Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Последний вариант Книги Анатомия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.18 Mб
Скачать

2.Ми діңгегі; 3. Мишықтан тұрады:

Ұрықта улкен ми жүйке түтігінің алдыңғы кеңейген бөлігінен дамиды. Жүйке тутігінің артқы бөлігінен жұлын пайда болады. Ұрықтың өсу процесінде жүйке түтігінің алдыңғы кеңейген бөлігінен үш ми көпіршігі пайда болады. Олар алдыңғы, ортаңғы және жұлынға жақын орналасқан ромбы тәріздес көпіршіктер, алдыңғыми көпіршігінен алдыңғы ми, ортадағысынан орталықми, артқы ромбы тәріздес шұңқырдан ромбы тәріздес ми пайда болады. Кейін алдыңғы мидан екі көпіршік пайда болып, олар “аралық” және “соңғы ми" болып аталады. Орталықми өзінің ағын сақтайды, ал ромбы тәріздес мидан сопақша ми мен артқы ми (мишық, көпір) дамиды. Соның нәтижесіндежүйке түтігінің алдыңғы бөлігінен бес ми көпіршігі пайда болып, кейін одан бас мидың бес бөлігі дамиды. Мидын, алдыңғы түтігінің өзегі даму нәтижесіндепішінін, көлемін өзгертеді. Одан “ми қарыншалары” деп аталатын ми куыетары пайда болады. “Ми қарыншаларына" ми сыңарларының екібүйірдегіқарыншалары, III және IV қарынщалар, олардың арасындағы “сильвиев құбыры” деп аталатын түтік кіреді. Ми қарыншаларында бас ми-жұлын сұйықтығы болады. Үлкен ми сыңарлары даму жағынан мидың ең жас тұзілісі болып саналады. Оның алғашында маңдай, одан соң төбе және шүйде, соңында самай бөлігі үлкейе бастайды. Ұрыктың бес айлық мерзімінде ми сыңарларынын, беттерінде сайлар пайда болады. Оларға орталык (роланд),бүйірдегі(сильвиев) және төбе-шүйде сайлары жатады. Бала өмірінің алғашқы бес жылында ұсақжәне өте ұсак сайлар өсіп жетіледі. Ал баланыңбес жасынан кейін оның миының дамуы баяулай бастайды. Бес жастағы баланың ми қыртысы ересек адамның ми қыртысындай болады, нейрондардың саны өзгермейді. Бірақ нейрондар жалпы дамиды, өсінділері күрделінеді.

Үлкен ми қатпарларының арасындағы ойыстарды сайлар, ал көтеріңкі, дөңес бөліктерін иірімдер деп атайды. Сайлар мен иірімдер ми қыртысы бетінің көлемін арттырады.

Үлкен ми екі сыңарлардан тұрады. Ми сыңарлары бір-бірінен аралық сай арқылы бөлінген. Олардың ортасын сүйелді дене (мозолистое тело, corpus collosum) қосып тұрады. Сүйелді дененің астында оның күмбезі (свод, fornix) орналасқан. Ми сыңарлары көлденең сала арқылы мишықтан бөлініптұрады, ол мидың басқа бөліктерін жабады. Әрбір ми сыңарлары ақ және сұр зат. Сұр заттар қыртыстанып ақзаттың үстін жауып тұрады.Бұл ми қыртысы (кора головного мозга,cortex cетebri). Сүр зат қыртыстары сайлар мен иірімдерден тұрады. Мидың ақ затынан қыртыс асты (подкорка) пайда болады. Қыртыс асты ақзатының ішінде тереңдеп кірген сұр заттар көрінеді. Олар негізгі (базаль) ядролар.Негізгі ядроларға жолақ дене, бұршақжәне құйрықша ядролар, ішкі, сыртқы солғын ядролар кіреді. Ми сыңарларының бостығы күрделі пішіндегібүйірдегіқарыншалар.

Ми діңгегі (мозговой ствол, truncas encephalicus). Ми діңгегінің құрамына сопақша, аралық,орталық, артқы ми, тор іспеттідене, III-IV ми қарыншалары, Сильвий су құбырыкіреді.

Сопақша ми (продолговатый мозг, medulla__oblongata) жұлынныңтікелей жалғасы (53-сурет).Ми саүытының ішінде, шүйдесүйегініңылдиыныңүстінде. Алдыңғы беті ылдиға, артқы беті мишыққақараған.Сопақша мидың алдыңғы бетінде алдыңғы орталықсала бар. Ол жұлынның алдыңғы орталық саласының жалғасы. Алдыңғыорталық саланың екі бүйірінде пирамида (pyramida) мен олива (oliva) opналасқан. Пирамидадантөменге бағытталған қимылдық жүйке талшықтары өтеді.

Пирамидаданөткен оң және сол жақтағы жүйке талшықтары сопақша ми меііжұлынның аралығында бір-бірімен айқасып, пирамида жолының айқасы пайда болады. Әрбір пирамиданың

  1. сурет. Үлкен ми (Сагиттал кесінді).

  1. Сүйелді дене.

  2. Күмбеу.

  3. Таламус.

  4. Орталық ми қақпағы.

  5. Сильвив су құбыры.

  6. Ми аяқтары

  7. IV-қарынша.

  8. Контр.

  9. Мишық

  10. Сопақша ми.

  11. Емізік тәрізді дене.

  12. Гипофиз

  13. Көру айқасы. а) Төбебөлігі; б) Шүйде бөлігі;

в) Самай бөлігі; г) Маңдайбөлігі.

артында сопақша пішіндегі дөңес оливалар бар. Оливада сұр заттың жиынтығы - олива ядросы немесе вестибуляр ядро. Пирамида мен оливаның аралығындағы алдыңғыбүйірдегісайдан бас ми жүйкелерінің XII жұбы, ал оливаның артындағы артқы орталық сайдан IX, X, XI жұпбас ми жүйкелері шығады. Артқы орталық сайдың екі бүйірінен жіңішке және сынадай сезгіш жүйке талшықтары өтеді. Олар жіңішке және сынадай ядроларда аяқталады. Бұл ядроларда температура мен ықтияр орталығы орналасқан.

Сопақша мидыңартқыбетінің жоғарғы бөлігінің пішіні үшбүрыш.Бұл ромбы тәріздес шұңкырдың төменгі жартысы немесе төртінші қарыншаның түбі болып саналады. Сопақша мидан мишыққа екі төменгі мишық аяқтары тартылған. Олардың пішіні білікше, ромба тәріздес шұңқырдың төмемгі бөлігібүйірінің шекарасында тұрады. Төменгі мишық аяқтарынан артқы жұлын- мишық жүйке жоддары өтеді.

Сопақша мидың сұр заты ішінде, ақ заты сыртында орналасқан. Сұр зат сопақша мидың ядроларының жиынтығы. Онда тіл- жұтқыншақ(IX жұп), кезеген (X), қосымша (XI), тіл асты (XII) ми жүйкелерінін және жіңішке, сынадай, олива ядролары орналасқан. Сопақша мидің ақ заты қысқа және ұзын жүйке талшықтарының шумағынан тұрады. Қысқа жүйке талшықтары сопақша мидың ядроларынъің және олармен ми көпірі ядросының арасын қосады. Сопақша мидың ұзын жүйке талшықтары жоғары және төмен бағытталған бас ми мен жұлынның өткізгіш жолдары.

Сопақпа ми көлемі жағынан өте кішкене болса да (ұзындьіғы 3 см), онда адам өмірі үшін өте маңызы орталықтар орналасқан: 1. тыныс алу орталығы; 2. жүрек, қан тамырлар орталығы; 3. тағам рефлекстері (ему, сору, жұтыну); 4. вестибуляр, тепе-теңдік; 5. қорғаныс рефлекстері (жөтелу, түшкіру, көз жасы) орталықтары. Сопақша ми зақымданса адамның өмір сүруі мүмкін емес.

Артқы ми (задний мозг, metencephalon) екі бөліктен: көпір мен мишықтан тұрады. Көпір (pons) немесе вароли көпірі көлденең орналасқан білікке ұқсайды (53-сурет). Көпірдің алдыңғы беті ми сауытының ылдиына, артқы беті мишыққа қараган. Көпірдің алдыңғы бетінің ортасынан ұзынша сай өтеді, онда мидың негізгі артерия қантамыры орналасқан. Көпірдің артқы беті ромбы тәріздес шұңқырдың құрылысына қатынасады. Көпір екі бүйірінде жіңішкеріп, мишықтың ортадағы аяқтары түрінде мишықпен бірігеді. Көпірдің сұр заты ішінде, ақзаты сыртында. Кепірдің алдыңғы бөлігі негізінен ақзаттан тұрады. Ондағы сұр заттар көпірдің меншікті ядролары.Бұл ядроларға ми қыртысынан жүйке талшықтары келеді, ал одан жүйке талшықтары мишыққа барады. Көпірдің артқы бөлігі көптеген ядролардың жиынтығынан тұрады. Олар бас ми жүйкелерінің V-VIII-жұптарыныңядролары.Vжұп(үштік жүйке) көпірдіңортадағы мишық аяқшасына өтетін жерінен, VI жұп(әкеткіш) жүйке көпір мен сопақша мидың пирамидасының арасындағы сайдан шығады. Бас ми жүйкелерінің VII-VIII жұптары көпірдің артында, көпір мишық, сопақша ми аралығындағы бұрыштан шығады. Көпірдің ақ затынан мидың басқа бөліктерінін өткізгіш жүйке талшықтары өтеді.

Көпірдіңнегізгі атқаратын қызметі: 1. өткізгіштік; 2. Рефлекторлық.

Мишық (мозжечок, cеrebellum) салмағы 120-150 г. Ол ми сауытының артқы шұңқырыңда, үлкен ми сыңарларының шүйде бөлігінің астында, сопақша ми мен көпірдің артында орналасқан (53-сурет). Мишықтың оңжәне сол жарты шарлары,олардыңортасында мишық “құрты” бар. Мишық бөліктерге бөлінген. Мишықтың беті көлденең сайлармен қатпарларға, бөліктерге бөлінгеи. Мишықтың жарты шарларының іші ақ заттан тұрады. Сырты сұр затпен қапталған. Мишық қыртысы деп аталатын заттың қалындығы 1-2,5 мм. Қыртыстың астындағы ақзаттың ішінде сұр заттың жиынтығы — мишық ядролары бар. Олардың ішіндегі ең негізгілері тісті, тығынша, домалақжелкен ядролар. Желкен ядроларында тепе-теңдік, тығынша ядроларда бұлшық еттердің қимылын реттейтін орталықтар бар. Мишықтьі сагиталдық бағытпен кескенде оның ақ затының ішіндегі сұр заттардың тармақталуын көруге болады. Сұр заттардың ерекше орналасуына қарай оларды “өмір талы” деп атайды.

Мишықтың үш жұпаяғы бар. Жоғарғы аяғы орталық мидан, ортадағысы ми көпірінен, төмендегісі сопақша мидан келеді.Бұл аяқтардың құрамында мишықтың өткізгіш жүйке талшықтары бар. Бұл тармақтар мишықты ми сыңарларымен және жұлынмен жалғайды. Мишықтың қызметі:тепе-теңдікті сақтайды, қимылды реттейді (координация), оны дәлдейді, әсемдейді, бұлшық еттердіңтонусын реттейді, вететативтік жүйке жүйесініңқызметін реттейді.

Мишық зақымданғанда астазия, атония, астения, атаксия пайда болады. Астазияда, мысалы, мишығы алып тасталынған ит тұрып жүре алмай, төрт аяғын созып жатып, тоқтаусыз тербеліп қимылдайды. Атонияда бұлшық еттердіңбүгілу мел жазылу қызметінің сайкестігі бұзылады. Атаксияда қимыл ретсізденеді, оны бақылау бұзылады, мысалы, ит итаяқтағы тамаққа аузын алып бара алмай, азаптанады. Қимыл ретсіздігі өте тез шаршатады. Ит аяғын бір-екі басып шаршап, дем алады.

Мидің IV қарыншасы (четвертый желудочек, ventriculus guarfus) сопақша ми мен артқы мидың қуысы(53-сурет). IV қарынша төменінде жұлынның орталықтесігіменжалғасады. Жоғарысында сильвиі су құбырына, ал төбесінде үш тесікарқылы бас мидың субарохнаидаль қуысыменжалғасады. IV қарыншаныңтүбі ромбы тәріздес шұңқыр. Ромбы тәрізді шұңқырдыңтөменгі бөлігі сопақша мидан, жоғарғы бөлігі көпір мен оның мойлынан пайда болған. IV қарыншаның артқы немесе дорсалъ қабырғасы, оныц төбесі. Ол жоғарғы және төменгі ми шатырларынан пайда болған, мишыққа жанасып тұрады. Артындағы бөлігіне мидың жұмсақ қабаты келіп қосылады. Осы тұста қан тамырлардыңторы бар.

Ромбы теріздес шұңқыр (ромбовидная ямка, fossa rhomboidеa) (53-cypет). Мишықты алып тастап ромбы тәріздес шұңқырды көруге болады. Ол жоғарысында мишыктың жоғарғы аяқтарымен, төменінде — мишықтың төменгі аяқтарымен шектескен. Бүйіріндегі және төменгі ұшында ромбы тәріздес шұңқыр торлы қабық асты қуысымен, жоғарғы бұрышында “сильвий құбырымен”жалғасады.

Ромбы тәріздес шұңқырдың ортасыыа жақын бас мидың V жұпжүйкесінің ядросы, ал оныңшетінде VI жұп, одан тереңіректе VII жұпбас ми жүйкесінің орталықтары орналасқан. Ромбы тәріздес шұнқырдыңбүйірдегібұрышында VIII жұп, оның қасында ІХ-Х-шы жұпбас ми жүйкелерінің орталықтары орналасқан.

Қорыта айтқанда ромбы тәріздес шұңқырдың тіршілік үшін маңызы өте зор, себебі онда V-XII жұпбас ми жүйкелерінің ядролары орналасқан.

Орталық ми (средний мозг, mesencephalon). Орталықмиға ми аяғы мен 4 төмпешік кіреді. Оның қуысы — сильвий түтігі. Төмпешіктерде сұр заттың ядролары бар. Жоғарғы екі төмпешікте көрудіңқыртыс асты орталығы бар. Ол негізінен жарықты қабылдайды. Ал төменгі екі төмпешікте естудің қыртыс асты орталығы жатыр. Ол дыбысты қабылдайды. Орталық мм көлденең кесілгенде үш бөліктен тұратынын көруге болады:

1.төбесі (крыша), 2. қақпақ (покрышка); 3. ми аяқтарының негізі. Қакпақ пен ми аяғының аралығында қара заттар (ядролар) бар, ал төбеде қызыл заттар және тор іспетті зат (ретикулярная формация) орналасқан.

Сильвий түтігі орталық мидың сұр затымен қоршалған. Ол жерде III және IV жұпбас ми және парасимпатикалық жүйкелердің ядролары орналасқан. Ми аяқтарының негізі пирамидалық өткізгіш жолдардан тұрады. Олар ми жарты шарларын көпір мен мишық ядроларымен біріктіреді. Қара субстанция және қызыл ядролар экстрапирамидалық өткізгіш жолдардың қыртыс асты орталығы. Олар адам қимылының автоматизмін қамтамасыз етеді.

Қақпақтан жоғары көтерілуші немесе ішкерідегі (медиаль) өткізгіш жолдар өтеді. Олар сопақша мидан басталып таламус ядроларына дейін барады.

Шеткерідегі (латераль) немесе есіту өткізгіш жолдары көпірден төрт төмпешіктің төменгі төмпешіктеріне және аралықмидың ішкерідегі (медиаль) тізесіне барады.

Орталықмидың атқаратын қызметі:

  1. Бұлшық еттің тонусын реттейді.

  2. Жүру, тік жүру, рефлекстерініңорталығы.

  3. Жоғарғы төмпешіктер көрудің қыртыс асты орталығы. Олар импульсті көздің тор қабатынан алып, жарықты қабылдауы нәтижесіндекөздің шыны сияқты денесі мен қарашықтың пішіні өзгереді, зат анық көрінеді.

  4. Төменгі төмпешіктер дыбыстың қыртыс асты орталығы.

Аралық ми (промежуточный мозг, diencephalon) мидың мүйіздіденесі мен күмбез астында жарты шарлары мен бірігіп орналасқан. Аралықмиға таламус (көру төмпешіктері), эпиталамус, метаталамус, гипоталамус кіреді. Аралық мидың қуысы П1қарынша.

Таламус немесе көру томпағы (thalamus) — сұр заттардың жұмыртқа тәрізді бірігуінен пайда болған. Ол ақ затпен жабылған. Оныңалдыңғыбөлігі қарынша аралықтесікке, ал артқы бөлігі төрт төмпешікке жанасады. Оның сыртқы беті ми жарты шарларымен біріккен, құйрықты ядро және ішкі капсуламен шектеседі. Көру томпағыныц ішкі (медиаль) беті П1 қарыншаның қабырғасына, төменгіет гипоталамусқажалғасады. Таламуста ядролардың үш түрі бар. Олар: алдыңғы, шеткі (латераль) және ішкі (медиаль) ядролар. Барлығы 40-қа жақын ядролар бар. Таламусты сезгіш “жинақтаушысы" деп атайды. Себебі онда иіс сезуден басқа барлық сезудің қыртыс асты орталығы біріккен. Осы жерде алынған барлық хабарларға биологиялық баға беріледі. Таламуста адамның көңіл күйінің қыртыс асты орталығы (ашулану, каһарлану, қорқу, жадырау) орналасқан. Таламустың зақымдалуының белгілері: бас қатты ауырады, ұйқы, сезу, қимылдың дәлдігі бұзылады. Еріксіз қимыл пайда болады.

Эпиталамус немесе төмпешік үсті (надбугорная область, epithalamus). Бұған эпифиз, ми тізгіні кіреді.

Эпифиз (corpus pineale) — үшінші қарыншаның артқы жағында, төрт төмпешіктің үстінде. Дене қызметінің тәуліктік ырғағына әсер етеді.

Метаталамусқа ішкі және сырткы тізелі дене кіреді. Сыртқы тізелі дене (латеральное коленчатое тело,corpus gcneculatumlatетale) көздің торлы қабығынан басталған көру жолының нейрондарысыртқытізелі денеге, одан сол нейрондардын аксондары ми қыртысының көру аймағына бағытталады.

Ішкі тізелі дене (медиальное коленчатое тело, corpus geniculatum mediale) есітудің қыртыс асты орталығы. Ішкі құлақтан басталған есіту нейрондарыныңқыртыс асты орталығы ішкі тізелі дене, одан нейрондардың аксондары бас ми қыртысына бағытталады.

Гипоталамус немесе томпақ асты аймағы (подбугорная область, hypothalamus) - гипофиз. Сұр томпақкөру жолы, көру жолынын айқасы, емізікше дене кіреді. Гипофиз — ми қосымшасы, “түрік ер тоқымынын," ойығындары ішкі секреция безі. Көру айқастары (зрительный перкрест, chiasma opticum) көз алмасынан басталатын көру жүйкесінің, кейбір талшықтарының айқасынан пайда болады.Бұл айқас “түрік ер-тоқымының” сол алдында. Сұр томпақ (серый бутор, tubеr cinеrcum) жылу және зат алмасуын реттейтін қыртыс асты орталығы.

Гипоталамуста 32 жұпвететативтік жүйке жүйесінің қыртыс асты орталығы. Олар — ішкі ортаның тұрақтылығын сақтайтын, ақуыз, май көмірсу, тұз-cv алмасуын реттейді. Сонымен бірге гипоталамуста дененің жылуын, қанағаттану, қанағаттанбау, қанның құрамы мен осмотикалыққысымын реттейтін орталықтар бар.

Гипоталамуста ашу орталығы орналасқан.

Торша дене (ретикулярная формация, formatio reticularis) - аралық ми мен ми діңгегіне тармақталған нейрондардың жиынтығы. Нейрондардың өсінділері торшаланып шатасқан. Торша дененің атқаратын қызметі: орталық жүйке жүйесінің қызметін, оған келген тітіркеністерді күшейтеді немесе әлсіретеді. Торша дене И.П.Павтовтың теңеуімен сипаттағанда, ми қыртысының қызметіне “екпін” беріп тұрады. Сонымен бірге ми қыртысы торша дененің қызметін реттеп тұрады.

Ш қарынша, аралық мидыңқуысы, екі көру төмпешігінің аралығында. Екі таламуста оныңбүйірдегіқабырғасы IV қарыншамен “сильвий түтігі" арқылы, екі бүйірінде қарынша аралық тесік арқылы, үлкен мидың бүйір қарыншаларыменжалғасады.

Жұлын-ми сүйықтығы (спинно-мозговая жидкость, liguor cеrebrospinalis). Мидың қарыншаларында жұлынның орталықтесігінде жұлын-ми сұйықтығы болады. Мидың тамыр торларында тәулігіне 600 мл жуық жұлын-ми сұйықтығы пайда болады.Бұл сұйықтық ми қарыншаларын, жұлын өзегін толтырып, одан жұлынның ми қабықтарының арасына кіріп, оларды өзара байланыстырып тұрады. Мида сұйықтық ми қарыншаларын толтырып, одан жұлын өзегіне өтеді, III-1V бел омыртқаларының тұсындажұлынныңортасындағы өзегі кеңейіп, аяқталады. Жұлын-ми сұйықтығының бір бөлігі мидың, ми қыртыстарының арасымен миды жуып, сүзіліп, вена жүйесіне қосылады. Ми сыртындағы сұйықтық оны әртүрлі соғылу, жарақат алудан сақтайды.

Жұлын ми сұйықтығының атқаратын негізі қызметтері:

  1. Мидыңжасушалары мен кан жасушаларыныңарасын байланыстырады.

  2. Нейрондарға жұлын-ми сұйықтығы арқылы қоректік заттар өтеді.

  3. Нейрондарды тіршілік әрекеті нәтижесіндепайда болған керексіз заттардан тазартады.

  4. Ми нейрондарын бір-бірімен гормондар, әртүрлі метоболиттер (адреналин, гистамин, серотонин) арқылы байланыстырады.

Жұлын-ми сұйықтығы түссіз мөлдір сұйықтық. Бас ми жұлын ауруларындаоныңтүсі, қысымы өзгереді.

Үлкен ми сыңарлары (полушария головного мозга, cеrebrum). Орталық жүйке жүйесінің еңкүрделі бөлігі. Ми сыңарлары бір-бірінен тереңсаңлау арқылы бөлінеді де, оларды сүйелді дене біріктіреді. Ми сыңарларын мишықтан көлденең сай бвөліп тұрады. Ми сыңарлары мидың басқа бөліктерін жабады.

Үлкен ми сыңарларының үш беті: жоғарғы (дорзо-латераль), бір-біріне қараған жазық және төменгі немесе негізгі беті бар.

Үлкен ми негізінде (54-сурет) ми сыңарларының маңдай бөлігінің төменгі беті, иіс буылтығы, оның артыңда кейінге қарай тартылған иіс жаты мен иіс үшбүрышы көрінеді. Иіс ушбүрышының артында жанасып

54-сурет. Үлкен ми негізі.

  1. II, III, IV, V, VI, VII, VIII, IX, X, XI, XII - бас ми жүйкелері.

  1. Үлкен мидың маңдай бөлігі. 2. Самай бөлігі. 3. Көру жуйкесінің айқасьі.

  1. Гипофиз. 5. Емізік төрізді дене. 6. Ми көпірі. 7. Пирамида. 8. Мишық.

алдыңғы жырымдалған зат, одан ішкеріде көру жүйкесінің айқасы көрінеді. Көру айқасының артында сұр төмпешік бар. Сұр төмпешіктің аяғы түтікшеленіп төменге бағытталған. Ал түтіктің ұшында домалақ - гипофиз безі. Сұр төмпешікке екі ақ шар іспетті дөңес — емізікше дене жанасады. Көру жүйкесі жолыныңартындағы екі ұзынынан жатқан ақ білік-ми аяқтары көрінеді. Ми аяқтарының аралығында аяқ аралық шұңқыр бар. Аяқ аралық шұңқырдың түбінде артқы жырымдалған дене орналасқан, ал оның артында варолий көпірі көрінеді. Көпірдің шеті мишықтың ортадағы аяғымен мишыққа шектеседі. Сопақша ми, оның ішкі жағында сопақша мидың пирамидасы, ал сыртқы шетінде оның оливасы көрінеді.

Ми сыңарларының бір-біріне қараған бетін ортадағы куыстанұзынынан кесіп көруге болады. Ми сыңарларының бір-біріне қараған бетінде ми діңгегі мен мишықтың бөліктері көрінеді. Ми сыңарларының арасын сүйелді дене қосып тұрады, оның орта бөлігі “діңгек" деп аталады. Сүйелді дененің алдыңғы бөлігі иілгенде тізесі, ал төменге қарай жұқарғанда оның тұмсығы пайда болады. Сүйелді дененің артқы бөлігі қалындап білікке айналады. Суйелді дененің төменгі бетінің ортадағы бөлігінен ақ табақша бөлініп, ми күмбезінің денесі шығады. Күмбездің денесі біртіндеп бөлініп алға, төменге қарай иіліп, күмбездің діңгегіне жалғасады. Күмбездің діңгегі емізікше дене, артында күмбез аяқтары болып бітеді. Күмбез дінгегінің аралығынан жүйке талшықтарының шумағы өтеді.Бұл мидың алдыңғы дәнекері деп аталатын ақ заттар, олар мидың сыңарларын біріктіреді. Күмбез діңгектері ми затыныңжұқа қабыршағы-жылтыр аралықты қоршайды.Бұл түзілістердің барлығы соңғы мидың құрамына кіреді.

Ми сыңарларының дөңес беті ірі және орташа сайлармен бөлінген. (55-сурет). Сайлар мен иірімдер бірігіп ми қыртысының