Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Псиология адам дамуы Microsoft Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.36 Mб
Скачать
  1. Тақырып. Даму психологиясының пәні, міндеттері мен әдістері

Жоспар

1. Даму психологиясының пәні.

2. Даму психологиясының салалары.

3. Даму психологиясының басқа ғылымдармен байланысты.

Даму психологиясы – психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні – адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жасөспірімдер психологиясы, геронтопсихология даму психологиясының тармақтары болып табылады. Даму психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын, т.б. зерттейді.

Даму психологиясының салалары. Жасына, жас шамасына қарай даму барысы деген не? Бұл сұраққа жауап адамның психикалық даму табиғатын түсінудегі жалпы қарым-қатынасқа байланысты болады. Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп саяды. Жас жөніндегі мұндай ұғым психологиялық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көзқарас жас даму білім мен дағдылардың жәй жинақталуы ретінде ғана қарастырылады.

Кеңес психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп, П. П. Блонский мен Л. С. Выготский бұл тұжырымдамаларды одан әрі қарай дамытты. Тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.

Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л. С. Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.

Адамның жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл – әр балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі т. б.) ерекшеліктері де енеді.

Даму ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсы бір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.

Сонымен, жас шағы оның дамуының сол кезде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айна- ласындағылармен қарым-қатынас ерекшелігімен, балаланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.

Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды.

Адамның өмір сүру ерекшелігіне байланысты, психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдерін былай топтастыруға болады:

1) нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін);

2) бөбек кезең (1 жастан 3 жасқа дейін);

3) мектепке дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін);

4) бастауыш мектеп кезеңі (7 жастан 11 жасқа дейін);

5) жеткіншек кезеңі (11 жастан 15 жасқа дейін);

6) жоғары сырып кезеңі (16 жастан 17 жасқа дейін);

7) жасөспірімдік кезең (17 жастан 20 – 23 жасқа дейін);

8) жастық шақ (20 жастан 30 жасқа дейін);

9) кемелдік кезең (30 жастан 55 – 60 жасқа дейін);

10) қартаю кезеңі (60 – 70 жас аралығы);

11) кәрілік кезең (70 – тен жоғары).

Даму психологиясының мынадай салалалары бар:

– балалар психологиясы;

– жасөспірім психологиясы;

– балаң жас психологиясы;

– акмеология (кемелдік);

– геронтопсихология (кәрілік).

Даму психологиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психологияның пәні – оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу.

Педагогикалық және даму психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі – бала, жеткіншек, жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі; олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясының зерттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылсы, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы – педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады.

Даму психологиясы психологияның басқа да салаларымен (еңбек психологиясымен, әлеуметтік психологиямен, және т. б.) тығыз байланысты. Тек қана психология емес, сондай-ақ жас ерекшелік физиологиясымен, гигиенасымен, анатомиямен және т. б. байланысты.

11- тақырып, Жас мәселесі және психикалық дамудың заңдылықтары.

Жоспар

1. Даму психологиясының пайда болуы.

2. Даму психологиясындағы биогенетикалық және әлеуметтік генетикалық бағыттар.

3. Ж. Пиаженің психикалық даму мәселесі жөніндегі пікірлері.

Даму психологиясының пайда болуы. Даму психологиясының өмірге келуі 19 ғасырдың екінші жартысына жатады, яғни психологияға генетикалық идеяның енуімен байданысты. Даму психологиясының одан әрі өрлеуіне Ч. Дарвиннің эволюциялық идеялары айтарлықтай әсер етті. Ол психикалық дамудың қайнар көздері мәселесіне зейін аудартты.

19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында психологиялық экспериментті даму психологиясында қолданудың арнаы жолдары табыла қоймады. Эксперименттің психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизикалық заңды ашуы, Эббингауездің ес процесін зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы, Вундтың түйсік пен қимыл-қозғалыстың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттегендері, және т.б.) осындай зерттеу жетістіктеріне сүйене отырып, даму психологиясы өрістей бастады.

Адамның өзіндік даму жолындағы ерекшеліктерді ескере отырып, әсіресе өмірдің алғашқы кезеңдеріне аса көңіл аудару қажет. Осындай пікірді қолдайтын психологтар, бала өмірінің ерекшеліктеріне, әсіресе оқыту мен тәрбиелеу жүйесіне көңіл аударды. Мәселен, Ж. Ж. Руссо «Бала – кішкентай ересек адам» – деген жалпы қорытынды жасады. Кейіннен, Кеңес елдерінде, АҚШ-та өрістеген көптеген зерттеулер балалардың қабілеттері, олардың байқаулары, есте сақтауы, пайымдаулары, күйзелістері осыған сәйкес үлкен адамдардың көріністерінен сан жағынан біраз айырмашылығы болса, сонша сапалық ерекшеліктері болатыны анық.

Философияның негізгі қағидаларына және диалектика қағидаларына, физиология саласындағы жоғары жүйке қызметіндегі жаңалықтарға сүйене отырып, кеңес ғалымдары адамның даму процесі (онтогенезі) табиғат құбылыстары мен адам адам қоғамындағы кез келген әсер ететін заңдарға бағынған, бірақ бұл заңдар адамының жеке бас ретіндегі, жаңа қоғамды құрушы азамат ретіндегі психикалық даму процесінің ерекшелігіне сәйкес өзгешелік болып табылады.

Даму психологиясындағы биогенетикалық және әлеуметтік-генетикалық бағыттар. Балалардың психикалық даму мәселесі, мұндай дамудың қайнар көздері мен заңдылықтары даму психологиясы үшін әрқашанда басты мәселе.

20 ғасырдыңбасында даму психологиясы саласында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін (факторларын) әр түрлі түсіндіруші 2 ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік

факторды алуымен ерекшеленеді. Бұл, әрине бір бағыт өкілдері балаға әлеуметтік әсердің болатынын, ал екінші бағыт өкілдері дамудың биологиялық алғы шарттарын толық жоққа деген сөз емес. Биогенетикалық және әлеуметтік-генетикалық бағыттар баланың психикалық даму концепциясын жасаудың басым тенденциясын ғана шамалап айқындайды.

Биогенетикалық бағытқа «туа біткен ерекшеліктерді» мойындау, баланың мінез-құлқы мен дамуына жеңіл-желпі, түс түсіну тенденциялары жатады. Биогенетиктер үшін дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлары қатар тұратын тәрізді болғанымен, биологиялық ең алдымен тұқымқуалаушылық фактор айқындаушы болып есептелінеді. Биогенетиктердің пікірінше, даму жеке адамның сапалық және сандық жақтары міндетті түрде тұқымқуалаушылықпен анықталады, ал орта–бойында көптеген мүмкіндіктері бар икемді тұқымқуалаушылықпен өзара әсер ететін тек реттеуші, көрсетуші, қайсы бір өзгермейтін фактор ғана.

Биогенетикалық заңды ең алғаш тұжырымды алғаш ашқан 19 ғасырда Геккель болды. Сонымен, психологиядағы биогенетикалық заңның негізіне ішкі себептермен пайда болған, тәрбиеге тәуелсіз баланың психикалық дамуы жатады, ал сыртқы фактор ретінде қайсы бір тұқымқуалаушылыққа байланысты психикалық қасиеттердің көріну процесін тежеуге немесе тездетуге жарамды болады деген идея жатқызылады.

Әлеуметтік-генетикалық бағытты қолдаушылардың пікірінше, бала дамуының орташа шешуші факторы ретінде көрінеді, сондықтан да адамды зерттеп білу үшін оның ортасының құрылымын талдау жеткілікті, қоршаған орта қандай болса, оның мінез-құлықтарының механизмі, даму жолдары, сондай болмақ. Мінез-құлық пен дамуды генетикалық бейімділіктің жүзеге асуына апарып таңып, адам белсенділігін жоққа шығарған биогенетиктер секілді социогенетиктер де барлық себепті әлеуметтік орта әсеріне таңып, жеке адам белсінділігін мойындамады. Нәтижесінде белгілі бір әлеуметтік ортада көптеген көрсеткіштері жағынан мүлдем алуан түрлі адамдардың қалайша қалыптасатыны, ал неліктен түрліше ортада ішкі жан дүниесі, мінез-құлықтарының мазмұны мен формалары жағынан өте ұқсас адамдар шығатындығы түсініксіз болып қалды.

Ж. Пиаженің психикалық даму мәселесі жөніндегі пікірлері. Швейцария ғалымы Ж. Пиаженің генетикалық психология теориясы – психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж. Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық қағида дәрежесіне көтерді.

Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл-ойының (интеллект) қалыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы бала интеллектісінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интеллект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдайды.

Ж. Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектісінің құрылымын зерттеу еді. Осы құрылымды қарапайым эволюциялық даму барысында жеткен нәтижесі деп білді, яғни, интеллектілік күрделі ақыл-ойдың психикалық элементтерден құралатынын дәлелдемекші болды. Ж. Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі – баланың біртұтас дамуын ескерместен, ақыл-ойдың өрістеу тұғырын интеллектінің өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмысына орын қалдырмады.

Ж. Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты. Ой қабілеті өзінен-өзі кемелденбейтінін, ал даму адам қасиеті екенін, сол адамның адамгершілік қасиет қатысымен шыңдалған сайын оның санасының жан-жақты дамып, ойлау дәрежесінің көтерілетінін тіпті көре алмады.

Генетикалық психология зерттеулеріндегі ең үлкен олқы кемшілік: интеллект даму деңгейінің бірінен екіншісіне өтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай, әлеуметтік – қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мәні жоққа шығарылды.

Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзкараспен психологтардың кебін кешуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай бағынатынын жөніндегі көзқарастар сан алуан, өйткені тұлга үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылық-кезендері, тұлға дамуының дағдарыстары (кризис), дамуын тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. ген тарпан тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның дамуын өздігінше қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық тдеория дамуы деп адамның биологиялық табиғатының коғамда өмірге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизмдерінің пайда болуын, қажеттіктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес зандылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлға аралық өзара әрекеттерінің калыптасу жолдары ретінде түсіндірсе, гуманистік және басқа феноменологиялык, теориялар оны "Мен" деген түсініктің калыптасуымен ұштастырады. Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар.

Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: калыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенімен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мумкіндік береді (1-кестеде көрсетілген).

Психологтарға үйреншікті ой бойынша тұлға әлеуметтік ортада өсіріп тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік пен сондықтан, әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі тәжірибе жинайды. Ал тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі.

Осы процесс сондай-ақ кейін индивидтің әлеуметтік тәжірибесін қанағаттандырылуы әлеуметтену деп аталады.

Тұлға дамуының кезеңдері (Э.Эриксон бойынша)

Даму кезеңі

Дамудың калыпты желісі

Дамудың аномалды желісі

1.Ерте нәрестелік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін)

Адамдарға деген сенім. Өзара махаббат үшінр болуы, ата-ана мен баланың бірін-бірі тануы, балалардың араласудағы және басқа да кажеттіліктерін қанағаттандыру.

Анасының баласына нашар карауының нәтижесі ретінде баланың адамдарға сенбеуі, мән бермеушілік, немқұрайлық махаббаттан айыру. Баланы ана сүтінен өте ерте және күрт айыру, баланы эмоционалдық окшаулануы.

2. Кейін нәресгелж шак (1 жастан 3 жасқа дейін)

Дербестік, өзіне-өзі сену. Бала дербес, жеке, бірақ әлі ата-анасына тәуелді адам деп санайды.

өз-өзіне сенбеу, өте ұялшақ болу. Бала ез!тч беШмдел-мегенддпн сезініп, қабілеттеріне күдіктенеді. Қарапайым кимыл әдетгерінің дамуында кемшіліктерді сезінеді, мысалы, жүргенде оның сөйлеу кабілеті нашар дамыган, кемшіліктерін қоршағандардан өте қатты жасыру қалыптасады.

3. Ерте балалық шақ (3-5 жас шамасында)

Қызығушылық және белсенділік. Қоршаған ортаны қызыға зерттеп, бейнелерді елестету, ересектерге еліктеу, турлі рөлдерге қосылу.

Пассинтшік және адамдарға мен бермеу. Инициативаның болмауы, салбыр болу, басқа балалардан кызғану, ұсыныстардан бас тарту, релдерге қосылу белгісінің жоқгығы.

4. Орта балалык шақ (5 пен 11 жас аралығы)

Енбекті сүю. Мойнына жүктелген парызды сезіну, табыстарға ұмтылу. Танымдық және коммуникативті білім мен әдеттердің дамуы өз алдына шынайы мақсат койып, оған жетуге тырысу. Инструменттерде ойнауды белсенді менгеру, шешімдер кабылдау.

өзін-өзі кемсігу, Әлсіз дамыған еңбек ету кимылдары. Күрделі тапсырманы орындаудан, басқалармен жарысу-дан бас тарту. Дауыл аддындағы немесе жыныстық же-тілу кезені алдындағы тыныштық сезімі. Біреуге ба-ғынушылық туралы есептерді шешкенде жұмысы зая кететіндей сезіну.

5. Жыныстық жетілу жеткіншек жасы және бозбалалық (11 мен 20 жасаралығы)

Өз болашағын анықтау уақытша перспектиканың болашаққа жоспардың дамуы қандай болу. Кім болу деген сұрақтарға жауап іздестіру. Білім алу үйрену. Тұлғааралық тәртіп формаларындағы жыныстық ерекшеліктер дүниеге көзқарастың қалыптасуы. Құрбылар арасынлда лидер болу қажет болса оларға бағыну.

Рөлдердің шатасуы. Уакытша перспективалардың ығы- суы және араласуы: болашақ пен осы шақ туралы ғана емес, өткен шақ туралы да ойлардың пайда болуы. Рухани күштерді өзін-өзі тануға жұмсау, сыртқы әлем, қор- шаған адамдармен қарым-қа- тынас орнатудың орнына өзін-өзі тусінуге тырысу, Еңбек белсенділігін жоғалту, Жынысгық айьрмашылықты көрсететін рөлдердің ауысуы, болуға ұмтылмау. Мораль мен дуниеге көзқарастың шатасуы

6. Ерте ересек шақ (20 мен 45 жас аралығы)

Адамдарға жақын тарту оларға көмектесуге тырысу. Бала суйіп оларды тәртиелеу, махаббатпен жұмыс. Жеке бас өмірімен қанағаттану

Адамдардан оқшаулану, олардан қашу, әсіресе жақьндардан, олармен жынысгық қатынасқа түсуден қашу. Мінездің ауыр болуы. адамдарды таңдамай араласу, болжамға келмейтін әреекеттер жасау. Мойындамау, окшаулану, әлем кауіптерге толы-мыс деген ойлардың әсерінен психика ауытқуныың, жан дүниеде күйзелуінің алғашқы белгілері.

7. Орта ересек шақ (40-45 жә­не 60 жас аралығы)

Шығармашылық өзімен-өзі жә­не басқа адамдармен енімді және шыңармашылық жұмыстар жүргізу. Толыққұнды, әрқилы өмір. Отбасылық қатынастармен канағаттану, өз балалары үшн риза болу. Жаңа ұрпақты уйрету және тәрбиелеу.

Тоқтап қалу. Эгоизм және эгоцентризм жұмыстың ешм-сәздігі. Ерте мүгедек болу. Үнемі етше кемірімді болып, тек өзіне ғана күтім жасау.

8. Кеш ересек шақ (60 жастан жоғары)

Өмірдің түрлі оқиғаларға абай болуы. Үнемі өткенді ойлап, оған саналы баға беру. Өгкен өмірді өз күйінде қабылдау, оның пайдасын түсіну. Тағдырдың жазғанына квиукабшеп. Өлім қорқынышгы емес екендігін уғыну.

Үміт үзу. Өмір босқа өткен деп, уақыт аз қалғандығын, өте тез өтуде деп ойлау өмір сүруді мағынасыз деп түсіну, өз күшіне, басқаға деген сенімнің жоғалуы. Қайда өмір сүруді 11-леу, буын алғаннан да көбірек нәрсені қажет ету. Әлемде тәртіп жоқтығын, жаман, санасыз бастаманың қателігін сезіну. Жақындап келе жаткан өлімнен қорқу.

12- тақырып. Психикалық дамудың жасерекшелік кезеңдері.

Жоспар

1. Балалар жасын кезеңдерге топтастыру.

2. Қазақ халқының балалар жасын топтастыруы.

3. Ғылыми тұрғыдан бала психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру.

4.Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кезең.

Балалар жасын кезеңдерге топтастыру. Бала жасын кезеңдерге бөлудің жобасы, біріншіден, жабайы өмірден алынған; екіншіден, психология ғылымы тұрғысынан дәлелденген болатын.

Жасты кезеңдерге бөлуі жабайы өмір тұрғысынан Г. Гете мен Л. Н. Толстойдың еңбектерінде кездеседі. Әдетте, жасты кезеңдерге бөлуде мынадай деректерге сүйенеді, әр жас кезеңдеріне жататындардың бәріне тән өзінше психикалық қасиеттер бар деген шешімге келді. Азия мен Африка елдерінде бала бір жастан екінші жасқа өткенде той жасап, оны жігіттік дәрежеге көтеретін болған. Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген. Себебі, әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі болып келеді. Кейбір тайпалардың қоғамдық қатынасы мен мәдениеті төменгі дәрежеде болады. Әлеуметтік жас дегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың ерекшелігінің билеуі.

Кеңес психологиясы жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп, П.П.Блонский мен Л.С.Выготский бұл тұжырымдамаларды одан әрі қарай дамытты. Т арихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.  Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С.Выготский жас шағы дамудың белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның маңызы дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әр кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуде бұрынғы кезеңдерде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.  Адамның жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл- әрі балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі әрі айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының ( мысалы, сәбилік шақтағы белгілі морфологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелігі т.б. ) ерекшеліктері де енеді.  Даму ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсыбір элементтерінің қандай да бір бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетініне байланысты әр балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгерісі келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді. Сонымен, жас шағы оның дамуының сол кезде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының ерекшеліктерімен, оның айна ласындағылармен қарым-қатынас ерекшелігімен, блаланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлануының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.  Адамның дамуын айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды. 

Адамның өмір сүру ерекшеліктеріне байлнысты, психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдерін былай топтастыруға болады: 1. Нәрестелік кезең / туғаннан 1 жасқа дейін / 

2. Бөбек кезең / 1 жастан 3 жасқа дейін / 

3. Мектепке дейінгі кезең / 3 жастан 7 жасқа дейін / 

4. Бастауыш мектеп кезеңі / 7 жастан 11 жасқа дейін / 

5.Жеткіншек кезеңі / 11 жастан 15 жасқа дейін / 

6. Жоғары сырып кезеңі / 16 жастан 17 жасқа дейін / 

7. Жасөспірімдік кезең / 17 жастан 20-23 жасқа дейін /

8. Жастық шақ / 20 жастан 30 жасқа дейін / 

9. Кемелдік кезең / 30 жастан 55-60 жасқа дейін / 

10. Қартаю кезеңі / 60-70 жас аралығы / 

11. Кәрілік кезең / 70 -тен жоғары / 

Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады.

Даму психологиясының мынадай салалалары бар: 

Балалар психолоиясы

Жасөспірім психологиясы

Балаң жас психологиясы

Акмеология (кемелдік ) 

Геронтопсихология ( кәрілік)

Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз — адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.

Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю — ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру — бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғат-тан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.

Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын.

Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:

1) төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);

2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);

3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).

Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:

1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)

2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін);

3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);

4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);

5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін);

6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);

7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін)].

Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі — жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.

Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт.

Қазақ халқының балалар жасын топтастыруы. Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балалары қай жасында нендей өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай неше түрлі кезеңдерге бөлген. Осының қажет екені мынадан: әр жас кезінде өз үй ішінде және құрбылары арасында алатын орны түрліше келеді дегенде, біз олардың атқаратын қызметінің жасына қарай болуын, не киетін киімдерінің түрліше келуін айтып отырмыз. Осыған орай жас кезеңдерін топтастырып көрейік:туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі.

Нәресте жас мынадай 2 кезеңге бөлінеді:

– бесік жасы (туғаннан 7 айға дейін);

– еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін);

– 1-ден 3 жасқа дейінгі кезең - бөбектер жасы. Бұл кез баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі;

– 3- тен 7-ге дейінгі кезең – сәбилік жас. Бұл жастағылар жұмыстың қарапайым түрлерін орындауға қатысты. Қыздар көбіне аналарына көмектесіп, ұлдар болса әкелеріне көмектеседі;

– 8-ден 11 жасқа дейінгі жас – періште жасы. Психикалық және физиологиялық даму жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда (1-1,5) жыл алда келеді. Бұл жас кезеңін періште жас кезеңі деп атау себебі әдет-ғұрыптарды сақтау міндеттелінді;

– 12 жастан 15 жасқа дейінгі кезең – бозбала жасы. Бұл мезгіл ұл мен қыздардың дәуір есейіп қалған кезі. Үйге қонақ келсе қыздар қонақтардың көзіне көрінбейді, ұлдарды үлкендермен табақтас ететін;

– 15 жастан бастап үлкендер жасы. Бұл кез ұлдарды үйлендіріп, еншісін бөліп беріп, қыздарды ұзату мезгілі болатын.

Бұл айтылған кезеңдерге қарай сол кезеңдегі бала өзінің ісін соған түгелдей арнап отырған.

Ғылыми тұрғыдан бала психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру. Баланың ақыл-ойының өріс алуы тек білімге тәуелді емес. Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән баланың есеюіне әсер ететін себептер: үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық «дағдарыс» кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерді зерттеп жасөспірімдер жасын мына кезеңдерге бөледі:

Туғаннан 1 жасқа дейін – нәресте жасы. Бұл кезең әр нәрсені сезуден және қозғалудан (еңбектеу) тұрады. Ж. Пиаженің жүйесінде сезу-қозғалу интеллектісінің бастапқы кезеңі.

1-ден 3-ке дейін алғашқы балалық, яғни бөбек кезі. Бұл кезде баланың тілі шығып, әсіресе, тілдің лексикасын және грамматикалық ережелерін меңгере бастайды.

3-тен 7-ге дейінгі кезең мектепке дейінгі жас. Баланың қимыл-қозғалысы ойын үстінде қалыптасып қалған. Тіл қабілеті кеңінен өріс алады.

7-ден 11-ге дейінгі кезең – бастауыш мектеп жасы. Бұл жаста баланың сөйлеу қабілеті үлкен дәрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделі болып дамиды.

16-18-жоғары сыныптар, яғни ересектер жасы. Жастың бұл кезеңін кейбір зерттеушілер 19-20 жасқа дейін апарады. Себебі, 16-ға толғандар ересек болғанымен, бұлардың балаға да ұқсас жақтары бар. Сондықтан ересек бала мен үлкендердің аралығында кездеседі. Бірақ ересек жаста «балаға» тән қасиеттер бірте-бірте азая бастайды.

Осы келтірілген жас кезеңдері психологиялық тұрғыдан топтастыру балалар бақшасында, не мектепте ресми түрде қабылданған жастарға үнемі ұқсамайды. Себебі психологиялық тұрғыдан жасты тиісті кезеңдерге бөлудің өзіндік сипаты бар.

Бала психикасының дамуындағы сензитивті кезең.

Балалар психикасының дамуында аса нәтижелі және нәтижесі аз мезгілдері кездеседі. Нәтижелі мезгілді сензитивті кез деп атайды. Сензитивтік кезді, әдетте, метафора ретінде егіннің жақсы, не нашар шығуымен ұқсастырады. Әр жылдары егіннің жақсы не нашар шығатын мезгілдері сияқты, адамның, соның ішінде баланың әр нәрсеге әуесқойлығы, сезімталдығы түрліше болып кездесетін мерзімі бар. Осы мәселені тұңғыш рет көтерген Италияның педагогы

Мария Монтессори (1870-1952). Бұдан соңғы кездерде біздің елде психологтар Л.С.Выготский, Н.С.Лесгафт осы жөнінде құнды пікірлер таратты.

Сензитивті кезге мән беретін себебі, осы кезде аса әсерленгіш келеді, осыны пайдаланып қалу үшін дұрыс тәрбие мен оқыту тәсілдері қолданылуы керек. Сензитивтік кез тек қана бала жасында ғана емес, адамның барлық өмірінде түрліше болып кездеседі. Егер 60-тан асқан кісіден оның өмірінің қай мезгілі есінде айқын қалған, қай жасында мағлұматтар айқын қалмаған деп сұраса, ол 20-25-ке дейінгі басынан кешірген оқиғаларын айтып, кейінгі кездері, әсіресе қартайған уақытын онша еске түсіре алмас еді. Әсіресе жастық кезеңде адам өте сезімтал болып келеді. Бастауыш мектеп жасындағыларда (7-10) мұғалімнің айтқанына сын көзбен қарау онша кездеспейді. Аузынан шыққан сөздерінің бәріне сенгіш болып келеді, осыны пайдаланып көп мағлұматтар ұқтыруы тиіс. Ал егер осы кезеңді дұрыс пайдаланбаса, алдағы кезде баланы оқыту қиынға түсуі мүмкін. Осы жастағы балалар келесі кезеңге өткенде (11-16) бұрынғыдай емес, енді ұстаз сөзіне сынмен қарайды. Сондықтан балалар үшін бастауыш мектеп кезеңі өте маңызды, оларды оқу мазмұнымен қызықтыру керек. Бірақ жеткіншектердің өздеріне тән сензитивтік кезеңдері бар: бұлардың күші мен ақылы молайып, қуатын, ептілігін тиісті салаға қолданғысы келіп, өзін-өзі құрбыларының, не үлкендердің алдында көрсеткісі келіп тұрады. Ал ересек жас (16-18) кезеңіне келсек, олар әрі істі ойланып орындауға икемдері көлемді және өзінің келешегі жөнінде ойланып, өзін-өзі тәрбиелеуге құмар келеді. Сензитивтік кезең көбіне тілді меңгеруге және ақылға байланысты келеді. АҚШ-тың тілшісі Э. Пулгремнің айтуынша, егер баланы шет тіліне 4-5 жастан оқытса, осыған тез үйреніп кетеді. Демек, тіл мен ойдың сензитивтік кезеңі түрлі уақытта кездеседі.

Осы айтылғандардың барлығы музыка, сурет өнерлеріне де тікелей қатысты. Ірі суретшілер мен композитерлер өз саласына қабілеті 10-12 жасында дами бастаған. Әрбір нәрсенің өзіндік және сөнетін мезгілі бар. Осы мүмкіншілікті өз мезгілінде пайдаланып қалу керек.

13- тақырып. Мектепке дейінгі жастағы психикалық даму

Жоспар

1. Баланың ана құрсағында дамуы.

2. Нәресте кезеңінің өзіне тән ерекшеліктері.

3. Бөбек жасы кезеңінің өзіндік ерекшеліктері.

4. Бөбек жасы кезеңіндегі екінші сигналдық жүйенің қалыптасуы.

5. Ойын – мектепке дейінгі кезеңнің негізгі іс-әрекеті.

6. Мектепке дейінгілердегі екінші сигналдық жүйенің дамуы.

7. Мектепке дейінгілердің таным процестерінің дамуы.

Баланың ана құрсағында жүйке жүйесінің дамуы. Бала ана құрсағында морфологиялық жағынан алып қарағанда едәуір қалыптасып қалады. Ең алдымен жүйке жүйесінің төменгі алаптары (ми бағанасы, мишық, жұлын) дамып қалыптасады. Бұдан соң бас ми сыңарлары күрделі түрде қалыптаса бастайды.

Мидың төменгі алыптарының ана құрсағында ерте дамуы алдыңғы алаптарының шамалы кешірек дамуы биогенетикалық заңдылықтың әсерінен болып табылады. Бұл заңдылық бойынша, бала (бұл жануарларға да тән) анасының құрсағында биологиялық түрге жататын ата-тегінің тарихи дамуын (филогенетикалық дамуын) қайталайды. Жүйке жүйесінің ата-тегінің биологиялық түрдегі дамуын қайталауымен шектелінбейді. Ана құрсағындағы бала миы биогенеткалық дамуда ата-тегінің алғашқы кездегі жүйке жүйесінің дамуын қайталайды. Мысалы, баланың жүйке жүйесі анасының құсағында алғашқа күндері қарапайым жәндіктердің (инфузорияның т. б.) жүйке жүйесі тәріздес келеді. Осы жәндіктердің, әдетте, жүйке жүйесінің орталығы жоқ, жүйке талшықтары тұс-тұсынан таралған жапырақ тәріздес болып келеді. Бұдан кейін сол жапырақ бүктеліп түтік тәріздес болып келеді. Түтік тәріздес жүйке жүйесі көбінесе құрттарда кездеседі. Осыдан соң түтік үш буынға бөлінеді (шеткі, ортаңғы, алдыңғы буындарға). Әрбір буын өзінің қол атындағы дененің аудандарын басқарады. Бірақ осылардың жоғары сатысында алдыңғы буын үстем алып, кейін бас миының негізіне айналады. Бұдан соң бала жүйке жүйесі буындарының қалғандарынан озып, тез дамиды да, бас ми сыңарларын құрады. Ана құрсағында бала миының дамуы орталық жүйке жүйесін қайталайды.

Биогенетикалық заңдылықты тұңғыш рет дәлелдеген зоолог Э. Геккель болды (1884-1919). Бұл заңдылық әсіресе ана құрсағында баланың жүйке жүйесінің қалыптасуына қатысты екенін дәлелдеген орыс морфологы А. Н. Северцов (1866-1986) болатын.

Балаға тән жүйке жүйесінің негізі – бас миы. Баланың бас миы ана құрсағында едәуір дамып қалса да, туғаннан кейін өз қалпына келіп, толық қалыптаса бастайды. Мысалы, бас ми қабығы және оның микроскоппен көрінетін 6 қабаты туғанда даяр болмай, кейін қалыптасады. Физиологиялық жағынан алып қарағанда, баланың бас миы шартсыз рефлекстер тудырып, тиісті тітіркендірулерге жауап беруге даяр. Бала туғанда көптеген шартсыз рефлекстерімен туады. Әсіресе, балада ему шартсыз рефлексі жақсы дамыған болады. Баланың ана құрсағында психикалық ерекшеліктер көрініс береді ме? Әрине баланың ана құрсағындағы кезеңінде психикалық еркешеліктер көрініс береді. Оған шартсыз рефлекстер дәлел. Ана құрсағындағы орта мен табиғи ортаны салыстыруға болмайды, әрине. Метафорамен айтқанда, бұл екі орта әр түрлі планеталардың өзгешелегімен ұқсастыруға болады. Себебі, бала тамақты да, ауаны да шешесінің тиісті органдарынан ассимиляция ретінде алып тіршілік етеді. Ана құрсағындағы ортаның өзіндік ерекшелігі тек шартсыз рефлекстердің (емшек ему, ауырту т. б.) реттелуіне ғана мүмкіндік береді. Әрине, дамудың осы түрі кейінгі кезде өзінің түрлі нәрселерге үйренуге (шартты рефлекстердің жасалынуы т. б.) дайындықтың бір түрі. 90 жылдары неміс ғалымы Хейнз әйелдің ішіндегі баланы массаж арқылы оқытуға болады деген пікір тастады. Онда бала дүниеге келгеннен кейін физикалық және ақыл-ой жағынан бірнеше есе жақсы дамиды деген қорытындыға келді.

Баланың әр жасындағы көзге түсерлік қозғалыстардың негізі жануарлар дүниесінде де кездесіп отырады. Биогенетикалық заңдылық бала психикасының дамуына әсер етеді.

XX ғасырдың соңғы кезіндегі психологтардың пікірінше (С. Холл, Ж. Болдуин) баланың ақыл-ойының дамуы қоғам дамуының тарихын қайталайды, баланың туғаннан кейінгі жас кезеңдерін аңшы, балықшы, малшы, диханшы, индустрия «жастарына» бөлген. Бұл пікірге орыс психологы А. К. Корнилов қарсы шықты.

Бөбек жас кезеңінің өзіндік ерекшеліктері. Егер нәрестенің психикалық дамуы тым қарапайым түрде кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде (3 жастағы кезі) бала ақыл-ойының дамуы жағынан едәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Б. Гудинаф өзінің еңбектерінде бөбек жасына аса көңіл бөледі. Оның ойынша, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы – бөбек (3 жас) жасы дейді. Ал осындай ірі жетістіктерге бөбек аз уақыттың ішінде қалай жете алады? Бұл жетістікке жетудегі себептің бірі (1 жасқа толғанда) баланың түргелеп жүруі. Тікелей жүруге көшу бірден болмайтынын қазақтың балаға «тұсау кесу» дейтін ырымынан да белгілі. Бұл жетістіктің екінші себебі: әр заттың өзіне тән қызметін ажырату. Егер нәресте жасындағылар әр заттың қандай қызет атқаратынын білмесе, енді ол бөбек жасына көшкенде соның атқаратын қызметінің мәнісін түсіне бастайды. Бөбек психологиясының дамуына негізгі әсер ететін фактордың бірі: оның қарапайым ойындары мен балалар бақшасында тиісті өнерге үйренуі (сызу не үй салу т. б.). Бұл бөбектер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бөбек психологиясының дамуына алкен әсер етеді. Мысалы, ойыншықтармен ойнау осы жас кезеңінің аяғында кездеседі. Әуелгі кезде бөбектер ойыншықтардың сылдарлауына, не бояуына мән берсе, бірақ нендей жәндіктің, не машинаның бейнесі екеніне мән бере алмайды.

Бөбек жасында ойыншыққа байланысты ұлдар мен қыздардың ойыны бірдей емес. 3 жастағы қыз аюдың ойыншығын бергенде оның үстіне көйлек тігіп, кигізіп, кішкентай тәрелкеге ас салып, қасықпен оны тамақтандырады. Ұлға осындай ойыншық ұсынсаң ол одан бас тартып, бұл қыз балалардың қызметіне қатысты, сондықтан оған қатысы жоқ екенін айтады. Ал ұлдар таяқты ат қып мініп, «осы менің атым» жүгіретіні кездеседі. Ойынға қатысушылар аю ойыншығы нағыз аюдың өзі емес екенін, ал таяқтың ат емес екенін өздері де жақсы біледі. Бұл сұраққа өздері былай жауап береді: «Біз әншейін ермек үшін ойнаймыз» – деп жауап береді. Ал осындай ойындағы заттарды (ойыншықтарды) өзге заттың символы (не белгісі) деп түсіну бөбектердің фантазиясын, ой-өрісін дамытуға едәуір пайдасын тигізеді.

Бөбек психикасының дамуын одан әрі өрістетуде оның сөйлеу әрекетінің қалыптасуының ерекше маңызы бар. Осы кезден бастап сөздерден сөйлем құрастыра бастайды. Бөбек 3 жасқа жеткенде 1200 – 1500 сөз біледі (осыған сәйкес 150 – 20-ге жуық морфемаларды меңгеруі мүмкін). К. Чутовский өзінің «Үштен беске дейін» атты кітабында бөбектер қалай сөйлем құрастыра алады және осыған байланысты икемділігі тілші ғалымдардан кем емес екенін атап керсеткен болатын. Оның ойынша бөбектер тіпті ана тілінде кездеспейтін (бұрын айтып көрмеген) жаңа сөйлемдер құрастырады. Мұның себебі бөбек әлі қандай сөздер айтуға болатынын не болмайтынын білмейді. Себебі жаңа сөйлемді бірден естіп, оны қайталап отырған жоқ. Мұндай сәтсіздіктер кейін үлкендердің көмегімен түзетіледі.

Бөбек жасы кезеңіндегі екінші сигналдық жүйенің қалыптасуы. Таным процестеріне байланысты бөбектің тіліне де әсер етеді. Егер біреудің бізге таныс емес тілде сөйлеген дауысын естісек, осыған байланысты дыбыстарды ажырата алмаймыз. Бізге сол дыбыстар тек шудан тұратындай болып көрінеді. Мұның себебі үйренгендіктен: ана тілімізде естіген сөздер тек белгілі тәртіпке бағынатын сияқты. Осыны фонематикалық есту деп атаймыз. Фонематикалық есту әркімнің қабылдауының өз тіліне бейімделіп өзге тілдегі дыбыстарды елемеуі. Осы қасиет тек бөбек жасынан басталып,олар өз тілінің фонематикалық есту ерекшелігін өзге тілдерден ажырата бастайды.

Ж. Пиаже өзінің шығармаларында мектепке дейінгі жасты, соның ішінде бөбек жасын ойлау операциясына дейінгі жас деп атайды. Бұл жерде Ж. Пиаже «ойлану» деген терминді – проблемалық мәселені шеше білу ретінде (есеп шығару т. б.) қолданды. Бөбектерде ойланудың тек қарапайым түрлері бар, бөбек жасында нақты ой-әрекеті кездеспейді. Мысалы, бөбек кубиктерден үй құрастырып жатқанда, оның қасына келіп, не істеп жатырсың десең, осыған ауызша жауап беруге қиналып, салған үйін бұзады да, «қара!» деп соны қайтадан салады. Бұл жағдайда ойын нақты іс-әрекет үстінде «қара!» деп жеткізіп отыр. Ал нақты бейне ойы деп заттардың өзін көрмей тұрғанда, олардың бейнесін басында елестете отырып, соған тіректелетін, ойын жеткізуді айтады. Соңғы ой амалы бөбекте күшті дамыған.

Ойын – мектепке дейінгі кезеңнің негізгі іс-әрекеті. Мектепке дейінгі жас кезінде балалардың денесі мен ақыл-ой өрісі төменгі жастарға қарағанда едәуір жетіліп қалады. Бірақ 3-5 жас аралығында бала бойының өсуі шамалы тоқталып қалады, мектепке кіргенше өсіп қалады. Бала бойының өсуі салмағының өсуінен шамалы алда жүреді. Мектепке дейінгілердің анатомо-физиологиялық дамуының негізінде есеюге байланысты жаңа талаптарды (оқу,еңбек) орындауға мүмкіндік туады.

Алдымен баланың ойынына нендей нәрсе түрткі болады, соған тоқталайық. Ф. Шиллердің айтуынша, бала қозғалмай, не бір нәрсемен шұғылданбай көп осының салдарынан «жұмсалмай қалған қуаты» жиналады да, соны жұмсау қажеттелігі оны ойынға итермелейді. Бұл пікірге көптеген психологтар қарсы шықты. Күш-қуаты таусылып, шаршап отырған балаға «ойнайсың ба?» деп сұрасаң, «ойнаймын» деп жауап береді дейді. Осыны есепке алып, австрия психологы К. Бюллер «жұмсалмай қалған қуат» теориясы баланың не себептен ойнайтынын толық дәлелдей алмайды деп, ойынның себебін рахаттанумен байланыстырады. Рахаттану теориясы, алғашқы пікірге қосымша ретінде қолданылады.

Неміс психологы К. Гросс кішкентай балалардың ойынын зерттеп, 1899 жылы өзінің осы жөніндегі пікірін жариялады. Оның айтуынша, бала өзінің күшін, ақыл-ойын дамытып, дағдылану үшін ойнайды. Осы пікірін дәлелдеуде К. Гросс мынадай деректер келтірді: әсіресе төменгі даму сатысында тұрған жануарлардың өзгерілмейтін соқыр сезімі (инстинкті) көп болғандықтан, олардың балапандары ойнамайды, тек инстинктері аз жануарлардың балапандары ғана ойнайды. Ойнайтын себебі, олардың туа берілген инстинктері аз болғандықтан, осыған байланысты ептілікті машықтану арқылы толтырғысы келеді дейді. Бұл пікірге Голландия психологы Е. И. Бойтендайк қарсы шықты.

Сонымен, баланың неліктен ойнайтын себебі әлі күнге дейін көпшілік ғалымдар арасында мойындалмаған мәселелердің бірі. Көрнекті орыс марксисінің бірі – Г. В. Плеханов бала ойын кезінде үлкендердің еңбек әрекетін қайталайды, сондықтан «ойын – еңбектің інісі» деген болатын. Бала ойының көбі үлкендерді еңбегін қайталайтыны рас және ұстаздың осы сөзі ойынды әлеумет тұрғысынан дәлеледеуге мүмкіндік береді. Бірақ, психологиялық тұрғыдан алып қарағанда баланың ойнауына не түрткі болатынына ұстаздың бұл сөзі толық жауап бере алмайды. Себебі, тек бала емес, жануар көпшілігінің балапандары да ойнайды, (мысалы, мысық күшігіне лақтың ойнайтыны т. б.). Оны тек балаға ғана емес, жануар балапандарына бірдей тән болғандықтан, жалпы айтқынды репетиция сияқты әрекет. Мұның солай екені мынадан: үлкендердің нақты іс-әрекетін бала болғандықтан, соны дәл дәрежесінде қайталай алмайды. Бірақ оған бала өзін-өзі даярлауы қажет. Артистер сахнаға шықпай тұрып, шымылдықтың бергі жағында өзінің ролін ойнайтыны сияқты бала ойын үстінде өзін келешектегі еңбек әрекетіне даярлайды. Әрине, тап осылай мақсат қоймайды. Бірақ ұзақ тарихи дамуда баланың ойны үлкендердің ісін үйренуге арналған.

Осыған орай, аса қажетті мәселенің бірі – өткен тарихи дәуірлерде бала ойнады ма, ойнаса қай жасынан бастап осыған кірісті. Психологтардың айтуынша ерте кездерде көпшілік елдердің балалары ойын легенді білмеген. Бұған дерек, бұдан біршене жыл бұрын өлген кісілердің моласын қазғанда бала сүйектерінің қасында ойншықтардың ешқандай түрі кездеспепті. Сондықтан балалар үшін әдейі ойыншық жасау соңғы ғасырларда пайда болған дейді.

Мектепке дейінгілердегі екінші сигналдық жүйенің дамуы.

Бөбек жасындағылар негізінен үй ішіндегілермен қарым-қатынас жасайды, ал (4,5-5 жаста) бала сыртқа шығып, құрбыларымен ойнайды, әрқайсысының сөз қоры бірінің білмегенін бірі білуі арқылы, бөбекке қарағанда, 3 есе арта түседі. Бұл жаста сөз қоры 3200-3800-ге жетіп қалады. Сөздік қорының көбеюі тек зат есім арқылы емес, сын есім, сан есім және т. б. арқылы іске асады.

Егер бөбек сөздерден сөйлем құрастыра алмаса, енді бұл жаста қарапайым сөздеден сөйлем құрастыра білу қабілеті артады. Бірақ сөйлем құру тек сан жағынан емес, сапа жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Мектепке дейінгілер есінде бар сөз қорына негізделе отырып, тілдің тиісті ережелерін пайдаланып, мыңдаған жаңа сөйлемдерді құра бастайды. Бұл жерде жаңа сөйлемдер деп, сол тілде бар сөйлемдер ғана емес, тіпті жоқ сөйлемдерді де құруды айтады. Сонымен қатар, қолданылатын сөзін бала тым өткір және күлдіріп айтуға да шеберлігі дами бастайды. Қазақ тілінде кейбір категориялар жоқ болғандықтан, мектепке дейінгілер үшін сөйлеу жеңіл әрі оңай түседі және тиісті морфемалар арқылы сөйлемдерге жаңа жұрнақтарды «желімдей» беруге мүмкіндік туады.

Фонематикалық есту ана тіліне байланысты қалыптаса бастайды, фонематикалық есту мектепке дейінгілерде ана тілінде жақсы дамыған. Мысалы, біреу «сөз» деген сөздің орнына «бөз» десе оны кекетіп бір әріптің өзгерілуі, сол сөздің мәнісін өзгертіп жіберетінін бала сезеді.

Ал кіші балалар кейде өз-өзіне арнап сөйлейді. Сөйлеудің бұл түрін Ж. Пиаже эгоцентрикалық (лат. Его+центрум – өзіне сөйлеу) деп атаған. Әдетте, үлкендер айланғанда ішкі сөйлеу арқылы өз ісін жоспарлайды. Ішкі сөйлеу мектепке дейінгілерде әлі қалыптаспағандықтан, ойын естіртіп, өз-өзіне айтады. Демек, эгоцентрикалық сөйлеу – өзгелерге аналған емес, баланың өзіне арналған ойды жеткізудің ерекше түрі. Баланың ойы өзіне түсінікті болғандықтан, сол ойын өзіне естіртіп айтуы не үшін қажет? Бұл жағдайда бала ой үстінде өзіне сөз арнағанда, сол сөзді тірек ретінде пайдаланады. Әйтпесе, оның ойлана алуы мүмкін емес. Ж. Пиаже эгоцентрикалық сөйлеу балада 7 жасқа дейін сақталынады, кейіннен жойылады. Бұған Л. С. Выготский қарсы шығып, 7 жасқа толғанда эгоцентрикалық сөйлеу бір жолата жойылмайды дейді. Ол кейін баланың ішкі сөйлеуіне айналады. Л. С. Выготскийдің пікірінше, ішкі сөйлеу сырттай естіртіп сөйлеуден дамып шығады, бұлардың екі арасында эгоцентрикалық сөйлеу кездесіп, екеуін ұштастырып, өзі кейін жойылады дейді. Бұл пікірге кейін АҚШ психологы Дж. Брунер қарсы шығып, ішкі сөйлеу сырттай (естіртіп) тілге үйренуден балада пайда болмайды. Бұл оның түрлі символ арқылы дүниедегі затты бейнелеуге талпынуынан дамып шығады. Оның пікірінше, тілге үйрену балада туғаннан кейін пайда болғанымен, ол оның тәжірибесіне жатпайды.

Мектепке дейінгілердің зейіні бір объектіге қаншалықты берілуі, олардың оған қаншалықты қызғылықты келуіне байланысты. Бөбектер ойынға 30-40 минутқа дейін зейінді келе алатын болса, ал 6-7 жастағылар 1-1,5 сағатқа дейін беріле алады. Ал осы қасиеттердің баланың жадында ұзаққа қалдыра алмайды. Мектепке дейінгілерде тек арнаусыз есте қалдыру рөл атқарады. Арнаусыз есте қалдыру арнаулы есте қалдыруға қарағанда нәтижелі келеді. Себебі, бұлар тек нақты бейнелерді есте қалдыруға бейім. Мектепке дейінгілердің кейде нақты есте қалдыра алуы сондай, оларды суретке түсіріп алғандай сияқты көрінеді. Естің мұндай түрі «эйдетикалық» деп аталады.

Мектепке дейінгілерде қиялдау процесі де едәуір дамып қалады. Себебі, осылардың негізгі әрекеті ойын, ал ойынның қайсысы да шындыққа сай келе бермейді. Ойынның нәтижесінде балада қия кеңнен өріс алады. Мектепке дейінгілердің қиялдау процесі ертек үстінде қалыптасады. Ертек тек қазіргі заманда ғана емес, өткен дәуірлерде де 5-7 жастағылардың өмірінде де незгі рөл атқарған.

Мектепке дейінгілердің жасын Ж. Пиаже «операцияға, ойлануға дейінгі кезең» деп атаған. Осыған қарағанда олар үлкендерге тән мәселелерді шеше алмайды деген сөз. Мектепке дейінгілерде көбінесе нақты бейне ойы және ойының жүйелігі тән.