- •Жасуша, оның құрылысы
- •(Клетка, cellula)
- •III. Нейрон аралық аксон - жүйкедегі қозуды бір жүйке жасушасынан екінші жүйке жасушасына өткізеді.
- •- Тікелей бірігу - синартроз;
- •Медиан шеті.
- •Латераль шеті.
- •Жоғарғы бұрышы.
- •Акромион.
- •Буын ойығы.
- •Қабырғалық беті.
- •Қ ол басының сүйектері (кости кисти, ossa manus) үш бөлімнен тұрады. Олар: екі қатар орналасқан білезіктіңұсақ сүйектері, бесқысқа түтікше алақан сүйектері және саусақ сүйектері (8-сурет).
- •Жамбас сүйектері.
- •Тізе тобығы.
- •Шыбығы.
- •Аяқ басы сүйектері.
- •Маңдай кабыршығы.
- •Сампй сызығы.
- •Торша ұялары.
- •Торша табақшалар.
- •Перпендикуляр табақша.
- •Көз табақшасы.
- •Әтеш айдаршығы
- •Сурет. Ауыз қуысы.
- •Жоғарғы тістер.
- •Қатты таңдай.
- •Жұмсақ тандай.
- •Тіл жотасы.
- •Таңдай жұтқыншақ доғасы.
- •7. Бауырдың құйрықты бөлігі. 8. Квадрат бөлігі. 9. Өт қуығы.
- •10. Дөңгелек жалғама. 11. Төменгі қуыс вена.
- •Асқазанның пилорик жолы.
- •Бездің денесі.
- •Бездің негізгі өзегі.
- •Қосымша өзегі.
- •12 Елі ішек катпарлары.
- •Жіңішке ішектің мықын бөлігі.
- •Құрт тәрізді өсіндінің ашылған тесігі.
- •1.Мұрын қуысы.
- •2. Көмекей.
- •3. Кеңірдек.
- •4. Бронхтар.
- •Көмекей үсті шеміршегі.
- •Сақинаша шеміршек.
- •4 3. Қалқанша шеміршек.
- •Ожау шеміршек.
- •Қиғаш ожау бұлшық еті.
- •Артқы сақинаша ожау бұлшық еті.
- •Көмекейге кіреберіс.
- •Таңдай бездері.
- •Қалқанша шеміршегі.
- •Сақинаша шеміршек.
- •Кеңірдек сақиналары.
- •Бас бронхтар (оң және сол).
- •Кеңірдектің тармақталуы.
- •Қалқанша шеміршегі.
- •Кеңірдек.
- •Өкпенің жүрек ойығы.
- •Бөлік аралық сай.
- •Сол өкпенің жоғарғы бөлігі.
- •Төменгі бөлігі.
- •Оң өкпенің ортадағы бөлігі.
- •10.Төменгі бөлігі.
- •Қабырғалық беті.
- •Ерекше жағдайдағы тыныс алу
- •VI. Қан құрамы қасиеті
- •Қанның құрамы: екі бөліктен тұрады (1-кесте).
- •Эритроциттегі агглютиноген мен плазмадағы агглютинингебайланысты қан топтары
- •1. Оң жәнесол қолға; 2. Оң қол, сол аяққа; 3. Сол қол, оң аяққа.
- •Ішкі сөл бездері
- •Пирамида бөлігі.
- •Бөлікшелср.
- •Кеңірдек.
- •Тіл асты сүйегі.
- •Тіл асты-қалқанша байламы.
- •Қанның плазмасы мен алғашқы зәр құрамының салыстырмалыкестесі
- •1. Жатыр. 2. Жатыр қуысы. 3. Жатыр тутігінің жатыр бөлігі.
- •4 Эндометрий. 5. Миометрий. 6. Аналықжыныс безі.
- •7. Периметрий. 8. Жатыр қынабы. 9. Жатырдың жалпақ байламы.
- •10. Жатыр артериясы. 11. Жатыр түтігінің тесігі. 12. Жатыр тутігі.
- •13. Жатыр түтігінің ампуласы. 14. Жатыр түтігінің іш куьісына ашылатын тесігі. 15. Жатыр түтігінің шашағы. 16. Жатыр мойны.
- •17. Жатыр тесігі.
- •Шәует иіығарушы өзек.
- •Кеңейгсн ампуласы.
- •Шәует көпіршіктері.
- •Шәует шашушы өзек.
- •Простат безі.
- •Несеп-зәр шығарушы түтік.
- •2.Ми діңгегі; 3. Мишықтан тұрады:
- •I. Маңдай бөлігі. II. Төбебөлігі. III. Шүйде бөлігі. IV. Самай бөлігі.
- •XII. Денедег зат алмасуы
- •Мамандығыәртүрлі адамдардың бір тәулікке қажет энергия мөлшері
- •Витаминдер
- Тікелей бірігу - синартроз;
- үзіліп бірігу- диартроз.
Синартроздың өзі үш түрліболады:
синдесмоз; синхондроз; синостаз.
Синдесмоз- сүйектердің бір-бірімен талшықты дәнекер ұлпа арқылы бірігуі. Оған мысал бас қаңқасы сүйегіжіктерінің бірігуі, тістердің жақсүйегініңтіс ұяларында бекуі кіреді.
Синхондроз - сүйектердің шеміршектер арқылы бірігуі. Бұған: омыртқалардың бір-бірімен, қабырғалардың төс сүйегінебірігуі жатады.
1-сурет. Қаңқа.
1. Ми сауыты. 2. Омыртқа жотасы. 3. Кеуде қуысы. 4. Қол сүйектері.5. Жамбас сүйегі. 6. Аяқ сүйектері.
Синостаз - сүйек ұлпасының бір-бірімен тікелей бірігуі. Бұған сегізкөздің бірігуі мысал болады.
Диартроз немесе буынның сүйек қозғалысына икемделіп бірігуі. Буындар буын бетінен, буын қабынан тұрады. Буын атқаратын қызметіне қарап – бір, екі және көп шығыршықты болады. Олар буынның байланыс бетінің пішініне қарай шар тәріздес, жазық, эллипс тәріздес, т.б. болып бөлінеді. Сүйектер жартылай буын арқылы да бірігеді. Оны “гемиартроз” (жарты буын) деп атайды. “Гемиартрозға” жамбассүйегініңбірігуі мысал болады.
Омыртқа жотасы
Омыртқа жотасы (позвоночный столб, columna vетtebralis). 33-34 омыртқадан құралған, 5 бөлімнен тұрады. Мойын, кеуде, бел, сегізкөз, құйымшақ омыртқасы. Құрылысы мен пішіні жағынан омыртқалар бір-біріне ұқсас, бірақ олардың әр бөлімінің ерекшеліктері бар (2-сурет).
Омыртқа (позвонок, vетtebra) - серпімді шеміршек арқылы біріккен. Шеміршектің қызметі арқылы омыртқа жотасы иілу қабілетіне ие болады. Әрбір омыртқаның денесі, доғасы және бірнеше өсіндісі бар. Олар: білікті, көлденең, буындық өсінділер. Омыртқаныңең ұзынбілікті өсіндісі артқа қарай шығып тұрады. Омыртқаның денесі мен доғасының аралығында тесік бар. Барлық омыртқалардың тесігі бірігіп омыртқа жотасының өзегі пайда балады. Оның ішіңде жұлынорналаскан. Омыртқа жотасы жұлынға берік қорғаушы қызметін атқарады.
Омыртқа доғасының 2 жоғарғы, 2 төменгі буын өсіндісі бар. Омыртқа денесі мен доғаның біріккен жерінде, жоғарғы және төменгі жағында, ойық бар. Омыртқа жотасындағы барлық омыртқа біріккенде, олардағы ойықтан омыртқа аралық тесік пайда болады. Омыртқа аралық тесіктен жұлыннан шығатын жүйкелер мен қан тамырлары өтеді.
Мойын омыртқалары (шейные позвонки, vетtebrae sетbicalis). Мойын омыртқасының саны - 7. Басқа омыртқалардан ерекшелігі: 1. көлемі кіші; 2. көлденең өсіндісінде тесік болады; 3. денесі басқалардан кішкене, сопақша. I - омыртқада (атлантта) дене болмайды. IV омыртқаның ортасындағы тесігі үлкен және үшбұрышты, басқа омыртқалардан үлкен. Ал VII мойын омыртқасының қылқанды өсіндісі ұзын және ұшы айыр, желкеде төмпешігі бар. Ал VI омыртқада "ұйқы томпағы" деп аталатын дөңеске, ұйқы артериясы жақын жатады.Басқа омыртқаға қарағанда I мойын омыртқасы (Атлант - Atlas) және II мойын омыртқасы (осевой — ахіх) өзгеше.
Атланттың денесі жоқ, тек алдыңғы және артқы доғасы мен екі латеральбөліктен құралған. Оның білікшесі де жоқ.
II мойын омыртқасы өзге мойын омыртқаларынан жоғарғы жағындағы тесігімен ерекшелінеді. Ол бірінші омырқаменқосылып, бастың бұрылуына мүмкіндік туғызады.
Кеуде омыртқасының (грудные позвонки, vетtebrae thoracicae) саны 12, басқа омыртқадан айырмашылығы омыртқа денесінің жоғарғы
2-сурет. Омыртқа жотасы.
А. Бүйірінен. Б. Алдынан. В. Артынан.
I Мойын омыртқалары. 2. Кеуде омыртқалары. 3. Бел омыртқалары.4. Сегізкөз. 5. Құйымшақ. 6. Қылқанды өсінді. 7. Денесі. 8. Көлденең өсінді. 9. Мойын лордозы. 10. Кеуде кифозы. 11. Бел лордозы. 12. Сегізкөз кифозы.
және төменгі бүйірінде қабырға үшін ойығы бар. Бұл ойыққа қабырғаның басы келіп қосылады. Кеуде омыртқасының пішіні, мойын омыртқасына қарағанда үлкен, ал ортадағы тесігі кішкене және дөңгелек, білікше өсіндісі ұзын және арқадан төменге қарай, тасбақаша жатады. Омыртқаның бұл бөлімі көп қимылдамайды.
Бел омыртқасы (поясничные позвонки, vетtebrae Lumbalis) - 5 омыртқа, бір-бірімен тығыз байланысқан.Олардың денесі мен білікше өсіндісі үлкен, жалпақ.
С
егізкөз
омыртқасы (крестцовая кость, os sacrum) 5-ші
беломыртқаның төменінде, пішіні
үшбүрышша 5 омыртқаның бірігуі.Үшбұрыштың
негізі жалпақ болып келіп,төменге
қарайтарылады, оны “сегізкөздің ұшы"
дейді. Үшбұрыштың алдыңғы бетіндегі
көлденең 4 сызық, омыртқалардың қосылуынан
қалған. Ал омыртқаның артқы бетінде
ортадағы, аралық және шеткі (латераль)
дөңестер көрініп тұрады, олар омыртқаның
қылқанды, буындық және көлденең
өсінділерінің қалдықтары.Осы бетінде
4 жұп тесік бар.Тесіктерден жұлынның
жүйкелері шығады.
А. Кеуде омыртқасы. Б. Сегізкөз омыртқасы.
1. Денесі. 2. Көлденең өсіндісі. 3. Қылқанды өсінді. 4. Тесігі.5. Төменгі буын өсіндісі. 6. Қабырға ойығы. 7. Негізі. 8. Көлденең сызығы. 9. Омыртқа тесігі.
Құйымшақ (копчиковая кость, os coccygis) 4-5 жетілмеген омыртқадан тұрады. Омыртқалар бір-бірімен серпімді шеміршек (дискілер) арқылы байланысқан. Омыртқаның алдынан ұзын тұтас байлау өтеді. Омыртқаның қылқанды өсінділері қылқан аралық және қылқан үстілік байлаулармен байланған.
Тұтас омыртқа жотасының ұзындығы ересек адамдарда 60-75 см.Еркектерде —60-75 см, әйелдерде — 60-65 см, ал қартайғанда - 3-7 см-ге қысқарады.
Омыртқа жотасы бірнеше түрліқызмет атқарады:
басты ұстап тұрады;
дененің көптеген бұлшық еттерібасталады;
кеуде, іш және жамбас қуысының құрылысына қатынасады;
ішкі мүшелерге тірек және қорғаушы.
Адамның омыртқа жотасы қалыпты жағдайда бірнеше жерде иіледі. Соның нәтижесінде адам тік жүре алады.
Мойын және бел омыртқасының алға қарай шыққан дөңесі бар. Бұл дөңес - мойын және бел “лордозы”деп аталады.
Кеуде және құйымшақ тұсында омыртқа дөңесі арқаға қараған, мұны“кифоз” деп атайды. Мойын “лордозының”, кеуде “кифозына” өткен жерінде VII мойын омыртқасы орналасқан. "Лордоз” бен “кифоздар” омыртқа аралық шеміршек дискілерімен бірігіп омыртқаның қимылына икемділік береді, яғни амортизатор және рессорлық қызметін атқарады. Ананың құрсағындағы нәрестеде “лордоз” да “кифозда” болмайды. Туғаннан кейін баланың 3-4 айлығында мойының “лордозы”, ал 4-5 айлығында, отыра бастағанда бел “лордозы” біліне бастайды.
Т ө с т і к
Төетік (грудина, stеrnum) - кеуек, кемікті сүйек. Үш бөліктен тұрады. Олар: төстік, сабы, денесі және шемсершесі. Төстік сабының екі шетінде, I қабырға мен бұғана сүйегікеліп бірігетін жерінде, қабырғалар түйісетін жапсарларында ойық (вырезка) бар.
Қабырғалар
Қабырға (ребра, costa) 12 жұп, иілген, ұзын сүйектер қабырғаның омыртқа және төстік ұшы, омыртқа ұшында басы, мойыны және томпағы бар. Ал төс жағынаи қабырға шеміршекке өтеді.Қабырға шеміршегінің ұзындығы мен ені әр түрлі. Қабырғалар 3 топқа: жоғарғы 7 жұп - негізгі қабырға, 3 жұп - жалған, 2 жұп кезеген қабырға болып бөлінеді. Олардың алдыңғы ұштары иілгіш серпімді шеміршектер, олар басқаларға қарағанда қысқа және төс сүйекпен байланыспайды. Қабырғалардың ішкі және сыртқы беттері, жоғарғы және төменгі шеттері бар. Қабырғаның ішкі бетінің төменінде оның ұзына бойына сай өтеді. Бұл сайлардың біреуіне бұғана асты венасы, екіншісіне осымен аттас артерия жанасады.
Кеуде қуысы
Кеуде қуысы көптеген сүйектерден тұрады. Ол 12 жұп қабырға, төстік және омыртқа жотасының кеуде бөлігінің омыртқаларынан пайда болған. Кеуде қуысының жоғарғы және төменгі тесіктері бар. Кеуде қуысының төменгі жағы мен іш қуысының аралығын көк ет (диафрагма) бөліп тұрады.
Кеуде
қуысының пішіні адамның жынысына,
мамандығына және түрліаурудың әсеріне
байланысты өзгереді.
Иық белдеуі мен қолдың еркін қимылдайтын
сүйектері, олардың буындары
Қол қаңқасы: иық белдеуі мен еркін қол
сүйектерінен тұрады. Иық белдеуі кеуде
қуысының артқы жағында жатқан жалпақ
үш бұрышты екі жауырын мен төстік
сүйекке біріккен екі бұғанадан құралады.
Қолдың еркін сүйектеріне - қар сүйегі,
білек сүйегіжәне қол басы сүйектері
кіреді (4-сурет).
4-сурет.Қол қаңқасы. 1.Бұғана. 2.Жауырын. 3.Қар сүйегі. 4.Білек сүйектері. 5.Шынтақ сүйегі. 6.Шыбық сүйегі. 7.Білезік сүйектері. 8.Алақан сүйектері. 9.Саусақ сүйектері
Иық белдеуі мен буындары Бұғана сүйегі(ключица,clavicula) латынның S әрпі тәрізді иілген сүйек.Бұғананың денесінің екі ұшы бар.Төстік ұшы төспен,ал акромион ұшы жауырынның акромион өсіндісімен жалғасады.Оның төстік ұшы жуандау,ал акромион Жауырын(лопатка,scapula) жазық,үшбұрышты сүйек 5-сурет.Көкірек қуысының артқы жағында II-VII қабырғаның ортасында.Жауырының екі:қабырға вентраль және сыртқы дорсаль беті бар.Жоғарғы,төменгі және латераль үш бұрышы бар.Үш бұрышының қосылатын үш жиегі бар.Олар-медиаль, латераль және жоғарғы жиек.Жауырынның қабырға беті азғана дөңес,онда жауырын асты шұңқыры жатыр. Латераль жиегі қалыңдап,оған бас пайда болған.Басында буын шұңқыры бар.Оған иық белдеуінде бірінші сүйек тоқпан жіліктің домалақ басы кіріп тұрады.Буын ойығының айналасында жауырынның мойны бар. Жауырынның дорсаль бетінде немесе сыртында оның «қырық» деп аталатын шығынқысы бар. Қырдың асты мен үстінде шұңқырлары тұр.Олар «қыр үсті», «қыр асты» шұңқырлары деп аталады. Оған қыр үсті және қыр асты бұлшық еттері келіп жабысады. ұшы тығыздау.Бұғананың латераль беті дөңес және арқаға қарай,ал медиаль шеті алдына қарай бағытталған. Жауырынның қыры оның латераль шетінен жоғары қарай бағытталып,акромион болып аяқталады.Акромион буын арқылы бұғана сүйегімен бірігеді.Жауырынның жоғарғы бұрышы доға болып келген,ал төменгісі үшкір.Жауырынның басы-ойық,оған тоқпан жіліктің басы кіреді.Жауырынның жоғарғы шетінде құс тұмсықша бар.
