Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Конфл.ПИП -12-2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
384 Кб
Скачать
        1. Қақтығыстар типологиясы.

К.Боулдингтың қақтығыстардың жалпы теориясына сәйкес, қоғамдық қақтығыстар жақтардың ұйымдастырушылық деңгейіне байланысты үлкен үш топқв бөлінеді: индивидтер, топтар мен ұйымдар деңгейіндегі қақтығыстар.

Үш ұйымдастырушылық деңгейінің классификациясы келесі типологиямен анықталады:

индивидуумдар арасындағы қақтығыстар;

кеңістікте изоляцияланған топтар арасындағы аралық қақтығыстар;

кеңістікте кездесетін топтар арасындағы экологиялық қақтығыстар;

гомогенді ұйымдар арасындағы қақтығыстар (мысалы, мемлекеттер арасындағы қақтығыс);

гетерогенді ұйымдар арасындағы қақтығыстар (мысалы, мемлекет және шіркеу арасындағы қақтығыс);

индивидуум және топ арасындағы қақтығыстар (мысалы, отбасындағы);

индивидуум және топ арасындағы қақтығыстар (мысалы, азамат пен мемлекет арасындағы қақтығыс);

топ және ұйым арасындағы қақтығыстар.

3. Қақтығыстардың қызметтері.

Қақтығыс функциларының екі жақты сипаты:

Күнделікті өмірде қақтығыстарды жағымсыз жағынан ғғана қарастырады. Қақтығыстың цехта, отбасында немесе достар арасына пайда болуы қиындықтардың бар екендігін сипаттайтын көрсеткіш ретінде қабылданады. Қақтығысты жағымсыз құбылыс ретінде қарастыратындар, оны қызмет ететін әлеуметтік жүйені бұзышу деп қарастырады. Олардың ойынша қақтығыс жүйеге тән болмай, жүйе құлдырағанда ғана орын алады. Гомеостаз механизмының арқасында жүйе өзінің бұрынғы қалпына түседі.

Екінші ғылыми дәстүр қақтығысты әлеуметтік қатынастардың қажетті компоненті ретінде қарастырады. Бұндай көзқарас Аристотель, Т.Гоббс, Г.Гегель, М.Вебер, К.Маркс, Л.Козер, Р.Дарендорф еңбектерінде кездеседі. Оған сәйес қоғамдағы дефицит фактысы қақтрығысты тудыруға жеткілікті болып табылады. Әр адам өзінің дефицит ресурстарын арттыруға тырысады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебитетер: [2,3,4,5,16,17,18,19].

4 Лекция тақырыбы: Қақтығыстарды басқару.

Жоспар:

  1. Қақтығыстағы мінез-құлық стратегиясы және стилі.

  2. Компромисс және консенсус.

  3. Қақтығыстарды реттеу әдістері.

1. Қақтығыстағы мінез-құлық стратегиясы және стилі.

Әр қақтығыс өзінше ерекшеленіп отырады. Алайда қақтығыс мінез-құлқының стильдерінің әртүрлілігіне қарасмастан ортақ белгілерге ие болады. Бұл белгілі бір мәселені шешудің оппоненттердің екі жағына да маңызды екендігіне байланысты болып табылады.

Кез-келген қақтығыстың стандартты даму кестесі болады: қарама-қайшылыққа әкелетін тікелей себеп, қызығушылықтар мен мақсаттардың ерекшелігі, орын алған позициялардың сәйкес келмеуі.

Қақтығыстануда ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап, қақтығыс мінез-құлқының 5 стилі белгілі: қашу, бейімделу, конфронтация, келіссөз, компромисс.

Конфронтация және оның өнімділігі.

Конфронтация немесе бақталастық – екінші жаққа қолайшы шешімді еркінен тыс қабылдатуды білдіреді. Өзінің бағытына сәйкес, ол активті, өз бетімен жұмыс істеу арқылы өз қызығушылықтарына екінші жаққа қарамастан жетуді білдіреді. Мінез-құлықтың берілген стилі екінші жаққа өз дегенін істетуге тырысады.

Берілген стиль екінші жақ оңайлықпен өз қығығушылықтарынан бас тартқан жағдайда өнімді болып табылады. Жеңілдіктерге бармайтын оппоненттерге мұндай мінез-құлықты көрсету нәтиже бермейді.

Аталмыш стильдің өнімділігі бір жақтың бақталастық тактикасын қолдану мүмкіндігіне байланысты болады. Қысымның қандай түрі болмасын, оның екінші жақтың жағымсыз реакциясына әкелу мүмкіндігін ескерген жөн. Сондықтан конфронтация – тұлғааралық қақтығыстардың көбінде қолданылатын мінез-құлық түрі емес.