- •Жасуша, оның құрылысы
- •(Клетка, cellula)
- •III. Нейрон аралық аксон - жүйкедегі қозуды бір жүйке жасушасынан екінші жүйке жасушасына өткізеді.
- •- Тікелей бірігу - синартроз;
- •Медиан шеті.
- •Латераль шеті.
- •Жоғарғы бұрышы.
- •Акромион.
- •Буын ойығы.
- •Қабырғалық беті.
- •Қ ол басының сүйектері (кости кисти, ossa manus) үш бөлімнен тұрады. Олар: екі қатар орналасқан білезіктіңұсақ сүйектері, бесқысқа түтікше алақан сүйектері және саусақ сүйектері (8-сурет).
- •Жамбас сүйектері.
- •Тізе тобығы.
- •Шыбығы.
- •Аяқ басы сүйектері.
- •Маңдай кабыршығы.
- •Сампй сызығы.
- •Торша ұялары.
- •Торша табақшалар.
- •Перпендикуляр табақша.
- •Көз табақшасы.
- •Әтеш айдаршығы
- •Сурет. Ауыз қуысы.
- •Жоғарғы тістер.
- •Қатты таңдай.
- •Жұмсақ тандай.
- •Тіл жотасы.
- •Таңдай жұтқыншақ доғасы.
- •7. Бауырдың құйрықты бөлігі. 8. Квадрат бөлігі. 9. Өт қуығы.
- •10. Дөңгелек жалғама. 11. Төменгі қуыс вена.
- •Асқазанның пилорик жолы.
- •Бездің денесі.
- •Бездің негізгі өзегі.
- •Қосымша өзегі.
- •12 Елі ішек катпарлары.
- •Жіңішке ішектің мықын бөлігі.
- •Құрт тәрізді өсіндінің ашылған тесігі.
- •1.Мұрын қуысы.
- •2. Көмекей.
- •3. Кеңірдек.
- •4. Бронхтар.
- •Көмекей үсті шеміршегі.
- •Сақинаша шеміршек.
- •4 3. Қалқанша шеміршек.
- •Ожау шеміршек.
- •Қиғаш ожау бұлшық еті.
- •Артқы сақинаша ожау бұлшық еті.
- •Көмекейге кіреберіс.
- •Таңдай бездері.
- •Қалқанша шеміршегі.
- •Сақинаша шеміршек.
- •Кеңірдек сақиналары.
- •Бас бронхтар (оң және сол).
- •Кеңірдектің тармақталуы.
- •Қалқанша шеміршегі.
- •Кеңірдек.
- •Өкпенің жүрек ойығы.
- •Бөлік аралық сай.
- •Сол өкпенің жоғарғы бөлігі.
- •Төменгі бөлігі.
- •Оң өкпенің ортадағы бөлігі.
- •10.Төменгі бөлігі.
- •Қабырғалық беті.
- •Ерекше жағдайдағы тыныс алу
- •VI. Қан құрамы қасиеті
- •Қанның құрамы: екі бөліктен тұрады (1-кесте).
- •Эритроциттегі агглютиноген мен плазмадағы агглютинингебайланысты қан топтары
- •1. Оң жәнесол қолға; 2. Оң қол, сол аяққа; 3. Сол қол, оң аяққа.
- •Ішкі сөл бездері
- •Пирамида бөлігі.
- •Бөлікшелср.
- •Кеңірдек.
- •Тіл асты сүйегі.
- •Тіл асты-қалқанша байламы.
- •Қанның плазмасы мен алғашқы зәр құрамының салыстырмалыкестесі
- •1. Жатыр. 2. Жатыр қуысы. 3. Жатыр тутігінің жатыр бөлігі.
- •4 Эндометрий. 5. Миометрий. 6. Аналықжыныс безі.
- •7. Периметрий. 8. Жатыр қынабы. 9. Жатырдың жалпақ байламы.
- •10. Жатыр артериясы. 11. Жатыр түтігінің тесігі. 12. Жатыр тутігі.
- •13. Жатыр түтігінің ампуласы. 14. Жатыр түтігінің іш куьісына ашылатын тесігі. 15. Жатыр түтігінің шашағы. 16. Жатыр мойны.
- •17. Жатыр тесігі.
- •Шәует иіығарушы өзек.
- •Кеңейгсн ампуласы.
- •Шәует көпіршіктері.
- •Шәует шашушы өзек.
- •Простат безі.
- •Несеп-зәр шығарушы түтік.
- •2.Ми діңгегі; 3. Мишықтан тұрады:
- •I. Маңдай бөлігі. II. Төбебөлігі. III. Шүйде бөлігі. IV. Самай бөлігі.
- •XII. Денедег зат алмасуы
- •Мамандығыәртүрлі адамдардың бір тәулікке қажет энергия мөлшері
- •Витаминдер
55-сурет.
Ми сыңарларыныңдөңес беті.
1.Жоғарғы
маңдай қатпарлары, 2. Орталық маңдай
қатларлары. 3. Төменгі маңдай қатпарлары.
4. Орталық сай алды қатпар 5. Орталық
сай (Фоланд сайы). 6.Артқы орталық қатпар.
8. Жоғарғы самай бөлігі. 9. Бұрыштағы
катпар. 10,Төменгі самай қатпар. 11.
Орталықсамай катпары. 12. Жоғарғысамай
қатары. 13. Латераль сай.
I. Маңдай бөлігі. II. Төбебөлігі. III. Шүйде бөлігі. IV. Самай бөлігі.
бетін біршама кеңейтеді. Ми сыңарлары бес бөлікке: маңдай, төбе, самай, шүйде, аралдық болып, бір-бірінен сайлармен бөлінген. Ми сыңарларының маңдай мен төбе бөлігі — орталық сай, немесе роланд сайы бөліп тұрады. Ми сыңарларының төбе шүйде бөліктерінің аралығынан төбе-шүйде сайы өтеді.Бұл сай ми сыңарларын төбе шүйде, самай бөліктеріне бөледі.
Ми сыңарларынын; маңдай бөлігі алдыңғы ми шұңкырында орналасқан. Мидың орталық сайының алдында жатады. Осы орталық сайға параллель ететін сайды “алдыңғыорталық сай" деп атайды. Екі сайдың аралығында алдыңғы орталыққатпар бар. Ми сыңарларының “алдыңғы орталық сайына” тік үш сай өтеді.Бұл сайлар - маңдай бөлігін жоғарғыортадағы және төменгі қатпарларға бөледі.
Ми сыңарларының төбе бөлігі орталық (роланд) сайдың артында орналасқан. Орталық сайға қатар, артқы орталық сай бар. Екі сайдың аралығында - артқы орталыққатпар. Төбенің артқы орталық сайына тік бұрыштанып аралықсай өтеді.Бұл сай ми сыңарларың төбебөлігін жоғарғыжәне төменгі қатпарларға бөледі. Ми сыңарларының төбе бөлігі,бүйірдегінемесе сильвий сайының алдыңғы жағында. Самай бөлігін ми діңгегінен “теңіз жылқысы” сайы бөліп тұрады. Сильвий сайына тік бұрыштанып орналасқан төрт сай ми сыңарларының самай бөлігін төртке бөледі. Олар жоғарғы, орталағы,төменгі бөліктер және “теңіз жылқысының" қатпары.
Ми сыңарларының шүйде бөлігі. Шүйде-төбе сайы арқылы шүйде, төбе бөлігінен бөлініп тұрады. Мидың шүйде бөлігінің сайлары мен қатпарларыөтетұрақсыз, әр адамдікі бір-бірінен өзгешелеу болады.
Ми сыңарларының “аралдық” бөлігі. Маңдай, тебе, самай бөліктерімен жабылады.
Қыртыс асты негізгі ядроларға құйрықты дене, бұршақ тәріздес ядролар кіреді. Самай бөлігінің алдыңғы жағында миндаль сияқты дене бар. Негізгі ядролар мен таламустың аралығында ақ заттын қабаты жатады. Олар ішкі, сыртқы,өте сыртқы капсулар. Ішкі капсуланың ішінен өткізгіш жолдар өтеді.
Бүйірдегі қарыншалар
Әрбір мисыңарларыныңшіндегіқуыс. Олар әрбір ми сыңарларында сүйелді денеден төменірек денгейде болады.Бүйірдегіқарыншалар қарынша аралықтесікарқылыІП-қарыншаменжалғасады. Бүйірдегіқарыншалардың үш мүйізі бар. Олар - алдыңғы, төменгі және артқы мүйіздер.
Алдыңғы мүйіз ми сыңарларының маңдай бөлігінде, ал төменгі мүйіздер - самай бөлігінде. Бүйірдегіқарыншалардың артқы мүйіздері ми сыңарларының шүйде бөлігіне сәйкес келеді.Бүйірдегіқарыншалардың тұтасып біріккен жері ми сыңарларыныңтөбе бөлігінде.Бүйірдегіқарыншалардыңорталық бөлігіне таламус жанасады.
Ми сыңарларының қыртысы (кора головного мозга, cortex cеrebri) қалындығы 2-4 мм сұр заттан тұратын ми жапқышы. Ми қыртысы 6 қабаттан тұрады. Әрбір қабатта жүйке жасушаларының бірнеше түрі бар. Олардың пішіні, көлемі орналасуы өзгеше. Ми қыртысында орта есеппен 14 млрд жуық жүйке жасушалары бар. Ми қыртысы жасушаларының өсінділері 3 түрліболады:
Афференттік немесе сенсорлық.
Эфференттік нейрондар.
Ассоциативтік немесе аралық нейрондар.
Афференттік нейрондар - орталыққа “тебуші" өткізгіш жүйкежолдың талшыктары, ассоциативтік немесе аралықжүйке жасушалары ми сыңарларының бөліктерін бір-бірімен жалғайды. Эфференттік жүйке талшықтары — бас ми мен жұлынның ядро жасушаларынын орталықтан “тебуші” аксондары.
Бас мидың атқаратынқызметіне тән орталықтар белгілі бір аймақтарда орналаскан. Бұлар — сенсорлық (сезім), моторлық (қимыл) және оларды бір-бірімен байланыстыратын ассоциативтік аймақтар. Ми сыңарларының сенсорлық (сезім) аймағы төбе бөлігінің орталық қатпарында орналаскан. Тері рецепторларынан тітіркеніс осы орталыққа, ал оң қолдың терісінен тітіркеніс сол жақтағы ми сыңарының орталық артқы қатпарына беріледі.Бұл аймаққа бұлшық ет-буын сезу рецепторлерінің тітіркенісі беріледі. Егер артқы ми сыңарларының төбе бөлігінің орталық қатпары зақымданатын болса, дененің қарама-қарсы бөлігінде теріден тітіркеністіңқабылдануы бұзылады. Ми сыңарларының артқы орталыққатпарлары екі жақты зақымданса, онда тері сезу қабілетін жоғалтады.
Көру аймағы. Ми сыңарларының шүйде бөлігінде орналаскан. Көздің тор қабығынан алынған тітіркеніс аралықмидың шеткі тізелі денесі арқылыөтіпми сыңарларының шүйде бөлігіне береді. Егер ми сыңарларының шүйде бөлігі зақымданса “қыртыстық соқыр" туындайды.
Есту аймағы. Ми сыңарларының самай бөлігігнің орталығында жатыр. Ішкі құлақтан басталған тітіркеніс ішкі тізелі денеден және аралықмидағы қыртыс асты орталықтарынан өтіп самай бөлігіне келеді.
Дәм сезу орталығы ми сыңарларыныңорталық қыртысының төменгі бөлігінде. Бұл аймақ зақымданғанда дәмді сезу бұзылады.
Қимылдық (моторлық) аймақ ми сыңарларыныңмаңдай бөлігінде орталың сай алды қатпарында. Бұл аймақ тітіркенгенде дененің қарсы бөлігіндегі бұлшық еттер жиырылады. Осы аймақтың жоғарғы бөлігінде аяқортадағы - тұлға, төменінде - бас, бет, мойын бұлшық еттерінің орталығы орналасқан. Бұл аймақ зақымданғанда адам сал болады.
Сөйлеу аймағы ми қыртысының көп бөлігін қамтиды. Ми сыңараларының маңдай бөлігінің төменгі қатпарында сөйлеудің қимыл орталығы бар. Егербұл аймақзақымданса сөздің пайда болуына қатынасатын мүшелердің қимыл сәйкестігі бұзылып, адам сөзді құрап айта алмайды. Ми сыңарларының самай бөлігінде жоғарғы қатпарының артында сөзді есту аймағы тұр.
Ми қабықтары:
- сыртқы қатты қабық;
- ортадағы, торлы;
- ішкі тамырлы қабықтар.
Сыртқы, қатты қабық (твердая мозговая оболочка, dura matеr) ми сауытының ішкі жағындағы сүйек жабындысы. Қатты қабықтан ми бөліктерінің саңлаулары мен сайларына кіріп тұратын өсінділер шығады. Ол өсінділерге үлкен орақша, мишықтыңорақша өсінділері және мишық шатыры мен “түрік ерінің” пердесі (диафрагмасы) кіреді.
Үлкен орақша өсінді қатты қабықтың ми сыңарларының ортасындағы саңлауында пайда болған, мишық жарты шарларының аралығындағы саңлау өсіндісіне кіруінен мишықтың орақша өсінділері пайда болады.
Мишықтың шатыры - мишьіқты ми сыңарларының шүйде бөлігінен бөліп тұрады. “Түрік ерінің” диафрагмасы “түрік ерінің" алды мен артының аралығында керіліп жатады. Оның астындағы “түрік ерінің” ойығында гипофиз безі бар.
Қатты қабықша, ми сыңарларының арасындағы саңлау, мидың сайларылың аралығындағы өсінділер екі жапыраққа бөлініп, түтікше веналық қуыстар пайда болады. Бұл қуыстарда мидан келген вена қаны болады. Қуыстардың бір ерекшелігі вена қан тамырларына ұқсап басылып қалмай, қанның ағып шығуы үшін қолайлы жағдай туғызады.
Мидың қатты қабатынын орақша өсіндісін бойлап, көлденең қуыс қосылады. Төменгі орақша қуыс, орақша өсіндінің төменгі жағымен өтіп тік қуысқа қосылады. Тік қуыс пен көлденеңқуыс қосылады.
Жоғарғы орақша қуыс, мидыңқаттықабатының оракша өсіндісін бойлап тік қуыс арқылы, төменгі орақша қуысқа қосылады. Қойнауқуысы(пещеристый синус) - “түрік ер- тоқымының” айналасында орналасқан, қима қуыспен қосылады.
Көлденең қуыс — мишық жапқышыныңартқы жағында,шүйде сүйегініңкөлденеңсайынан өтіп, қима қуысына қосылады. Қимақуысысамайсүйегініңаттас сайымен жүріп отырып мойынтұрықтесігіне келгенде ішкі мойынтұрық венасы түрінде ми сауытынан шығады. Вена қаны эмиссар веналар арқылы ми сауытыныңтесіктерінен шығады.
Ми сауытының торлы қабығы.
Мидың ортадағы қабықшасы.Бұл қабықша мен тамырлы қабықшаның аралығында қуыстар бар. Қуыстардың мишық пен сопақша мидың, ми аяқшаларының аралығындағы бөлігі кеңдеу болып келеді. Қуыстарда жұлын-ми сұйықтығы бар, қуыстар тесіктер арқылы ми қарыншаларымен қатынасады.
Тамырлы қабық миға тығыз жанасып тұратын ішкі қабық. Тамырлы қабықша ми сайларына терең еніп, оның бөліктерін қан тамырымен қоректендіріп тұрады. Тамырлы қабықшадан ми қарыншаларыныңішіндегі торлар, тамырлы өрімдер пайда болады. Олар жұлын-ми сұйықтығын шығарып тұрады.
Бас ми жүйкелері
(Черепные нервы, nеrvii craniales)
Бас мидан 12 жұп жүйке шығады. Олардың әркайсысының өзіне тән аты, реттік саны бар (56-сурет). Өр 12 жұпжүйке атқаратын қызметіне байланысты 3 топқа бөлінеді. Олар: қимылдық, сезгіш, аралас жұптар. Қимылдық жұптарға III, IV, VII, XI, XII жұп бас ми жүйкелері, ал 1, II, VIII жұптар сезгіш, V, VI, IX, X жұптар аралас жүйкелер.
І жұп, бас ми жүйкесі — иіс сезу жүйкесі - (обонятельный нерв, n.olfactorii) иіс сезу жүйке жасушаларының өсінділерінен тұрады. Олар мұрын қуысының шырышты қабатының астында. Жүйке жинушаларының 15-20 өсінділері мұрын қуысынан басталады. Жуйке талшықтары торша сүйектің табақшаларының арасынан өтін ми сауытына кіреді. Одан иіс сезудің қыртыс орталағына- бас мидың шүйде бөлігіне бағытталады.
ІІ жұп, көру жүйкесі (зрительный нерв, n.opticus). Көздің торқабатындағы таяқшалар мен қолбашаларданбасталады. Көз шарасынан ми сауытына сына сүйектің “көру төсегі”арқылы кіреді. Ми сауытына кіргеннен кейін жартылай айқасады. Одан көру жуйкесініңқыртыс асты орталығы - көру төмпешігі, орталық ми қақпасы, шеткі тізе тәріздес денеге қарап бағытталады. Көру жүйкесінің қыртыс орталығы бас мидың шүйде бөлігінде орналасқан көру ядросы.
ІІІ жұп, көзді қозғаушы жүйке (глазодвигательный нерв, n.oculomotorius) - қимылдатқыш жуйке. Оның ядросы орталық мида орналасқан. Ми сауытынан көз шарасына көздің жоғарғысанлауы арқылы шығады. Сол жерде екіге тармақталады. Жоғарғы тармағы көздің қабағын көтеретін бұлшық етті, ал төменгі тармағы көздің ішкі тік, төменгі қиғашбұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді.
IV жұп, шығыршықты жүйке. Ядросы орталық мида орналасқан қимылдатқыш жүйке (блоковый нерв, n.trochlearis). Ми сауытынан жоғарғы көз саңлауы арқылы көз шарасына шығады. Ол көздің жоғарғы қиғаш бұлшық етін жүйкелендіреді.
Vжұп, үштік жүйке (тройничный нерв, n.trigeminus),аралас жүйке, ядросы көпірде орналаскан. Самайсүйегінің пирамидасының алдыңғы бетінде үштік жүйкенің түйіні пайда болады. Үштік жүйке осы жерде 3 тармаққа: 1.көзжүйкесі, 2. жоғарғы жақ, жүйесі, 3. төменгі жақ жүйкесіне бөлінеді.
Көз жүйкесі ми сауытынанкөзшарасына жоғарғы көз саңлауы арқылы өтеді. Үш тармақталып көзді, көз-жас безін, сына тәрізді сүйектің ауа қуысының шырышты қабатың мұрын қуысының шырышты қабағын, маңдай мен мұрынның терісін жүйкемен қамтамасыз етеді.
Жоғарғы жақ жүйкесі ми сауытынан сына сүйектің домалақ тесігі арқылы қанат-таңдай шұңқырына иіығады, одан төменгі көз шарасынын шұңқыры арқылы көз шарасына өтеді. Ол жоғарғы жақтың терісің бұлшық еттерін, жоғарғытістерді, мұрын қуысының кілегей қабығын жүйкелендіреді.
Төменгі жақ жүйкесі мн сауытынан сына сүйектің үлкен қанатындағы сопақша тесіктен шығады. Бұл аралас жүйке, оның қимылдық тармағы шайнау бұлшық етін, дабыл жарғағын, жұмсақтаңдайды, самай бұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді.
Сезгіш тармақтары ұрттын шырышты қабатын, тілдің үстін, шекенің терісін, құлаққалқанын, есіту тесігін, есіту түтігін жүйкелендіреді.
VІжұп, алып кетуші жүйке (отводящий нерв, n.abducens), қызметі жағынан қимылдытқыш, ядросы көпірде орналасқан. Ми сауытынан жоғарғы көзсаңлауы арқылы көз шарасына шығады.Көз алмасының шеткі тікбұлшық етін жүйкелендіреді.
VІІжұп, беттік жүйке (лицевой нерв, n.facialis), қимылдатқыш, ядросы көпірде орналасқан. Ми негізінен көпір мен сопақша мидың оливасының арасынан шығады. Ішкі есіту тесігіарқылы самай сүйегінекіреді. Сол тесік арқылы төменге қарай бағытталып, самайсүйегініңбіз-емізік тесігіненсыртқашығады. Құлақ маңы безін тесіп өтіп, үйректіц табанына ұқсап тармақталады.Беттің барлық ымдау бұлшық еттерін, мойынныңбұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді.
VIІІ жұп, есіту-тепе-теңдік жүйкесі (преддверно-улитковый нерв, n.vеstibulo- cochlearis) екi тармақтан тұрады: 1. кіреберіс, 2. ұлу. Екі жүйке де ішкі құлақтан басталады. Кіреберіс жүйкесі ішкі құлақтың кіреберісі мен жарты айналымды түтіктеріненбасталады. Ұлу тармағы тітіркеністі ұлудан алады. Екі жүйке бірігіп ішкі құлақ тесігімен самайсүйегініңпирамидасы арқылы ми сауытына кіреді. Ми діңгегіндегі IV қарыншаның түбіндегі ромбы шұңқырына барады. Кіреберіс-ұлу жүйкесінің қыртыс орталығы бас мидың самай бөлігінде орналасқан.
IX жұп, тіл-жұтқыншақ жүйкесі (языкоглоточный нерв, п. glossopharyngeus) аралас жүйке, оның қимыл ядросы IV қарыншаның ромбы тәріздес шұңқырында орналасқан. Ми сауытынан самай сүйегінің, мойынтұрық тесігіарқылышығады. i Екі тармаққа тармақталады.
1.Сезгіш тармағы — дабыл жарғағын, есіту қуысын, есіту түтігін, таңдай миндалиналарын, тілдің 1/3 бөлігін, жұтқыншақтың шырышты қабатын жүйкемен қамтамасыз етеді.
2.Қимылдатқыш тармақтары — біз-жұтқьшшақ бұлшық етін, жұтқыншақтың бұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді.
Х жұп, кезеген жүйке (блуждающий нерв, n.vagus), аралас, ядросы тіл-жұтқыншақжүйкесінің ядросымен бірігіп мойынтұрықтесігінің айналасында орналасқан, сезімтал ядроларданбасталады. Сопақша мидың оливасынын артынан етіп, ми саүытынан самайсүйегініңмойынтұрықтесігіарқылы шығады. Кезеген жүйке басқа, мойынға, кеуде, іш қуысындағы мүшелерге тармақтар шығарады.
ХІ жұп, қосымша жүйке (добавочный нерв, n.accessorius), қимылдық, ядросы сопақша мида орналасқан. Сопақша мидың оливасының артынан өтіп, ми сауытынан самайсүйегініңмойынтұрық тесігіарқылы шығады. Ми сауытынан шыққан тұсындаекіге тармақталады. Ішкі тармағы кезеген жүйкемен қосылады. Сыртқы тармағы трапеция сияқты төс-бүғана-емізік бұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді.
ХП жұп, тіл-асты жүйкесі (подъязычный нерв, n.hypoglossus), қимылдық жүйке, ядросы сопақша мидың ромбы тәріздес шұңқырында орналасқан. Сопақша мидан пирамида мен оливанын арасымен өтіп, ми сауытынан тіл асты тесігіарқылы шығады. Жүйкенің бір тармағы тілдін бұлшық еттерін, ал екінші тармағы тіл асты сүйегінен төмендегі бұлшық еттерді жүйкемен қамтамасыз етеді.
Жұлын жүйкелері
(сниномозговые нервы, nеrvii spinales)
Адам жұлынынан 31 жұп жүйке шығады. Оның8мойын, 12—i кеуде, 5-i бел, 5-і сегізкөз, 1-і құйымшақ жүйкелері. Әрбір жұлынжүйкесі, жұлыннан екі түбір болып басталады. Олардың алдыңғы түбірі қимылдық артқы түбірі сезгіш талшықтардан тұрады. Артқы түбір алдыңғы түбірге қосылар алдында “алдын" туйін (ганглия) пайда болады. Алдыңғы және артқы түбірлер омыртқааралық тесіктің тұсындабірігіп, жұлын жүйкесінің сабауы пайда болады. Жұлын жүйкесінің сабауы омыртқа аралық тесіктен шыққаннан кейінтөрттармаққа тармақталады. Олар: алдыңғы, артқы, менингеал және қосушы тармақтар.
Жұлын жүйкесінің қосушы тармақтары оны вететативтік жүйке жүйесініңтүйіндерімен жалғастырады. Менингеал тармақтар қайтадан омыртқа жотасының етегіне бағытталып, жұлынның қабықтарын жүйкемен қамтамасыз етеді. Жұлын жүйкесінің артқы тармақтары омыртқааралықтесіктерден және сегізкөз тесігінен өткеннен кейін сегменттік қасиетін сақтайды. Олар өздерініңтұсындағы жотаның желкенің, бел мен бөксенің бұлшық еттерін, терісін жүйкемен қамтамасыз етеді. Жұлынның артқы тармақтарынан желкені жотаны, белді, бөксені жүйкемен қамтамасыз ететін тармақтар шығады. Олардың ішіндегі ең ірісі желке асты жүйкесі. Ол I мойын сегментінің тармағы, қимылдатқыш қызмет атқарады және желкенің қысқа бұлшық еттерін жүйкелендіреді. Үлкен желке жүйкесі - желкенің терісін жүйкемен қамтамасыз етеді.
Жұлын жүйкесінің алдыңғы тармақтарының құрамында сезгіш және қимылдық тармақтар бар. Бұл тармақтар бір-бірімен араласып жұлыннын алдыңғы тармақтарыныңтөртөрімі пайда болады: мойын, иық, бел, сегізкөз өрімдері. Тек жұлынның алдыңғы тармақтарының кеуде бөлігі ғана сегменттік қасиетін сақтайды. Олар омыртқа жотасынан шыққаннан кейін сәйкес қабырга аралықтарын жүйкемен қамтамасыз етеді.
Мойынөрімі (шейное сплетение, flexus cеrvicalis) жұлынныңтөртжоғарғы мойын жүйкесінің алдыңғы тармақтарынан пайда болады. Олардың әрқайыссы 3 тармаққа бөлінеді: қимылдық, сезімтал және аралас жүйкелер.
Мойын өрімінің сезім талшықтарының тармақтары:
кіші желке жүйкесі;
үлкен құлақ жүйкесі;
мойыннын көлденең жүйкесі;
бұғана үсті жуйкесі.
Кіші желке жүйкесі желкенің сыртқы аймағын, үлкен құлақ жүйкесі құлақ қалқанын, сыртқы құлақ тесігін, мойынның көлденеңжүйкесі — желкенің, мойынның терісін, бұғана үсті жүйесі бұғана аймағының терісін, үлкен кеуде, дельтаға ұқсас бұлшық еттердіжүйкемен қамтамасыз етеді.
М
і
Мойын өрімінің ең ірісі көкет жүйкесі. Ол кеуде қуысына кіріп, кеуде аралығын, жүрек қабын (перикардты), ішкі өкпе қабын (висцерал плевраны),көкетті(диафрагманы) жүйкелендіреді, одан іш қуысына өтіп бауырдың жалғамаларын жүйкелендіреді.
Иық өрімі (плечевое сплетение, plexus brachialis) мойынның 4 төменгі, 1 кеуде жүйкесінің алдыңғытармақтарынан пайда болған. Олалдыңғы және артқы сатылы бұлшық еттердің аралығынан өтіп бұғана үсті шүңқырында бұғана үсті артериясымен қатар жатады. Кейін бұғанасүйегініңартымен қолтық асты шұңқырына қарай бағытталады. Қолтық асты шұңқырында аттас артерия кан тамырымен қатар орналасып, үш тармаққа бөлінеді.Иықторының ұзын тармақтары колды, ал қысқасы иық белдеуініңбұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді. Иық торының қысқа тармақтарыныңішіндегі еңірісі қолтық асты жүйкесі. Ол дельтаға ұқсас және кеуденің үлкен, кіші, дөңгелек бұлшық еттерін, терісін,иықбуынының қабын жүйкемен қамтамасыз етеді. Ал қалғанқысқа тармақтар кеуденің үлкен, кіші, алдыңғы тісті, бұғана асты, қыр үсті, қыр асты, жаурын асты, арқанын ромбы тәріздес, арқаның үлкен домалақ, жаурынды көтеруші бұлшық еттерін жүйкелендіреді.
Иық өрімінің ұзын тармақтары:
Ішкергі (медиаль) тері жүйкесі — иықтың ішкі бетінің терісін жүйкелендіреді.
Білектің ішкергі (медиаль) тері жүйкесі білектің ішкі бетінің терісін жүйкемен қамтамасыз етеді. Бұлшық еттері жүйкесі екі басты бұлшық етті,иықжәне құстүмсық-иық бұлшық еттерін, білектің сыртқы бетінің терісін жүйкелендіреді.
Ортаңғы жүйке (срединный нерв, a.medianus) иықта иық артериясы және вена кан тамырларымен қатарорналасқан. Иыққа тармақбермейді. Білектің барлық бүгуші топтағыбұлшық еттерін жүйкемен қоректендіреді. Ортаңғы жүйке алақанға өткеннен кейін бас бармақты көтеретінбұлшық еттерді, сұқ, ортаңғы, аты жоқ саусақтардың терісін жүйкемен қамтамасыз етеді.
Шынтақ (кәрі жілік) жүйкесі (локтевой нерв, n.ulnaris) қардың ішкі бетімен өтіп иыққа тармақ бермейді. Білекте шынтақ артериясымен қатаршынтақ сайында орналасқан. Ол білектің қол басын бүгетін бұлшық еттерін бармақтын тереңдегі бүгуші бұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді. Шынтақ жүйкесі білектің 1/3 бөлігіне келгенде алақан және қол сыртының тармақтарына бөлінеді. Шынтақ жүйкесінің алақан тармақтарынан тері және бұлшық ет тармақтары пайда болады. Тері тармақтары жалпы алақан жәнесаусақтардың меншікті жүйкесі болып бөлінеді. Саусақтардың меншікті жүйкесі аты жоқ және кішкене саусақтардыңішкі бетін жүйкемен қамтамасыз етеді. Алақан жүйкесінің бұлшық еттік тармағы тереңде болады. Ол кішкене саусақты көтеретін бұлшық еттерді, барлық сүйек аралық бұлшық еттерді, екі ішкі құртқа ұқсас бұлшық етті, бас бармақты алып қашушы, бүгуші бұлшық еттерді жүйкемен қамтамасыз етеді. Қол саусақтарының сыртқы жүйесі қолсыртының терісін, кішкене бармақтан бастап, аты жоқ бармақтыңортаңғы саусақтың 1/2 терісін жүйкемен қамтамасыз етеді.
Шыбык жүйкесі (лучевой нерв, n.radialis) иық өрімінің ірі жүйкесі. Қарда үш басты бұлшық етпен қарсүйегініңаралығынан өтіп, оларға және теріге тармақтар береді. Шыбық жүйкесі білектіңсыртқы сайынан шығыпекі тармаққа тармақталады. Олар тереңдегі және беткейдегі тармақтар. Шыбық жүйесінің тереңдегі тармақтары білектің артқы топтағыбарлықжазушы бұлшық еттерін, ал беткейдегі кәрі жілік артериясымен біргеқолдыңсыртына өтіп, бас бармақтап бастап 21/2 саусақтың терісін жүйкемен қамтамасыз етеді.
Бел өрімі (поясничное сплетение, plexus lumbalis) 12-ші кеуде, жоғарғы үш белдік сегментерден пайда болады және жамбастың үлкен бұлшық етінің арасында. Ол бірнешеге тармақталады. I. Мықын-іш асты жүйкесі. 2. Мықын-шат жүйкесі. 3. Сан-жыныс жүйкесі. Олар іш қуысының алдыңғы бұлшық еттерін,сыртқыжыныс мүшелерін және санның жоғарғыбөлігінің терісін жүйкемен қамтамасыз етеді.
Бел өрімінің ұзын тармақтары.
Санның сыртқы (латерал) бетінің жүйкесі саннын сыртқы бетінің терісін жүйкелендіреді.
Жапқыш жүйке (запирателтьный нерв) кіші астаудын,сыртқықабырғасынан жапқыш тесігі арқылы санның ішкі бетіне өтеді. Жамбас буынына тармақ шығарып, негізгі тармағы санды жақындатушы бұлшық еттерді, санның ішкі бетінің терісін жүйкемен қамтамасыз етеді.
Сан жүйкесі (бедренный нерв) бел өрімінің ең ірі жүйкесі. Мықын және жамбас бұлшық еттерінің арасымен өтіп, шат жалғамасының астымен санғаөтеді. Санныңалдыңғы топтағы бұлшық еттерін, оның терісін жүйкемен қамтамасыздандырады. Сан жүйкесінің еңұзын тармағы тері асты жуйкесі (подкожный нерв) тізенің ішкі бетінен өтіп балтырды, аяқтың сыртын жүйкелендіреді.
Сегізкөз өрім (крестцовое сплетение, plexus sacralis) 4-5 бел, барлық сегізкөз, құйымшақсегменттерінің алдыңғы тармақтарынан пайда болады, алмұрт сияқты бұлшық еттің алдында қысқа және ұзын тармақтарға тармақталады.
Жаялық өрімініңқысқа тармақтары.
Бөксенің жоғарғыжүйкесі (верхний ягодичный нерв n.glutеus supеrior) үлкен шонданай тесігіарқылы жамбас қуысынан шығады, ортаңғы және кіші бөксе бұлшық еттерінің, санның жалпақшандырын керетін бұлшық еттерді жүйкелендіреді.
Бөксенін төменгі жүйкесі (нижний ягодичный нерв n.geuteus intеrios) жамбас қуысынан үлкен шонданай тесігі арқылы шығады. Жүйке үлкен бөксенің бұлшық етін, жамбас-ұршық буынын жүйкемен қамтамсыз етеді.
Сегізкөз өрімнің ұзынтармақтары. Өтырықшы жүйке (седалищный нерв n.ischadicus) ен ірі, ең ұзын жүйке. Жамбас қуысынан отырықшы тесікарқылы шығады, санның арткы топтағы бұлшық еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді. Отырықшыжүйкесі тізе шұңқырында екі тармаққа бөлінеді:
Асык жілік жүйкесі.
Жалпы шыбық жүйкесі.
Асык жілік жүйкесі балтырдың артқы топтағы бұлшық еттерін, балтырдың артқы бетінің терісін жүйкемен қамтамасыз етеді. Асык жілік жүйкесі балтырдың камбала тәріздес бұлшық етініңарасымен балтырдың төменгі ұшына бағытталады, аяқтың басынын ішкі жағымен табанға дейін жетеді. Жүйке табанныңбұлшық еттерін, терісін жүйкемен қамтамасыз етеді.
Жалпы шыбық жүйкесі балтырдың шыбықсүйегініңжоғарғыжағында екіге тармақталады:
тереңдегі шыбық жүйкесі;
беткейдегі шыбық жүйкесі.
Балтырдың шыбық сүйегініңтереңдегі жүйкесінің тармағы балтырдыңалдыңғытоптағыбұлшық еттерін, балтырдыңалдыңғы бетінің терісін, үлкен және екінші башпайдыңтерісін жүйкелендіреді.
Балтырдың шыбық сүйегініңбеткейдегі жүйкесінің тармағы балтырдың шыбықсүйегінің ұзын және қысқабұлшық еттерін, аяқ басының үстіңгі бетінің терісін жүйкемен қамтамасызетеді.
Вегетативтік жүйке жүйесі
(вегетативная нервная система, systema nеrvosum autonomicum)
Вегетативтік жүйке жүйесі орталықтағы және шеткерідегіболыпекі үлкен топқа бөлінеді. Орталықтағы жүйке жүйесінің ядролары бас мида және жұлында орналасқан. Шектерідегі вегетативтік жүйке жүйесі вегетативтік түйіндерден (ганглия), вегетативтік жүйке талшықтарынан тұрады. Вегетативтік түйіндер бас мидан алыста болады. Вегетативтік жүйке жүйесінің талшықтары ми сауытының және жұлын жүйкелерінің құрамына кіреді.
Вегетативтік жүйке жүйесінің соматикалық жүйке жүйесінен ерекшеліктері бар.
Орталықтан шыққанан кейіп шартты түрде вегетативтік түйіндерде тоқтап кейін түйіннен кейінгі талшықтар түрінде мүшелерді жүйкемен қамтамасыз етеді. Ал соматикалық жүйке жүйесінде жүйке талшықтары миданшығыптікелей мүшелерге бағытталады.
Вегетативтік жүйке талшықтары жіңішке болады, оларда тітіркеніс баяу өтеді.
Вегетативтік жүйке талшықтары бірігіп, артерия қан тамырларының айналасында өрімдер пайда болады.
Вегетативтік жүйке жүйесініңталшықтары түйінге дейінгі және түйіннен кейінгі болып екі топқа бөлінеді.
Орталықтағы ядроларының және туйіндерінің орналасуына, қамтамасыз ететін мүшелерінің атқаратын қызметіне қарап вегетативтік жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық болып екі топқа бөлінеді (56-сурет). Бір мүшеге симпатикалық және парасимпатикалық жүйке екі түрліәсер етеді. Мысалы: симпатикалық жүйке жүректің соғуын жиілетсе, парасимпатикалық оған теріс әсеретеді, жүректің соғуын баяулатады.
Дененің тер бездерінде, қан тамырдың бұлшық еттерінде, көкбауырда, бүйрек үсті бездерінде, несеп ағарда парасимпатик жүйке тармақтары болмайды.
Симпатикалық жүйке жүйесінің орталығы жұлынның VIII мойын, барлық кеуде, 2-3 бел сегменттерініңбүйірдегібағандарында. Әр мүшенің өзіне әсерететін симпатикалық жүйке талшықтары болады. Олар жұлынның белгілі бір сегменттеріненбасталады. Мысалы, VIII мойын сетменттерініңбүйірдегібағандарында, көздің қарашығын кеңейтетін симпатикалық орталықтар бар. Жұлынның 5 жоғарғы кеуде сетменінің бүйірдегібағандарында жүректің қызметін жылдамдататын, бронхтар мен бронхиоларды кенейтетін орталықтар орналасқан. Кеуде және бел сегментінің бүйірдегібағандарында вена тамырларының тер бездерінің қызметін реттейтін орталықтар бар.
Симлатикалық жүйке жүйсінің талшықтары жұлынныңбүйірдегібағандарының нейрондарының өсінділерінен тұрады. Олар VІІІ мойын сегментінен, 2-3 бел сегментініңбүйірдегібағандарында орналасқан. Олардан шыққан 20-25 талшықтар омыртқа жотасының екі жағында пайда болады. Симпатикалық жуйке жүйесініңтүйіндері бір-бірімен аралық талшықтар арқылы бірігіп, омыртқа жотасының екі жағында «діңгек» пайда болады. Симпатикалық діңгектің мойын, кеуде, бел және сегізкөз бөлімдері бар.
Симпатикалық діңгектің мойын бөлігі жоғарғы, ортадағы, төменгі түйіндерден тұрады. Бұл түйіндер бір-бірімен бірігіп, мойын, кеуде
Көзді қозғаушы жуйке.
Беттік жүйке.
Тіл жұтқыншақжүйкесі.
Жоғарғы мойын түйіні.
Кедеген жүйкесі.
Жұлдызша түйіні.
Баған өрімі.
Жоғарғышажырқай түйніі.
Төменгі шажырқай түйіні.
Баған асты жүйкесі.
Баған асты өрімі.
Жамбас жүйкесі.
Мойын жүйкелсрі.
Кеуде жүйкелері.
Тері бездерінің жүйкелері.
Тер бездерінің жүйкелері.
Ьұлшық ет жүйкелері.
Бел жүйкелері.
Сегізкөз жүйкелері.
(жұлдызша) түйіні пайда болады. Олардың ішіндегі ең ірісі жоғарғы мойын түйіні. Жоғарғы мойын түйіннен ішкі ұйқы жүйкесі тарайды. Ол осы аттас артерия қан тамырына бағытталып оның айналасында ұйқыторы пайда болады. Ұйқыторынан аттас артерияны, оның тармақтарын, көздің қарашығын, көз жас безін, сілекей бездерін,жұтқыншақбездерін, көмекейді, тілді жүйкелендіретін тармақтар, жоғарғы мойын түйінінен жүректің симпатикалық жүйке торының құрылысына қатынасатын тармақтар шығады.
Орталықмойын торы тұрақты емес. Одан жүректі, қалқанша, калқанша маңы безін, мойынның қан тамырларын жүйкелендіретін тармақтар шығады.
Мойын кеуде (жұлдызша) түйінен қалқанша, қалқанша маңы безін, жоғарғы және алдыңғы көкірек аралықты, бас мидың, жұлынның қан тамырларын, қабықтарын жүйкелендіретін тармақтар шығады.
Симпатикалық жүйкесінің кеуде бөлімі 10-12 жұптүйіннен тұрады. Бұл түйіндер қабырғалардың басынын алдында плевра мен ішкі кеуде шаңдырының артында жатыр.
Симпатикалық жүйкенің кеуде бөлігінен жүрек, өкпе, өңеш, қолқа торлары пайда болады. Олар аттас мүшелерді симпатикалық жүйкемен қоректендіреді. Кеуде түйінінің ең ірі жүйкелері: ішкі мүшелердің үлкен және кіші жуйкесі. Олар көк ет пен іш қуысына өтіп, баған торының (чревное сплетение) құрылысына қатынасады.
Симпатикалық жүйкенің бел бөлімі 3-5 бел түйіні түрінде бел омыртқалардың алдыңғы-бүйірдегі бетінде орналасқан. Ол баған торының (чревное сплетение) қолқа, бүйрек, бүйрек үсті торларының құрылысына қатынасып іш қуысындағы мүшелерді симпатикалық жүйкемен қамтамасыз етеді.
Симпатикалық жүйенің сегізкөз бөлімі 4 сегізкөз түйіні мен 1 құйымшақ түйінінен пайда болады. 4 сегізкөз түйіні жамбас астауының артқы бетінде, бел омыртқалардың алдында жатады.
Құйымшақ түйіні құйымшақтың алдыңғы бетінде. Симпатик жүйкенің сегізкөз бөлімінен жамбас қуысындағы мушелерді жүйкелендіретін тармақтар шығады.
Парасимпатикалық жүйке жүйесі
Орталығы парасимпатикалық ядролар. Олар үлкен ми діңгегінде және жұлынның “ат құйрығы” деп аталатын ұшында. Бас мидың
жұпжүйкесінің көзді қозғаушы (III жұп), беттік (VII), тіл- жұтқыншақ (IX), кезеген (X) жүйкелерінің құрамында болады (65-сурет).
Беттік және тіл-жұтқыншақжүйкелерінін парасимпатикалық талшықтары сілекейдің бөлінуіне, ал кезеген жүйкесінің парасимпатикалық тармақтары тыныс алуға, жүректің қызметін реттеуге қатынасады. Сонымен бірге парасимпатикалық тармақтар орталығы сопақша мида, оның қызметін реттеуге әсер етеді. Жұлынның құйымшақ сегментінде орналасқан парасимпатикалық жүйке жүйесініңядроларынан үлкен және кіші дәреттерді реттейтін тармақтар шығады.
XI. СЕЗІМ МҮШЕЛЕРІ
(Органы чувств. Organa sensuum)
Дененің барлық мүшелерінде рецепторлар (жүйке ұштары)бар. Рецепторлар ішкі, сыртқы ортаның тітіркеністерін бірден қабылдайды. Дененің кейбір мүшелеріндегі рецепторлар тітіркеністі тек сыртқы ортадан қабылдайды. Бұл рецепторлардың ерекшелігі олар нақты өзіне тән тітіркеністі ғана, мысалы, көздің рецепторлары тек жарық сәулесін, құлақтағы дыбысты қабылдайды. Сыртқы ортаның тек өзіне тән тітітркеністерін қабылдайтын мүшелер “сезім мүшелері” деп аталады. Сезім мүшелеріне көру мүшесі (көз), есіту, тепе-теңдік (құлақ), иіс (мұрын), дәм сезу (тіл), жанасуды сезу (тері) мүшелері жатады. Теріде ыстықты, суықты, ауырғанды, жанасуды сезетін жүйке ұштары бар.
Көру мүшесі (орган зрения, organum visus) көз. Көз(глаз, oculus) көз алмасынан және оны қоршаған қоршаған қосымша мүшелерден тұрады.
Қосымша мүшелерге көздің бұлшық еттері, қабақ, жас бездері кіреді. Көзді қоршаған қосымша мүшелер оны сыртқы ортаның зиянды әсерлерінен қорғайды. Қастың түктері маңдайдан аққан терден, қабақ пен кірпік шаң-тозаңнан сақтайды. Қабақ ішкі жағынан сілемейлі қабықша — конъюктивамен қапталған. Ол көз алмасына өтіп оның сыртқы бетінің бір бөлігін жауып тұрады.
Көз алмасы (глазное яблоко, bulbus oculi) шар іспетті, алдынан азғана дөцестенген. Ол үш қабықтан және ішкі ядродан тұрады. Көз алмасының кабықтары:
Сыртқы, тығыз ақ қабыкша.
Ортадағы тамырлы қабықша.
Тор қабықша
Тығыз ақ қабықша көзді механикалық, химиялық зақымданудан, бөгде бөлшектер мен микробтардан сақтайды. Тығыз ақ қабықша екі бөліктен тұрады: 1. алдыңғы дөңес мөлдір қасаң қабық; 2. артқы ақ қабық.
Көздің алдыңғы мөлдір қасаңқабығы (роговица, cornea) - әйнек сияқты жарық сәулесін еркін өткізіп тұрады. Оның негізі дәнекер ұлпа, алдында көп қабатты жазықкілегеймен, артында - эндотелиймен қапталған. Қасаң қабықта қан тамырлары болмайды, жүйке ұшына өте бай.
Мөлдір қасаң қабық көздің артқы бөлігіне өткенде ақ қасаң қабық - склераға (sclеra) айналады. Склера піскен жұмыртқаның ағына ұқсас. Ақ мөлдір қасаң қабықтың склераға өткен жері шеті (лимба) деп аталады. Ақ қасаң қабықтың шетіне жақын жерінде домалақ пішінді қуыс бар. Оны “шлем өзегі” деп атайды. Склера қан тамырлары мен жүйке ұшына өте бай.
Тамырлы қабық қан тамырына өте бай. Тамырлы қабық үш бөлімнен тұрады: 1. алдыңғы - нұрлы қабықша; 2. ортадағы - кірпікті дене; 3. артқы — меншікті тамырлы қабық.
Нұрлы қабықша (радужная оболочка, iris) ортадағы тесік - көз қарашығын қоршап тұрады. Оның түсі ашық көгілдір түстен, мөлдір қараға дейін болады. Нұрлы қабықшаның алдыңғы беті, көз қарашығына және кірпікті денеге қараған екі шеті бар. Кірпікті дененің шетіне жақын нұрлы қабықша мен ақ мөлдір қасаң қабықша аралығында үшбұрыш пайда болады. Осы жерде тарақша-байламы бар. Ол байламның ішінде нұрлы қасаң қабыққуысы бар. Нұрлы қабықтың дәнекер ұлпалы негізі алдында эндотелиймен, артында пигмент жасушаларымен қапталған. Көздің түсі осы пигмент жасушаларының мөлшеріне, орналасуына байланысты әртүрлі болады. Нұрлы қабықшадағы ет талшықтары көздің қарашығын тарылтып, кеңейтіп, көзге жарық сәулесінің түсуін реттеп тұрады.
Кірпікті дене (ресничное тело,corpus ciliare) нұрлы қабықшаның жуандаған жері. Ол қарашықтың артында, көзбұршағын қоршап тұрады. Кірпікті дененің ішкі алдыңғы бөлігінде кірпікті өсінді қатпарлар, ал ішкі артқыбөлігінде кірпікті дене меншікті тамырлы қабыққа өтеді.
Меншікті тамырлы қабық (собственная сосудистая оболочка, choroidea) көздің ортаңғы қабатының көп бөлігі осы қабықтан тұрады. Ол сыртында көздің қасаң қабағына, ішкі бетінде тор қабыққа қараған. Бұл қабықартерия, вена тамырларына бай.
Тор қабықша (сетчатка, retina)құрылысы өте күрделі. Бұл қабықшада жарық сәулесінің тітіркендіруі әсерінен қозу толқыны пайда болатын жүйке жасушалары бар. Олар көру рецепторлары. Күндізгі жарықты қабылдайтын колбашалар мен ымырттағы жарықты қабылдайтын таяқша жүйке жасушалары. Көру жүйкесі көз алмасыныңбарлыққабықтарынан өтіп тор қабықшадан шығып миға барады.
Торқабықшадан көру жүйкесінің шығатын жерінде сопақша дөңес бар.Бұл дөңес "көру жүйкесінің” дискісі деп аталады.Бұл жерде жарықжасушалары болмайды, сондықтан ол жерді "соқыр нүкте” деп атайды. Тор қабықшаның ортасында, қарашықтың тура қарсысында “сары нүкте” бар.
Торқабықша 10 қабаттан тұрады. Олардың еңмаңыздысы жүйке жасушаларынан тұратын үшінші қабат. Жасушалар пішіні таяқша және қолбашаланып бөлінеді. Бұл жасушалардың аксондарынан көру жүйкесінің талшығы пайда болады.
Көз алмасының ішкі ядросына көзбұршағы, шыны сияқтыдене, жәнекөз сұйықтығы жатады.
Көз бұршағы (хрусталик, lens) тікелей қарашықтың артында орналасқан. Оның пішіні дөңес линзаға ұқсайды. Хрусталиктің ортасы қатты, шеті бостау болады.
Шыны тәріздес дене (стекловидное тело, corpus vitreum) мөлдір, таза хрустальдей, көздің ішкі бөлігін толық толтырып тұрады. Көз бұршағы мен шыны тәріздес денеде жүйке талшықтары, қан тамырлары болмайды.
Көз алмасының сұйықтығы (водянистая влага, humor aguosus) көздіңалдыңғыжәне артқы қуысын толтырады.
Көзбұршағынан, шыны тәріздес денеден, көзсұйықтығынан көздің оптика жүйесі пайда болады. Көзге түскен сәулені олар сындырып торқабыққа түсіреді.
Көздің алдыңғықуысьі алдында қасаңқабықпен, артында нұрлы қабықша және бұршақты денемен шектескен. Көздің артқы қуысының алдында нұрлы қабықша мен көзбұршағы, артында кірпікті дене бар. Көздіңалдыңғыжәне артқы қуысының арасын нұрлы қабықша мен бұршақты дененің аралығындағы қуысқосып тұрады. Көзалмасының сұйыктығы кірпікті дене мен нұрлы қабықшадағы қан тамырлары айналымынан пайда болады. Ол мөлдір қасаң қабықты қоректендіріп көздің ішкі қысымынын тұрақтылығын сақтап тұрады. Көзалмасының сұйыктығы аққасаң қабықтағы венаға одан көздің вена тамырларына қосылады.
Көз өте күрделі оптикалық жүйе. Сәуле көзге түскеннен кейін көзбұршағында, шыны тәріздес денеде сынып, тор қабықта кескін пайда болады.
Көздің қарашығы көзге түскен сәуленің күшіне байланысты кеңейіп, тарылады. Көзге жарқыраган сәуле түскенде қарашық тарылады. Қараңғыда қарашық кеңейеді. Қарашықтың тарылып, кеңейуі оның айналасындағы біріңғайсалалы бұлшық еттің қызметіне байланысты. Қарашықтың жарық сәуледен тарылуы, қараңғыда кеңейуі “қарашық рефлексі” деп аталады.
Көзбұршағы қарашықтан еткен сәулені сындырып, шыны тәріздес дене аркылы торқабыққа жеткізеді. Көз бұршағы алыстағы және жақындағы нәрселерді көру ушін деңестеніп, жазықтанып пішінін өзгертіп тұрады. Көзге түскен сәуленің әсерінен торқабықтағы колбашалар мен таяқша рецепторларында қозу пайда болады. Торқабықтағы қолбашалардың саны 7 млн., таяқшалар шамамен 130 млн.
Көру жүйкесі көзалмасынан шығар жерінде екіге белінеді. Екі көздің жүйкелерінің ішкі жартылары айқасып, қарсыдағы көздің көру жүйкесінің сыртқы жартысымен қосылып бір көру жүйесі пайда болады. Көзге түскен сәуле көру жүйесі арқылы көрудіңқыртыс асты орталығы жоғарғыкөру төмпешіктеріне, одан бас мидың шүйде бөлігіндегі көрудің қыртыс орталығына барады.
Көрудің бұзылуыәртүрліболуы мүмкін. Көздің аса жиі кездесетін кемшілігі алыстан және жақыннан көре алмау болып табылады. Алыстан немесе жақыннан көре алмаушылық тума болуы мүмкін. Жақыннан көретін адамныңкөз алмасы сопақболып келеді, сондықтан заттың бейнесі тор қабықшада емес оның алдында пайда болады. Алыстағы нәрсебұлдырап көрінеді. Жақыннан көргіштік (близорукость) мектеп жасындағы балаларда көпкездеседі. Бұған класқа жарықтың дұрыс түспеуі, оку мен жазу кезінде окушының партада отыруының дұрыс отырмауы себеп болады.
Алыстан көргіштікте (дальнозоркость) көзбұршағы жазықтанады, нәрсенің бейнесі көздің торлы қабығының артында түйіседі. Бейне көмескіленіп көрінеді. Бейнені айқын көру үшін, дөңес шыны көзілдірік кию қажет.
Көрудің бұзылуының ерекше түрі дальтонизм. Дальтонизммен ауырған адам бейненің түсін ажырата алмайды. Дальтонизмде көбіне адам жасыл мен кызыл тусті ажырата алмайды.
Көздіңқосалқы мүшелеріне көз алмасыныңбұлшық еттері, қабақ, кас, қөз жас безі жатады.Көзалмасының бұлшық еттері: жоғарғы, төменгі, ішкергі, шеткі тік бұлшық еттер. Бұлшық еттер жиырылғанда көзалмасын, көздің қарашығын өзіне тартады. Көздің жоғарғыкиғаш еті жиырылғанда көз алмасы төменге және шетке қарт бұрылады. Төменгі қиғаш еттің жиырылуынанкөзалмасы мен қарашық жоғарыға және шетке қозғалады.
Көзалмасын сыртынан қабық жауып тұрады. Қабық пен көздің склерасының аралығында эписклерақуысыболады. Ол көздің еркін қимылдауына мүмкіндік жасайды. Көз шарасы мен көзалмасының аралығында майұлпасыбар. Ол көзалмасының амортизаторықызметін атқарады. Майдың арасынан жүйке, қан тамырлар, бұлшық еттер өтеді.
Қабақ (веки, раlpebrae) төменгі және жоғарғыболып екіге бөлінеді. Олар көз алмасының алдыңғыжағын ашып-жабады. Екі қабақтың біріккен жерінде көз бұрышы пайда болады. Көз алмасының бір- біріне қараған көз бұрышында қызғылтанып көз еті шығып тұрады. Оның төменінде “көзжасының көлі” деп аталатын ойықболады.Бұл жергекөзжасы жиналады.
Қабақтардың еркін ұштарына кірпіктер бекіген. Жоғарғықабақтың үстінде қас орналасқан. Қас көзді маңдайдан аққан терден, кірпіктір шаң-тозаңнан қорғайды.
Көзжас безі(слезная железа, glandula lacrimalis) көз шарасының осы аттас шұңқырында. Көздің жасын осы без шығарады. Көзжасыкөзалмасының алдыңғыбөлігін жуып, көз жасының көліне жинатады.Көз жасы мұрын-коз жасы өзегі арқылы мұрын қуысына шығады. Көзжасы көзді жуып, оны құрғап кетуден сақтайды. Көз жасының бактериоцидтік қасиеті көзді турлі аурулардан сақтайды.
Есіту жәнеитепе-теңдік мүшелері (преддверпо-улитковый әрган, organum vestibulo-cochlearis)
Орналасуына, атқаратын қызметіне байланысты есіту тепе-теңдік мүшесі үш бөлімнен тұрады: сыртқы, ортадағы және ішкі құлақ. Сыртқы, ортадағы және ішкі құлақтың ұлу бөлімі есіту мүшесі, ал ішкі құлақтың кіреберісі мен жартылай иірімді тутікшелері тепе-теңдік мүшесі болып саналады. Ішкі құлақ бас мимен есіту, тепе-теңдік жүйкесі арқылы тікелей байланысады.
Сыртқықұлақ(наружное ухо, auris extеrna) құлаққалқанынан жәнесыртқыдыбыс тесігінен тұрады. Құлаққалқаны - шеміршектен, ол дыбыс тербелісін жинақтап қабылдайды. Сыртқыдыбыс тесігі самайсүйегініңішіне қарай созылған, ұзындығы 3,5 см түтік. Ол дабыл жарғағына барып тіреледі, екі бөліктен тұрады: шеміршекті және сүйек бөлігі. Шеміршекті бөлігінде тері астында май, құлық бездері, кірпікшелер бар.
Дабыл жарғағы(барабанная перепонка, membrana tympani) сыртқы дыбыс тесігін ортаңғы құлақтан бөліп тұрады. Ішкі беті шырышты қабатпен қапталған. Дабыл жарғағы екі бөліктен тұрады. Үлкен бөлігі қатты көрілген, кіші бөлігі босаңдау, орталығында шұңқырша бар. Ол “дыбыс кіндігі” деп аталады. Дабыл жарғағы қисық, көлбей орналасқан, ішкі бетіне ортаңғы құлақтың баслғашасының сабы біріккен.
Ортаңғы құлақ(среднее ухо, auris media) - дыбыс қуысы, үш есітл' сүйекшелері және есіту түтігінен тұрады.
Дабыл қуысы (барабанная полость) самай сүйегінің, тасты бөлігінде, сыртқы құлақ түтігімен ішкі құлақтыңортасында. Оның көлемі 1 см-дей, іші ауаға толы. Оған есіту тесігінің жіңішке саңлауы арқылы ауа кіреді.
Дабыл қуысының6қабырғасы бар. Сыртқы қабырғасы дабыл жарғағы, ішкі қабырғасыішкі құлақпен шектеседі.Бұл қабырғасында екі тесік бар. Олар: 1. сопақша тесік, үзеңгішемен жабылып тұрады; 2. дөңгелек, ол ұлу терезесі. Артқы қабырғасысамайсүйегінің емізікше өсіндісіне қараған,оныңқуысымен жалғасады. Алдыңғы қабырғасы – ұйқықабырғасы, онда евстахий түтігі бар. Евстахий түтігі ортақұлақты жұтқыншақпен жалғастырады. Жоғарғы қабырғасы— қақпағы, ол ми сауытының ортадағы шұңқырымен, ал төменгі қабырғасы- самайсүйегініңмойынтұрық шұңқырымен шектескен.
Есіту түтігі(слуховая труба, tuba auditiva) немесе Евстахий түтігі орта құлақтың дабыл қуысын жұтқыншақпен жалғастырады. Түтіктің сүйекті және шеміршекті бөлігі бар. Адам жұтынған кезде осы түтік арқылы ауа орта құлақтың дабыл қуысына кіріп,оныңішіндегі ауа қысымын теңестіріп тұрады.Бұл жағдай дабыл жарғағын ауа қысымынан жарылып кетуден сақтайды.
Есіту сүйекшелері (слуховые косточки) төсше, үзеңгіше, балғаша дабыл қуысының сыртқы қабырғасынан ішкі қабырғасына дейін созылады. Балғашасүйегініңбасы, мойны, сабы болады. Сабы дабыл жарғағының ортасына бекіген, басы төсшесүйегінің денесімен жалғасады. Төсшс сүйегібалғашаның басы мен үзеңгішеніңортасында. Үзеңгі сүйегінің, негізі ішкі құлақтын сопақша тесігін жауып тұрады.
Ішкі құлақ (внутреннее ухо, auris intеrna) самайсүйегініңтасты бөлігінде орналасқан. Құрылысы өте күрделі. Ішкі құлақ үш бөліктен тұрады: кіреберіс, жартылай иірімді түтікшелер, ұлу.
Кіреберіс (преддверие, vestibulum үш жартылай иірімді түтіктер мен ұлудың аралығында. Пішіні сопақша, алдында ұлу, артында жартылай иірімді түтікшелер бар. Кіреберістің сыртқы қабырғасы ортақұлаққа қараған. Ондағы сопақша тесікті үзеңгі сүйегіжауып тұрады. Кіреберіс дөңгелек тесікарқылыұлуменжалғасады.
Ұлу (улитка, cochlea) екі жарым рет оралған. Ұлудың бірінші орамы - негізі. екіншісі - ортаңғы бөлігі, үшінші орам –ұлудың ұшыдеп аталады. Ұлудынұшыдабыл қуысына қараған. Ұлудың ішіндегі шиыршық (спираль) оны екі жолға бөлгенде, ұлуқуысыекі сатыға бөлінеді. Жоғарыда “кіреберіс сатысы" (лестница преддверия, scala vеstibuli). ал төменгісі “дабыл сатысы' (барабанная лестница, scala thympani).Екі саты ұлудың ұшындағы кішкене тесік арқылы қосылады.
Жартылай иірімді түтікшелер (костные полукружные каналы, canalis semicirculares оssеі) ішкі құлақтың сүйекті шытырманының артқыбөлігі.Түтікшелер бір-біріне перпендикуляр, алдынан артқа көлденең жәнетік маңдай алдына қараған жазыктыкта. Олардың әрқайсысы жартылай шеңберге ұқсайды, кос аяғымен кіреберіс
бөлігіне ашылады. Жартылай иірімді түтікшелердің аяқшаларыныңбір ұшы кеңейген, ал екінші аяқтары өз қалпын сақтайды. Алдыңғы және артқы иірімдерінің кеңейген аяқшалары бірігіп жалпы аяқша пайда болады.
Ішкі құлақтың сүйек бөлігінің пішінін ішінен жарғақты бөлігі қайталайды.Сүйекті және жарғақты бөлігінің аралығында перилимфа, алжарғақтыбөліктің ішінде эндолимфа сұйықтығы болады.
Ұлудың сүйектабақшасының бұрышынан кіреберіс жарғағышығады. Жарғақтыңқұрылысы өте күрделі, онда дыбысты қабылдайтын жүйкеұшы“кортиев мүше” (organum spirale) деп аталады.Спираль мүше, тіреуіш және кілегейлі жасушадан тұрады. Олардың үстiн жапқыш жарғағы жауып тұрады.
Спираль мүше дыбыс тербелістерін қабылдайды, ал кіреберіс пен жартылай иірімді түтікшелер тепе-теңдікті сақтайды.
Есітудің сенсорлық жүйесі. Ұлудағы “спираль мүшенің” ұшында 60-70 рецепторлар 5 қатар жасушалардан тұрады. Оның құрамында 24000 жүйке жасушалары бар. Олар ұлудың жарғақты бөлігіне ұзынынан тартылған. Ұлуды бөліп тұратын негізгі пластинка арфаның шетіне ұқсайды. Олардың қысқалары ұлудың негізінде, ал ең ұзындары оның ұшында болады.
Дыбысты қабылдау: құлаққалқаны дыбысты жинап құлақтың сыртқы есіту тесігіне бағыттайды. Дабыл жарғағының керілген бөлігінде дыбыстың толқуынан тербеліс пайда болады. Дыбыс тербелісі дабыл жарғағынан дыбыс сүйекшелеріне өтеді. Орта құлақтың сүйекшелері тербелісті кіреберіс тесігі арқылы кіреберіс бас балтағына; ұлудың ұшы, арқылы дабыл басбалтағына, одан перилимфаға берілді. Перилимфа сұйықтығы ұлу қабырғасындағы жүйке ұштарын тітіркендіреді. Есіту анализаторларының өткізгіш бөлігінен басталатын сезімтал нейрондар, ұлудың сүйек кіндігіненбасталады. Олардың дендриттері дыбыс толқынын қабылдайды, аксондары кіреберіс жүйкесімен бірігіп кіреберіс-ұлу жүйкесі пайда болады. Есіту жүйкесінің орталығы бас ми сыңарларының самай бөлігінде жатыр.
Ішкі құлақтың кіреберіс және жартылай иірімді түтіктері адамның тепе-теңдік мүшесі болып саналады. Тепе-теңдік сезімтал нейрондары кіреберіс түйінінде орналасқан, оның аксондарынан кіреберіс жүйкесі пайда болады. Ол ұлу жүйкесімен қосылып самай сүйегіпирамидасының тесігінен өтіп, бір бөлігі мишықтың “құрт” деп аталатын бөлігіне, ал көп бөлігі мидың ромбы тәріздсс шұңқырындағы кіребсріс ядросына барады. Есіту және тепе-теңдік анализаторларынын арқасында адам сыртқы ортаның дыбыстарын қабылдап, қимылды дәлдейді.
ТЕРІ (кожа, cutis) адам денесінің жапқышы.Оныңересек адамдағы көлемі 1,5-2,0 м2. Теріде көптеген рецепторлар бар. Олар: ыстықты, суықты, сипауды, ауруды сезетін жүйке талшықтарыныңұшы. Терінің әрбір 1 см2-інде 300 жақын жүйке ұштары орналасқан.
Терінің қызметі:
тері денені микробтардан, жарақаттанудан, әр түрлізиянды әсерлерден сақтайды;
су және жылу алмасуына қатынасады.
Қан айналымына қатынасады, қан “депосы".
Витаминдер алмасуында маңызы зор, ультрасәулелердіңәсерінен “Д” витамині теріде пайда болады.
Тері 3 қабаттан тұрады.
Эпидермис (epidеrmis). 2. Дерма (dеrma). 3. Май қабаты.
Эпидермис көп қабатты түлейтін кілегей. Оның бес қабаты бар: I. базалды; 2. тікенек; 3. денешелі; 4. жылтыр, 5. мүйізді.
Базал қабаты дермадан бөліп тұратын базал немесе негізгіқабыршақтың үстінде.Бұл қабатта базал немесе негізгіөсу жасушалары бар. Адамның ұзақ өмірінде тері осы қабаттағы жасушалардың өсуінен түлеп жаңарады, сонымен қатар онда теріге түс беретін бояушы заттар, пигменттер бар.
Мүйізді қабаты әр 3-7 күнде түлеп тұрады. Тек көздің қасаң қабығы, ауыздың шырышты қабаты түлемейтін кілегеймен қапталған.
Дерма екіқабаттантұрады:
емізікті;
торлы қабат.
Емізікті қабатэпидермистің базал қабатымен шектескен. Онда көптеген қан капиллярлары, жүйке ұштары бар. Осы жүйке ұштары арқылы адам сыртқы ортаның өзгерістерін сезеді.
Дерма қабатында тер және май бездері, шаштың түбірі және тырнақбар.
Терінің сенсорлық жүйесі дененің барлық терісінде бір қалыпты емес. Олар төрттүрлі I) тигенді (тактилді), қысымды; 2) суықты; 3) жылыны (ыстықты); 4) ауырғанды сезу рецепторлары. Теріде 500.000 жақын тигенді сезу рецепторлары, 250.000 суықты қабылдайтын рецепторлар, 30.000 жылу рецепторлары болады. Жасушамен ұлпазақымданғанда сезім жүйке ұштары тітіркенеді. Терініц сезіну сенсорлық жүйесініңорталығы үлкен ми сыңарларыңдағы артқы орталық үлкен қатпарларда орналасқан.
Тері безі (потовые железы,glandulae sudorifеrae)құрылысы тутікше. Олардың ұшыдерма қабатында. Алолардыңөзегі терінің барлық қабатынан өтіп, бетке шығады.
Түтіктер (волосы, pili)қызыл ерін,алақанмен табаннан, саусақтың бүйір қабырғасының, терісінен,клотормен ерлердің жыныс мүшесінің басынан басқа, бүкіл денедетүкболады. Түктер немесе шаштар жаңа туылған нәрестеде,өте жіңішке, нәзік болады. Есейе келе шаш қалыңдайды, жуаңдай бастайды.14-15 жастан кейін жыныс мүшелерінде қылшықты түктер,шаштар пайда болады.Оларға сақал-мұрт, қолтықасты,мұрын,құлақ, жыныс мүшесінің айналасындағы шаштаржатады. Денісау адамныншашы 2-3 жылда өзгереді, ал кірпіктер әр4-5 айда, ал шаш талшығы айына 1 см өседі.
Шаш екі бөліктен тұрады. 1. Шаш талшығы. 2. Шаштүбірі. IIІаш талшығы.Оның сыртқы заты қатты-кутикула, ортадағы заты- жұмсақ, өзегі болады. Кутикула да пигмент жасушалары кездеседі. Шаштың түбірі кеңейген, түк осы кеңейген жерінен өседі. Кеңейген түбірінде емізікше бар, онда қан тамырлары мен жүйкеұшыбар. Түктің түбі түк қабымен қапталған. Эпидермистің дөңес жеріне түкті көтеруші бұлшық еттер, май бездері, жанасады. Май бездерінің өзегі осы түктің қабына ашылады.
Шаштың түсі пигменттерге байланысты, ақшыл сарыдан қараға дейін болады. Шаш талшықтарынын сапасы нәсілге, сыртқы ортаға, денсаулыққа, ішкен тағамға байланысты болады.
Тырнақ (ногти, unguis) терінің эпидермис қабатының өсіндісі.ОныңсыртҚы мүйізді қабатында Қан тамырлары мен жүйке талшықтары болмайды. Тырнақтың түбіндегі ақшыл түсті бөлегі “тырнақ көбесі” деп аталады. Тырнақ осы жерден өседі,оныңденесі, торлы жиегі болады. Тырнақтың денесі саусақтың басында тырнақ ойындысында орналасқан. Саусақтың сүйекшелеріне тырнақ дәнекер ұлпамен ілінген.
