Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Последний вариант Книги Анатомия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.18 Mб
Скачать

  1. Сурет. Ауыз қуысы.

  1. Жоғарғы ерін.

  2. Жоғарғы тістер.

  3. Қатты таңдай.

  4. Жұмсақ тандай.

  5. Тілше (бөбешік).

  6. Тіл жотасы.

  7. Таңдай жұтқыншақ доғасы.

  8. Таңдай безі.

  9. Тіл таңдай доғасы.

Ұрттың терісі мен бұлшық еттерінің арасында қалың май қабаты болады.Бұл май қабаты әсіресе балаларда дамыған. Ұрттың терісі жұқа, онда түктің түбі, май және тер бездері болады.

Ауыз қуысының шеқарасы жоғарысында қатты және жұмсақтаңдаймен, алдында, бүйірінде қызыл иекпен, тістермен, төменінде ауыз диафрагмасымен шектелген.

Қатты таңдай (твердое небо, palatum durum) ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұрады. Оның негізі - жоғары жақтың таңдайшасы мен таңдайсүйегінен пайда болған. Шырышты қабаты сүйек қабына берік жабысып тұрады. Қатты таңдайда көлденең қатпарлар бар, олар астың жылжуына көмектеседі. Қатты таңдайәрі қарай жұмсақтаңдайға өтеді.

Жұмсақтаңдай (мягкое небо, palatum molle) шырышты қабатпен жабылған, бұлшық ет табақшасы. Оның артқы, ортаңғы бөлігінде тілше, ал екі бүйірінде жұптаңдай доғалары бар; біреуі тілдің түбінен басталатын тіл доғасы, екіншісіжұтқыншаққабырғасынан басталатынжұтқыншақдоғасы. Осы екі доғаның арасында ойық бар.Бұл ойықта қорғанысқызметін атқаратын таңдай безі немесе бадамша безі орналасқан. Бадамша безі - лимфоциттер жасап шығаратын лимфа бездерінің шоғыры. Оның бетінде шұңқырлар немесе крипталар бар. Крипталарда лимфоциттер болады. Жұмсақтаңдайдың негізінде көлденең бұлшық еттер орналасқан.

  1. Таңдайды көтеретін бұлшық ет — сына сүйектің қырынан басталып, қанатшасын орап өтеді жәнеестутүтігінің шеміршекті бөлігінен басталып, жұмсақтаңдайдың сіңірімен бітіседі. Бұлшық ет жиырылғанда таңдайды керіп, тартып,естутүтігін кеңейтеді.

  2. Таңдайды көтеретінбұлшықет, жұп, тік бағытталған. Самайсүйегініңпирамидасынан,есту түтігінің шеміршек бөлігінен басталып, жұмсақтаңдайдың сіңірімен бітіседі. Бұлшық ет жиырылғанда жұмсақтаңдай көтеріледі.

  3. Таңдай-тіл бұлшық еті жәнетаңдай-жұтқыншақ бұлшық еті, жұпбұлшық еттер. Тілден және жұтқыншақтың қабырғасынан басталып, жұмсақтаңдайдың сіңірімен бітіседі. Бұлшық ет жиырылғанда жұмсақ таңдайтөментүседі.

  4. Тілше бұлшық еті, тақ, тілшенің, жұмсақ таңдайдын негізіненбасталады.

  1. сурет. Тіл.

  1. Тіл жотасы.

  2. Тілдіңорталық сайы.

  3. Тіл үшы.

  4. Жапырақша тәрізді

бүршікшелер.

  1. Өрлі бүршікшелер.

  2. Тіл миндалиналары.

  3. Соқыр тесік.


Тіл (язык, lingua) шырышты қабықпен қапталған,бұлшықетті мүше(25-сурет). Тіл дәмді сезеді,тағамның ауыз қуысында араласуына, жылжуына, сөздің пайда болуына қатынасады. Тілдің 3 бөлігі - түбі. денесі, ұшыбар.

Тіл түбірі тіл асты сүйегі мен көмекей үсті шеміршегіне бекіген. Тілдің денесінің дөңес бетін жотасы дейді. Тілдің жотасы дәм сезетін жүйке ұштарына бай. Тілдің жотасында бүртікшелерорналасқан, олардың бірнеше: жіпше, жапырақша, конусше, саңырауқұлақша бүртік түрлері бар. Жіпше және конусше бүртікшелер жалпы сезу қызметін атқарады, тілдің денесінде және ұшында болады. Ал жапырақшасы Тілдің екі бүйірінде, саңырауқұлақшалары тілдің ұшында, екі бүйірінде кездеседі. Тілдің өрлі бүртіктеріоның денесі мен түбірінің шекарасында бір қатардан доғал бұрыштанып тізілген. Олардың ортасында тілдің соқыр тесігі бар. Тілдің төменгі бетінің шырышты қабатындағы екі қатпар ауыз қуысының түбі мен тілдің ортасында сызық болып тартылып тұрады.Бұл сызықтың 2 жағында дөңес бар,оған тіл асты және төменгі жақ, асты бездерінің өзектері шығады.

Тілдің бұлшық еттері екі топқа бөлінеді:

  1. Қаңқа бұлшық еттері;

  2. Тілдің өзінің бұлшық еттері.

Қаңқа бұлшық еттері бас қаңқасынан басталып тілдің ішіне кіреді.

  1. Жоғарғы және төменгі ұзын бұлшық еттер. Көмекей үсті шеміршегінен, тіл асты сүйегінен басталып, тілдіңұшына дейін жетеді, ұзындығы әр түрлі.

Атқаратын қызметі: екі жақты жиырылғанда тіл қысқарады. Егер жоғарғы бөлігі жиырылса, тілдіңұшы көтеріледі, төменгі бөлігі жиырылғанда тілұшытөменге түседі.

  1. Иек-тіл бұлшық еті — төменгі жақтың иек қырынан арқаға, жоғарыға қарай басталып, тілдің бүйіріне дейін жетеді.Бұлшықет жиырылғанда тіл артқытүпке және төменге тартылады.

  2. Біз-тіл бұлшық еті — самайсүйегініңбізшесінен басталып алға, төменге қарай бағытталып, тілдің бүйіріне дейін жетеді. Бұлшық ет жиырылғанда тіл артқы түпке, жоғарыға тартылады. Бұлшық ет біржақты жиырылғанда тіл де біріңғай жаққа қарай қисаяды.

Тілдің өзінің бұлшық еттері үш перпендикуляр жазықтықта айқасып орналасқан.

  1. Тілдің көлденеңбұлшықеті тілдің көлденеңіне орналасқан. Бұлшық ет жиырылғанда тілдің жотасы көтеріліп, оның ені қысқарады.

  2. Тілдің тік бұлшық еті тілдің төменгі бетінен басталып тіл жотасына жетеді. Жиырылғанда тіл қысқарады. (25-сурет)

Тістер (зубы, dentes) тағамды тістеп, майдалайды, сөздің анық болуына мүмкіндік жасайды.

Тістер төменгі және жоғары жактардың, альвеоляр шұңқырларында орналасқан. Әрбір тістің сауыты (коронка), түбірі (корень)жәнемойны бар. Сауыты қызыл иектен шығып тұрады. Түбірі қызыл иектегі тіс альвеолялар шұңқырында орналасқан. Тістің іші қуыс, ол пульпа сүйықтығментолған.

Тістің түбірінде тесік бар, ол арқылы қуысқа қан тамырлары, жүйке талшығы өтеді. Тіс эмальдан, дентиннен, цементтен тұрады. Тістіңнегізгі заты — дентин, оның сауыт бөлігі эмальмен жабылған, ал түбірі цементпен қапталған. Тістің түбірі қан тамырларына бай. Тіс альвеоляр шұңқырында сүйек қабымен бірігіп кетеді (периодонт). Тістің эмалі оны бұзылудан сақтап тұрады. Сауыты пішініне байланысты күрек, сойдақ,үлкен және кіші азу тістер болып бөлінеді.

Күрек тістер (резцы) жақтың әрбір бөлігінде 2-ден орналасқан, барлық саны 8. Күрек тістің алды дөңес,ұшыөткір, түбірі біреу. Асты тістепжұлып алуға икемделген.

Сойдақ тістер (клыки) — күрек тістермен қатар орналасқан. Саны - 4, оның түбірі конусше, сауыты үшкір.

Кіші азу тістер (малые коренные зубы) жақтың әр жартысында 2-ден орналасқан.Барлықсаны - 8. Кіші азу тістердің шайнау беті ортасында саймен бөлінген, 2 томпақбар. Олардың ішкі томпағы - тілдіңсыртқы томпағы - ұрттык, кіші азу тістің түбірі екі айрық болады.

Үлкен азу тістер (большие коренные зубы) жақтың екі жартысында 3-тен, жалпы саны - 12.Бұл тістердің шайнау беті сайлар арқылы төрт төмпешікке бөлінген. Оның үш түбірі бар.

Адамның жасына байланысты тістер: сүт және тұрақты болып бөлінеді.

Сүт тістер (молочные зубы). Баланың 5-6 айлығында бірінші төменгі күрек тісі шығады. Бір жастағы баланың 8 тісі, 2 жаста 20 тісі болады. Баланың тісінің шығуы оның денсаулығына байланысты болады. Дені сау баладағы тістің санын білу үшін оның жасын аймен есептеп, содан 4 санын алыптастайды. Мысалы: 10 айлық балада 6 тіс болады. (10-4=6).

С үт тістердің формуласы: 2.1.2. 2.1.2.

2.1.2. 2.1.2.

Сүт тістерде үлкен азу тістер болмайды. Бала 5-6 жасқа келгенде сүт тістер түседі де, оның орнына тұрақты тістер шыға бастайды. Бірінші үлкен азу тіс 6 жаcта шығады, 12-15 жаста тұрақты тістер шығып болады. Ең соңғы үлкен азу тіс «ақыл тіс» деп аталады. Ол 18-30 жасқа дейін шығады, тіпті шықпай қалуы да мүмкін. Адамдабарлығы32 тұрақты тіс болады. Олардың 16-сы жоғарғы, 16-сы төменгі жақ сүйегінде орналасқан. Тұрақты тістердің формуласы:

3 .2.1.2. 2.1.2.3.

3.2.1.2. 2.1.2.3.

Жақтың әрбір жартысында 2 күрек, 1 сойдақ, 2 кіші азу, 3 үлкен азу тістер болады.

Сілекей бездері (слюнные железы). Өзектері ауыз қуысына ашылатын көптеген бездер. Ішіндегі ең ірісі — құлақ маңы, төменгі жақ, асты және тіл астылары.Олардыңсөлін сілекей сөлі деп атайды (26-сурет).

  1. Құлақ маңы безі (околоушная железа, glandula parotidea) немесе шықшыт безі құлақ қалқанының алдыңғы жағында, тері астында, шайнау бұлшық етін жауып орналасқан, сыртынан қатты қапшықпен қапталған. Оның өзегі жоғарғы үлкен азу тістің түбіне, ауыз қуысына ашылады.

  2. Төменгі жақ асты безі (поднижнечелюетная железа, dlandula submandibularis) жақасты етінің астында орналасқан.Бұл бездің өзегіауыздың бұлшық еттерінен өтіп тілдің астына шығады.

  3. Тіл асты безі (подъязычная железа, glandula sublingualis)

26-сурет. Сілекей бездері.

  1. Құлақ маңы безі.

  2. Төменгі жақ асты безі.

  3. Тіл асты безі.

Тілдің астында, жақ-тіл асты бұлшық етінің үстінде, шырыш қабатпен жабылып тұрады. Оның бірнеше өзектері бар. Ең үлкен өзегі — тілдің астына төменгі жақ асты безінің өзегімен бірге ашылады. Тіл асты безінің сөлі — шырышты, ақуызды болады.

Сілекей бездерінің сөлінің құрамы әлсіз сілтілі сұйықтық. Оныңқұрамында амилаза, мальтаза ферментгері, бейорганикалық тұздар, ақуыз және муцин болады. Тәулігіне 1,5 л сілекей бөлінеді. Сілекей сөліндегі амилаза, мальтаза ферменттері көмірсуды ыдыратады. Муцин сөлге жабысқақтық қасиет береді. Шайналып, ұсақталған тағамды орап, оны жылжуға икемдейді.

Сілекей сөлінің атқаратын қызметі:

  1. Асты ферменттердің (амилаза, мальтаза) әсерімен жентектейді;

  2. Дәм сезу рецепторларына әсер етіп, астың дәмі сезіледі;

  3. Муцинның әсерінен шайналып, ұсақталған тағам бір-біріне жабысып, түйіншек болады;

  4. Ауыз қуысындағы ас түйіншегі асқазан сөлінің бөлінуіне әсер етеді;

  5. Сілекейде бактерияларды өлтіріп, қорғаныс қызметін атқаратын лизоцим және қан ағуын тоқтататын тромбопластикалық заттар пайда болады.

Ауыз қуысында астың қорытылуы

Ас ауыз қуысында 15-30 секундта шайналып, ұсақталады. Сілекей сөлінін, құрамындағы амилаза, мальтаза ферменттері көмірсуды ыдыратады, жентектелген ас муциннің әсерінен бір-біріне жабысып, ас түйіршігі пайда болады. Оның арасында шалақорытылған көмірсуменбірге амилаза, мальтаза ферменттері сақталады.

Асқазан қышқылының сөлі ас түйіршігін асқазанға түскеннен 15-20 мин. соң қорыта бастайды.Осы уақыт аралығында муцинмен қапталған ас түйіршіктеріндегі амилаза, мальтаза ферменттері жаймен тағамдағы көмірсуды қорытып тұрады. Кейін асқазан сөлініңәсерінен бұл ферменттер өз қызметтерін тоқтатады.

Ж ұтқыншақ(глотка, рһarynx) ауыз қуысы мен өңешті жалғайтын түтікше ас қорыту

27-сурет.Жұтқыншақ 1.Мұрын аралығы. 2.Біз-жұтқыншақ бұлшық еті. 3Жұтқыншақ қабырғасы. 4.Таңдай-жұтқыншақ доғасы. 5.Таңдай бездері 6.Көмекей үсті шеміршегі 7.Көмекей кіреберісі 8.Қалқанша безі 9Өңеш 10.Кеңірдек 11.Тілше(Бөбешек) 12.Құлақ маңы безі

Оның ұзындығы 12-15см. Жұтқыншақ жоғарыда бассүйегініңнегізіне бекіген. Төменде VI-VII мойыномыртқаларының аралығында орналасқан. Жұтқыншақтың атқаратын қызметі:

  1. Ауанымұрын қуысынан көмекейге өткізеді;

  2. Жұтыну уақытында тағамды ауыз қуысынан өңешке өткізеді. Сонымен жұтқыншақта тыныс алу жолымен ас қорыту жолы айқасады.

Жұтқыншақ ауыз бен мұрын қуыстарының және көмекейдің артындаорналасқан.Ол омыртқа жотасындағы мойын омыртқаларының омыртқа алды шандыры және борпылдақ майұлпасыарқылы бөлініп тұрады. Жұтқыншақтың бүйірдегі қабырғасы ірі қан тамырлары және жүйкемен шектеседі.

Жұтқыншақ үш бөліктен тұрады. Олар: 1. мұрын (носоглотка);Ауыз (ротоглотка); 3. көмекей бөлігі (гортанная часть).

Жұтқыншаққа 7 тесік ашылады; 4 тесік - хоаналар, 2 тесік- есіту түтігінің тесігі, 1 - ауыз қуысының тесігі.Жұтқыншақхоаналарарқылы мұрын қуысымен, есіту немесе “евстахий тесігі” арқылы орта құлақ қуысымен жалғасады. Дыбыс түтігінің тесігі жұтқыншақтың екі бүйірінен ашылады. Оның айналасында дөңестер бар.Бұл түтік миндалиналары.

Жұтқыншақтың көмекей бөлігі көмекейдің кіреберісі мен өңеш түтігінен тұрады.Бұл бөліктің алдыңғы қабырғасында көмекейдің кіреберісі орналасқан. Көмекейдің кіреберісі жоғарысында көмекей үсті шеміршегімен, екі бүйірінде ожауша қатпарлармен, төменінде ожауша шеміршекпен шектескен.

Жұтқыншақтың қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі шырышты қабаты, оның негізі тығыз дәнекер ұлпа, бұлшық етімен айқасып кеткен. Жұтқыншақтың шырышты қабатында қатпарлар болмайды.

Жұтқыншақтың мұрын бөлігі “жыбырлағыш” кілегеймен, ал ауыз және көмекей бөлігінің шырышты қабаты көп қабатты түлемейтін кілегеймен қапталған. Жұтқыншақтың бұлшық ет қабаты ұзынынан жәнекөлденеңінен орналасқан.

Жұтқыншақтың жоғарғы және артқы қабырғасының арасы “жұтқыншақ қалтасы” деп аталады. Онда жұтқыншақ лимфа бездері жинақталған. Жұтқыншақтың бүйір қабырғасындағы есту түтігінің айналасында дөңестеніп лимфа бездері немесе түтік миндалиналары орналасқан. Жұтқыншақта барлығы екі таңдай, екі түтік, тіл жұтқыншақ миндалиналары қалқа болып орналасқан. Олар “Пирогов-Вальдейер калқасы” деп аталады, қорғаныс қызметін атқарады. Мұрын, ауыз қуысынан өткен түрлізиянды заттарды осы бездер залалсыздандырады.

Жұтқыншақтың бұлшық етті қабатында оны жоғары көтеретін және қысатын бұлшық еттер бар.

Жұтқыншақты қысушы бұлшық еттер немесе констрикторлар:

  1. Жұтқыншақтың жоғарғы констрикторы— сына сүйектің қанатшасынан, тілдің бүйірінен, төменгі жақтанбасталады.

  2. Жұтқыншақтың ортадағы қысушы бұлшық еті тіл асты сүйегініңүлкен және кіші мүйіздеріненбасталады.

  3. Жұтқыншақтың төменгі қысушы бұлшық еті - көмекейдің қалқан, сақинаша шеміршектеріненбасталады. Барлық қысушы бұлшық еттерді талшықтары бірігіп, жұтқыншақтың артқы қабырғасына өтеді. Оң және сол жақтағы жұтқыншақты қысушы бұлшық еттердің талшықтары айқасып “жұтқыншақ сызығы” пайда болады.

Жұтқыншақ VI-VII мойын омыртқаларының тұсындаөңешке өтеді.

Жұтқыншақтың ұзына бойына орналасқан бұлшық еттері:

  1. Біз-жұтқыншақ бұлшық еті — самайсүйегініңбізшесіненбасталады.

  2. Таңдай-жұтқыншақ бұлшық еті - жұмсақтаңдайдан басталады. Екі бұлшық ет те жұтқыншақтың қабырғасына бекиді. Ас түйіршігі жұтқыншақтан өткенде бұлшық еттер оны көтереді,ал қысушыбұлшықеттер жоғарыдан төмен қарай жиырылып, босаңсып ас түйіршігін өңешке қарай итереді.

Өңеш (пищевод, esophagus) - ұзындығы 25-30 см, алдынанартына қарай бағытталып қысылған,бұлшықепі түтік (28-сурет). Ол мойын аймағынан басталып, кеуде қуысына өтеді, одан көкет(диафрагма) арқылы іш қуысына өтіп, Х-ХІ кеуде омыртқаларының тұсындаасқазанға жалғасады. Орналасуына қарай өңеш үш бөліктен тұрады: мойын бөлігі, кеуде бөлігі, іш бөлігі.

Мойын бөлігі VI мойын омыртқаның тұсынан II кеуде омыртқасының тұсынадейін созылады. Ол артында омыртқа алды шандырымен, алдында кеңірдек, екі бүйірінде жалпы ұйқыартериясы жәнекөмекейдің жүйкелерімен шектескен.

Кеуде бөлігі - алдыңғы жағында жоғарғы, кейінгі жағында артқы көкірек аралығымен өтеді. IV кеуде омыртқасының тұсында, жоғарғы кеуде аралығыңда кеңірдекпенқатарорналасады. Артқы кеуде аралығында перикардпен шектеседі. V кеуде омыртқасының тұсында кеуде қолқасының оң жағында, кейін оның сол жағында орналасып, алдына өтеді.

28-сурет Өңеш.

  1. Жұтқыншақ.

  2. Өңештің тарылған жері.

  3. Өңештің іш бөлігі.

  4. А сқазанның қардиал бөлігі.

  1. V кеуде омыртқасының тұсында өңеш алдыңғы жағында сол жақтағы бас бронхпен шектеседі.

Өңештің кеуде бөлігі жоғарысында сол жақтағы, төменінде оң жақтағы париетал плеврамен шектеседі.Өңештің іш бөлігі ұзындығы 1-3 см болып асқазанның қардиал бөлігімен жалғасады. Алдыңғы және оң жағында бауырмен, сол жағында асқазанның түбімен шектеседі. Өңештіңбұл бөлігі - екі бүйірінен және алдынан шарбымен жабылған.

Өңеш үш жерде тарылады:

  1. VI-VII мойын омыртқаларының тұсынданемесе жұтқыншақтың өңешке өткен жерінде;

  2. IV-V кеуде омыртқасының немесе кеңірдектің бифуркациясының тұсында;

  3. диафрагмадан өткен жерінде.

Өңештің қабырғасы үш қабаттан тұрады.

  1. Ішкі, шырышты қабат жәнешырыш асты қабаты.

  2. Бұлшық ет қабаты.

  3. Ұйма (адвентиция) қабаты.

Өңештің шырышты қабаты көп қабатты кілегеймен қапталған. Шырыш асты қабатының ішінде шырыш бездері орналасқан, олардың өзегі өңешке ашылады.

Шырыш асты қабаты қан тамыры мен жүйкеге бай.

Бұлшық ет қабаты — өңештің жоғарғы бөлігінде көлденең жолақты бұлшық еттен, ал төменінде біріңғай салалы бұлшық еттен тұрады. Олар екі қабат: ішкісі бұралып, сыртқысы ұзынынан жатыр.

Өңештің сыртқы адвентиция қабаты мойын және кеуде бөлігінде болады, ал іш бөлігін висцерал шарбы жауып тұрады.Бұл қабатта вена қан тамырының торы көп болады.

Асқазан (желудок, ventriculus gastет) ас қорыту жолының кеңейген бөлігі, асты сақтайды, қорытады және асты қорыту үшін сөл бөліп шығарады.

Асқазанның орналасуы (топографиясы). Асқазан іш қуысының жоғарысында, көкет пен бауырдың астында орналасқан, оның үлкен бөлігіомыртқа жотасының сол жағында орналасқан. Асқазанның пішіні адамның дене бітіміне, тамақтың көлеміне байланысты өзгереді. Ересек адамның асқазанының сыйымдылығы 3 литрдей. Асқазанныңқұрылысы (29-сурет). Оның қардиал, пилорик бөлігі, денесі, түбі, алдыңғы, артқы қабырғасы бар. Алдыңғы, артқы қабырғаларының шектесуінен кіші және үлкен иірімдер пайда болады.

Асқазанның қардиал бөлігі Х-ХІ кеуде омыртқаларының тұсындаорналасқан. Асқазанның қардиал бөлігіне өңеш жалғасады және осы бөліктің сол жағында асқазанның түбі орналасқан. Асқазанның түбі мен қардиал бөлігікішкене ойық арқылы бөлініп тұрады.

Асқазанның түбі көкеттің сол жақтағы күмбезімен шектеседі, түбінде ылғи ауа болады.

Асқазанның орта бөлігі, оның денесі, төмен қарай бағытталып асқазанның пилорик бөлігіне өтеді. Асқазанның пилорик бөлігінде кіреберіс және пилорик қуысы бар. Пилорик қуысы, пилорик жолы болып жалғасады. Пилорикқуысының жолы 12 елі ішекпен жалғасады.

29-сурет.Асқазан.

1.Өңеш

2.Кардиал бөлігі

3.Асқазанның түбі

4.Үлкен иірімі

5.Денесі

6.Пилорик бөлігі

7.12 елі ішектің жоғарғы бөлігі

8.Кіші иірімі

9.Асқазан қатпарлары

10.Пилорик қуысы

Асқазанның алдыңғы беті алдына және жоғары, ал артқы беті артқа және төменге қараған. Асқазанның кіші иірімі ойыстанып жоғары және оңға, ал үлкен иірімі дөңестеніп төменге және солға қараған.

Асқазанның алдыңғы қабырғасының қардиал бөлігі, түбі, денесі көкетпен, ал оның кіші иірімі бауырдың сол бөлігінің висцерал бөлігіменшектеседі. Асқазанның алдыңғы қабырғасының азғана бөлігін шарбының париетал жапырағы жауып тұрады. Асқазанның артқы қабырғасының үлкен иірімі көлденең тоқ ішекпен, ал түбі көкбауырменшектеседі.

Асқазанның артында оныңсол жақтағы бүйірінен, бүйрек үсті безінен және ұйқы безінен бөліп тұратын саңлау немесе шажырқай қалтасы (сальниковая сумка) бар.

Асқазан бірнеше жалғамалар арқылы тұрақты бір орындатұра алады. Олар бауыр-асқазан, асқазан-көк бауыр, асқазан- тоқ ішек жалғамалары. Бауыр-асқазан жалғамасы — бауыр қақпасынан, асқазанның кіші иіріміне дейінгі аралықта.

Асқазан - көлденең тоқ ішек жалғамасы оның үлкен иірімін тоқ ішектің көлденең бөлігімен жалғайды.

Асқазан - көкбауыр жалғамасы, асқазанның үлкен иірімін, түбін көк бауырдың қақпасының аралығымен жалғайды.

Асқазанның қабырғасыныңқұрылысы 3 қабаттан тұрады:

  1. Ішкі шырышты, шырыш асты қабаты;

  2. Бұлшық ет қабаты;

  3. Сір, сір асты қабаты.

Асқазанның шырышты қабаты бір қабатты цилиндр тәрізді кілегеймен қапталған. Шырышты қабат көлденең және ұзынынан жатқан иірімдерден тұрады. Ұзынынан жатқан қатпар асқазанның кіші иірімінде, ал денесі мен түбінде көлденең қатпар бар. Асқазанның 12 елі ішекке өтетін бөлігіндеті айналма қатпар жиырылғанда, осы бөліктегі тесік толық жабылады. Асқазанның шырышты қабатында қатпарлардан басқа дөңестер мен ойықтар бар. Дөңестер 35 млн. жуық асқазан бездерінің өзектері.

Асқазан бездерінің 3 түрі кездеседі.

  1. Қардиал.

  2. Меншіктіқардиал.

  3. Пилорикбездер.

Бас жасушалар пепсиноген ферментін, париетал жасушалар тұзқышқылын, ал қосымша жасушалар мукоид ферментін бөледі. Тұзқышқылы пепсиногенді активтендіреді. Пепсин ақуызға (белокқа) әсер етеді, оны қорытады.

Шырыш асты қабаты қан тамыр мен жүйке ұштарына өте бай. Бұлшық еттер қабаты ұзына бойына, қисық және оралып айнала орналасқан біріңғай салалы бұлшық еттен тұрады.

Қиғаш бағыттағы бұлшық ет асқазанның қардиал бөлігінен басталып алдыңғы және артқы қабырғасымен, үлкен иірімге барады. Асқазанның ұзынынан жатқан бұлшық етін, — оның үлкен, кіші иірімінде кездеседі.

Айналма бұлшық ет асқазанның пилорик бөлігінен басталып, 12 елі ішекке өтер жерінде қалындайды.

Сір қабаты асқазанды тұтастай қаптап тұрады.

Асқазанның жасушаларының істеп шығатын сөлін асқазан сөлі дейді. Асқазан сөлінің құрамында фермент липаза, пепсин бар. Пепсин тамақтағы ақуызды майдалайды, қорытады. Липаза — майды майдалайды (28, 28а-сурет).

Асқазан сөлінің құрамы мен қасиеті

Ересек адамда тәулігінде 2,0-2,5 литрдей асқазан сөлі бөлінеді.

Асқазан сөлі түссіз, тұнық, қышқылды, сұйықтық. Асқазан сөлінің99,4% су, ал қатты бөлігі органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Асқазан сөлінің бейорганикалық заты негізінентұз қышқылы, оның мөлшері 0,4-0,6 %.Асқазан сөлінің органикалық заттарына муцип және Каслдің ішкі факторы (гастро- мукопротеид) кіреді. Шырыш-муцин асқазанды химиялық, механикалық әсерден және В,С витаминдерін бұзылудан сақтайды. Ал гастромукопротеид В12 витаминінің сіңуіне әсер етіп, қан азаюы ауруына қарсы ерекше зат пайда болуына мүмкіндік жасайды.

Асқазан сөлініңнегізгі ферменті пепсиноген, тұз қышқылының әсерінен белсенді пепсинге айналады.

Асқазан сөлінің құрамында оған бактериоциттік қасиет беретін лизоцим ферменті болады.

Асқазанның қызметі:

  1. Секреторлық, сөлшығарады, оның әсерінен тамақ қорытылады;

  2. Қорыту қызметі асқазанның бұлшық етінің жиырылуынан ішіндегі тағам ұсақталып, 12 еліішекке жылжиды;

  3. Сіңіру қызметінің арқасында асқазаннан денеге су, минералды тұз, спирт, дәрілер, ақуызды тағамдар сіңеді;

  4. Инкреторлық қызметі асқазанда ас қорытуға қатынасатын, қан аздыққа қарсы гармоп бөлінеді;

  5. Қабылдаған тағамның ыстығын бір қалыпқа келтіреді;

  6. Бактериоциттік қызметі - асқазандағытұзқышқылы мен лизоцимнің әсерімен атқарылады.

Асқазанда астың қорытылуы. Асқазан тыныш тұрғанда оның бездері тек қана шырыш пенпилориксөлін бөледі. Астың түсін көріп, иісін сезгенде немесе ауызға ас салғанда асқазан сөлібөлінебастайды. Ас қабылдағаннан 5-9 мин. кейін сол толық бөлінеді. Сөлдің бөлінуі тағамның құрамына тікелей қатысты. Асқазанда ас З-тен-10 сағатқа дейін қорытылады, ол үшін астың қорытылуына қолайлы қызу - 38-39° тең болуы керек. Асқазан сөлінің құрамындағы пепсинніңәсерінен ақуыз полипептидтерге ыдырайды. Астың қорытылуынан пайда болған қоймалжың 12-елі ішекке қарай жылжиды. Асқазанның перистальтикасы оның кіреберісінен басталып пилорикбөлігіне қарай бағытталады. Асқазан мен ас қоймалжыңы құрамындағы қышқылдың әсері тітіркенісінен, асқазан мен 12-елі ішектің арасындағы тесік ашылып, ас 12-елі ішекке өтеді.

Б а у ы р

(печень, һераг)

Бауыр дененің “биохимиялық лабораториясы” деп аталады, денедегі ең үлкен без, салмағы 1,5-2,0,кг. Бауырдың қызметінің негізгілері:

  1. Зат алмасуынақатынасады(көмірсу, ақуыз, май және минералды тұздар алмасуына);

  2. Гемостаздың (ішкі ортаның) тұрақтылығын сақтайды;

  3. Қандағы зиянды заттарды залалсыздандырыды;

  4. Өт жасап шығарады;

  5. Гликоген қоры жиналады, қандағы глюкозаның бірқалыпты мөлшерін сақтайды. Бауыр, іш қуысының жоғарысында, үлкен оң жақта, кіші бөлігі сол жақта көкеттің астында орналасқан (30-сурет) Жоғарғысында көкет күмбезі, төменіректе асқазан, он елі ішек, тоқ ішектің оң жақтағы имегі, оң бүйрек, бүйрек үстімен безімен шектеседі. Бауырдың төменгі ойыс бетіндемүшелердіңқысымынан пайда болған азғана ойықтар бар. Бауырдың жоғарғы дөңес беті көкетке қараған, төменгі ойыс беті "висцерал беті” ішкі мүшелерге қараған. Оның екі шеті бар. Көкеттен тартылған орақ тәрізді жалғама бауырдың жоғарғы бетінекі бөлікке бөледі.

  1. Үлкені, оң бөлігі.

  2. Кішісі,сол бөлігі