- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •5В120200 – «Ветеринарлық санитария» мамандығы үшін
- •Мазмұны
- •Дәрістер Микромодуль 1 - Кіріспе. Зат алмасуды реттеу
- •С витамині /аскорбин қышқылы/
- •Н витамині /биотин/
- •Р витамині /цитрин, биофлавоноидтар/
- •Парааминбензой қышқылы /пабқ/
- •Микромодуль 1 - Кіріспе. Зат алмасуды реттеу
- •Ферменттердің химиялық табиғаты және құрылысы. Коферменттер
- •Ферменттің активтік және өздік реттегіш / аллостерлі/ орталықтары
- •Ферменттердің әрекет ету механизмдері
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 1 - Кіріспе. Зат алмасуды реттеу
- •Гормондар
- •Гормондардың әсер ету механизмі
- •Гипофиздің алдыңғы бөлігінің /аденогипофиздің/ гормондары
- •Гипофиздің нақ аралық гормоны
- •Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары
- •Жыныс бездерінің гормондары
- •Бүйрек үсті бездерінің гормондары
- •Ми затының гормондары
- •Бүйрек үсті безі қабығының гормондары
- •Гормоноидтар
- •Микромодуль 2 - Энергетикалық алмасу
- •Зат және энергия алмасу процестері
- •Зат алмасу сатылары және оның қырлары
- •Негізгі алмасу
- •Зат алмасуды зерттейтін әдістер
- •Тыныс алу – тотығу-тотықсыздану процесі
- •А.Бахтың асқын оксид теориясы
- •В.И.Палладиннің тыныс алу теориясы
- •Биологиялық тотығу теориясының осы заманғы түсініктері. Тотықтыра фосфорлану
- •Микромодуль 3 – Көмірсулар алмасуы және қызметі
- •Көмірсулардың биологиялық маңызы
- •Анаэробтық 24ыдырау24 химизмі
- •Гликолиз және спирттік ашудың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық
- •Көмірсу алмасуының реттелуі
- •Көмірсу алмасуының бұзылуынан болатын аурулар
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 4 – Липидтер алмасуы және қызметі
- •Липидтердің жалпы сипаттамасы
- •Липидтердің асқорыту жолындағы өзгерістері және олардың сіңірілуі. Липидтердің қорытылуы
- •Майлардың ішекте қорытылуы
- •Липидтердің сіңуі
- •Липидтердің аралық алмасуы. Майлардың биохимиялық өзгеруі
- •Липидтердің биологиялық түзілуі. Майлардың биологиялық түзілуі
- •Стериндер мен стеридтердің биологиялық түзілуі
- •Фосфатидтердің түзілуі
- •Липидтер алмасуының реттелуі
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 5 – Белоктар алмасуы және қызметі Микромодуль 5.1 – Аминқышқылдары алмасуы
- •Белоктардың жалпы сипаттамасы
- •Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері
- •Амин қышқылдары – белок гидролизінің негізгі өнімдері, олардың қасиеттері
- •Белок молекуласындағы химиялық байланыстар
- •Белоктардың жіктелуі, сипаты
- •Азоттың балансы және оның түрлері
- •Белоктардың биологиялық бағалылығы
- •Белоктардың асқорыту жолындағы өзгерістері
- •Белоктардың аралық алмасуы
- •Аммиакты зиянсыздандыру жолдары
- •Белоктар алмасуының реттелуі
- •Белоктар алмасуының бұзылуынан туатын аурулар
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 5.2 – Нуклеотидтер алмасуы
- •Пуриндік негіздердің ыдырауы
- •Пиримидиндік негіздердің ыдырауы
- •Нуклеин қышқылдарының биологиялық түзілуі
- •Нуклеин қышқылдары алмасуының реттелуі
- •Хромопротеидтердің алмасуы
- •Микромодуль 6 – Белок биосинтезі
- •Ген биохимиясы және генетикалық хабардың берілуі
- •Белоктардың биологиялық түзілуі және оның сатылары
- •Трансляция. Белоктың рибосомада түзілуі
- •Микромодуль 7 - Зат алмасу процестерінің өзара байланыстылығы
- •Заттар алмасуының өзара байланыстарының жалпы заңдылықтары
- •Көмірсулар мен майлардың алмасуының өзара байланысы
- •Көмірсулар мен белоктардың алмасуының өзара байланыстары
- •Белоктар мен майлардың алмасуының өзара қатыстары
- •Нуклеин қышқылдарымен басқа заттардың алмасуының байланыстары
- •Өзіңді тексер
- •Практикалық және Зертханалық сабақтар Майда, суда еритін витаминдерге тән сапалық реакциялар
- •Ферменттердің биологилық катализатор ретіндегі жалпы
- •Гормондарға сапалық реакциялар
- •Білім алушының өздік жұмысы
Ферменттің активтік және өздік реттегіш / аллостерлі/ орталықтары
Ферменттің активтілік орталығы деп оның молекуласының субстратпен түйісетін бөлігін айтады.
Аллостерлі өздік /реттегіш/ орталық. Екі және одан да көп суббірліктен тұратын кейбір ферменттердің молекуласының үстінде, активтік орталықтан тыс жерде орналасқан, қосымша бөлімшесі болады. Оны аллостерлі немесе реттегіш орталығы дейді. Ал, ферменттерді аллостерлі ферменттер деп атайды /грекше allo және stereos – басқа және орын/.
Реттегіш орталық активтік орталықтан едәуір қашықтықта орналасады. Аллостерлі ферменттер реттегіш орталығы арқылы модулятордың /эффектордың/ молекуласымен байланысқа түседі. Модулятор аллостерлі ферменттің конформациясын өзгерте отырып оның әсерін активтендіреді немесе бөгейді, ал өзі өзгермейді.
Ферменттердің әрекет ету механизмдері
Ферменттің субстратпен әрекет ету дағдысын екі теория арқылы түсіндіруге болады.
Уақытша, аралық қоспалар құру теориясы. Михаэлис-Ментен бойынша бірінші сатысында, фермент субстратпен қосылып фермент – субстрат комплексін түзеді.
Екінші сатысында, фермент – субстрат комплексі реакцияның ақырғы өніміне дейін ыдырап, фермент босап шығады.
Адсорбциялық теория. Бұл теория бойынша фермент молекуласының бетіне реакцияға түсетін заттардың сіңірілуі /адсорбциясы/ жүреді. Соның нәтижесінде әрекеттесетін бөлшектердің өзара жақындасуынан пайда болған қақтығысуы «табысты» өткендіктен реакция жылдамдығы жоғарылайды.
Ферменттерді екі жолмен атайды: жүйелі /рационалдық/ және тривиалдық /жұмысшы/.
Жүйелі бойынша әрбір фермент атауының алдына оның шифры қойылады. Шифр төрт цифрдан құралады. Бірінші цифр ферменттің қай класқа жататынын көрсетеді. Екінші цифр оның класс тармағын білдіреді. Үшінші цифр класс тармағының түрін анықтай түседі. Төртінші сан ферменттің осы класс тамағындағы рет нөмерін білдіреді. Ферменттің шифрындағы әрбір цифр бір-бірінен нүктемен бөлінеді.
Жаңа жіктеу бойынша бізге белгілі ферменттердің барлығы алты класқа бөлінеді.
1. Оксиредуктаза – сутегінің атомдарын немесе электрондарды бөліп және қосып алу арқылы субстраттың тотығу-тотықсыздану процесін үдететін фермент.
2.Трансфераза – атомдардың түрліше топтарының тасымалдану реакциясын катализдейтін фермент.
3. Гидролаза – заттардың түрліше топтарының гидролизіне қатысатын фермент.
4. Лиаза – еселенген байланысты түзе немесе бұза отырып, түрлі атомдар тобын қосып немесе ажыратып алу реакциясын катализдейтін фермент.
5. Изомераза – изомеризация реакциясын катализдейтін фермент.
6. Лигаза /синтетаза/ - АТФ энергиясының есебінен түрлі заттардың синтезделу реакциясын шапшаңдататын фермент.
Негізгі ұғымдар: фермент; энзимология; холофермент; апофермент; кофермент; аллостериялық орталық; субстратты орталық.
Бақылау сұрақтары:
1.Ферменттердің химиялық табиғаты және биологиялық маңызы қандай?
2.Фермент құрамында қандай орталықтар бар? Жай және күрделі ферменттердің әр орталығын сипаттап өтіңіз.
3.Фермент-субстрат комплескін қалай түсінесіз? Қандай байланыстармен байланысқан?
4.Температура фермент- субстрат комплексіне қалай әсер етеді?
5.Пепсин үшін ең жоғарғы активтілік көрсететін орта (қышқылдық, бейтарап, сілтілі)?
6.В6 витамині кіретін коферментті атаңыз. Оның құрылымдық формуласын жазып, атаңыз.
7.НАД, ФАД, КоА Коферменттерінің құрамына қай витаминдер кіреді?
8.а)дипептид, б)лактоза, в)сахароза, г)амилаза гидролизін катализдейтін ферменттерді жұмысшы атаумен атаңыз
9.Оксидоредуктаза класының ферменттері қай реакцияларды катализдейді? Дегидрогеназа катализдейтін процестерге мысалдар келтіріңіз?
10.Төмендегі реакцияларды катализдейтін ферменттерді атаңыз, оның класын анықтаңыз:
а)глюкоза+АТФ – глюкозо-6-фосфат
б)глюкоза-1-фосфат- глюкозо-6-фосфат
в)сүт қышқылы + НАД – пирожүхім қышқылы+ НАД+ Н+
г)аланин+ Н2О – сүт қышқылы + NH3
д)аланин+ этиламин+ СО2
Ұсынылатын әдебиеттер: 1 [277-337]
