші сөздер арқылы сипатталатын болады. Экспрессивті тілінде осындай үлгілер бойынша алдын ала жұмыс жүргізу, оқу кезінде есту арқылы лексикалық – грамматикалық конструкцияларын түсінуге негізін қалайды.

Акалькулияны түзету үшін санға ( ондық, жүздік, мыңдық, т.с.с ) кіретін разрядтарды нақтылау, минус – азайту, плюс – қосу синонимдердің мағынасы бекітіледі. Науқасқа бір – екі ондықтың, кейін жүздік пен мыңдықтың көлемінде іс – әрекетті орындау ұсынылады. Есептеу операцияларының бұзылуын жоюында 2 – 4 амалдан тұратын, үлкен, кіші, қосу, алу, т.с.с. сөздерді қолдану арқылы арифметикалық есептерді шығару ерекше орын алады.

« Оптикалық » алексияны түзету науқастың әріптің элементтерін ауызша сипаттап беру, әр түрлі материалдар ( әр түрлі көлемде қатты қағаз, таяқшалар, шеңбер ) қолдану арқылы әріптердің элементтерінен әріпті құрастыру, элементтерін анықтағаннан кейін әріптерді оқу ( атау ), жазудың бойымен жылжып отырған қатты қағаздан қиылған торкөзден сөзді оқу, мәтіннің астыңғы жолдарын сызғышпен жауып отырып, жоғарғы жолын оқу арқылы жүзеге асады.

« Айна тәрізді », немесе конструктивті – кеңестік аграфиясы науқасты әр түрлі нұсқада оң – сол жағын бағдарлауын қалпына келтіру арқылы түзетіледі ( мысалы, кесе төңкерілулі, қасық табақтың түбінде, т.с.с. ), әріпті немесе элементтерін бастап жазатын парақтың сол жағын және бағытты ( сызықпен ) қызыл қарындашпен белгілеп, жеке әріптерді немесе сөздерді көшіріп жазу ( салу ).