- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •5В120200 – «Ветеринарлық санитария» мамандығы үшін
- •Мазмұны
- •Дәрістер Микромодуль 1 - Кіріспе. Зат алмасуды реттеу
- •С витамині /аскорбин қышқылы/
- •Н витамині /биотин/
- •Р витамині /цитрин, биофлавоноидтар/
- •Парааминбензой қышқылы /пабқ/
- •Микромодуль 1 - Кіріспе. Зат алмасуды реттеу
- •Ферменттердің химиялық табиғаты және құрылысы. Коферменттер
- •Ферменттің активтік және өздік реттегіш / аллостерлі/ орталықтары
- •Ферменттердің әрекет ету механизмдері
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 1 - Кіріспе. Зат алмасуды реттеу
- •Гормондар
- •Гормондардың әсер ету механизмі
- •Гипофиздің алдыңғы бөлігінің /аденогипофиздің/ гормондары
- •Гипофиздің нақ аралық гормоны
- •Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары
- •Жыныс бездерінің гормондары
- •Бүйрек үсті бездерінің гормондары
- •Ми затының гормондары
- •Бүйрек үсті безі қабығының гормондары
- •Гормоноидтар
- •Микромодуль 2 - Энергетикалық алмасу
- •Зат және энергия алмасу процестері
- •Зат алмасу сатылары және оның қырлары
- •Негізгі алмасу
- •Зат алмасуды зерттейтін әдістер
- •Тыныс алу – тотығу-тотықсыздану процесі
- •А.Бахтың асқын оксид теориясы
- •В.И.Палладиннің тыныс алу теориясы
- •Биологиялық тотығу теориясының осы заманғы түсініктері. Тотықтыра фосфорлану
- •Микромодуль 3 – Көмірсулар алмасуы және қызметі
- •Көмірсулардың биологиялық маңызы
- •Анаэробтық 24ыдырау24 химизмі
- •Гликолиз және спирттік ашудың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық
- •Көмірсу алмасуының реттелуі
- •Көмірсу алмасуының бұзылуынан болатын аурулар
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 4 – Липидтер алмасуы және қызметі
- •Липидтердің жалпы сипаттамасы
- •Липидтердің асқорыту жолындағы өзгерістері және олардың сіңірілуі. Липидтердің қорытылуы
- •Майлардың ішекте қорытылуы
- •Липидтердің сіңуі
- •Липидтердің аралық алмасуы. Майлардың биохимиялық өзгеруі
- •Липидтердің биологиялық түзілуі. Майлардың биологиялық түзілуі
- •Стериндер мен стеридтердің биологиялық түзілуі
- •Фосфатидтердің түзілуі
- •Липидтер алмасуының реттелуі
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 5 – Белоктар алмасуы және қызметі Микромодуль 5.1 – Аминқышқылдары алмасуы
- •Белоктардың жалпы сипаттамасы
- •Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері
- •Амин қышқылдары – белок гидролизінің негізгі өнімдері, олардың қасиеттері
- •Белок молекуласындағы химиялық байланыстар
- •Белоктардың жіктелуі, сипаты
- •Азоттың балансы және оның түрлері
- •Белоктардың биологиялық бағалылығы
- •Белоктардың асқорыту жолындағы өзгерістері
- •Белоктардың аралық алмасуы
- •Аммиакты зиянсыздандыру жолдары
- •Белоктар алмасуының реттелуі
- •Белоктар алмасуының бұзылуынан туатын аурулар
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 5.2 – Нуклеотидтер алмасуы
- •Пуриндік негіздердің ыдырауы
- •Пиримидиндік негіздердің ыдырауы
- •Нуклеин қышқылдарының биологиялық түзілуі
- •Нуклеин қышқылдары алмасуының реттелуі
- •Хромопротеидтердің алмасуы
- •Микромодуль 6 – Белок биосинтезі
- •Ген биохимиясы және генетикалық хабардың берілуі
- •Белоктардың биологиялық түзілуі және оның сатылары
- •Трансляция. Белоктың рибосомада түзілуі
- •Микромодуль 7 - Зат алмасу процестерінің өзара байланыстылығы
- •Заттар алмасуының өзара байланыстарының жалпы заңдылықтары
- •Көмірсулар мен майлардың алмасуының өзара байланысы
- •Көмірсулар мен белоктардың алмасуының өзара байланыстары
- •Белоктар мен майлардың алмасуының өзара қатыстары
- •Нуклеин қышқылдарымен басқа заттардың алмасуының байланыстары
- •Өзіңді тексер
- •Практикалық және Зертханалық сабақтар Майда, суда еритін витаминдерге тән сапалық реакциялар
- •Ферменттердің биологилық катализатор ретіндегі жалпы
- •Гормондарға сапалық реакциялар
- •Білім алушының өздік жұмысы
Көмірсу алмасуының реттелуі
Көмірсу алмасуын реттеуге жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері, бауыр және кейбір витаминдер қатысады. Жүйке жүйесі мен биологиялық әрекетшіл заттар ішкі ортаның тұрақтылығы мен организмнің барлық қызметінің орнықтылығын қамтамасыз етеді. Бұл өздігінен реттелу арқылы жүзеге асады.
Көмірсу алмасуда бауырдың зор маңызы бар. Бұл органнан көптеген жануар крахмалын – гликогенді табуға болады. Қандағы глюкозаның мөлшері қалыптан /нормадан/ төмендегенде, гликогеннің біразы глюкозаға айналады да, қанға өтеді. Қандағы жүзім қантының артық бөлігі ішінара гликогенге айналады. Сөйтіп, қан плазмасындағы глюкозаның мөлшері тұрақты болады.
Көмірсулар алмасуын реттеуге ұйқы безінің, гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің және қалқанша безінің гормондары қатысады.
Ұйқы безі гормондарының ішінде көмірсулардың алмасуына әсер ететіндерге инсулин мен глюкагон жатады. Инсулин қандағы глюкозаның мөлшерін төмендетеді. Оның механизмі мынандай: инсулин қан ағысымен бауырға келіп, онда гексокиназаны активтендіреді. Соның нәтижесінде глюкозадан глюкозо–6–фосфат және гликоген пайда болып, глюкозо–6– фосфатазаның активтігі тежеледі.
Глюкагон бауырдағы фосфорилаза ферментін активтендіріп /ширатып/, соның әсерінен гликогеннің ыдырауына мүмкіндік жасайды. Бұның өзі гипергликемияға, яғни глюкозаның қандағы мөлшерінің шектен тыс көбеюіне әкеледі.
Бүйрек үсті бездерінің ми қабатындағы гормоны адреналин де және бүйрек қабығындағы кортизол мен кортизон сияқты стероидты гормондар да осындай ұқсастықпен әсер етеді. Сонымен қатар, осындай ұқсастыққа гипофиздің соматотроптық /өсу/ гормоны мен қалқанша безінің гормоны тироксин де ие екен.
Көмірсу алмасуының бұзылуынан болатын аурулар
Көмірсу алмасуларының бұзылуынан туатын аурулар көбінесе гипергликемия, глюкозурия, ацетонемия және ацетонурия, су, азоттық және минералдық заттардың алмасуының бұзылуы түрінде білінеді.
Кей жағдайларда қандағы глюкоза белгілі мөлшерінен төмендеп кететіні, яғни гипогликемия байқалады.
Оның себептері әр түрлі: инсулин мөлшерінің көтерілуі, инсулин антагонистерінің үдемелі түзілуінің төмендеуі, ашығу, ас қорыту жолдарының аурулары және т.б.
Көмірсулар алмасуларының бұзылуы липидтер алмасуларымен тікелей байланысты: «Майлар көмірсулардың жалынында өртенеді» - деген қанатты сөздер өткен ғасырда осыдан пайда болса керек.
Ацетонемия қандағы ацетон денелерінің /ацетон, - оксимай қышқылы, ацетосірке қышқылы/ 0,5 г/л-ге /қалыпты шамасы -0,06-0,07 г/л/ дейін жоғарылауы.
Ацетонурия – несеп құрамында ацетон /кетон/ қосындыларының қалыптан тыс көп болып 2,5-3 г/л /қалыпты мөлшері 0,09-0,01 г/л/ дейін көтерілуі.
Организмнің осындай күйін к е т о з деп атайды. Көбінесе 5-8 жасар өте сүтті сиырлар шалдығады, ішек-қарын, бауыр, жүрек, жүйке жүйесі, эндокриндік бездер қызметін қауырт бұзып, малды қатты күйзеліске ұшырататын ауру.
Диабеттік ком – естен тану, рефлекторлық сөнуі /тітіркенулердің басылуы/, негізгі функциялардың ауытқуы салдарынан келіп қауіпті қасірет туады. Тыныс тарылып, жүрек соғысының әлсіреуі, денедегі кілегейлі қабықтардың көгеріп кетуі, ішек жиырылуының бәсеңсуі, бұлшықеттердің созылуы, өз нәжісімен және несебімен былғану сияқты белгілермен сипатталатын ауру. Дереу шара қолданылмаса, мал тіршілігіне қауіп төндіретін қасірет.
Гликонеогенез процесінің бұзылуы белоктардың, шектен тыс талқандалуын тудырады, соның салдарынан қандағы және несептегі азоттық алмасудың ақырғы өнімдерінің мөлшері көбейеді. Организмнен улы заттарды шығаруға қажеттілігі су мен минералдық заттардың алмасуының бұзылуына әкеледі.
Кейбір жағдайларда /қант диабетінде/ полиурия пайда болады, яғни несеп шектен тыс организмнен шығады да, соның себебінен организмде су жетіспейді. Несеппен көптеген, организмге керекті, минералдық заттар «жуылып» кетеді.
Бұдан басқа тұқым қуалау /гендік/ аурулары – галактозонемия және галактозоурия, организмнің лактоза мен сахарозаға төзімсіздігі пайда болады.
Негізгі ұғымдар: гликолиз; анаэробты ыдырау; аэробты ыдырау; Кребс циклі; глюконеогенез.
Бақылау сұрақтары:
1.Қандай органикалық заттарды көмірсулар деп атайды?
2.Альдогексозаға қандай функционалды топтар кіреді?
3.Рибозо-5фосфаттардың, ксилулозо-5-фосфаттық, глюкозо-6-фосфаттық, галактозо-1-фосфаттық, фруктозо-1,6-дифосфаттың құрылымдық формуласын жазыңыз
4.а-1,4-гликозидтік байланыс арқылы қосылған екі глюкозаның қалдығынан тұратын дисахаридтің құрылымдық формуласын жазыңыз.
5.Мына реакцияларды катализдейтін ферменттердің аттарын жазыңыз: а)глюкоза+ АТФ- глюкозо-6-фосфат; б) фруктоза 1,6 дифосфат- 3 фосфоглицерин; в)3-фосфоглицерин қышқылы- 2 фосфоглицерин қышқылы; г) фосфоэнолпирожүзім қышқылы + АДФ- пирожүзім қышқылы + АТФ; д)пирожүзім қышқлы+ НАД*Н+- сүт қышқылы + НАД
6.Кредс айналымындағы екі және үшкарбон қышқылдарының құрылымдық формуласын жазыңыз
7.Дегидрогеназа катализдейтін Кребс айналымындағы терт схемасын жазыңыз. Дегидрогеназаның коферментін белгілеңіз.
8.Гидролаза класына жататын ферментпен катализденетін глюконеогенез схемасындағы реакцияны тауып алыңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
