- •Жасуша, оның құрылысы
- •(Клетка, cellula)
- •III. Нейрон аралық аксон - жүйкедегі қозуды бір жүйке жасушасынан екінші жүйке жасушасына өткізеді.
- •- Тікелей бірігу - синартроз;
- •Медиан шеті.
- •Латераль шеті.
- •Жоғарғы бұрышы.
- •Акромион.
- •Буын ойығы.
- •Қабырғалық беті.
- •Қ ол басының сүйектері (кости кисти, ossa manus) үш бөлімнен тұрады. Олар: екі қатар орналасқан білезіктіңұсақ сүйектері, бесқысқа түтікше алақан сүйектері және саусақ сүйектері (8-сурет).
- •Жамбас сүйектері.
- •Тізе тобығы.
- •Шыбығы.
- •Аяқ басы сүйектері.
- •Маңдай кабыршығы.
- •Сампй сызығы.
- •Торша ұялары.
- •Торша табақшалар.
- •Перпендикуляр табақша.
- •Көз табақшасы.
- •Әтеш айдаршығы
- •Сурет. Ауыз қуысы.
- •Жоғарғы тістер.
- •Қатты таңдай.
- •Жұмсақ тандай.
- •Тіл жотасы.
- •Таңдай жұтқыншақ доғасы.
- •7. Бауырдың құйрықты бөлігі. 8. Квадрат бөлігі. 9. Өт қуығы.
- •10. Дөңгелек жалғама. 11. Төменгі қуыс вена.
- •Асқазанның пилорик жолы.
- •Бездің денесі.
- •Бездің негізгі өзегі.
- •Қосымша өзегі.
- •12 Елі ішек катпарлары.
- •Жіңішке ішектің мықын бөлігі.
- •Құрт тәрізді өсіндінің ашылған тесігі.
- •1.Мұрын қуысы.
- •2. Көмекей.
- •3. Кеңірдек.
- •4. Бронхтар.
- •Көмекей үсті шеміршегі.
- •Сақинаша шеміршек.
- •4 3. Қалқанша шеміршек.
- •Ожау шеміршек.
- •Қиғаш ожау бұлшық еті.
- •Артқы сақинаша ожау бұлшық еті.
- •Көмекейге кіреберіс.
- •Таңдай бездері.
- •Қалқанша шеміршегі.
- •Сақинаша шеміршек.
- •Кеңірдек сақиналары.
- •Бас бронхтар (оң және сол).
- •Кеңірдектің тармақталуы.
- •Қалқанша шеміршегі.
- •Кеңірдек.
- •Өкпенің жүрек ойығы.
- •Бөлік аралық сай.
- •Сол өкпенің жоғарғы бөлігі.
- •Төменгі бөлігі.
- •Оң өкпенің ортадағы бөлігі.
- •10.Төменгі бөлігі.
- •Қабырғалық беті.
- •Ерекше жағдайдағы тыныс алу
- •VI. Қан құрамы қасиеті
- •Қанның құрамы: екі бөліктен тұрады (1-кесте).
- •Эритроциттегі агглютиноген мен плазмадағы агглютинингебайланысты қан топтары
- •1. Оң жәнесол қолға; 2. Оң қол, сол аяққа; 3. Сол қол, оң аяққа.
- •Ішкі сөл бездері
- •Пирамида бөлігі.
- •Бөлікшелср.
- •Кеңірдек.
- •Тіл асты сүйегі.
- •Тіл асты-қалқанша байламы.
- •Қанның плазмасы мен алғашқы зәр құрамының салыстырмалыкестесі
- •1. Жатыр. 2. Жатыр қуысы. 3. Жатыр тутігінің жатыр бөлігі.
- •4 Эндометрий. 5. Миометрий. 6. Аналықжыныс безі.
- •7. Периметрий. 8. Жатыр қынабы. 9. Жатырдың жалпақ байламы.
- •10. Жатыр артериясы. 11. Жатыр түтігінің тесігі. 12. Жатыр тутігі.
- •13. Жатыр түтігінің ампуласы. 14. Жатыр түтігінің іш куьісына ашылатын тесігі. 15. Жатыр түтігінің шашағы. 16. Жатыр мойны.
- •17. Жатыр тесігі.
- •Шәует иіығарушы өзек.
- •Кеңейгсн ампуласы.
- •Шәует көпіршіктері.
- •Шәует шашушы өзек.
- •Простат безі.
- •Несеп-зәр шығарушы түтік.
- •2.Ми діңгегі; 3. Мишықтан тұрады:
- •I. Маңдай бөлігі. II. Төбебөлігі. III. Шүйде бөлігі. IV. Самай бөлігі.
- •XII. Денедег зат алмасуы
- •Мамандығыәртүрлі адамдардың бір тәулікке қажет энергия мөлшері
- •Витаминдер
18-сурет.
Маңдай сүйегі. (алдынан көрінісі).
Маңдай
дөңесі.
Бет
өсіндісі.
Көз
үсті шеті.
Көзүсті
тесігі.
Мұрын
бөлігі.
Қас
доғасы.
Маңдай кабыршығы.
Сампй сызығы.
қабырғаларының құрылысына қатынасады. Сүйек жарты табақшалардан құралған(19-сурет). Одан төмен қарай перпендикуляр табақша шығады. Ол мұрын қуысының аралығы пайда болуына қатынасады. Осы перпендикуляр табақшаның айналасында торша лабиринттер бар. Олар ауа шұңқыршаларынан тұрады. Лабиринттің оң және сол жақтағы сыртқы беті жұқа көз қабыршықтарымен қапталған, ішкі беті перпендикуляр табақшаға қараған. Лабиринттің ішкі мұрын қуысына қараған бетінде екі сүйек салбырап тұрады. Бұл жоғарғы және ортадағы кеңсірік.
19-сурет. Торша сүйек.
Торша ұялары.
Торша табақшалар.
Перпендикуляр табақша.
Көз табақшасы.
Әтеш айдаршығы
Бет сүйектері
Бет сүйектеріне алты жұп, үш тақ сүйектер кіреді. Жұп сүйектер жоғарғы жақ, мұрын, көз-жас, бет, таңдай және төменгі мұрын кеңсірігі.
Беттің тақ сүйектері: төменгі жақ, желбезек және тіл асты сүйегі.
Жоғарғы жақ (верхняя челюсть, maxilla). Жоғарғы жақтың денесі және төрт өсіндісі бар. (20-сурет). Денесі төрт беттен тұрады.Олар: алдыңғы, артқы немесе самай асты, көз шарасына, мұрынға қараған беттері. Жоғарғы жақтың алдыңғы бетінде көз шарасының тесігі және оның тіс ойығы бар. Самай асты бетінде жоғарғы жақтың денесі білінеді. Мұрын бетінде гаймар қуысының жолы
сурет. Жоғарғы жақ (Ішкі беті).
Маңдай өсіндісі.
Көз-жас сайы.
Альвеола өсіндісі.
Гаймар қуысы.
Таңдай өсіндісі.
Тістер.
іа, маңдай, таңдай, бет (шықшыт).
Альвеолда сегіз тіс кіріп тұратын шұңқырлар бар. Таңдай өсіндісінен қатты таңдай пайда болады, ал маңдай өсіндісі маңдай сүйегімен, бет шығыңқысы бет сүйегіөсіндісімен қосылады.
Таңдайсүйегі(небная кость, os palatinum) перпендикуляр горизонтальорналасқан екі сүйек табақшасынан пайда болған. Таңдайдың перпепдикуляр сүйегімұрынныңбүйірдегіқабырғасының құрылысына қатынасады. Таңдайдың горизонтальсүйегі қатты таңдайдыңартқыбөлігін құрайды.
Жоғарғы жақтың таңдай шығыңқысы мен қатты таңдайдың горизонталь табақша сүйегібірігіп тұрады. Олар бірікпей қалса тума ақау - “жырық” пайда болады.
Бет сүйегі(скуловая кость, os zygomaticus) адамның бетіне пішін береді. Сүйектің: самай, көз шарасына қараған және шеткі үш беті бар. Бетсүйегініңшығыңқысы самайсүйегініңбет шығыңқысымен қосылып, бет доғасын құрайды.
Көзжас сүйегі(слезная кость, os lacrimale) көз шарасының ішкі бетінде орналасқан кішкене сүйек. Онда жас сайы мен сүйектің қыры бар.Бұл сүйек - көз жас,мұрын өзегі мен жас қабы шұңқырының құрылысына қатынасады.
Мұрын сүйегі(носовая кость, os nasale).Төрт бүрышты табақша сүйек, одан мұрынның қыры пайда болады.
Желбезек (сошник, vomеr) мұрын қуысының құрылысында қатынасады.
Төменгі кеңсірік (нижняя носовая раковина, concha nasalis infетior) жіңішке имек сүйек. Ол мұрынныңбүйірдегіқабырғасында, жоғарғы және ортаңғы кеңсіріктерден төменде салбырап тұрады.
Төменгі жақ, (нижняя челюсть, mandibula) бас қаңқасындағы жалғыз қозғалатын сүйек. Оның денесі мен жұп өсіндісі бар.Денесінің алдыңғы бетінде төменгі иек бар. Оның айналасында төменгі иек тесігіорналасқан. Төменгі жақтын ішкі бетінде иек қыры мен жақ-тіл асты тесігі өтеді.
Төменгі жақтың әрбір шығыңқы екі тармаққа бөлінеді. Алдыңғысы - тәждік, артқысы айдаршықты. Айдаршықтың басы, мойны бар. Басы самай сүйегінебуын арқылы бекиді.
Тіласты сүйегі(подъязычная кость, os hyoideum) доғаша, денесі мен үлкен және кіші екі жұп мүйіздері бар.
Бас қаңқасының бірігуі
Бастың сүйектері жіктер арқылы біріккен. Жік болып бірігудің бірнеше түрлері бар
Қабыршықты жік (самай мен төбесүйегініңқабыршық бөліктерінің бірігуі);
Жазық жіктер арқылы бірігу, бет сүйектерінің бірігуі;
Тіс тәрізді жіктер ТІс тәрізді жіктердің бірнеше түрі бар. Олар тәжді,бұл маңдай мен төбесүйегініңарасында;
сагитал (екі төбесүйегініңарасындағы жік);
ламбдоға ұқсас (шүйде және төбе сүйектерінің арасындағы жік). Ересек адамдар мен қарттардың жіктері сүйектеніп кетеді.
Самай — төменгі жақ буыны (височно-нижнечелсетной сустав, articulatio temporomandibularis) жұп, пішіні айдаршықты күрделі буын. Ол төменгі жақтың айдаршықты тармағы мен самай буын шұңқырының арасында орналасқан. Буынның ішінде буын дискісі бар. Буын қапшығы латераль жалғамамен бекітілген. Осы буынның көмегімен төменгі жақ түрлі қимылға келеді.
Бүтін бас қаңқасы
Ми сауыты екі бөлімнен тұрады. Жоғарғысы — қақпағы, төменгісі — негізі. Ми сауытының кақпағы төбе, маңдай, шүйде және самай сүйектерінің қабыршықты бөлігінен пайда болады.
Бұл сүйектердің барлығы жазық сүйектер. Олардың аралығыңда сүйектің борпылдақұлпасы бар. Олар тығыз екі сүйек қабатынан тұрады. Ішкі қабаты шыныдай өте жұқа болады. Бас жарақат алғанда шың сырты бүтін болғанымен осы жұқа қабық жарылуы немесе сынуы мумкін. Бас негізінің ішкі және сыртқы беті бар (21-суреттер). Ішкі бетінде алдыңғы, артқы және ортадағы бас шұңқырлары бар. Алдыңғы ми шұңқырында үлкен мидың маңдай бөлігі, орталық ми шұңқырында үлкен мидың самай бөлігі орналасқан. Алдыңғы ми шұңқырындағы торша сүйектің тесіктері мұрын қуысымен жалғасады.Бұл тесіктер арқылы мұрын қуысынан ми сауытына иіс сезу жүйкелері өтеді. Орталық ми шұңқыры көз шарасымен көру өзегі арқылы жалғасады. Көру өзегі арқылы көз шарасына көру жүйкесі, көз артериясы, венасы шығады. Бас мидың көзді қозғаушы жүйкесі (111 жұп), шығыршықты жүйке (IV жұп), алып қашушы жүйке (VI жұп) және үштік жүйкенің көз тармағы ми сауытынан жоғарғы көз
21-сурет. Ми сауытының негізі (ішкі беті).
Алдыңғы ми шұңқыры. 2. Әтеш айдаршығы. 3. Тор табақша.
Көру тесігі. 5. Түрік ершігі. 6. Домалақ тесік. 7. Түрік ершігінің арқасы. 8. Сопақ тесік. 9. Ішкіестутесігі. 10. Мойынтұрық тесігі.
Тіл асты жүйкесінің тесігі. 12. Ылди. 13. Ішкі шүйде шоқысы.
Ішкі шүйде қыры. 15. Үлкен шүйде тесігі. 16. Артқы ми шұңқыры. 17. Ортадағы ми шұңқыры.
санлауы арқылы шығады. “Түрік ерінің” екі бүйірінен ішкі ұйқы артериясының сайлары өтеді. Сынасүйегініңдомалақ тесігінен үштік жүйкенің тармағы, ал сопақша тесіктен төменгі жақ жүйкесі шығады.
Бас негізінің ішкі беті горизонталь кесіндісі алдынан артқа қарап бағытталған торша сүйектің горизонталь табақшасын, көру жүйкесі өтетін жолдың тесігін, жоғарғы көз саңлауын, “түрік ер тоқымын”, дөңгелек, сопаққылқанды тесіктерді, самай сүйегі пирамидасының артындағы ішкі есіту тесігін, мойынтұрық және үлкен шүйде тесіктерін, тіл асты жүйке тесігін көруге болады.
Бас негізінің сыртқы бетінде хоаналар (мұрын қуысының тесіктері), сына сүйектің қанатшасы, есіту түтігінің сыртқы тесігі, бізшесі, біз-емізік тесігі, емізікшесі және шүйдесүйегініңайдаршықтары көрініп тұрады.
Көз шарасында (глазница, orbita)көз алмасы орналасқан. Оның кіреберісі мен төрт қабырғасы бар.Көз шарасының жоғарғы қабырғасы маңдайсүйегініңкөз шарасы бөлігімен, сына сүйектің кішкене қанатының бірігуінен пайда болған. Төменгі қабырғасы бет сүйегімен жоғарғы жақ, сүйегінен,ішкісі көз жас сүйегімен торша сүйектің көз пластинкасынан, сыртқы қабырғасы бет сүйегімен сына сүйектің үлкен қанаттарынан пайда болған. Латераль және төменгі қабырғаларының бұрышында көздің төменгі саңылауы орналасқан. Көздің төменгі саңылауы қанат-таңдай шұңқырына өтеді. Көздің жоғарғы саңылауы мен көру тесігі бастың ортадағы шұңқырына ашылады. Көз жас өзегі мұрынға ашылады.
Мұрынқуысы(полость носа, cavum nasi) бет сүйектерінің орталығы, тыныс жүйесінің басталатын жері, онда иіс сезу мүшелері орналасқан. Мұрын қуысының екі бүйірінде көз шарасы, жоғарғы жақтың гаймар қуысы орналасқан. Мұрынқуысыжелбезек және тор іспетті сүйектің перпендикуляр табақшасы арқылы оң және сол бөлікке бөлінген. Мұрын қуысының төменгі қабырғасы, таңдайсүйегінен, жоғарғы қабырғасы маңдай және торша сүйектен құралған. Қуыстыңбүйірдегіқабырғасы мұрын сүйегінен, жоғарғы жақтың мұрын шығыңқысынан, көз жас сүйегінің, торша сүйектің лабиринтінен және таңдайдың перпендикуляр табақшасынан, сына сүйегіқанатшасының медиаль табақшасымен, төменгі кеңсіріктің қосылуынан пайда болған.
Мұрын қуысыныңбүйірдегіқабырғасынан жоғарғы, ортадағы және төменгі кеңсірік салбырап тұрады. Олардың әрқайсысының астынан жоғарғы, ортадағы, төменгі мұрын жолдары өтеді. Мұрын жолдарына ауа қуыстарыныңөзегі ашылады. Жоғарғы мұрын жолына сына және торша сүйектердің ауа қуыстарыныңартқы өзектері ашылады.
Ортадағы мұрын жолына жоғарғы жақтың маңдай және сына сүйектердің ауа қуыстарыныңөзегіашылады.
Төменгі мұрын жолына көз жас безінің өзегі ашылады.
Ауызқуысы(полость рта, cavitas oris) - жоғарғы қабырғасы қатты таңдайдан, алдыңғы жәнебүйірдегіқабырғалары - жоғарғы және төменгі жақтың альвеолары мен тістерден құралған. Таңдайсүйегінде оң, сол, үлкен және кіші таңдайтесіктері бар.
Бастыңбүйірдегібеттерінде жұп орналасқан самай, самай асты және қанат-таңдай деп аталатын шұңқырлар бар. Бас қуыстарыныңтесіктері саңылауларға ашылады. Самай мен самай асты шұңқырларының шекарасы бет доғасы болып саналады. Самай асты шұңқыры тереңдеп қанат-таңдай шұңқырына өтеді. Қанат-таңдай шұңқырына бас қуыстарының саңылаулары ашылады. Ол ми сауыты мен дөңгелек тесік арқылы,көз шарасымен төменгі көз саңылауы, мұрынқуысымен сына-таңдайтесігі, ауыз қуысымен үлкен таңдайөзегі арқылы жалғасады.
Бассүйегініңадамның жасына және жынысына байланысты ерекшеліктері
Бас сүйектерінің дамуы дененің барлық сүйектері сияқты дәнекер ұлпалы сатыданбасталады. Бастың негізіндегі сүйектер дамудың шеміршекті және сүйекті сатысынан өтеді, ал бет және бастың қақпақ сүйектері дамудың шеміршекті сатысынан өтпейді. Сондықтан жас нәресте туған кезде оның бас сүйектерінің аралығында дамудың дәнекер ұлпалы сатысының белгілері қалады. Олар баланың “еңбегі” (родничок, fonticulis) деп аталады.
Алдыңғы “еңбек” екі төбесүйегініңаралығында болады. Бүйірдегі“еңбек” баланың екі-үш айлығында, ал алдыңғысы екі жаСта қатаяды. Әртүрлі ауруларда “еңбек” өзгеріп тұрады. Мысалы: денеде сұйықтық азайғанда, баланың іші өткенде “еңбек”төмен түседі.
Бастың екінші жас ерекшеліктері нәрестенің басыныңнегізіндегі сүйектердің арасында шеміршектер болады.
Үшінші ерекшелігі - жас нәрестенің бас сүйектерінде ауа қуыстары, өсінділер, тістер болмайды. Жақ сүйектері жақсы дамымаған болады. Бастың жіктері 3-5 жасқа келгенде қалыптасады. Бас сүйектерінің өсуі 25-30 жаста тоқтайды.
Ерлердің басы денесінің құрылысына қарай, әйелдердің басынан үлкенірек болады. Қарттардың басындағы қырлар, борпылдақзаттар сорылып сүйек жеңіл болып қалады.
Бастың пішінін, оның көлемін зерттейтін ілім - антропология, оның бір саласы краниология.
ІП. БҰЛШЫҚ ЕТТЕР ЖҮЙЕСІ
(мышечная система, myolgiа)
Адам денесіндегі түрлі қимылдар, кеңістікте денені белгілі бір қалыпта ұстап тұру бұлшық еттердің қызметі нәтижесіндежүзеге асады. Бұлшық еттердің қызметінен адам тыныс алады, жұтынады, шайнайды, ымдайды. Бұлшық еттер ауыз, кеуде, іш, жамбас қуыстарыныңқұрылысына сонымен бірге ішкі мүшелердің қабырғасының құрылысына қатынасады.
Бұлшық ет адам денесінің барлық қимылына қатынасады, қан және лимфаның денеде үлдіксіз айналысын қамтамасыз етеді.Бұлшық еттер сүйектердің өсуіне әсер етеді.
Адам денесінде 400-ден 600-га дейін бұлшық ет бар. Еркектің дене салмағының 40-45%-і, әйел денесінің 30%-і еттен тұрады.Бұлшық еттердің 55%-і денесінің төменгі мүшелерінде,18-20% жоғарғы, 25-30% тұлға бұлшық еттері болып саналады (22-сурет).
Бұлшық ет (мышца, musculus) - өзіне тән пішіні, атқаратын қызметі бар дененің мүшесі.Бұлшық ет -бұлшық ет ұлпасынан, борпылдақжәне қатты дәнекер ұлпалардан, қан тамырлары мен жүйке ұлпаларынан тұрады. Оның негізі-бұлшық ет ұлпасы.
Бұлшық ет ұлпасының екі түрі бар:
Көлденең жолақты;
біріңғай салалы.
Қаңқаның бұлшық еті — көлденең жолақты. Олар ұршық, тәрізді бұлшық еттердің талшықтарынан тұрады. Бұлшық еті қимылға келтіретін миофибриллдер.Бұлшық еттің құрамындағы борпылдақдәнекер ұлпа оны жұмсартады.Оның құрамындағы тығыз дәнекер ұлпадан сіңір пайда болады.
Бұлшық еттердің талшықтары бір-бірімен қатар орналасып будалар пайда болады. Будаларды сыртынан жұқа дәнекер ұлпалы қапшық қаптап тұрады.Бұл қабық- андомезий деп аталады.Бұлшық еттердің ірірек будаларының қапшығы- перимерзий, ал өте ірілерінікі — эпимезий деп аталады. Эпимезий бұлшық еттің сіңірі перитендиниимен жалғасады.Бұлшық еттің барлық дәнекер ұлпасында қанның қылтамырлары көп болады. Олар бұлшық ет будаларының ұзына бойына орналасады.
Барлық бұлшық ет жүйкелермен қамтамасыз етілген. Жүйкелер қимылдатқыш,сезгіш және симпатика талшыктарынан тұрады. Қимылдатқыш жүйке ұшының қозуынан бұлшық ет қимылға келеді.
Сезгіш жүйке талшығы қозуды орталық жүйке жуйесіне жеткізеді, ал симпатика жүйке талшығы бұлшық еттердің қоректенуін қамтамасыз етіп,олардың қимылын түрлі жағдайға икемдейді.
Бұлшық еттің 2 ұшы сіңірге айналып, сүйекке жабысады, тек қана ымдау бұлшық етінің бір ұшы теріге жабысады. Жалпақ бұлшық еттің жазық сіңір ұшы“апонавроз” деп аталады.
Бұлшық ет, олардың топтары дәнекер ұлпа қапшықпен қапталған. Ол шандыр (фасция, fascia) деп аталады. Шандыр өте берік, механикалық тартылысқа төзімді болады.
21-сурет. Бұлшық еттер. А. Алдынан. Б. Арқадан көрінісі.
Самай бұлшық еті. 2. Ымдау бұлшық еттері. 3. Төс-бұғана-емізік бұлшық еті. 4. Дельта тәрізді бұлшық ет. 5. Үлкен кеуде бұлшық еті.
Қар бұлшық еттері. 7. Білек бұлшық еттері. 8. Іштің бұлшық еттері.
14. Сан бұлшық еттері. 10, 15. Балтыр бұлшық еттері. 11. Арқаның трапеция тәрізді бұлшық еті. 12. Арқаның өте жалпақ бұлшық еті.
Жамбастың үлкен бұлшық еті.
Бұлшық еттің пішіні түрлі болады.Олардың денесі немесе қарыны және 2 ұшы бар. Жоғарғысы - басталатын жері, ол ұшы қимылдамайды, төменгі - қозғалыш бөлігі. Бұлшық ет қысқарғанда төменгі шеті жоғарыға қарайтартылып қысқарады.
Бұлшық еттер ұзын, жалпақ және қысқа болып келеді. Ұзын бұлшық еттер негізінен аяқта, қолда, ал қысқаларына арқаның терең орналасқан бұлшық еттері жатады.
Жалпақ бұлшық еттер арқада, кеуде және іште кездеседі. Сонымен бірге екі, үш және 4 басты, тісті және басқа пішіндегі бұлшық еттер бар. Бұлшық ет буынның алды, артынан аттап өтіп, басқа сүйекпен бірігеді де, сол аттап өткен буынды әрекетке келтіреді. Біреулері буынды бүксе, екіншілері- жазады. Қызметі қарама-қарсы бұлшық еттерді - антогонистер, ал бірдей қызмет жасайтындар - синергистер деп аталады. Бір бұлшық ет жиырылғанда, екіншісі босаңсиды.Бұлшық ет топтарының келісіп қызмет жасауы – бұлшық ет координациясы деп аталады. Бұлшық ет координациясына көптеген бұлшық еттер қатынасады. Ол жоғарғы жүйке қызметінің бақылауында болады.
Тұлғаның бұлшық еттері
Тұлғаның бұлшық еттері: арқа, кеуде, іш бұлшық еттері болып үш топқа бөлінеді.
Арқаның бұлшық еттері: беткейдегі және тереңдегі болып екіге бөлінеді.
Беткейде орналасқан бұлшық еттер:
Трапеция тәрізді бұлшық ет (трапецевидная мышца, m.trapezius). Ол — арқаның жоғарғы тұсындағы жалпақ бұлшық ет. Шүйде сүйегінен,барлық кеуде омыртқалары қылқандарынан басталып, бұғананың акромион өсіндісіне және жауырынға жабысады.
Атқаратынқызметі: жоғарғы бөлігі жауырынды көтереді, ортадағысы жауырынды омыртқа жотасына жақындап, ал aстыңғысы оны төменге тартады.
Арқаның өте жалпақ бұлшық еті (широкая мышца спины, m.latissimus dorsi). Басталатын жері: төменгі VI кеуде омыртқасының қылқаншасынан,барлық бел омыртқаларынан, мықынның қырынан басталып жоғары көтеріліп қарсүйегініңжоғарғы басындағы кіші томпаққа барып бірігеді.
Атқаратын қызметі: иықты, қолды артқа тартып, қолды ішке бүгеді.
Үлкен және кіші ромбы тәрізді бұлшық еттер (большие и малые ромбовидные мышцы, m.rhomboideus minor, m.rhomboideus major) трапециялау бұлшық еттің астында орналасқан. Екі төменгі мойын,төрт жоғарғы кеуде омыртқаларының,қылқаншасынан басталып жауырынның омыртқа шетіне келіп бірігеді.
Атқаратын қызметі: жауырынды көтереді, оны омыртқа жотасына жақындатады.
Жауырынды көтеретін бұлшық ет (мышца поднимающая лопатку, m.levator scapulae) ромб тәріздес бұлшық еттен жоғарылау, мойынның артқы бөлігінде орналасқан. Жоғарғы IV мойын омыртқаның көлденең өсіндінің тұсынанбасталып, жауырынның жоғарғы бұрышына келіп бірігеді.
Атқаратын қызметі: жауырынды көтереді.
Жоғарғы артқы тісті бұлшық ет (верхняя задняя зубчатая мышца, m.sетatus postетior supетior) ромбы тәріздес бұлшық еттің астында болады, ол төменгі П мойын, II жоғарғы кеуде омыртқаларының қылқаншасынан бастап қисая көтеріліп, жоғарғы төрт қабырғаға жабысады.
Атқаратын қызметі: қабырғаларды жоғары көтереді.
Төменгі артқы тісті бұлшық ет (нижняя задняя зубчатая мышца, m.sетatus postетior infетior) арқаның өте жалпақ бұлшық етінің астында орналасқан. Ол кеуденің II төменгі, белдің II жоғарғы омыртқаларының қылқаншаларынан басталып, төменгі төрт қабырғаға жабысады.
Атқаратын қызметі: қабырғаларды төмен тартады.
Жоғарғы және төменгі артқы тіс тәрізді бұлшық еттер тыныс алуға қатынасады, кеуде көлемін тарылтып, кеңейтеді.
Арқаның терең орналасқан бұлшық еттері екі топқа бөлінеді. Олар екі жолақ латераль және медиаль болып орналасқан. Латераль орналасқан бұлшық ет шүйде сүйегінен сегізкөзге дейін созылып, омыртқаны тік ұстайды. Ал ішкі медиаль бұлшық ет, қысқа V-VI омыртқаның үстінен өтіп келесі омыртқаларға бірігеді. Мойында осы бұлшық еттің үстінде мойынның белбеу бұлшық еті орналасқан.
Арқаның шандырлары: 1. Беткейдеті шандыр трапеция тәрізді және арқаның өте жалпақ бұлшық етін жауып тұрады. 2. Бел- кеуде шандыры — арқаның тереңдегі бұлшық еттерін беткейдегілерінен бөліп тұрады, ол бел тұсында арқаның өте жалпақ бұлшық етінің сіңірімен бірігеді.
Кеуденің бұлшық еттері мен шандырлары
Кеуденің бұлшық еттері үлкен үш топқа бөлінеді:
иық белдеуінің бұлшық еттері;
қолдың еркін сүйектерінің бұлшық еттері;
кеуде бұлшық еттері.
Кеуденің бұлшық еттері
Кеуденің үлкен бұлшық еті (большая грудная мышца, ш. pectoralis major) үшбұрышты. Бұғанасүйегініңсыртынан,төсжәне Ц-VII қабырғаның шеміршегінен басталады.Тоқпан сүйектің үлкен томпағына келіп жабысады.
Атқаратын қызметі: қолды денеге жақындатады, ішке қарай бұрып көтереді. Адам тыныш тұрғанда тыныс алуға қатынасады.
Кеуденің кіші бұлшық еті (малая грудная мышца,m.pectoralis minor) үлкен бұлшық еттің астында орналасқан. I-V қабырғадан басталып, жауырынның құс тұмсықшасына жабысқан.
Атқаратын қызметі: жауырынды төменге тартады, жауырын тыныш тұрғанда қабырғаларды көтеріп тыныс алуға қатынасады.
Бұғана асты бұлшық еті (подключичная мышца, m.subclavius) кеуде қуысының сыртқы бүйірінде) қабырға мен бұғанасүйегініңаралығында орналасқан. Бұғананы төменге және ішке тартады.
Алдыңғы тісті бұлшық ет (передняя зубчатая мышца, m.sеrratus antеrior) жоғарғы IX қабырғалардан тіс тәрізді басталып жауырынның медиаль шеті мен төменгі бұрышына келіп жабысады.
Атқаратын қызметі: жауырынды алға тартады, қолды горизонталь созуға мүмкіндік туғызады.
Кеуденің барлық алдыңғы топтағы бұлшық еттері тыныс алуға қатынасады.
Кеуденің тереңде орналасқан бұлшық еттеріне ішкі және сыртқы қабырға аралық бұлшық еттері кіреді ішкі қабырға аралық бұлшық ет қабырғаларды төмен тартып, дем шығаруға көмектеседі, ал сыртқы бұлшық ет қабырғаларды көтеріп яғни дем алғызады.
Кеуде шандырлары: кеуде және кеуденің ішіндегі болып бөлінеді. Кеуде шандыры 2 жанырактан тұрады. Олар: 1.беткейдегі; 2.терең орналасқан шандырлар. Беткейдегі жапырақ кеуденің үлкен бұлшық етін, алдыңғы тісті бұлшық етті жауып тұрады. Ал кеуденің ішкі шандыры кеудені ішінен қаптап, кеуде қуысы мен іш қуысын бөліп тұратын диафрагмаға өтеді.
Көкет (диафрагма) күмбез тәрізді бұлшық ет, оның бұлшық еттері үш бөлімнен тұрады. Олар: төс сүйегінен, қабырғадан және бел омыртқадан басталады. Соған қарай көкет: төс, қабырға және бел бөліктері болып үшке бөлінеді. Ьарлық бұлшық еттер ортаға жиналады да сіңірге өтеді. Соның нәтижесіндедиафрагманың орталығы пайда болады. Көкеттің еңмықты бөлігі - бел. Ол оң және сол тармақтан тұрады оның медиаль бөлігінде 2 үлкен тесік бар.Біріншісінен өңеш пен қолқа (аорта), ал ортаңғы тесіктен - төменгі қуыс вена өтеді.
Көкет тыныс алудағы ең басты бұлшық ет.Ол қысқарғанда төмен түсіп, кеуде қуысы кеңейеді, адам дем алады. Ал босаңсығанда жоғары көтеріліп кеуде қуысы тарылып, дем шығады.
Іштің бұлшық еттері
(мышцы живота, mm.abdominis)
Іштің сыртқы қиғаш бұлшық еті (наружная косая мышца живота, m.obliguus extеrnus abdominis) - жалпақ ет, төменгі VIII қабырғадан басталып, мықын сүйектің қырына барып жабысады.Іштің сыртқы қиғаш бұлшық етінің талшықтары қиғаш орналасқан. Ол іштің алдыңғы қабырғасының, іштің ақ сызығының құрылысына қатынасады, төменге қарай бағытталып шат байламына ауысады. Іштің сыртқы қиғаш бұлшық етінен шат өзегінің алдыңғы қабырғасы, оның тері асты сақинасы пайда болады.
Атқаратын қызметі: омыртқа жотасын бүгіп, оны бір жағына қисайтады, тұлғаны бұрап, кеудені төмен түсіреді.
Іштің ішкі қиғаш бұлшық еті (внутренняя косая мышца живота, m.obliguus intеrnus abdominis) - сыртқы қиғаш бұлшық еттің астында желпуішше болып орналасқан. Ол бел-кеуде шандырынан, мықынсүйегініңқырынан және шат байламынан басталып,арқада III қабырғаға жабысады, іштің қабырғасының алдында апоневрозға айналады.
Атқаратын қызметі: омыртқа жотасын бүгіп, кеудені төмен түсіреді, жамбасты көтеріп, тұлғаны бұруға қатынасады.
Ішкі қиғаш бұлшық еттің шандыры төменге қарай бағытталып ұрық бауымен бірге ұмаға барып, аталық жыныс безді көтеретін бұлшық етпен бірігеді.
Іштің көлденең бұлшық еті (поперечная мышца живота, m.transvеrsus abdominis) - ол екі алдыңғы бұлшық еттің астында орналасқан. Төменгі алты қабырғаның ішкі бетінен, бел-кеуде шандырынан, мықынның қыры мен шат байламынан басталады. Бұлшық ет талшықтары ішке көлденең орналасқан, алдына келіп апоневрозға айналады. Іштің көлденең бұлшық еті іш қуысынның артқы қабырғасының құрылысына қатынасады.
Атқаратын қызметі: іш қуысына сығымдап қысым түсіріп тұрады, төменгі қабырғаларды көтеріп, дем шығаруға ықпал етеді.
Іштің тік бұлшық еті (прямая мышца живота, m.rectus abdominis) – төссүйегініңсемсершесінен және V-VII қабырғалардың шеміршегінен басталып шат сүйегінекеліп бірігеді. Іштің тік, сыртқы, ішкі қиғаш және көлденеңеттерінің апоневроздарымен бірігіп, іш қуысының алдыңғы берік қабырғасы пайда болады.
Іштің тік бұлшық еті омыртқа жотасын, бүкіл тұлғаны бүгетін бұлшық ет, сонымен бірге ол кеудені төмен қарай тартуға, дем шығаруға ықпал етеді.
Іштің шаршы бұлшық еті (квадратная мышца живота, m.guadratus lumborum) - мықынның қырынан басталып, XII қабырғаға барып бірігеді, іш қуысының артқы қабырғасының құрылысына қатынасады.
Атқаратын қызметі: омыртқа жотасын бір жаққа қисайтады. Іштің тік бұлшық еті тұлғаның алға қарап иілуіне қатынасады. Қиғаш еттер омыртқа жотасын кеуде сарайымен бірге оңға, солға айналуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге олардан іш қуысыныңбүйірдегіжәне алдыңғы қабырғалары пайда болады. Олар жиырылғанда қысым пайда болады. Іш бұлшық еттері, іш қуысы мүшелерін ұстап тұрып, ішектің қуыстың, босауына ықпалын тигізеді. Әйел босанғанда тыныс алуға себебін тигізеді.
Іштің шандыры: іш шандыры бұлшық еттерді сыртынан жауып тұратын кеуде шандырының жалғасы, ал іш қуысының ішін жұқа сір қабық жабады.
Іштің ақ сызығы, кіндік сақинасы: іштің ақ сызығы төстің семсершесінен шатсүйегініңбайламына дейін тартылған шандыр. Ол іштің 2 қиғаш және көлденең бұлшық еттерінің амоневрозынан пайда болады. Іштің ақ сызығының ортасында кіндік сақинасы бар. Осы жер кейбір жағдайларға байланысты әлсірейді де, жарық пайда болады.Ұрықта кіндік сақинасы арқылы екі кіндік артериясы, кіндік венасы өтеді. Кейін олар семіп байламға айналып орнында кіндік шұңқыры қалады.
Бастың,мойынның бұлшық еттері мен шандырлары Бастың бұлшық еттері
(мышцы головы, mm.capitis)
Бастың бұлшық еттері екі топқа бөлінеді: шайнау, ымдау.
Шайнау бұлшық еттері бәрі төменгі жаққа бекіп, шайнау қызметіне қатынасады.
Шайнау бұлшық еті (жевательная мышца, m.massetет) — шықшыттың доғасынан басталып,төменгі жақтың сыртқы бетіндеті бұдырға бекиді.
Самай бұлшық еті (височная мышца, m.temporalis) - жалпақ желпуіш тәрізді бұлшық ет, бастың самай сүйегінде орналасқан. Самайсүйегініңқабыршықты бөлігінен, сына сүйектің үлкен қанатының самай бетінен басталып төменгі жақтың тәждікшесінің медиаль бетіне бекиді.
Атқаратын қызметі: төменгі жақты көтереді, бұлшық еттің алдыңғы тармағы жиырылғанда төменгі жақты алға қарай жоғарыға, ал сыртқы тармағы артқа тартып, жоғары көтереді.
Латералді қанатша бұлшық ет (латеральная крыловидная мышца, m.ptетygoideus latетalis) - төменгі самай шұңқырында орналасқан:
сына сүйектің үлкен қанатының жоғарғы бетінен;
осы сүйектің қанатшасының латераль табақшасынан басталып, самай-төменгі жақ буынының қапшығы мен буын дискісіне, төменгіжақтың, мойынның алдыңғы бетіне бекиді.
Атқаратын қызметі:бұлшық ет бір жағына жиырылғанда төменгі жақты қарсысына қисайтады, ал екі жақты жиырылғанда төменгі жақ, алға жылжиды.
Медиалді қанатша бұлшық ет (медиальная крыловидная мышца, m.ptетygoideus medialis) - сына сүйектің қанатшасының, осымен аттас шұңқырынан басталып, төменгі жақтың ішкі бетіндеті бұдырға бекиді.
Атқаратын қызметі: бұлшық ет бір жақты жиырылғанда төменгі жақты алға қарай созып, жоғары көтереді.
Бастың бұлшық еттерінің бұлшық ет капшығы (бастың бұлшық еттерімен бірге) бірнеше мүшелерді жауып тұрады:
самайдың бұлшық ет қапшығы;
шайнау бұлшық етінің қапшығы, осымен аттас бұлшық еттерді қаптап тұрады.
Құлақ маңы безінің пердесі тығыз дәнекер ұлпалы қабық түрінде безді қаптап тұрады. Бастың барлық шандырлары мойын шандырларымен жалғасады.
Ымдау бұлшық еттерінің басқа еттерден айырмашылығы:
сүйектен басталып, бет терісіне бекиді,бұлшық ет жиырылғанда беттің терісі қыртыстанып әжім түсуіне ықпал өтеді.
Ымдау бұлшық еттері адамның көніл-күйінен хабар береді. Олар ми сауытының көз бен ауыз аймағының бұлшық еттері болып бөлінеді. Адамның көңіл-күйіне байланысты көзді ашып-жұму, ауызды ашып-жабу,ымдау сияқты қимылдарды қамтамасыз өтеді.
Ми сауытының бұлшық еттері:
Ми сауытының сіңірлі жапқышы (сухожильный шлем черепа, m.epicranius) - бастың терісі астында орналасқан екі бөлек: шүйде, маңдай еттерінен тұрады. Олардың арасын басты қаптаған сіңір біріктіреді.
Атқаратын қызметі: бұлшық еттің маңдай және шүйде бөлігі кезек жиырылғанда бас терісі қозғалады, ал екеуі бірдей жиырылғанда маңдайда көлденең қатпарлар пайда болады.
Қасты бір-біріне жақындатушы бұлшық ет (мышца гордецов, m.procетus) — маңдайсүйегініңмұрын бөлігінен басталып, қас терісіне жабысады.
Атқаратын қызметі: жиырылғанда қас доғасының аралығында ұзыннан қыртыс пайда болады.
Қасты түйетін бұлшық ет (мышца сморщивающая бровь, m.corrugator supетcilii) — маңдай сүйегінен басталып, маңдайдың терісі мен қас доғасына бекиді.
Атқаратын қызметі: жиырылғанда қастардың аралығында көлденең қыртыстар пайда болады.
Көз аймағының бұлшық еттері:
Көздің дөңгелек бұлшық еті (круговая мышца глаза, m.orbicularis oculi) - көз шарасын айналып орналасқан.Бұл ет үш бөліктен құралған:
көз шарасының еті - көз шарасысүйегініңшетінде орналасқандықтан, жиырылғанда көз кішірейіп тарылады:
қабақ бөлімі - жоғарғы және төменгі қабақтың бұлшық еттері болып бөлінеді. Олар жиырылғанда,көз жұмылады;
жас қапшығының бұлшық еті жиырылғанда көз жасы безінің қапшығы кеңейіп, көздің жасы жас түтігі арқылы мұрын қуысына ашылады.
Ауыз аймағының бұлшық еттері:
Ауыздың дөңгелек бұлшық еті (круговая мышца рта, m.orbicularis oris) — ауыздың айналасында орналасқан бұлшық ет, оған ауыздың басқа бұлшық еттері келіп жабысады.
Атқаратын қызметі:бұлшық ет жиырылғанда ауызжабылады, ал өте қатты жиырылғанда, ауыз алдыға қарап шүртиеді.
2)Жоғарғы ерінді көтеретін бұлшық ет (мышца поднимающая верхнюю губу, m.levalor labii supетioris) – жоғарғы жақтың көз шарасының төменгі бетінен басталып, жоғарғы еріннің терісіне бекиді. Бұлшық ет жиырылғанда танау кеңейіп, жоғарғы ерін көтеріледі.
3)Төменгі ерінді түсіруші бұлшық ет (мышца опускающая угол рта, m.depressor anguli oris) - төменгі жақтан басталып, төменгі еріннің терісіне бекиді.Бұл ет мойынның тері асты бұлшық етінің жалғасы болып табылады.
Атқаратын қызметі: жиырылғанда ерін төменге және шетке тартылады.
4)Иек бұлшық еті (подбородочная мышца, m.mentalis) - төменгі сойдақ және күрек тістердің дөңесінен басталып иек терісіне бекиді.
Атқаратын қызметі: бұлшық ет жиырылғанда иек пен төменгі ерін жоғары көтеріледі.
5)Ұрт бұлшық еті (щечная мышца, m.buccinator) - ауыз қуысының 2бүйірдегіқабырғасын және ұрт қалыңын түзеді. Бұлшық ет ұлпаларының арасында май ұлпасы болады. Олар “ұрт жастығы” деп аталады, ұртты толтырып тұрады.Ұрт еті жоғарғы және төменгі жақтың үлкен азуының шұңқырларынан басталып ауыздың дөңгелек бұлшық етіне жабысады.
Атқаратын қызметі: ауыз қуысының қысымын реттейді, тағамды тіске ыңғайлайды.
6)Күлкі бұлшық еті (мышца смеха, m.risorius) - езуден басталып ұрттың терісіне бекиді.Бұлшық ет жиырылғанда кейбір адамда күлкі шұңқыры пайда болады.
Мұрын бұлшық еттері (мышцы носа, m.nasalis) — жоғарғы сойдақ және күрек тістер тұсынан басталады.Бұл еттің құрамында танауды кеңейтіп және тарылтатын еттер болады. Танауды кеңейтетін талшықтар танау шеміршегіне бекиді, тарылтатын бұлшық еттер танаудың қарама-қарсы жағындағы сіңірге бекиді.
Құлақ бұлшық еттері (мышцы ушной раковины) — алдыңғы, жоғарғы және төменгі бұлшық еттер. Олар самай шандырынан басталып, құлақ қалқанының алдыңғы, жоғарғы, төменгі жағына келіп бірігіп құлақ қалқанын тіктейді.Бұл бұлшық еттер жануарларда ерекше дамыған. Ымдау бұлшық еттерінде шандыр дамымаған, тек көздің бұлшық еті мен басқа бұлшық еттер дәнекер ұлпалы қабықпен қапталған.
Мойынның бұлшық еттері
Мойынның бұлшық еттері орналасуына байланысты тереңдегі және беткейдегі болып бөлінеді.
Мойынның беткейдеті бұлшық еттері:
Мойынның тері асты бұлшық еті (подкожная мышца шеи, m.platysma) – мойынның терісінің астында орналаскан,жұқа ет. Ол бұғананың төменінде кеуде шандырынан басталып, мойынның бүйірдегі, жартылай алдыңғы бетін жауып, төменгі жаққа бекиді.
Атқаратын қызметі: езуді төменге тартып, мойынның терісін қатайтады.
Бұғана-төс-емізік бұлшық еті (грудино-ключично- сосцевидная мышца, m.stетnoclеidomastoideus) - мойынның ең үлкен, күшті бұлшық еті. Ол екі аяқ болып бұғана және төс сүйектерінен басталады, самайсүйегініңемізікшесіне бекиді.
Атқаратын қызметі:бұлшық ет бір жақты жиырылғанда мойын, бас сол бағытта қисайып айналады, ал екі жақты жиырылғанда бас тік ұсталады, күшпен жиырылса бас артқа тартылады.
Мойынның бұлшық еттері тіл асты сүйегінен төмендегі және жоғарасындағы болып ерекшеленеді.
Тіл астысүйегініңжоғарасындағы бұлшық еттер:
Екі қарынды бұлшық ет (двубрюшная мышца, m.digastricus) – оның алдыңғыбөлігі астыңғы жақтан басталып, шандырға айналып, тіл асты сүйегінебекиді. Артқы бөлігі осы шандырдан басталып самайсүйегініңемізікшесіне бекиді.
Біз-тіл асты бұлшық еті (шилоподъязычная мышца, m.mylohyoideus) – самайсүйегініңбізшесінен басталып, тіл асты сүйегінебекіді.Бұл бұлшық еттен ауыз қуысының түбі, ауыз диафрагмасы пайда болады.
Иек-тіл асты бұлшық еті (подбородочно-подъязычная мышца, m.geniohyoideus) — төменгі жақтың иек өсіндісінен басталып тіл асты сүйегінебекиді.
Жақ-тіл асты бұлшық еті (челюстно подъязычная мыщца, m.mylohyoideus) — төменгі жақтың доғасынан басталып, тіл асты сүйегінебекиді. Бұлшық ет ауыз қуысының түбі, оның диафрагмасының құрылысына қатынасады.
Бұлшық еттердің барлығы тіл асты сүйегін, көмекейді жоғары көтеріп, жұтынуға, сөздің пайда болуына көмектеседі. Біз-тіл асты бұлшық етінен басқа бұлшық еттер астыңғы жақты төмен түсіреді.
Тіл асты сүйегінен төмендегі бұлшық еттер:
Төс-тіл асты бұлшық еті (рудино-подъя лычная мышца, m.stетnohyoideus) - төс сүйегінен басталып, тіл асты сүйегінебекиді. Атқаратын қызметі:тіл асты сүйегін төменге тартады.
Жауырын-тіл асты бұлшық еті (лопаточно-подъязычная мышца, m.omohyoideus) - жауырыннан тіл астысүйегімен ұштасатын бұлшық ет. Оның екі қарыншасы бар.Олардың арасы шандырмен жалғасқан. Бұлшық ет жиырылғанда тіл асты сүйегітөменге қарай тартылады.
Төс-қалқанша бұлшық еті (грудино-щитовидная мышца,m.stетnothyroideus) –төстен көмекейдің қалқанша шеміршегіне дейінгі бұлшық ет.Ол жиырылғанда көмекейдің қалқанша шеміршегі тартылып көмекей, тіл асты сүйегі төменге түседі.
Қалқанша-тіл асты бұлшық еті (щитозычная мышца, m.thyrohyoideus) — қалқанша шеміршегінен басталып тіл асты сүйегіне бекиді.Бұл бұлшық ет астыңғы жақты төменге тартып, тіл астысүйегініңбір орындатұруын қамтамасыз өтеді.
Мойынның тереңдегі бұлшық еттері:
Алдыңғы, ортадағы, артқы баспалдақ бұлшық еті (передняя, средняя и задняя лестничные мышцы, m.m.scaleni antетior, med. postетior) – мойын омыртқасының көлденең өсінділерінен басталып қабырғаларға бекиді. Атқаратын қызметі: барлық бұлшық еттер қабырғаларды көтереді, бір жақты жиырылғанда мойынды сол жаққа қисайтады.
Омыртқа алды бұлшық еттері оларға бастың және мойынның ұзын бұлшық еттері, бастың алдыңғы және латераль бұлшық еттері кіреді. Бастың және мойынның бұлшық еттері (длинная мышца головы, длинная мышца шеи, ni.longus capitis et m.longus colli) - барлық мойын, жоғарғы кеуде омыртқалардың алдыңғы бетінде орналасқан. Атқаратын қызметі:екі жақты жиырылғанда мойынды иеді, бір жақты жиырылғанда, сол жаққа бұрады.
Иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын сүйектерінің бұлшық еттері мен шандырлары
Иық белдеуінің бұлшық еттері иық буынның айналасын қоршап, оны түрлі қимылға келтіреді.Бұлшық еттер иық белдеуінің сүйектерінен басталып қар сүйегіне жабысады.
Дельта тәрізді бұлшық ет (дельтовидная мышца, delteideus) Бұғанасүйегініңлатераль бөлігінен, акромионнан және жауырынның қырынан басталады. Барлық бумалары бірігіп қарсүйегініңдельта тәрізді бұдырына келіп бірігеді.
Атқаратын қызметі: алдыңғы бөлігі иықты бүгеді, ортадағы бөлігі иықты горизонталь деңгейде ұстайды, артқысы иықты жазады.
Қыр үсті бұлшық еті (надостная мышца, m.supraspinatus) жауырынның қыр үсті шұңқырынан басталып, қарсүйегініңүлкен томпағына бірігеді.
Атқаратын қызметі: иықты денеден алып қашады, орталық бөлігінің синергисті.
Қыр асты бұлшық еті (подостная мышца, m.infraspinatus) жауырынның қыр асты шұңқырынан басталып, қарсүйегініңүлкен томпағына бірігеді.
Атқаратын қызметі: иықты сыртқа айналдырады.
Кіші домалақ бұлшық ет (малая круглая мышца, m.tетes minor) жауырынның латераль шетінен басталады, қарсүйегініңүлкен томпағына жабысады. Иықты сыртқа айналдырады.
Үлкен домалақ бұлшық ет (большая круглая мышца, m.tетes major) жауырынның латераль шетінен басталып қарсүйегініңкіші томпағына бірігеді. Иықты ішке айналдырып, төменге және аркаға тартады.
Жауырын асты бұлшық еті (подлопаточная мышца, m.subscapularis) Жауырынның қабырға бетінің шұңқырынан басталады, қар сүйегінің кіші томпағына жабысады. Иықты ішке бұрады, оны денеге жақындатады, иық буынын соғылудан қорғап, керіп тартып тұрады.
Қолдың еркін қимылдайтын сүйектерінің бұлшық еттері: тоқпан жіліктің, білектің, қолбасы сүйектерінің бұлшық еттері болып үшке бөлінеді.
Тоқпан жіліктің бұлшық еттері екі үлкен топқа бөлінеді:
алдыңғы топтағы бұлшық еттері қызметі жағынан колды бүгушілер;
артқы топтағылары - жазушылар.
Алдыңғы топтағы бұлшық еттеріне:
Екі басты бұлшық ет (двуглавая мышца, m.biceps brachii) Оның ұзын басы жауырынның буын шұңқырынның жоғарысынан, қысқасы – жауырынның құстұмсық өсіндісінен басталады. Екі басы бірігіп, қар сүйегінің бұдырына жабысады. Бұлшық ет қарды және білекті шынтақ буынында бүгеді, білекті сыртқа қарай айналдырады.
Құстұмсық-иық бұлшық еті (клювоплечевая мышца, m.coracobrachialis) жауырынның құстұмсық өсіндісінен басталып, білек сүйегінің ортасына жабысады.Бұлшық ет жиырылғанда иық көтеріледі, ішке қарап айналады,иық денеге жақындайды.
Иық бұлшық еті (плечевая мышца,m.brachialis) қар сүйегінің төменгі 1/3-нен басталып, білектің шыбығының адырлы томпағына жабысады. Қар бұлшық еті шынтақ буынының қапшығымен бірігеді.Бұлшық ет жиырылғандабілек шынтақта бүгіледі.
Артқы топтағы бұлшық еттері:
Үш басты бұлшық ет (трехглавая мышца плеча, m.triceps brachii) ұзын басы жауырынның буын шұңқырының төменінен, сыртқы және ішкі бастары қар сүйегінің артқы бетінен басталып, шынтақ сүйегінің шынтақ өсіндісіне барып бірігеді. Бұлшық ет жиырылғанда білек жазылады.
Білектің шыбығының бұлшық еті (локтевая мышца, m.anconeus) қар сүйегінің латераль айдаршығынан басталып, шынтақтың шыбығына жабысады. Бұлшық ет қолдың жазылуына қатынасады.
Білектің бұлшық еттері.
Топографиялық орналасуына байланысты білектің бұлшық еттері алдыңғы және артқы топтағы болып бөлінеді.
Білектің алдыңғы топтағы бұлшық еттері төрт қабат болып орналасқан.
Тоқпан жілік-шыбық жілік бұлшық еті (плечелучевая мышца m.brachioradilis) Қар сүйегінің латераль айдаршық үстінен, иық шандыры бұлшық ет аралығының латераль бөлігінен басталып, шынтақ шыбығының дисталь ұшына жабысады.
Атқаратын қызметі: білекті бүгеді, қол басын супинация мен пронация аралығында ұстайды.
Дөңгелек пронатор (круглый пронатор, in.pronalor tетes) қар сүйегінің медиаль айдаршық үстінен, иық шандырынан, бұлшық ет аралық медиаль бөлігінен, шынтақ сүйегінің тәждік өсіндісінен басталып, шынтақ шыбығының орта бөлігіне бірігеді. Атқаратын қызметі: білекті бүгеді және ішке қарай айналдырады.
Шыбықтың білезікті бүгетін бұлшық еті (лучевой сгибатель запястья, m.flexor carpi radialis) қарсүйегініңмедиаль айдаршық үстінен, білек шандырынан басталады, алақанның II сүйегінің негізіне бірігеді.
Атқаратын қызметі:қолдың басын бүгеді, оны азғана ішке айналдырады.
Алақанның ұзын бұлшық еті (длинная ладонная мышца, m.palmaris longus) қар сүйегінің медиаль айдаршық үсті мен білек шандырынан басталып, алақанның шандырына (апоневроз) бірігеді.
Атқаратын қызметі: алақанның бүгуіне қатынасады, алақан шандырын қатайтады.
Шынтақтың білезікті бүгетін бұлшық еті (локтевой сгибатель запястья, m.flexor carpi ulnaris) екі басты бұлшық ет қар сүйегінің медиаль айдаршық үстінен және шынтақсүйегінің жоғарғы үштен бір бөлігінен басталады, білектің орта тұсына келгенде екі басы қосылып білезіктің бұршақ қармақ тәрізді сүйектеріне және V алақан сүйегіне жабысады.
Атқаратын қызметі: қол басын бүгеді, оның денеге жақындауына қатынасады.
6)Саусақтарды бүгуші беткейдегі бұлшық ет (поверхностный сгибатель пальцев, m.flexor digitorum supеrficialis) жалпақ, алдыңғы бұлшық еттердің астында жатады. Қар сүйегінің медиаль айдаршық үстінен, шынтақ сүйегінің проксималь шетінен басталады, бұлшық еттің барлық талшықтары - төрт шандыр болып тарамдалады. II-IV саусақтың ортадағы сүйегіне келіп бірігеді.
Білектің тереңдегі бұлшық еттері:
Бас бармақты бүгуші ұзын бұлшық еті (длинный сгибатель большого пальца, m.flexor pollicus longus) шынтақ шыбығының алдыңғы бетінен басталып, бас бармақтың дисталь сүйегіне келіп бірігеді.
Атқаратын қызметі: бас бармақтың дисталь сүйегін бүгеді, алақанның бүгілуіне қатынасады.
Шаршы пронатор бұлшық еті (квадратный пронатор, m.pronator guadratus) шынтақ сүйегінің алдыңғы бетінің төменгі үштен бір бөлігінен басталып, шыбық сүйегінің алдыңғы бетінің дисталь ұшына бірігеді.
Атқаратын қызметі: білекті ішке айналдырады.
Бармақтарды бүгуші тереңдегі бұлшық ет (глубокий сгибатель пальцев, m.flexor digitorum profundus) шынтақ сүйегінің алдыңғы бетінен басталып, II-V саусақтардың дисталь ұшына жабысады.
Атқаратын қызметі: II-V саусақтарды бүгеді.
Білектің артқы топтағы бұлшық еттері. Олар негізінен бүгілген білекті, қолды жазады.Топографиялық орналасуына негізделіп беткейдеті және тереңдегі болып екі топқа бөлінеді.
Білектің артқы топтағы беткейде орналасқан бұлшық еттері.
Білезікті жазатын шыбықтың ұзын бұлшық еті (длинный лучевой разгибатель запястья, m.extensores carpi radialis longus) қар сүйегінің латераль айдаршық үстінен, иық шандырының бұлшық ет аралық латераль бөлігінен басталып II алақан сүйегінің сыртына жайысады.
Атқаратын қызметі: білекті азғана бүгіп,қолдың басын жазады және денеден алыстатады.
Білезікті жазатын шыбықтың қысқа бұлшық еті (короткий лучевой разгибатель запястья, m.cxtensores carpi radialis brevis) қарсүйегініңлатераль айдаршық, үстінен, білек шандырынан басталып, II алақан сүйегінің сыртқы бетіне жабысады.
Атқаратын қызметі: қолдың басын жазады.
Саусақтарды жазатынбұлшық ет (разгибатель пальцев, m.extensor digitorum) қар сүйегінің латераль айдаршық үстінен, білек шандырынан басталады. Бұлшық еттің шандыры төртке тарамдалып қолдың сыртында ортаңғы саусақ сүйектеріне, алV саусақ сүйектерінің дисталь ұшының бүйіріне жабысады.
Атқаратын қызметі: саусақтарды, қол-басын жазады.
Шынашақты жазатын бұлшық ет (разгибатель мизинца, m.extensor digiti mini) қар сүйегінің латераль айдаршық үстінен басталып V саусақтың ортадағы және дисталь сүйектеріне жабысады.
Атқаратын қызметі: шынашақты жазады.
Білезікті шынтақтан жазатын бұлшық ет (локтевой разгибатель запястья, m.extensor carpi ulnaris) қар сүйегінің латераль айдаршық,үстінен және білек шандырынан басталады. V алақан сүйегіне жабысады.___
Атқаратын қызметі:қолды жазады,денеге жақындатады.
Білектің артқы топтағы тереңде орналасқан бұлшық еттері:
Супинатор (супинатор, m.supinator) беткейдегі бұлшық еттердің астында орналасқан. Қар сүйегінің латераль айдаршық үстінен, шынтақ буынның қапшығынан, шынтақ сүйегінің қырынан басталып, шыбық сүйектің жоғарғы үштен бір бөлігінің алдына, артына, латераль бетіне жабысады.
Атқаратын қызметі: білекті сыртқа айналдырады.
Бас бармақты алып қашушы ұзын бұлшық ет (длинная мышца отводящая большой палец кисти, m.abductor longus) шынтақ және шыбық сүйектерінің дорсаль беттерінен, сүйек аралық қабыршықтан басталып, I алақан сүйегінің негізіне бірігеді.
Атқаратын қызметі: қол-басын, үлкен саусақты басқа саусақтардан алыстатады.
Бас бармақты жазушы қысқа бұлшық ет (кәроткий разгибатель большого пальца кисти, m.extensor pollicis brevis) шыбық сүйегінің артқы бетінен, сүйек аралық қабыршықтан басталып үлкен саусақтың проксималь сүйегіне жабысады.
Атқаратын қызметі: үлкен саусақты жазады, аздап алып қашады.
Сұқ саусақты жазушы бұлшық ет (разгибатель указательного пальца, m.extensor idicis) шынтақ сүйегінің артқы бетінен, білек сүйектерінің аралық қабыршығынан басталып, сұқ саусақтың проксималь сүйегінің сыртқы бетіне жабысады.
Атқаратын қызметі: сұқ саусақты жазады.
Қол-басы бұлшық еттері.
Олар негізінен қолдың алақан бетінде орналасқан. Топографиялық орналасуына негізделіп үш топқа бөлінеді: латераль (бас бармақ бұлшық еттері), медиаль (шынашақ бұлшық еттері) және ортаңғы бұлшық еттер.
Алақанның латераль топтағы бұлшық еттері-
Бас бармақты алып қашушы қысқа бұлшық ет (короткая мышца отводящая большой палец кисти, m.abductor pollicis brevis) білектің қайық, трапеция сияқты сүйектерінен басталып, үлкен бармақтың проксималь сүйегіне жабысады.
Атқаратын қызметі: бас бармақты басқа бармақтардан алыстатады.
Бас бармақты бүгуші қысқа бұлшық ет (короткий сгибатель большого пальца, m.flexor pollicis brevis) екі басты бұлшық ет. II алақан және трапеция сияқты сүйектен басталып бас бармақтың проксималь ұшына бекиді.
Атқаратын қызметі: бас бармақты бүгеді.
Бас бармақты қарсы қоюшы бұлшық ет (мышца противопоставляющая большой палец кисти, m.oppenens pollicis) трапеция сияқты сүйек томпағынан басталып, I алақан сүйегінің латераль және алдыңғы бетіне жабысады.
Атқаратын қызметі: бас бармақты басқа саусақтарға қарсы қояды.
Бас бармақты жақындатушы бұлшық ет (мышца приводящая большой палец кисти, m.colductor pollicis) екі басты бұлшық ет. Олар ІІ-ІІІ алақан сүйегінен басталып бас бармақтың проксималь сүйегіне жабысады.
Атқаратын қызметі: бас бармақты сұқ саусаққа жақындатады.
Қол басының медиаль топтағы бұлшық еттері: Алақанның қысқа бұлшық еттері (короткая ладонная мышца, m.palmaris brevis) алақанның сіңірін тартып шынашақтың томпағында шұңқыр пайда болады.
Шынашақты алып қашушы бұлшық ет (мышца отводящая мизиниц, m.abductor digiti minimi) білезіктің бұршақ тәріздес сүйегінен басталып шынашақтың проксималь сүйегіне бекиді.
Атқаратын қызметі: шынашақты басқа саусақтарданалыстатады.
Шынашақты бүгуші қысқа бұлшық ет (короткий сгибатель мизинца, m.flexor digiti minimi brevis) қармақ тәрізді сүйектің өсіндісінен басталып V саусақтың проксималь сүйегіне бекиді. Бұлшық ет жиырылғанда шынашақты бүгеді.
Шынашақты қарсы қоюшы бұлшық ет (мышца противопоставляющая мизинец, m.oppenius digili minimi) қармақ тәрізді сүйектен басталып V алақан сүйегінің шынтақ бетіне бекиді.Бұлшық ет жиырылғанда шынашақты бас бармаққа қарсы қояды.
Қол басының орта топтағы бұлшық еттері;
Құртқа ұқсаған бұлшық ет (чернеобразные мышцы, m.m.lumbricales) кішкене саусақтардың тереңдегі бүгушілерінің сіңірінен басталып 1I-V саусақтың проксималь сүйегіне келіп бекиді.
Алақанның сүйек аралық бұлшық еті (ладонные межкостные мышцы, mm.intетossеi palmares) II-V алақан сүйектерінің арасындағы үш бұлшық ет. Олар II-V саусақтардың проксималь сүйектеріне бекиді.Бұлшық еттер жиырылғанда II-IV-V саусақтар III саусаққа жақындайды.
Сүйектер аралық сыртқы бұлшық еттер (тыльные межкостные мышцы, mm.intетossеi dorsalis) сүйектердің бір-біріне қараған бетінен басталып II-IV саусақтарға бекиді. Бұлшық ет жиырылғанда І-ІІ саусақтарды ІІ-ден алыстатады.
Иық пен қолдың шандырлары тері асты және меншікті (собственная, fascia propria) шандырларға бөлінеді.Қолдың тері асты шандырының практикалық маңызы жоқ.Иық-қол меншікті шандыры бұлшық еттер мен сіңірлерді көптеген қапшықтар арқылы қоршап тұрады. Иық белдеуінің шандырлары:
дельта тәрізді;
қыр үсті;
қыр асты;
жауырын асты.
Бұлардың барлығы өздері аттас бұлшық еттерді қоршап тұрады.
Иықтың меншікті шандыры (собственная , фасция плеча, fascia brachialis) қардың алдыңғы және артқы топтағы бұлшық еттерін бөліп тұрады.Ол білектің шандырына жалғасады. Білектің шандыры бұлшық еттерді қоршап бір-бірінен бөліп, білезік буынында қалыңдап, дөңгелек жалғама пайда болады. Дөңгелек жалғама басын өтетін бұлшық еттерде білек тәрізді орам болады.
Қолдың сыртындағы жалғаманың астында жазушы бұлшық еттердің алты қынабы пайда болады. Олардағы синовиал сүйықтар үйкелісті кемітіп, сіңірлердің жылжуын күшейтеді. Домалақ жалғаманың алақан бөлігінде екі синовиал қынап бар.Олардың біріншісінде қолдың беткейдегі және тереңдегі бұлшық еттерінің сіңірі, екіншісінде бас бармақтың ұзын бұлшық етінің сіңірі орналасқан. Қол басының шандыры білек шандырының жалғасы болыпсаналады. Қолдың сыртындағы шаңдыр екіге тармақталады.Беткейдегісі - қолды жазушы бұлшық еттердің сіңірі. Тереңдегісі - сүйек аралық бұлшық еттерді қаптап тұрады. Қолдың алақан бетіндеті шандыр беткейдеті және тереңдегі болып екі топқа бөлінеді. Беткейдегі шандырлар бас бармақ пен шынтақтың бұлшық еттерін жауып,алақанның ортасында алақан мноневрозы пайда болады. Тереңдегі шандыр сүйек аралық бұлшық еттерді қаптайды.
Қолды көтергенде қолтық асты шұңқыры көрінеді, ал қар сүйегімен білек сүйектерінің арасында шынтақ шұңқыры бар.
Бұл шұңқырлардың іс жүзінде маңызы зор.
Жамбас және аяқтың бұлшық еттері
Мықын белдеуінің бұлшық еттері. Жамбас-сан буынын қимылдататын бұлшық еттері жамбас сүйектерінен басталып, сан сүйегінекеліп жабысады.
Мықын-бел бұлшық еті (подвздошно-поясничная мышца, m.iliapsoas). Үлкен бел бұлшық еті бел омыртқаданбасталады, ал мықын бұлшық еті мықын шұңқырынанбасталады. Мықын- белбұлшықеті шат байламынан санның алдыңғы бетіне етіп, сансүйегінің кішкене томпағына келіп бірігеді. Санды бүгеді және сыртқа айналдырады.
Алмұртша бұлшық ет (грушевидная мышца, m.piriformis) жамбас астауында құйымшақтың алдыңғыбетінен басталып, одан отырықшытесік арқылы шығып, сансүйегініңүлкен томпағына бірігеді. Санды сыртқа айналдырады.
Ішкі жапқыш бұлшық ет (внутренняя запирательная мышца, m.obturatorius intетnus) жамбас астауының ішкі бетінен, жапқыш тесіктіңайналасынан, жапқыш қабыршықтан (мембранадан)
басталады. Жамбас астауынан кіші отырықшы тесікарқылы шығып, сансүйегініңүлкен басының шұңқырына келіп жабысады. Санды сыртқа айналдырады.
Жамбастың үлкен бұлшық еті (большая ягодичная мышца, m.gluteus maximus) мықынсүйегініңсыртқы бетінен, құйымшақтан, сегізкөзден, жамбас, кеуде фасциясынан басталып, сансүйегініңүлкен бұдырынажабысады. Санды сыртқа айналдырады және жазады.Тұлғанытік ұстауға қатынасады.
Жамбастың орта және кіші бұлшық еттері (средняя, малая ягодичная мышца, m.gluteus medius,minimus) үлкен бұлшық еттің астында орналасқан. Олар мықынсүйегініңсыртқы бетінен басталып, сансүйегініңүлкен ұршығына жабысады, санды денеденалыстатады.
Сыртқы жапқыш бұлшық ет (наружная запирательная мышца, m.obturatorius extетnus) жапқыш тесігінің сыртынан басталып сансүйегінің, үлкен ұршығына келіп жабысады. Санды сыртқа айналдырады.
Санның шаршы бұлшық еті (квадратная мышца бедра, m.guadratus femoris) отырықшы сүйегінің томпағынан басталып, санның үлкен ұршығына жабысады. Сандысыртқаайналдырады.
Аяқтың еркін сүйектерінің бұлшық еттері сан, балтыр және аяқ басының бұлшықеттері болып үш үлкен топқа бөлінеді.
Санның бұлшық еттері - алдыңғы, артқы және медиаль бұлшықеттер болып бөлінеді. Санның алдында орналаскан екібұлшықеті бар. Олар санның 4 басты және таспа бұлшықеттері.
Санның 4 бастыбұлшық еті (четырехглавая мышца бедра, m.guadriceps femoris) санның тікбұлшық етi, санның алдыңғы төменгі қырынан, ал қалғанлетараль, медиаль және аралық бастары, сансүйегінің алдыңғы бетінен басталады. Оларбарлығыбірігіп мықын сіңірі пайда болады. Санның 4 басты бұлшық етінің сіңірі тізе тобығын жауып, оның меншікгі байламына айналып балтырсүйегініңүлкеншыбығының будырына барып жабысады. Балтырды тізе буынында жазады.
Таспабұлшық ет (пәртняжная мышца, m sarlorius) жоғарыдан төменге қарай қисық бағытталып, балтыр сүйегініңүлкен шыбығына жабысады. Балтырды бүгеді, санның бүгілуіне жәрдемдеседі.
Санның артқы бетінің бұлшық еттері
Санның 2 бастыбұлшықеті (двуглавая мышца бедра, m.biceps femoris). Санның 2 басты бұлшық етінің ұзын басы отырықшы сүйегінің томпағынан басталады, ал қысқа басы сансүйегінің бұдырынан басталады. Санның артқы бетінде орналасып, балтырдың кіші шыбығына жабысады.Тізе бүгілгенде оны сыртқа айналдырады.
Санның жартылай шандырлы және жартылай қабыршықты бұлшық еттері (полуперепончатая мышца, ni.scinimembranosus, полусухожилыіая мышца, m.scmitendinosus) отырықшытомпағынан басталады, балтырдың үлкен жілігінежабысады. Балтырды тізе буынында бүгеді. Бүгілген балтырды ішке айналдырады және жамбас сан буынында санды жазады.
Санныңмедиаль орналасқан (ортада)бұлшықеттеріне тарақша, ұзын, қысқа және санды бір-бірінежақындатушы бұлшықеттер жиырылғанда сан азғана сыртқа қарапбұрылып, ішке тартылады. Ал жіңішке бұлшықет жиырылғанда балтыр тізе буынында ішке айналып бүгіледі.
Балтырдыңбұлшық еттері алдыңғы, артқы және латераль болып үш топқабөлінеді. Барлық бұлшық еттер табан сүйектеріне жабысады.
Балтырдың алдыңғы топтағы бұлшық еттері
Балтырдың үлкен жілігінің алдыңғы бұлшық еті (передняя большеберцовая мышца, m.tibialis antетior) балтырдың үлкен жілігінің латераль айдаршығынан басталып, табанның сына тәріздісүйегініңмедиаль бетіне, I башпайға жабысады.
Атқаратын қызметі: аяқтың басын жазады, оны жоғары көтереді.
Башпайларды жазатын ұзын бұлшық ет (длинный разгибатель пальцев, m.extensor digitirum longus). Балтырдың үлкен жілігінің эпифизінен, балтырдың кіші жілігінің алдыңғы шетінен, басынан, сүйек аралық жарғақтан басталып, П-IV башпайлардың сыртына беккді.
Атқаратын қызметі: П-IV башпайларды жазады, латераль шетін көтереді.
Үлкен башпайды жазатын, ұзын бұлшық ет (длинный разгибатель большого пальца, m.extensor hallicis longus). Балтырдың кіші жілігінің медиаль бетінен, сүйек аралық жарғақтан басталады, башпайлардың шеткі сүйегінебекиді.
Атқаратын қызметі: үлкен башпайды, аяқ басын жазады, оның медиаль шетін көтереді.
Балтырдың артқы топтағы бұлшық еттері беткейдеті және тереңдегі болып екі топқа бөлінеді.
Балтырдың беткейдеті бұлшық еттері.
Балтырдың 3 басты бұлшық етінің (трехглавая мышца голени, m.triceps surae) — 3 басы болады. Оның медиаль басы санныңтөменгі эпифизіндеті медиаль айдаршықтан, латерал басы латераль айдаршықтан басталып, тобықтыңтомпағына бірігеді.
Атқаратын қызметі: балтырды, аяқтың басын бүгеді, сыртқа айналдырады.
Табан бұлшық етінің (подошвенная мышца, m.plantaris) кішкене қарын мен шандыры бар.
Балтырдың артқы топтағы тереңдегі бұлшық еттері.
Балтырдың үлкен жілігінің артқы бұлшық еті (задняя большеберцовая мышца, m.tibialis postетior) балтырдың екісүйегініңарасындағы қабыршақтан басталып, қайықша және сына тәрізді сүйектерге бекиді.
Атқаратын қызметі: аяқтың басын бүгеді.
Үлкен башпайды бүгетін ұзын бұлшық ет (длинный сгибатель большого пальца, m.flexsor hallucis longus) балтырдың шыбықсүйегініңтөменгі 1/3 бөлігінен басталып, үлкен башпайдыңдисталь (шеткі) сүйегінебекиді.
Атқаратын қызметі: үлкен башпайды, аяқтыңбасын бүгеді.
Башпайларды бүгетін ұзын бұлшық ет (длинный сгибатель пальцев, m.flexor digitorum longus) балтырдың үлкен жілігінен басталып, төрт шандырғатармақталып, II-V башпайға барып бекиді.
Атқаратын қызметі: II-V башпайларды, аяқтың басын бүгеді.
Балтырдың латераль топтағы бұлшықеттері.
Балтырдың латераль топтағы еттеріне екібұлшықет кіреді.
Балтыр шыбығының ұзынбұлшықеті (длинная малоберцовая мышца, m.pетoneus longus) шыбық сүйегінің басынан басталып, аяқтыңсыртқы тобығын айналып, табанғаөтеді, бірінші табан, сына тәрізді сүйектерге бекиді.
Атқаратын қызметі: аяқтың басып көтереді.
Шыбықтың қысқа бұлшық еті короткая малоберцовая мышца, m.pетoneus brevis) шыбықсүйегінің төменгі жартысынан басталып, V табан сүйегінебекиді. Аяқтың басын көтереді, алып қашады.
Аяқ басыныңбұлшық еттері (мышцы стопы) аяқ үстінің, табанныңбұлшықеттері болып бөлінеді.
Аяқтың үстініңбұлшық еттері.
Башпайларды жазатын қысқа бұлшықет.
Үлкен башпайды жазатын қысқабұлшықет.
Табанныңбұлшықеттері
Табанныңбұлшықеттері үш топқабөлінеді.
Үлкен башпайдың бұлшық еттері (мышцы большого пальца стопы):
үлкен башпайды бүгетін қысқа бұлшық ет;
үлкен башпайды жақындататынбұлшық ет;
үлкен башпайды алыстататын бұлшық еттер.
Кішкене башпайдыңбұлшықеттері (мышцы мизинца стопы):
кішкене башпайды бүгуші қысқабұлшықет,
кішкене башпайды алыстататын бұлшықет.
Орталық топтағыбұлшық еттер (средняя группа):
башпайларды бүгуші қысқа бұлшықет;
табанның шаршыбұлшық. еті;
құрт тәріздібұлшықет;
сүйек аралық бұлшықет.
Бұлбұлшықеттердің атқаратын қызметтері аттарына сәйкес болып келеді.
АС ҚОРЫТУЖҮЙЕСІ
(система органов пищеварения, systema digeslorum)
Ас қорытумүшелеріне түскен тағам физикалық және химиялық өңдеуден өтіп, нәрлі заттар анағұрлым қарапайым заттарға қорытылады, қанға сіңеді. Адамның денесі ас қорытумүшелері арқылы жасушалардың өсуі мен жаңаруы үшін қажетті заттарды қабылдайды, денені энергиямен камтамасыз өтеді.
Ас қорытужүйесі 2 үлкен топка бөлінеді:
Ас қорытужолы;
Ас қорытубездері.
А
с
қорытужолы ұзынынан жатқан түтікше
(23-сурет).
сурет. Ас қорытужолы.
Ауыз қуысы.
Жұтқыншақ.
Сілекей безі.
Өңеш.
Асқазан.
Ұйқыбезі.
Жіңішке ішек.
Тоқ ішек.
Бауыр.
Жалпы өт жолы.
12 лі ішек.
Ащы ішек.
Ащы ішектің мықын бөлігі.
Сокыр ішек.
Құрт тәрізді өсінді.
Тік ішек.
Оның ішкі қабырғасы қоректік заттармен тығыз байланысты болады. Жалпы ұзындығы 8-10 м-ге дейін, олардың құрылысы, пішіні әр түрліболып келеді. Ас қорытужолдары қуыс мүшелер, қабырғалары үш қабаттан тұрады:
Ішкі шырышты және шырыш асты қабаты (слизистая оболочка, tunica mucosa);
Бұлшықет (мышечная оболочка, tunica muscularis);
Сір қабаты (соединительная оболочка, tunica adventitia).
Ішкі шырышты қабаты (слизистая оболочка)барлықас қорытумүшелерінің ішкі бетін аетарлап, астың қорытылуына қатынасады.Бұл қабат түрлі кілегей және дәнекер ұлпалардан тұрады. Шырышты қабатта кілегей ұлпасымен бірге бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтары болады. Осы талшықтар арқылыбұл қабат кілегей асты қабатымен байланысады.
Ішкі шырышты қабатта қан, лимфа тамырлары, жүйке үштары көп орналасқан. Сонымен бірге сөл (секрет) шығарып тұратын бездерге бай.
Шырыш асты қабатыныңнегізіборпылдақдәнекер ұлпа. Ол ет қабатына бос жабысқандыктан, шырыш қабат қатпарланып тұрады.
Бұлшық ет қабаты (мышечная оболочка). Тек тіл мен өңештің жоғарғы бөлігінде ғанакөлденеңжолақты бұлшық еттер болады, ал қалған бөліктері бірыңғай салалыбұлшықеттерден тұрады. Асқазанның ішектердің қабырғасындағы бұлшық еттер көлденең және ұзына бойына екі бағытта орналасқан. Олардың кезекпен жиырылып, босаңсуы нәтижесіндебұл мүшелерде қимыл толқыны (периетальтика) пайда болады.
Сір қабаты (серозная оболочка) іш қуысындағыбарлықмүшелерді сыртынан қаптап тұрады. Ол негізінен дәнекер талшықты ұлпаданқұралған. Сір қабағы жазықкілегеймен қапталған, беті үздіксіз сір сүйығымен шыланып тұрғандықтан мүшелердің бір-бірімен үйкелісі азаяды. Ас қорытужолынын кейбір мүшелерінде (өңеш) сір қабаты болмайды, оның орнына борпылдақталшықты дәнекер ұлпа (адвентиция) қабаты қаптап тұрады (23-сурет).
Ауыз қуысы (полость рта, cavitas oris) ас қорытужолының басталатын мүшесі. Ауыз қуысында тағамның сапасы анықталып, біршама химиялык, механикалық өңдеуден өтеді.
Сілекей ферменттері тағам құрамындағы көмірсуды ыдыратып, ас түйіршіктерін жұтуға дайындайды.
Ауыз қуысы - ауыз кіреберісінен және меншікті ауыз қуысынан тұрады (24-сурет).
Ауыз кіріберісі - тістер, қызыл иек, жоғарғы, төменгі еріндер арасындағықуыс. Еріндер мен қызыл иектің ауыз кіреберістеріне қараған беттері шырышты кабатпен қапталған.
Қызыл иек (десна) тістердің мойнын, жоғарғы және төменгі жақтың альвеолер өсінділерін жауып тұрған шырышты кабат. Жоғарғы және төменгі еріндердің ортасынан қызыл иекке шырышты қабаттың қатпары тартылған.Бұл қатпар “ерін үзеңгісі” деп аталады.
Ұрт (щеки) ұртбұлшықетінен пайда болған. Ұрттың сыртын тері, ішін көпқабатты түлемейтін мүйізді кілегей жауып тұрады.
